Нұр Астана. – 2013. №28. 18 шілде Батырқызы Ө. Ең алдында ЕҰУ тұр!



жүктеу 17.89 Kb.
Дата12.11.2017
өлшемі17.89 Kb.

Нұр Астана. – 2013. - №28.- 18 шілде

Батырқызы Ө.


Ең алдында ЕҰУ тұр!
Академиялық статистикалық көрсеткіштер мен сарапшылардың бағалауы және жүмыс берушілер арасында жүргізілген сауалнаманың негізінде еліміздің үздік жоғары оқу орындарының рейтингі жасалды.


Көпбейінді үздік ЖОО бестігін 97,03 пайыздық көрсеткішпен - Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті бастайды. Ал одан кейінгі орынды 95,38 пайызбен әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті еншілейді. Үздіктердің үштігіне - 53,5 пайызбен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті енсе, одан кейінгі орындарды 53,02 пайызбен Е.Бекетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (53,02%) мен С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті (45,7 %) еншілейді.

Үздік техникалық оқу орындары бестігінің көш басында Қазақстан-Британ техникалық университеті (91,19%) тұр. Ал келесі орындарды Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университеті (72,08%), Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті (67,23 %), сондай-ақ Алматы технологиялық университеті (53,68%) мен С.Сейфуллин атындағы Қазақ Агротехникалық университеті (52,77) өзара бөліседі.

Ал еліміздегі үздік гуманитарлық-экономикалық ЖОО рейтингін 96,30 пайызбен ҚМЭБИ (КИМЭП) университеті бастайды. Сол сияқты үздіктер бестігіне - Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университеті (59,02%), Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті (58,33%) және Қазақ гуманитарлық-заң университеті (56,06 %) мен Абылай хан атындағы Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті (56,03 %) кіреді.

«Астана» медициналық университеті (Қазақ мемлекеттік медициналық академиясы - 86,41 %) еліміздің үздік медициналық оқу орны атанса, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (94,80%) үздік педагогикалық жоғары оқу орны атағын алды. Ал үздік өнер оқу орындарының ішінде Қазақ ұлттық өнер университеті (Қазақ ұлттық музыка академиясы) 91,28 пайыздық көрсеткішпен көш бастайды.

Білім сапасын қамтамасыз ету бойынша тәуелсіз Қазақстан ағенттігі ұйымдастырған үздіктер рейтингі бірнеше талаи бойынша еліміздің 60 ЖОО арасында жүргізілген. Яғни, бірінші кезекте оқу орнының оқытушылық құрамына баса көңіл бөлінсе, сондай- ақ студенттердің білім көрсеткіші, университеттің ғылыми және инновациялық қызметі мен халықаралық ынтымақтастығы да есепке алынған.




Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет