Нұр Астана. – 2012.№43. – 25 қазан Жазып алған Олжас СӘндібекұлы сіз де студент болғансыз



жүктеу 19.81 Kb.
Дата12.11.2017
өлшемі19.81 Kb.

Нұр Астана. – 2012. -№ 43. – 25 қазан

Жазып алған Олжас СӘНДІБЕКҰЛЫ


СІЗ ДЕ СТУДЕНТ БОЛҒАНСЫЗ Бауржан Иманғалиев С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің Тәрбие ісі жөніндегі департамент директоры
«Сергелдең болған серілер»
Мен мектепті бітірген жылы оқуға тапсыра алмай, бір жыл кешігіп Алматыдағы Қазақ мемлекеттің университетінің филология факультетіне оқуға түскем. Сондықтан да менің студенттік жылдарым сәл кешігіп басталды. Дегенмен студенттік жылдарда талай қызықтың куәсі болдық қой.

Қызылорданың ми қайнатар жазы болатын. Бір дос жігіттің туған күнін тойлауға замандастар түгелдей жиналдық. Сол күнді көп жігіттер әлі ұмытқан жоқ шығар. Себебі, сол кешке Алматының ай десе аузы, күн десе көзі бар, үріп ауызға салғандай әдемі бір қызы қонаққа келген. Қонақ кыздың сұлулығы сол кешке келген барлық жігіттің жүрегін жаулап алды. Арамыздағы пысықтау жігіттер бар өнерін ортаға салып бақты. Қысқасы сұлу қыздың көңілінен шығуға тырыстық бәріміз.



Ең қиыны ол қыз таң атысымен сағат тоғыздар шамасында Алматыға қайтып кетеді. Мен де оны ұнатып қалғандықтан таңертең ерте тұрып гүл беріп, көңілімді білдіріп вокзалдан шығарып салуға бел будым. Сөйтіп түні бойы тойлаған туған күннен шаршап шыққаныма қарамастан, ерте тұрып қаланы аралап гүл іздедім. Ана жерге барам жоқ, мына жерге барам жоқ. Таң азанмен кім гүл сататын дүкенін аша қойсын. Сол кездері Нартай Бекежанов атындағы облыстық драма театрының жанында басқаларымен салыстырғанда үлкендеу гүл сататын дүкен болатын. Ендігі бар үмітім сол жерде. Аяғым жерге тимей ұшып отырып сонда жеттім. Бірақ, қас қылғандай ол дүкен де жабық болып шықты. Әлгі қонақ кыздың кететін уақыты болса жақындап қалды. Шыны керек қатты састым. Бір кезде карасам екі жағымнан екі досым жүгіріп келе жатыр. Сөйтсем олар да гүл іздеп зыр жүгіріп жүр. Бір ашық болса осы дүкен ашық болар деген ой оларда да болған ғой. Енді не істейміз деп көңіліміз түсіп жан-жағымызға қарап тұрсақ, дәл қарсы алдымыздағы театрдың жанына үлкен қылып «Сергелдең болған серілер» деп жазып қойыпты. Әлгіні оқып алып үшеуміз бірдей ішегіміз түйілгенше күлдік. Сөйтсек сол күні Баққожа Мұқайдың «Сергелдең болған серілер» атты коммедиялық қойылымының премерасы өткелі жатыр екен. Бірақ дәл сол сәтте афишадағы «Сергелдең болған серілер» деген жазу бізге арнап жазылғандай әсер етті.

Сонымен үш дос күле-күле вокзалға барып сұлу қызды ару Алматыға қимай-кимай шығарып салдық. Өкінішке орай қанша сергелдеңге түссек те ешқайсымыз да гүл таба алмадық. Кейін араға талай жылдар салып тағы бір жолыққанымызда осы оқиғаны айтып бір күліп алғанымыз бар. Содан бері Баққожа Мұқайдың осы қойылымын көрген сайын, есіме гүл іздеп жүгіргеніміз түседі.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет