Нысан Жалпы ережелер



жүктеу 121.15 Kb.
Дата19.04.2018
өлшемі121.15 Kb.


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы «30» қарашадағы

№ 1518 қаулысымен

бекітілген 

Ойын бизнесі салығы және тіркелген салық бойынша

салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары

(710.00-нысан)

1. Жалпы ережелер
1. Осы Ойын бизнесі салығы және тіркелген салық бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (710.00-нысан) (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және ойын бизнесі салығын және тіркелген салықты есептеуге арналған ойын бизнесі салығы және тіркелген салық бойынша салық есептілігі нысанын (декларацияны) жасау (бұдан әрі – декларация) тәртібін айқындайды. Декларацияны Салық кодексінің 411 және 420-баптарында айқындалған ойын бизнесі саласында қызмет көрсету бойынша қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар жасайды.

2. Декларация декларацияның өзінен (710.00-нысан) және оған салық міндеттемесін есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған қосымшалардан (710.01-нысан және 710.02-нысан) тұрады.

3. Декларацияны толтыру кезінде түзетулерге, тазартуларға және өшіруге жол берілмейді.

4. Көрсеткіштер болмаған кезде декларацияның тиісті торкөздері толтырылмайды.

5. Декларацияға қосымшалар тиісті көрсеткіштерді ашуды талап ететін декларациядағы жолдар толтырылған кезде міндетті тәртіпте толтырылады.

6. Декларацияға қосымша декларациядағы оларда көрсетілуге тиіс деректер болмаған жағдайда жасалмайды.

7. Декларацияға қосымшалардың парағында бар жолдардағы көрсеткіштердің саны асып кеткен жағдайда, декларацияға қосымшаның осындай парағы қосымша толтырылады.

8. Осы Қағидаларда мынадай арифметикалық таңбалар қолданылады: «+»– қосу; «–» – алу; «х» – көбейту; «/» – бөлу; «=» – тең.

9. Сомалардың теріс мәндері декларацияның тиісті жолының (бағанының) бірінші сол жақтағы торкөзінде «–» белгісімен белгіленеді.

10. Декларация жасау кезінде:

1) қағаз жеткізгіште – қара немесе көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен баспаханалық бас әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;

2) электронды жеткізгіште – Салық кодексінің 68-бабына сәйкес толтырылады.

11. Декларацияға Салық кодексінің 61-бабының 3-тармағына сәйкес салық төлеуші не оның өкілі қол қояды және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда өзінің атауы жазылған мөрі бар салық төлеушінің мөрімен не оның өкілінің мөрімен куәландырылады.

12. Декларацияны тапсырған кезде:

1) келу тәртібінде қағаз жеткізгіште – екі данада жасалады, бір данасы салық органының белгісімен салық төлеушіге қайтарылады;

2) хабарламасы бар тапсырыс хатпен қағаз жеткізгіште – салық төлеуші пошта немесе өзге байланыс ұйымының хабарламасын алады;

3) электронды түрде – салық төлеуші салық есептілігінің салық қызметі органдарының салық есептілігін қабылдау жүйесінің салық есептілігін қабылданғаны немесе қабылданбағандығы туралы хабарлама алады.

13. Қосымшалардың «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» деген бөлімдерінде декларацияның «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» деген бөлімінде көрсетілген тиісті деректер көрсетіледі.

14. «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Ұлттық тізілімдер туралы Заң) сәйкес декларация табыс ету кезінде:

СТН – Ұлттық тізілімдер туралы Заңның 3-бабы 4-тармағының 4) тармақшасы қолданысқа енгізілгенге дейін салық төлеушінің тіркеу нөмірін;

ЖСН/БСН – Ұлттық тізілімдер туралы Заңның 3-бабы 4-тармағының 4) тармақшасы қолданысқа енгізілген күннен бастап жеке сәйкестендіру нөмірі (бизнес-сәйкестендіру нөмірі) міндетті түрде толтыруы тиіс. 
2. Декларацияны жасау (710.00-нысаны)
15. «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» деген бөлімде салық төлеуші мынадай деректерді көрсетеді:

1) СТН – салық төлеушінің тіркеу нөмірі;

2) ЖСН/БСН – салық төлеушінің жеке сәйкестендіру нөмірі
(бизнес-сәйкестендіру нөмірі);

3) салық төлеушінің Т.А.Ә. немесе атауы.

Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) немесе құрылтай құжаттарына сәйкес заңды тұлғаның атауы көрсетіледі.

Салық міндеттемесін мүлікті сенімгерлікпен басқару шартына сәйкес немесе сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда сенімгерлікпен басқарушы орындаған кезде жолда сенімгерлікпен басқарушы жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) немесе құрылтай құжаттарына сәйкес сенімгерлікпен басқарушы заңды тұлғаның атауы көрсетіледі;

4) салық есептілігі табыс етілетін салық кезеңі (араб сандарымен көрсетіледі);

5) декларацияның түрі. Тиісті торкөздер декларацияның Салық кодексінің 63-бабында көрсетілген салық есептілігінің түрлеріне жатқызылуы ескеріле отырып, белгіленеді;

6) хабарламаның нөмірі мен күні. А және В торкөздері Салық кодексінің 63-бабының 3-тармағы 4) тармақшасында көзделген декларация түрін тапсырған жағдайда толтырылады;

7) салық төлеушінің санаты.

Торкөздер, егер төлеуші А немесе B жолда көрсетілген санаттардың біріне жататын болса белгіленеді;

А – талаптары салық міндеттемесін орындауды сенімгерлікпен басқарушыға жүктейтін мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқарушы болып табылатын салық төлеуші;

В – талаптары салық міндеттемесін орындауды сенімгерлікпен басқарушыға жүктейтін мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқарудың құрылтайшысы немесе сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушы болып табылатын салық төлеуші;

8) төлеушінің санаты.

А - ойын бизнесі салығының төлеушісі болып табылатын салық төлеуші;

В - тіркелген салық төлеушісі болып табылатын салық төлеуші;

Егер салық төлеуші бір мезгілде ойын бизнес салығы және тіркелген салық төлеушісі болып табылса А және В торкөздерінің екеуі де белгіленеді;

9) «Кеден декларацияларын толтыру үшін пайдаланыталын жіктеуіштер туралы» Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі


№ 378 шешімімен бекітілген 23 «Валюта жіктеуіші» қосымшасына сәйкес валюта коды;

10) табыс етілген қосымшалардың саны.

16. «Ойын бизнесіне салынатын салық» деген бөлімде:

1) 710.00.001 жолында барлық 710.01-нысандары бойынша


710.01.007 С жолынан көшірілетін салық кезеңі үшін бюджетке төленуге тиіс есептелген ойын бизнесі салығының жалпы сомасы көрсетіледі;

2) 710.00.002 жолында барлық 710.01-нысандары бойынша
710.01.012 С жолынан көшірілетін салық кезеңі үшін бюджетке төленуге тиіс есептелген қосымша төлемнің жалпы сомасы көрсетіледі.

17. «Тіркелген салық» деген бөлімде:

710.00.003 жолында барлық 710.02-нысандары бойынша
710.02.007 С жолынан көшірілетін салық кезеңі үшін бюджетке төленуге тиіс есептелген ойын бизнесі салығының жалпы сомасы көрсетіледі;

18. «Салық төлеушiнiң жауапкершiлiгi» деген бөлімде:

1) «Салық төлеушінің (басшының) Т.А.Ә.» жолында құрылтай құжаттарына сәйкес басшының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіледі. Егер декларацияны жеке тұлға тапсырған жағдайда жолда салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіледі, деректер жеке басын куәландыратын құжаттарға сәйкес толтырылады;

2) декларацияның салық органына тапсырылған күні;

3) жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу орны бойынша салық органының коды көрсетіледі;

4) «Декларацияны қабылдаған лауазымды адамының Т.А.Ә.» жолында декларацияны қабылдаған салық органы қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіледі;

5) Салық кодексінің 584-бабы 2-тармағына сәйкес декларация табыс етілген күн көрсетіледі;

6) құжаттың кіріс нөмірі көрсетіледі. Салық органы берген декларацияның тіркеу нөмірі көрсетіледі;

7) пошта немесе өзге байланыс ұйымы қойған пошта штемпелінің күні көрсетіледі.
3. 710.01-нысанын жасау

 

19. 710.01-нысаны салық кезеңі үшін (тоқсан) Салық кодексінің


412-бабында айқындалған барлық салық салынатын объектілер (олар ол болған жағдайда) бойынша ойын бизнесі салығының есептелген сомасы туралы ақпараттарды көрсетуге арналған.

20. «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» деген бөлімде:

1) 4-жолда мөлшері «2011 – 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2010 жылғы 29 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңымен тиісті қаржы жылына белгіленетін АЕК – айлық есептік көрсеткіш көрсетіледі;

2) 5 А торкөзі айдың 15-не дейін енгізілген толық ай пайдалануында болған және 15-нен кейін шығарылған салық салу объектілері болған кезде белгіленеді;

3) 5 В торкөзі айдың 15-нен кейін енгізілген және 15-не дейін шығарылған салық салу объектілері болған кезде белгіленеді.

Салық кезеңінде салық салу объектілерінің болуына қарай торкөздердің бірі ғана белгіленеді.

Әрбір белгіленген торкөз бойынша 710.01-нысаны бойынша бөлек қосымша толтырылады.

21. «Бюджетке төленуге жататын ойын бизнесі салығын есептеу» деген бөлім мынадай жолдардан тұрады 710.01.001 – ойын үстелі, 710.01.002 – ойын автоматы, 710.01.003 – тотализатор кассасы, 710.01.004 – тотализатордың электронды кассасы, 710.01.005 – букмекерлік кеңсе кассасы,


710.01.006 – букмекерлік кеңсенің электронды кассасы, 710.01.007 – ойын бизнесі салығы – барлығы.

Бұл жолдарда:

1) А бағанында – салық кезеңінің әр айы үшін салық салынатын объектілердің саны көрсетіледі;

2) В бағанында – Салық кодексінің 413-бабына сәйкес айқындалатын салық салынатын объектінің тиісті түріне қолданылатын ойын бизнесі салығының ставкасы теңгеде көрсетіледі.

Айдың 15-не дейін енгізілген толық ай пайдалануында болған және 15-нен кейін шығарылған салық салу объектілері бойынша теңгедегі салық ставкасы әрбір салық салу объектісі бойынша АЕК-те белгіленген салық ставкасы мен «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінің «АЕК» торкөзінде көрсетілген АЕК мөлшері туындысы ретінде айқындалады.

Айдың 15-нен кейін енгізілген және 15-не дейін шығарылған салық салу объектілері бойынша теңгедегі салық ставкасы әрбір салық салу объектісі бойынша АЕК-те белгіленген салық ставкасы мен «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінің «АЕК» торкөзінде көрсетілген АЕК мөлшері туындысының 1/2 ретінде айқындалады;

3) С бағанында – А бағаны мен В бағаны тиісті жолдарының туындысы ретінде айқындалатын салық кезеңінің әр айы үшін салық салу объектісі бойынша теңгедегі ойын бизнесі салығының сомасы көрсетіледі.

Мысалға, ойын үстелдері бойынша көрсетілген бағандар бойынша тиісті жолдарды толтыру былайша жүргізіледі.

710.01.001 А жолында салық кезеңінің әр айы үшін ойын үстелдерінің саны көрсетіледі.

710.01.001 В жолында былайша айқындалатын ойын үстелдеріне қолданылатын теңгедегі тиісті салық ставкасы көрсетіледі:

айдың 15-не дейін енгізілген толық ай пайдалануында болған және айдың 15-нен кейін шығарылған ойын үстелдері бойынша 830 АЕК мөлшерінде белгіленген салық ставкасы мен тиісті қаржы жылына белгіленген АЕК мөлшері туындысы ретінде айқындалады (830 х 1 АЕК);

айдың 15-нен кейін енгізілген және айдың 15-не дейін шығарылған ойын үстелдері бойынша 830 АЕК мөлшерінде бекітілген салық ставкасы мен тиісті қаржы жылына белгіленген АЕК мөлшері туындысының 1/2 ретінде айқындалады ((830 х 1 АЕК)/2).

710.01.001 С жолында 710.01.001 А және 710.01.001 В жолдарының (710.01.001 А х 710.01.001 В) туындысы ретінде салық кезеңінің әр айы үшін ойын үстелдерінің санына тиісті салық ставкасын қолдану арқылы айқындалатын салық кезеңінің әр айы үшін салық сомасы көрсетіледі.

Объектілердің өзге түрлері (ойын автоматтары, тотализатор кассалары, электронды тотализатор кассалары, букмекерлік кеңселердің электронды кассалары, букмекерлік кеңселердің кассалары) бойынша жолдарды толтыру ойын үстелдері бойынша толтыру сияқты жүргізіледі;

4) 710.01.007 С жолында 710.01.001 С-ден 710.01.006 С-ға дейінгі жолдардың жиынтығымен айқындалатын салық кезеңі үшін бюджетке төлеуге жататын объектілердің барлық түрлері бойынша есептелген ойын бизнесі салығының жалпы сомасы көрсетіледі.

22. «Бюджетке төленуге жататын қосымша төлемдерді есептеу» деген бөлімде ойын бизнесі саласындағы қызметтен түскен табыстың Салық кодексінің 416-бабы 2-тармағында белгіленген шекті табыстан асып түскен жағдайда толтырылады.

Бөлім мынадай жолдардан тұрады 710.01.008 – казино,
710.01.009 – ойын автоматтар залы, 710.01.010 – тотализатор, 710.01.011 – букмекерлік кеңсе, 710.01.012 – қосымша төлемдер – барлығы, мұнда:

1) А бағанында салық кезеңі үшін тиісті ойын бизнесі саласындағы қызметтен түскен табыстың нақты мөлшері көрсетіледі;

2) В бағанында табыстың нақты мөлшері (А бағаны) мен Салық кодексінің 416-бабы 2-тармағында белгіленген табыстың шекті мөлшерінің сомасының оң айырмасы ретінде айқындалатын салық кезеңі үшін ойын бизнесі саласындағы қызметтің әрбір түрі бойынша табыстың шекті мөлшерінен асатын сома көрсетіледі;

3) С бағанында табыстың шекті мөлшерінен асып кету сомасына «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабында белгіленген мөлшердегі ставканы қолдану жолымен айқындалатын салық кезеңі үшін ойын бизнесі саласындағы қызметтің әрбір түрі бойынша есептелген қосымша төлем сомасы көрсетіледі.

Мысалға, казино қызметі бойынша қосымша төлем есептеу былайша жүргізіледі.

710.01.008 А жолында салық кезеңі үшін казино қызметінен түскен табыстың нақты мөлшері көрсетіледі.

710.01.008 В жолында 710.01.008 А жолы мен 135000-еселенген мөлшердегі АЕК мөлшеріндегі казино қызметінен түсетін табыстың шекті мөлшерінің айырмасы ретінде айқындалатын салық кезеңі үшін казино қызметінен түскен табыстың шекті мөлшерінен асатын сома көрсетіледі.

710.01.008 С жолында 710.01.008 В жолында көрсетілетін казино қызметінен түскен табыстың шекті мөлшерінен асатын сомаға 20 пайыз мөлшеріндегі ставканы қолдану жолымен айқындалатын, бюджетке төленуге тиіс, салық кезеңі үшін есептелген қосымша төлем сомасы көрсетіледі.

Ойын бизнесі саласындағы қызметтің өзге түрлері бойынша (ойын автоматтарының залдары, тотализаторлар, букмекерлік кеңселер) жолдарды толтыру казино қызметі бойынша толтырғанға ұқсас жүзеге асырылады.

710.01.012 С жолында 710.01.008 С-дан 710.01.011 С-ға дейінгі жолдардың сомасы ретінде айқындалатын, салық кезеңі үшін бюджетке төленуге тиіс ойын бизнесі қызметінің барлық түрлері бойынша есептелген қосымша төлемнің жалпы сомасы көрсетіледі.


4. 710.02-нысанын жасау
23. 710.02-нысаны салық кезеңі үшін (тоқсан) Салық кодексінің
421-бабында айқындалған барлық салық салынатын объектілер (олар болған кезде) бойынша есептелген тіркелген салық сомасы туралы ақпараттарды көрсетуге арналған.

24. «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» деген бөлімде:

1) 4-жолда мөлшері «2011 – 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2010 жылғы 29 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңымен тиісті қаржы жылына белгіленетін АЕК – айлық есептік көрсеткіш көрсетіледі;

2) 5 А торкөзі айдың 15-не дейін енгізілген толық ай пайдалануында болған және 15-нен кейін шығарылған салық салу объектілері болған кезде белгіленеді;

3) 5 В торкөзі айдың 15-нен кейін енгізілген және 15-не дейін шығарылған салық салу объектілері болған кезде белгіленеді.

Салық кезеңінде салық салу объектілерінің болуына қарай торкөздердің бірі ғана белгіленеді.

Әрбір белгіленген торкөз бойынша 720.02-нысаны бойынша бөлек қосымша толтырылады.

25. «Бюджетке төленуге жататын тіркелген салықты есептеу» деген бөлімде мынадай жолдардан тұрады 710.02.001 – бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы, 710.02.002 – бiреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы, 710.02.003 – ойын өткізуге пайдаланылатын дербес компьютер, 710.02.004 – ойын жолы, 710.02.005 – карт, 710.02.006 – бильярд үстелі, 710.02.007 – тіркелген салық – барлығы.

Бұл жолдарда:

1) А бағанында – салық кезеңінің әр айы үшін салық салынатын объектілердің саны көрсетіледі;

2) В бағанында – Салық кодексінің 422-бабына сәйкес айқындалатын салық салынатын объектінің тиісті түріне қолданылатын тіркелген салық ставкасы теңгеде көрсетіледі.

Айдың 15-не дейін енгізілген толық ай пайдалануында болған және


15-нен кейін шығарылған салық салу объектілері бойынша теңгедегі салық ставкасы тиісті салық салу объектісі бойынша АЕК-те жергілікті өкілді орган белгілеген салық ставкасы мен «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінің «АЕК» торкөзінде көрсетілген АЕК мөлшерінің туындысы ретінде айқындалады.

Айдың 15-нен кейін пайдалануға енгізілген және 15-не дейін шығарылған салық салу объектілері бойынша теңгедегі салық ставкасы АЕК–те жергілікті өкілді орган белгіленген салық ставкасы мен «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінің «АЕК» торкөзінде көрсетілген АЕК мөлшерінің туындысының 1/2 ретінде айқындалады;

3) С бағанында А бағаны мен В бағанының тиісті жолдарының туындысы ретінде айқындалатын салық кезеңінің әр айы үшін тіркелген салық сомасы көрсетіледі;

Мысалға, бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматтары бойынша көрсетілген бағандар бойынша тиісті жолдарды толтыру былайша жүргізіледі.

710.02.001 А – жолында салық кезеңінің әр айы үшін тіркелген салық салынатын объектілердің – бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматтарының саны көрсетіледі.

710.02.001 В – жолында былайша айқындалатын бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматтарына қолданылатын теңгедегі тиісті салық ставкасы көрсетіледі:

айдың 15-не дейін енгізілген толық ай пайдалануында болған және айдың 15-нен кейін шығарылған бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматтары бойынша салық ставкасы жергілікті өкілді орган белгілеген тіркелген салық ставкасы мен тиісті қаржы жылына белгіленген АЕК мөлшерінің туындысы ретінде айқындалады;

айдың 15-нен кейін енгізілген және айдың 15-не дейін шығарылған ойын үстелдері бойынша бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматтары бойынша белгіленген тіркелген салық ставкасы мен тиісті қаржы жылына белгіленген АЕК мөлшерінің туындысының 1/2 ретінде айқындалады.

710.02.001 С жолында 710.02.001 А және 710.02.001 В жолдарының туындысы (710.02.001 А х 710.02.001 В) ретінде салық кезеңінің әр айы үшін бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматының санына тиісті салық ставкаларын қолдану арқылы айқындалатын салық кезеңінің әр айы үшін салық сомасы көрсетіледі.

Объектілердің өзге түрлері (бiреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматтары, ойын өткізуге пайдаланылатын дербес компьютерлер, ойын жолдары, карттар, бильярд үстелдері) бойынша жолдарды толтыру бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматтары бойынша жолдарды толтырғанға ұқсас жүзеге асырылады.

710.02.007 С жолында 710.02.001 С жолынан бастап 710.02.006 С жолына дейінгі жолдардың жиынтығымен айқындалатын салық кезеңі үшін бюджетке төлеуге жататын объектілердің барлық түрлері бойынша есептелген тіркелген салықтың жалпы сомасы көрсетіледі.

______________________





Каталог: sites -> default -> files -> npa -> fno -> 2013 -> pravila kaz
pravila kaz -> Резидент еместің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін (есебін) жасау қағидалары
pravila kaz -> Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері бойынша қызметті, сондай-ақ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару бойынша қызметті жүзеге асыратын, мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің салық есептілігін жасау қағидалары
pravila kaz -> Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдарын, банктік қызметті, лицензия негізінде кейбір банктік операцияларды, зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақыны төлеу жөніндегі қызметті
pravila kaz -> Жұмыспен қамтуға көмектесу, міндетті медициналық сақтандыру, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорларына, зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа аударымдардың және автомобиль жолдарын пайдаланушылардың аударымдары салық есептілігін
pravila kaz -> Жеке табыс салығы және мүлік бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары
pravila kaz -> Тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем жөніндегі салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары
pravila kaz -> Экспортқа рента салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары
pravila kaz -> Көлік құралы салығы бойынша ағымдағы төлемдер салық есептілігін (есебін) жасау қағидалары
pravila kaz -> Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар бойынша жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет