Шығыс Қазақстан облысында 21 жастағы бойжеткен саусағынан неке жүзігін шешу үшін құтқарушылардың көмегіне жүгінген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.  

Фото видеодан алынған

Құтқарушылардың айтуынша, қыздың саусағы қатты ісініп, сақинаны өз бетімен шығара алмаған.

"Шығыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері арнайы "қысқаш" қолданып,  кәсіби түрде әшекейді шығаруға көмектесті", – делінген хабарламада. 

Құтқырушылар азаматтарға мұндай жағдайларда үрейленбеуге немесе оқыс қозғалыс жасамауға кеңес берді.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.