«Нұр себеле, Ұлыстың Ұлы күні»



жүктеу 45.61 Kb.
Дата20.04.2019
өлшемі45.61 Kb.


«Нұр себеле, Ұлыстың Ұлы күні»

(Мектепішілік мерекелік шара 2-11)



Сахна мерекеге сай безендіріледі. «Бәйге» әнінің әуенімен қазақ қыздары кіріп, екі қатар болып тұрады.

Күй «Балбырауын» Қадырбеков Н.

Ән «Гүлдерайым» Сисенғалиева А.Т.

1-жүргізуші: - Армысыздар салт-дәстүрін қасиет тұтқан бүгінгі мерекеге жиылған қауым! Ұлыстың Ұлы күніне арналған «Нұр себеле, Ұлыстың Ұлы күні» атты мерекелік думанды кешімізге қош келдіңіздер.

Көргенде қуанасың таза әуені,

Құлаққа естілгендей жаз әуені.

Жыл сайын тойланатын мәңгі – бақи,

Наурызың құтты болсын, қазақ елі.

2-жүргізуші:

Жақсылық жүрегіне жыр еселер,

Биікке шарықтатар киелі өнер,

Наурызың құтты болсын, ана - әкелер,

Наурызың құтты болсын, ата - әжелер.

(Әжелер шашу шашады)

Ән «Қоғалы-ай» (әжелер орындайды)

1-жүргізуші:

Күннің жаңа нұры бар,

Мұның ғажап сыры бар.

Халық сүйген мейрамды

Қарсы алайық Наурызды!

2-жүргізуші:

Уа, халайық, халайық!

Мұнда назар салайық.

Мерекесі халықтың

Наурыз тойын бастайық!

Құтты болсын мереке,

Болсын думан береке!

Думанды мерекемізге ақ батасы мен а тілектерін арнай келген Қыдыр ата мен Наурызгүлдерді қошеметпен қарсы алайық.



(Сахнаға Қыдыр ата мен Наурызгүлдер шығады.)

«Гүлдер» биі 2 сынып
1-жүргізуші:

Тәуелсіз биік халқымның
Желбіреп туы шалқысын.
Әз Наурыз келіп еліме
Жер – Ана бойы балқысын.
Жаңғырар дәстүр - салтымның
Көзелсін бұлақ жылғасы
Қастерлі менің халқымның
Мереке Наурыз – жыл басы!

2-жүргізуші:

-Уа, халайық! Бүгін ұлыстың ұлы күні. Ата-бабаларымыздың сөзімен айтсақ, ақ түйенің қарны жарылған күн. Наурыз мейрамы. Наурыз салтанаты.

Бұл күні аталарымыз бен әжелеріміз үй-үйді, ауыл-ауылды аралап, наурыз көжеден дәм тататын. Үлкен-кішіге ақ баталарын беріп ізгі тілек тілесетін. Ендеше ізгі тілекпен құттықтау сөз кезегі мектеп директоры м.а. Нұржан Орынғалиұлына беріледі.

Ән:- «Наурыз-думан» Сейтонова Ақбота

«Кесемен би» 2а сынып оқушылары
1-жүргізуші:

Наурыз – өте көнеден келе жатқан мейрам. Күні бүгінге дейін жер шарындағы көптеген халықтардың дәстүрлі мейрамына айналып отырған бұл мерекенің қашаннан бері тойланып келе жатқанын дөп басып айту қиын. Бұл күні күн мен түн теңелетін, жан - жануарлар төлдеп, адамдардың аузы аққа тиетін, жер үстінде шаттық орнаған күн. Қазақ елі осы күнді «Ұлыстың ұлы күні» деп атаған. Жалпы қазақ елінің әр күні шаттыққа толы, мерекелі де берекелі.

2-жүргізуші:

Ұлыс тойы құтты болсын бәрімізге
Үлкен, кіші, жасымыз, кәрімізге.
Әдет-ғұрпын сақтаған текті елім,
Қыз баласын шығарған төрімізге


Көрініс: «Жаңғырсын ата-салтымыз...» 10 сынып

«Қара жорға» биі 2б сыныбы
1-жүргізуші:

«Наурыз» тойға жиналған халқым менің,

Бәріңнің ойға алғаның жарқын сенім.

Бүгінгі той, ертеңгі ардақты ісің,

Ғажап болсын, таппайтын тепе-теңін

2-жүргізуші:

Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,

Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем.

Жарығыңмен, шуағыңмен күн-ана,

Алып келді жер бетіне гүл көктем.

«Өзбек биі» 6 сынып оқушылары

Көрініс «Бастаңғы»

Дәулеткерейдің күйі «Қос алқа» Ансамбль жетекшісі Роза Нағымқызы

1-жүргізуші:

Наурызды тәңір бізге нәсіп еткен,

Мейірін танысын деп тасып өткен.

Наурыз-сән-салтанат, ұлттық рух,

Бақытты наурызы бар халқым неткен!
2-жүргізуші:

Халықтың пейілінен жаралғандай,

Сұлу күн шуағынан таралғандай.

Ел мен жер елжірескен, қуанысқан,

Наурызда ажар қандай, арай қандай!

Ән «Мерекем» Ермекова Данара мен Қайырбулатова Гүлназ

«Бипыл биі» 2а сыныбы

Әжелер сахнаға шығады. Ән «Дастархан»



1-жүргізуші:

Қауышып қайта оралған Наурызға,

Ерніміз әрең тиді сары уызға.

Науалап нәр құйылып, нұр жүгірді,

Ағарып бара жатқан қанымызға.
2-жүргізуші:

Ұлтының мерекесін ұмытқан жұрт,

Жоғалмай басымыздан кіріптарлық.

Намысын наурызында жанып алсын,

Шашуын ән думанның тыңдап алық.

«Аққу биі» 3 сынып оқушылары

«Үнді биі» (6-7 сынып қыздары)
1-жүргізуші:

Жыр сыйлаған,нұр сыйлаған тірлікке,

Қастерлейік, қадіріңді білдік пе!

Құтты болсын Ұлыс күн жұмылдырған

Бәрімізді ынтымақ пен бірлікке!

2-жүргізуші:

Ұлы күнім, Әз Наурызым ардақты,

Халқым саған бір үмітін жалғапты.

Жылда осылай келе бергін жасарып,

Гүлге бөлеп, нұрға бөлеп жан-жақты.

«Қазақ биі» 8 сынып оқушылары

«Қара жорға» биі 6 сынып

1-жүргізуші:

Наурыз құтты болсын!

Дендеріміз сау, мықты болсын.

Наурыз тойы келе берсін!

Барлық халық бақытты болсын,

Еліміздің несібесі көп болсын!,-дей келе мерекелік думанды кешіміздің қорытынды сөз кезегі тәрбие ісінің меңгерушісі Ляззат Кенжеғалиқызына беріледі.

(Әжелер тілек арнайды.Бата беріледі.)

1.Сахна мерекеге сай безендіріледі. «Бәйге» әнінің әуенімен қазақ қыздары кіріп, екі қатар болып тұрады.
2.Күй «Балбырауын» Қадырбеков Н.

3.Ән «Гүлдерайым» Сисенғалиева А.Т.


4.(Әжелер шашу шашады)

Ән «Қоғалы-ай» (әжелер орындайды)
5.(Сахнаға Қыдыр ата мен Наурызгүлдер шығады.)

6. «Гүлдер» биі 2 сынып
7.Ән:- «Наурыз-думан» Сейтонова Ақбота

8.«Кесемен би» 2а сынып оқушылары
9.Көрініс: «Жаңғырсын ата-салтымыз...» 10 сынып

10.«Қара жорға» биі 2б сыныбы
11. «Өзбек биі» 6 сынып оқушылары

12. Көрініс «Бастаңғы»


13. Дәулеткерейдің күйі «Қос алқа» Ансамбль жетекшісі Роза Нағымқызы

14. Ән «Мерекем» Ермекова Данара мен Қайырбулатова Гүлназ


15. «Бипыл биі» 2а сыныбы

16. Әжелер сахнаға шығады. Ән «Дастархан»
17.«Аққу биі» 3 сынып оқушылары
18. «Үнді биі» (6-7 сынып қыздары)
19. «Қазақ биі» 8 сынып оқушылары
20. «Қара жорға» биі 6 сынып





Каталог: uploads -> konspekt -> klass-chas
klass-chas -> Ұлғайту. Ата-аналардың өз ұлттық салт дәстүріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Ата-аналаға қазақтың көне сөздері және ырым, тыйым
klass-chas -> Сабақтың тақырыбы: Қазақтың салт-дәстүрлері
klass-chas -> Сайыс тақырыбы: «Көктем аруы»
klass-chas -> Жер судың аты, тарихтың хаты
klass-chas -> Тєуелсіздіктіњ тањы-жарќын
klass-chas -> Ы. Алтынсарин атындағы жоббм “Қазақ халқының ерлік істері”
klass-chas -> Ұстазым, сізге арнаймын
klass-chas -> 19 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сейтова Айгерім 19. 03. 2015 жыл Тәрбие сағаты
klass-chas -> «Даламның исі бұрқырап, қарттарым аман-сау жүрші!»
klass-chas -> Тип урока: Сообщение новых знаний


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет