Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың



жүктеу 75.52 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі75.52 Kb.
түріБағдарламасы




№ исх: 12/1239 от: 02.08.2018

№ вх: 5510 от: 02.08.2018



«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың

2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасын іске асыру барысы туралы

2018 жылдың шілдесіне
Халықты жұмыспен қамту орталығы «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасының үш бағыты бойынша жұмыстар жүргізуде.


  1. Бірінші бағыт: Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету.

Қысқа мерзімді кәсіптік оқудан өткен Бағдарлама қатысушылары 29 жасқа дейінгі және халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелуіне қарамастан жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтушы жастар болып табылады.

2018 жылы 50 жұмыссыз адамы қысқа мерзімді курстарға жіберуге 10 445,0 мың теңге бөлінді. Бүгінгі күні 54 Бағдарлама қатысушылары «Сұлтан-Ұлан» ЖШС «Ауыл шаруашылық өндірісінің тракторист-машинисті» мамандығы бойынша15 адам, "В" санатындағы жүргізуші» мамандығы бойынша – 27 адам қысқа мерзімді курстарға жіберілді. Игерілген сома – 860,0 мың теңгені құрайды. Оқу мерзімі – 3 ай.


ІІ. Екінші бағыт: Жаппай кәсіпкерлікті дамыту.

Бағдарламаның екінші бағыты мынадай міндеттерді іске асыруды көздейді:



  • "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту;

  • кәсіпкерлік бастамаларды қолдау;

  • қалалар мен ауылдарда кредиттерге/микрокредиттерге кепілдік беру;

  • жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру.

2018 жылдың басынан бастап Жұмыспен қамту орталығына 94 адамнан 180,0 млн.теңгеге өтініш түсті. Ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап 53 адамнан құралған бирінші топ және 41 адамнан құралған екінші топ «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуын аяқтап, 16 адамнан құралған үшінші топ оқуда. «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды ШҚО бойынша кәсіпкерлер палатасының Ұлан аудандық филиалы жүргізуде. 2018 жылы барлығы 180 адамды кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жоспарланған.

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру.

Мемлекеттік гранттар бастапқы бизнесті іске асырып жатқан немесе іске асыруды жоспарлап жатқан Бағдарламаға қатысушыларға өтеусіз және қайтарымсыз негізде беріледі.

Бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар 100 АЕК дейінгі мөлшерде ұсынылады. Ауданға 18 адамға барлығы 4329,0 мың теңге бөлінді.

Мемлекеттік грант қажетті инвентарьды, еңбек құрал-жабдықтарын, технологиялық жабдықты сатып алуға пайдаланылады.

ІІІ. Үшінші бағыт: Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу

3.1. Жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу.

Әлеуметтiк жұмыс орны – жұмыс беруші жұмыссыздардың жалақысын субсидиялау арқылы оларды жұмысқа орналастыру үшiн халықты жұмыспен қамту орталығымен шарт негізінде құратын жұмыс орны.

2018 жылы 7 778,0 мың теңгеге 25 адамды әлеуметтік жұмыс орындарына жіберу жоспарланған. Нақты 34 адам жіберіліп, 2604,0 мың теңге игерілді. Әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілген азаматтар «Тоганас», «Тан», «Мерей», «Турганбай», «Байбесік», «Шөже», «Ырыс», «Цукаева», «Айдын» Ш/Қ-тарында, «Курманкулова Х.», «Азамат», «Береке», «Парасат», «Жангозин», «Бейбарыс» Ж/К-терінде және «Жебелі» СӨК ӨК жұмыс істейді.



Жастар іс-тәжірибесі – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының түлектері алған кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін жинақтау мақсатында жүзеге асыратын еңбек қызметінің түрі.

Уақытша жұмыс орындарын құру тәсілімен ұйымдастырылады және келесі ерекшеліктері бар:

1) түлектермен алынған мамандықтар (кәсібі) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алу үшін арналған;

2) жастар іс-тәжірибесіне қатысушылардың еңбекақысы 6 ай ішінде мемлекеттік бюджеттің есебінен жүргізіледі.

3) жұмыс орындарының саны шектеусіз, жұмыс уақытша сипатта және оны жүзеге асыру үшін тұрақты жұмыс орындары және бос жұмыс орындары қолданыла алмайды;

4) бағытталған түлектер уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген және олардың жасы 29 жастан жоғары емес;

5) жолдама берілген уақытта уәкілетті органда және/немесе халықты жұмыспен қамту орталығында үміткерлер үшін лайықты тұрақты жұмыс орнының болмауы.

Ағымдағы жылы 13 орта және жоғарғы оқу орындарының түлектерін жастар іс-тәжірибесіне жіберу жоспарланған. Бөлінген сома 4 690,0 мың теңгені құрайды. Бүгінгі күні нақты 10 адам жіберіліп, 722,0 мың теңге игерілді. Оқу орындарының түлектері ауданның мемлекеттік мекемелерінде, ұйымдарында және кәсіпорындарында жастар іс-тәжірибесінен өтіде.



3.2. Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру

Жұмыс күші тапшы өңірлерді жұмыс күшімен қамтамасыз ету, өңірлік диспропорция мен демографиялық теңгерімсіздікті жою мақсатында Бағдарлама шеңберінде ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесу есебінен еңбек ресурстарының аумақтық ұтқырлығы ынталандырылады.

Ерікті түрде өңіраралық қоныс аударуды мемлекеттік қолдау:



  1. көшуге материалдық көмек беруді;

  2. тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуді қарастырады.

2018 жылы 282 оралмандар мен жұмыс күші көп өңірлерден қоныс аударушыларға көшіп-қонуына субсидия төлеу жоспарланған. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін ауданға республикалық бюджет қаражаты есебінен 24 153,0 мың теңге бөлінді. Бүгінгі таңда 57 адамға (16 отбасы) 4797,9 мың. тенге көшіп-қонуына субсидия төленді. Сонымен қоса қоныс аударушы 2 адамға (1отбасы) 168,4 мың. тенге төленді.

Тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеу үшін барлығы 42 937,0 мың.тенге бөлінді, соның ішінде республикалық бюджет қаражаты есебінен 14 430,0 мың теңге және облыстық бюджеттен (ЖСТ) 28 507,0 мың теңге.

Жаңа нысандағы атаулы әлеуметтік көмек.
2018 жылдың 1 қаңтарынан 1 шілдеге дейін АӘК алушылардың 251 отбасыны (1107 алушы) жетті. Жалпы сомасы 30029,4 мың теңгені құрайды. Соның ішінде:

- шартсыз ақшалай көмек – 43 отбасы (175 алушы), жалпы сомасы 5949,6 мың теңге;



-шартты ақшалай көмек – 208 отбасы (932 алушы) жалпы сомасы 24079,8 мың теңге.

- бала күтімі бойынша – 155 адам;

- өтініш беру кезінде жұмыс істеп жүргендер – 101 адам;

- жұмыспен қамтудың берсенді шараларына қатысып жүргендер – 109 адам, оның ішінде: ақылы қоғамдық жұмыста – 96 адам; бар бос жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан – 7 адам; әлеуметтік жұмыс орындарына – 6 адам.


«Аймақтарды дамыту» бағдарламасы
2018 жылға Ұлан ауданы бойынша Кешенді жоспардың жоспарлы көрсеткіштерін орындау


Мемлекеттік қолдау шараларымен қамтылды

Бар-лығы

Қаңтар

Ақпан

Наурыз

Сәуір

Мамыр

Маусым

Нақ-ты

%

Нақ-ты

%

Нақ-ты

%

Нақ-ты

%

Жос-пар

%

Жос-пар

%


Ұлан ауданы



2233

35

1,5

173

7

347

16

782

35

1144

51

1506

67




Шілде

Тамыз

Қыркүйек

Қазан

Қараша

Желтоқсан

Жос-пар

%

Жос-пар

%

Жос-пар

%

Жос-пар

%

Жос-пар

%

Жос-пар

%

1868

84

2233

100

























Жалпы 2 233 адамды мемлекеттік қолдау шараларымен қамту жоспарланған. 2018 жылдың 1 шілдеге 1 145 адам (51,3%) қамтылды. Соның ішінде:

  • жұмыссыздар – 444 адам немесе жоспардың 50% (жоспар – 880 адам);

- нәтижесіз жұмыспен қамтылғандар – 701 адам немесе жоспардың 63% (жоспар – 1 113 адам).

«Аймақтарды дамыту» бағдарламасына ақылы қоғамдық жұмыстар, әлеуметтік жұмыс орындары, жастар іс-тәжірибесі, қысқа мерзімді курстар кіреді және жергілікті бюджеттен қаржыландырады.



  1. 2018 жылы 630 адамды ақылы қоғамдық жұмыспен қамтамасыз ету үшін 38 717,0 мың теңге қарастырылды. Ауылдық округтер мен кенттерге нақты 327 жұмыссыз жіберілді, игерілген сома 16 026,0 мың теңге.

  2. 2018 жылы ақылы әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілгендердің еңбекақысын жартылай субсидиялауға 2 адамға 448,0 мың теңге бөлінді. Нақты 224,0 мың теңгеге 2 адам (100%) жіберілді.

  3. Жастар іс-тәжірибесіне жіберілгендердің еңбекақысын төлеу үшін 2 адамға 707,0 мың теңге бөлінді. 2018 жылдың 1 шілдеге дейін 2 адамға 241,0 мың.тенге (100 %) жіберілді.

  4. Қысқа мерзімді курсқа жіберілгендердің жұмыссыздардың шығындарын төлеу үшін 2 адамға 415,0 мың теңге бөлінді. Бағдарламаның 3 қатысушысы «Практикум» ЖШС «Шаштараз» мамандығы бойынша жіберілді. Игерілген сома – 415,0 мың теңгені құрайды. Оқу мерзімі – 3 ай.



Халықты жұмыспен қамту

орталығының директоры А. Кайродинов





Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет