Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту



жүктеу 53.61 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі53.61 Kb.
түріБағдарламасы

Бесқарағай ауданында "Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту" бағдарламасын іске асыру туралы

2018 жылдың 12 айына

ақпарат

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кешенді жоспары өнімді жұмыспен қамтуға жылына 1183 адамды, оның ішінде 343 жұмыссызды, 586 өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды, 229 жұмыс іздеуші адамды тарту қажет болды.

2019 жылдың 1 қаңтарына жұмыспен қамту орталығымен 1465 адам қамтылды немесе 123,8% (жоспар - 1183 адам), оның ішінде 411 жұмыспен қамтылды немесе 119,8% (жоспар – 343 адам), 661 өзін – өзі жұмыспен қамтығандар немесе 112,7% (жоспар – 586 адам), жұмыс іздеушілер 418 адам қамтылды немесе 182,5% (жоспар-229 адам), аз қамтылғандар 102 адам немесе 40% жоспар 255 адам, 36 мүгедек немесе 276,9% жоспар13 адам, 367 жастар немесе 202,7% жоспар 181 адам.

"Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамтамасыз ету" бірінші бағыты бойынша.

Ағымдағы жылы еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша жұмысшы кадрларды қысқа мерзімді кәсіптік оқыту бойынша 50 адамды оқыту жоспарланған, дерек бойынша 53 адам "ауыл шаруашылығы өндірісінің Тракторист-машинисті" және "орманшы"мамандықтары бойынша оқыды. 52 адам жұмысқа орналастырылды, бұл 98,1% құрайды.

Осы мақсаттарға 12 327,0 мың теңге бөлінді.

Оның ішінде: "Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту" бағдарламасы бойынша 6 297,0 мың теңге бөлінді.

20 адамды оқыту жоспарланған, "ауылшаруашылығы өндірісінің тракторшы-машинисті"мамандығы бойынша 23 адам оқытылды.

"Аумақты дамыту" бағдарламасы бойынша (жергілікті бюджет) 6 030,0 мың теңге бөлінді.

"Ауылшаруашылығы өндірісінің тракторшы-машинисті" және "Лесник" мамандықтары бойынша 30 адамды оқыту жоспарланған және 30 адам оқытылды.

Есепті күнге қаржыландыру жоспары толық көлемде орындалды.

Ағымдағы жылдың 1 қаңтарында бюджеттік қаражат толығымен игерілді.(100%)
Екінші бағыт "Жаппай кәсіпкерлікті дамыту»

Ауданға бизнес-жобаларды несиелендіруге 78,8 млн. теңге бөлінді, оның ішінде: "Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ арқылы – 47,8 млн. теңге және "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ (Бесқарағай Несие серіктестігі) арқылы-31,0 млн. теңге.

Бүгінгі күні жалпы сомасы 59,8 млн. теңгеге шағын несие алуға 16 өтінім түсті, оның ішінде:

"Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ арқылы-15 адам 47,8 млн. теңге сомасына

– ірі қара мал өсіруге 12 адам, жалпы сомасы 37,1 млн. теңгеге;

- жылқыларды өсіруге 2 адам, жалпы сомасы 7,7 млн. теңгеге;

- монша құрылысына 1 адам, жалпы сомасы 3,0 млн. теңге;

"Аграрлық несие корпорациясы" АҚ (Бесқарағай Несие серіктестігі) арқылы-12,0 млн. теңге сомасына 1 адам.

- ұсақ мал өсіруге 1 адам, жалпы сомасы 12,0 млн. теңгеге;

Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту" үшінші бағыты бойынша.

2018 жылға жастар практикасын ұйымдастыруға. Жоспар республикалық бюджеттен 3 607,0 мың теңге сомасына 10 адамды құрайды және 12 адам 3 607,0 мың теңге игерілді, бұл 100% құрайды. Жергілікті бюджеттен жоспар 10 адам 3 608,0 мың теңге сомасына және 10 адам 3 608,0 мың теңге игерілді, бұл 100% құрайды.

Жалпы сипаттағы трансферттен жоспар 10 адамды құрайды, 3 608,0 мың теңге сомасына 9 адам жіберілді, 2 766,0 мың теңге игерілді, бұл 76,6% құрайды.

31 адам жіберілді, оның ішінде 26 адам аяқтады, 6 адам жұмысқа орналастырылды, бұл 23,0% құрайды.

2018 жылға арналған әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға. Республикалық бюджеттен жоспар 26 адамды құрайды, 8 089,0 мың теңге, 29 адам бағытталып, 8 089,0 мың теңге игерілді, бұл 100% құрайды. Жергілікті бюджеттен 10 адам 3 394,0 мың теңге бөлініп, 12 адам 3 394,0 мың теңге игерілді, бұл 100% құрайды. Жалпы сипаттағы трансферттердің жоспары 5 866,0 мың теңге сомасына 27 адамды құрайды және 27 адам 5 866,0 мың теңге игерілді, бұл 100% құрайды .

68 адам жіберілді, оның ішінде 57 адам аяқтады, 52 адам жұмысқа орналастырылды, бұл 91,2% құрайды.

Ақылы қоғамдық жұмыстарға жергілікті бюджеттен 24 712,0 мың теңге бөлініп, 210 адамды жіберу жоспарланған. Есепті кезеңге қаржыландыру жоспары 24 712,0 мың теңгені немесе есепті күнге қаржыландыру жоспарының 100% құрайды. Қоғамдық жұмыстарға 210 адам жіберілді, жылдық жоспар 100% орындалды. Оның ішінде 25 адам жұмысқа орналастырылды, бұл 11,9% құрайды.

Бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру арқылы еңбек күші көп облыстардан еңбек тапшы облыстарға адамдарды ерікті түрде көшіру ынталандырылады.

Көшуге қонысаударушыларға (оралмандарға) субсидия беруге 9 090,0 мың теңге бөлінді, 3 115,0 теңге игерілді (34,2%). Тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерді төлеу шығындарын өтеуге субсидия беруге 7791,1 мың теңге бөлінді, 2013,0 мың теңге игерілді (25,8%).

Бесқарағай ауданы бойынша 2018 жылға оралмандар мен қонысаударушыларды қабылдау жоспары 30 отбасын құрайды, оның ішінде 108 адам: оралмандар 10 отбасы, оның ішінде 30 адам; қонысаударушылар 20 отбасы, оның ішінде 78 адам. Барлығы: қонысаударғандар 9 отбасы, онда 42 адам (53,8 %); оралмандар 4 отбасы, онда 12 адам. (40%). Қонысаударушылар Жетіжар ауылдық округінде 8 отбасына 36 адам, оралмандар 1 отбасына 1 адам қоныстандырылды. Бесқарағай ауылдық округінде қонысаударушылар 1 отбасы, онда 6 адам, оралмандар 1 отбасы, онда 5 адам. Долон ауылдық округінде оралмандар 2 отбасы, оның ішінде 6 адам.



Электрондық еңбек биржасы.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша министрліктерге бірыңғай онлайн платформа – электрондық еңбек биржасы енгізілді, ол бос жұмыс орындары мен ізденушілер туралы барлық ақпаратты барлық көздерден: халықты жұмыспен қамту орталықтары, ізденушілер, кәсіпорындар, барлық меншік нысанындағы ұйымдар мен персоналды іріктеумен айналысатын компаниялар және жеке жұмыспен қамту агенттіктерінің (бұдан әрі-агенттіктер) деректерін қосаалғанда, біріктіреді. www.enbek.kz).

Бүгінгі күні Бесқарағай ауданының халықты жұмыспен қамту орталығында ЭЦҚ кілтімен (заңды және жеке тұлғалар) 72 жұмыс беруші жоспар бойынша 70, немесе 103 %, 353 жұмысіздеушілер жоспар бойынша 350, немесе 101% тіркелген, жұмыс берушілер электрондық еңбек биржасы сайтында 87 бос жұмыс орнын орналастырған .www.enbek.kz).

Бесқарағай ауданы әкімдігінің



халықты жұмыспен қамту орталығы

директорының міндетін атқарушы А. Семибай

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет