Нысан Жалпы ережелер



жүктеу 69.5 Kb.
Дата30.04.2019
өлшемі69.5 Kb.


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы «30» қарашадағы

№ 1518 қаулысымен

бекітілген 

Патент құнының салық есептілігін (есебін) жасау қағидалары

(911.00-нысан)

 
1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Патент құнының салық есептілігін (есебін) жасау қағидалары (911.00-нысан) (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және патент құнын есептеуге арналған патент құнын салық есептілігі нысанын (есепті) (бұдан әрі – есеп) жасау тәртібін айқындайды. Патент құнына жеке табыс салығы (төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығын қоспағанда), әлеуметтік салық, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар кіреді. Есепті патент негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер жасайды.



2. Есеп есептің өзінен (911.00-нысан) және патент негізіндегі арнаулы салық режимін қолдану үшін қажетті ақпаратты көрсетуге арналған қосымшадан (911.01-нысан) тұрады.

3. Есепті толтыру кезінде түзетулерге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.

4. Көрсеткіштер болмаған кезде есептің тиісті торкөздері толтырылмайды.

5. Есепке қосымша есепте тиісті көрсеткіштерді ашуды талап ететін жолдар толтырылған кезде міндетті тәптіпте жасалады

6. Есепке қосымшалардың парағында бар жолдардағы көрсеткіштердің саны асып кеткен жағдайда есепке қосымшаның осындай парағы қосымша толтырылады.

7. Осы Қағидаларда мынадай арифметикалық таңбалар қолданылады: «–» – алу; «х» – көбейту.

8. Сомалардың теріс мәндері есептің тиісті жолының (бағанының) бірінші сол жақтағы торкөзінде «–» белгісімен белгіленеді.

9. Есепті жасау кезінде:

1) қағаз жеткізгіште – қара немесе көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспаханалық бас әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;

2) электронды жеткізгіште – Салық кодексінің 68-бабына сәйкес толтырылады.

10. Есепке Салық кодексінің 61-бабы 3-тармағына сәйкес салық төлеуші не болмаса оның өкілі қол қояды және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда оның атауы жазылған мөрі бар салық төлеушінің не болмаса оның өкілінің мөрімен куәландырылады.

11. Есепті табыс ету кезінде:

1) келу тәртібінде қағаз жеткізгіште – екі данада жасалады, бір данасы салық органының белгісімен салық төлеушіге қайтарылады;

2) пошта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен қағаз жеткізгіште


– салық төлеуші пошта немесе өзге байланыс ұйымының хабарламасын алады;

3) электронды түрде – салық төлеуші (салық агенті) салық есептілігінің салық қызметі органдарының салық есептілігін қабылдау жүйесінің салық есептілігін қабылданғаны немесе қабылданбағандығы туралы хабарлама алады.

12. Қосымшалардың «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» деген бөлімдерінде есептің «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» деген бөлімінде көрсетілген тиісті деректер көрсетіледі.

13. «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Ұлттық тізілімдер туралы Заң) сәйкес есепті табыс ету кезінде:

СТН – Ұлттық тізілімдер туралы Заңның 3-бабы 4-тармағының 4) тармақшасы қолданысқа енгізілгенге дейін салық төлеушінің тіркеу нөмірін;

ЖСН – Ұлттық тізілімдер туралы Заңның 3-бабы 4-тармағының


4) тармақшасы қолданысқа енгізілген күннен бастап жеке сәйкестендіру нөмірін міндетті түрде толтыруы тиіс.
2. Есепті жасау (911.00-нысан)
14. «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» деген бөлімде салық төлеуші мынадай деректерді көрсетеді:

1) СТН – салық төлеушінің тіркеу нөмірі;

2) ЖСН – салық төлеушінің жеке сәйкестендіру нөмірі;

3) дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдай) немесе атауы.

Салық міндеттемесін мүлікті сенімгерлікпен басқару шартына сәйкес немесе сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда сенімгерлікпен басқарушы орындаған кезде жолда сенімгерлікпен басқарушы жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдай) немесе құрылтай құжаттарына сәйкес сенімгерлікпен басқарушы заңды тұлғаның атауы көрсетіледі;

4) салық есептілігі (есеп) табыс етілетін салық кезеңі (араб сандарымен көрсетіледі);

5) есеп түрі. Тиісті торкөздер есептің Салық кодексінің 63-бабында көрсетілген салық есептілігінің түрлеріне жатқызылуы ескеріле отырып, белгіленеді;

6) хабарламаның нөмірі мен күні. Торкөздер Салық кодексінің 63-бабы 3-тармағының 4) тармақшасында көзделген хабарлама бойынша табыс етілген жағдайда белгіленеді;

7) салық төлеушінің санаты. Торкөздер егер салық төлеуші А немесе В торкөздерінде көрсетілген санаттардың біріне жатқан жағдайда белгіленеді;

8) «Кеден декларацияларын толтыру үшін пайдаланылатын жіктеуіштер туралы» Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі


№ 378 шешімімен бекітілген 23 «Валюталар жіктеуіші» қосымшасына сәйкес валюта коды;

9) торкөз есеп электронды түрде табыс етілген кезде белгіленеді;

10) табыс етілген қосымшалардың саны.

15. «Патент құнын есептеу» деген бөлімде:

1) 911.00.001 жолында табыс сомасы көрсетіледі;

2) 911.00.002 жолында 911.00.001 жолы мен Салық кодексінің 432-бабы 1-тармағында белгіленген ставкасының туындысы (911.00.001 х 2%) ретінде айқындалатын бюджетке төленуге жататын есептелген салық сомасы көрсетіледі;

3) 911.00.003 жолында есептелген салықтардың бір бөлігінің
1/2 мөлшерінде айқындалатын (911.00.002 х 0,5) бюджетке төленуге жататын жеке табыс салығы сомасы көрсетіледі. Бұл ретте есептелген салық сомасы
1 теңгеге дейін дөңгелектенуі тиіс: 50 және одан көп тиындағы сома бір теңге ретінде қабылданады, 50 тиыннан төмен сома есепке қабылданбайды;

4) 911.00.004 жолында міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамаға сәйкес есептелген әлеуметтік аударымдар алына отырып, есептелген салықтардың бір бөлігінің ½ мөлшерінде айқындалатын бюджетке төленуге жататын әлеуметтік салық сомасы көрсетіледі ((911.00.002 х 0,5) – 911.00.005). Бұл ретте есептелген салық сомасын 1 теңгеге дейін дөңгелектенуі тиіс: 50 және одан көп тиындағы сома бір теңге ретінде қабылданады, 50 тиыннан төмен сома есепке қабылданбайды.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамаға сәйкес есептелген әлеуметтік аударымдар сомасы әлеуметтік салық сомасынан асып кеткен жағдайда бұл жолда нөлге тең әлеуметтік салық сомасы көрсетіледі;

5) 911.00.005 жолында «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы Заң) сәйкес есептелген әлеуметтік аударымдар сомасы көрсетіледі;

6) 911.00.006 жолында Қазақстан Республикасының Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгіленген тәртіпте айқындалатын жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін мәлімделген табыс көрсетіледі;

7) 911.00.007 жолында Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасында белгіленген тәртіппен айқындалатын жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарының сомасы көрсетіледі.

16. Есеп электронды түрде берілген кезде «Патент құнын төлеу туралы мәліметтер» бөлімінде 911.00.008 А, 911.00.008 В, 911.00.008 С, 911.00.008 D, 911.00.008 Е жолдарында Салық кодексінің 431-бабы 2-тармағына сәйкес төленген жеке табыс және әлеуметтік салықтар, әлеуметтік аударымдар мен міндетті зейнетақы жарналары бойынша мәліметтер (төлемнің атауы, БСК (бюджет сыныптамасының коды), төлем құжатының нөмірі, төленген күні, сомасы) көрсетіледі.

17. «Салық төлеушiнiң жауапкершiлiгi» деген бөлімде:

1) «Салық төлеушінің Т.А.Ә.» жолында жеке басын куәландыратын құжаттарға сәйкес дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіледі;

2) есептің салық органына тапсырылған күні көрсетіледі.

3) орналасқан орны бойынша салық органының коды.

Бұл ретте салық органында дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қою кезінде мәлімдеген дара кәсіпкердің қызметінің басым бөлігі жүзеге асырылатын орын дара кәсіпкердің орналасқан орны болып танылады;

4) тұрғылықты жері бойынша салық органының коды.

Бұл ретте Қазақстан Республикасының азаматтарды тіркеу туралы заңнамасына сәйкес азаматты тіркеу орны жеке тұлғаның тұрғылықты жері болып танылады;

5) «Есепті қабылдаған лауазымды адамның Т.А.Ә.» жолында есепті қабылдаған салық органы қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіледі;

6) Салық кодексінің 584-бабы 2-тармағына сәйкес есептің қабылданған күні көрсетіледі;

7) салық органы берген есептің кіріс нөмірі көрсетіледі;

8) Пошта немесе өзге байланыс ұйымы қойған пошта штемпелінің күні көрсетіледі.
2. 911.01-нысанын жасау
18. 911.00 нысаны патент алу үшін қажетті ақпаратты көрсетуге арналған және дара кәсіпкердің міндетті тәртіпте толтыруы тиіс.

19. «Патент туралы мәліметтер» деген бөлімде:

1) 911.01.001 жолында патент негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын мерзімі көрсетіледі;

2) 911.01.002 жолында жүзеге асырылып жатқан кәсіпкерлік қызметтің түрі көрсетіледі;

3) 911.01.003 А, 911.01.003 В, 911.01.003 С, 911.01.003 D, 911.01.003 Е, 911.01.003 F жолдарында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырылатын жер (облыс, қала немесе аудан, т.б.атаулары) көрсетіледі.

911.01.003 G жолында әмбебап дүкені, супермаркет және т.б. атаулары, әмбебап дүкендерінде, супермаркеттерде және т.б. кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде бөлімнің нөмірі немесе атауы көсетіледі. Кәсіпкерлік қызметті автомобильмен жолаушылар және жүк тасымалдау саласында жүзеге асырған жағдайда 911.01.003 G жолында нөмірі мен жүру бағыты көрсетіледі;

4) мүлікті жалға беру бойынша қызметін әртүрлі елді мекендерде жүзеге асырған жағдайда қосымша мына жолдар толтырылады:

911.01.004 – жүзеге асырылатын қызмет түрі;



911.01.005 – дара кәсіпкер орналасқан (тіркеу) орнынан бөлек кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырылатын өзге жер.

_________________________



Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет