Теміртауда жарылыс болған жердегі үйінділердің астынан әйелдің денесі табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. Ақпаратты төтенше жағдайлар департаменті растады.

Видеодан жасалған скрин

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, сағат 09:49 шамасында үйіндінің астынан өмір белгілері жоқ әйел шығарылған. 

“Жедел жәрдем бригадасы өлім фактісін анықтады”, – делінген ақпаратта.

Сонымен қоса өрттің сағат 10:25-те сөндірілгені айтылады.

  • Қазақстандықтар биліктің төтенше жағдай кезіндегі жұмысына көңілі толмайды – Әлеуметтанушылар жауап берді
  • Мектептерге жасалатын шабуыл туралы хабарламаға шетелдіктердің қатысы бар

Құтқарушылардың нақтыланған ақпараты бойынша, дүкен орталық газ желісіне жалғанған.

Еске сала кетейік, Теміртауда 15 ақпан күні таңертең екі қабатты дүкен ғимаратында газ жарылғаны туралы ақпарат шықты. Құтқарушылар келген бойда үйінді астында ер адам жатқанын хабарлаған жәбірленушіні үйінді астынан шығарған.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.