Бұрынғы Үкімет басшысы Әлихан Смайылов жаңа қызметке ие болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: primeminister.kz

Мемлекет басшысының Жарлығымен Әлихан Асханұлы Смайылов Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының Төрағасы лауазымына тағайындалды.

Айта кетейік, аталмыш қызметті Наталья Годунова атқарған еді. Бұған дейін Наталья Годунованың президент жарлығымен ол Жоғары аудиторлық палатасының Төрағасы лауазымынан босатылғанын жаздық.

Әлихан Смайылов 1972 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 1994 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін "қолданбалы математика" мамандығы бойынша тәмамдаған. 1996 жылы – ҚР Президенті жанындағы Қазақстан менеджмент, экономика және болжамдау институтының мемлекеттік басқару магистрі дәрежесіне ие болды. 

  • 1993-1999 жылдары – "А-Инвест" инвестициялық–жекешелендіру қорының бас маманы, бөлім басшысының орынбасары, ҚР Ұлттық статистика агенттігінің басқарма басшысы, ҚР Статистикалық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің Статистика және талдау комитеті төрағасының орынбасары, бас сарапшы, экономика секторының меңгерушісі, ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып қызмет атқарған. 
  • 1999-2003 жж. – ҚР Статистика агенттігінің төрағасы. 
  • 2003-2006 жж. – ҚР сыртқы істер вице-министрі, "Экспорттық несиелер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру компаниясы" АҚ басқарма төрағасы. 
  • 2006-2009 жж. – ҚР қаржы вице-министрі, "ҚазАгро" ҰБХ президенті. 
  • 2009-2014 жж. – ҚР Статистика агенттігінің төрағасы. 
  • 2014-2015 жж. – ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика жөніндегі комитетінің төрағасы. 
  • 2015-2018 жж. – ҚР Президентінің көмекшісі. 
  • 2018 жылғы қыркүйектен бастап 2019 жылғы ақпанға дейін – Қаржы министрі. 
  • 2019 жылғы 25 ақпанда Президент Жарлығымен Премьер-Министрдің Бірінші Орынбасары – Қаржы министрі қызметіне тағайындалды.  
  • 2021 жылы 18 қаңтарда ҚР Президентінің Жарлығымен осы қызметіне қайта тағайындалды.

Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.