«НҰрлы жол» арайлы болашағымызды айқындайды



жүктеу 14.51 Kb.
Дата29.08.2018
өлшемі14.51 Kb.

«НҰРЛЫ ЖОЛ» - АРАЙЛЫ БОЛАШАҒЫМЫЗДЫ АЙҚЫНДАЙДЫ


Нұр Отан» партиясы Көкпекті аудандық филиалының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңесінің отырысы болып өтті. Отырысқа Сыбайлас жемқорлықпен күрес қоғамының мүшелері, партиялық бақылау комиссиясы мүшелері, «Нұр Отан» депутаттық фракция мүшелері, мекеме басшылары қатысты. Күн тәртібіне сәйкес Сыбайлас жемқорлықпен күрес қоғамының төрағасы Алтынбаев Қ.Қ. - Қазақстан Республикасы Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» жолдауындағы Ұлттық қордан бөлінген қаражаттың заңдылыққа байланысты пайдаланылуын жүзеге асыру туралы баяндама жасады.

Отырыс жұмысын жалғастырған аудандық Аудандық жер қатынастар

бөлімінің бас маманы Ернат Құдайбергенов өз сөзінде - «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Елбасының жолдауының маңызына тоқтала келіп:


- Аудандағы өзі сияқты жас қызметкерлер мен мамандар Жолдауда көрсетілген биік мақсаттар мен міндеттерден басқа, ауылға қажетті әлеуметтік мәселелер, кіші және орта кәсікерлікті дамыту, жаңадан мектептер мен балабақшалар салу қамтылғанын қолдайды. Жолдадағы көрсетілген міндеттер Еңбек адамын ел игілігі үшін еңбектенуге құлшындырады. Көкпекті ауданының еңбеккерлері мен тұрғындары «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Елбасының жолдауындағы бағыттарды жүзеге асыру барысында аянбай еңбек етуге дайын – деді.
Әріптесінің сөзін ары қарай дамытқан «Зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығы» Көкпекті аудандық филиалы меңгерушісі Жібек Жадринаның тұжырымы мынадай еді:

-Жаңа экономикалық саясат заңды және шынайы қажеттілік. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тұрақты және гүлденген Қазақстан үшін жасап отырған саяси бағытының негізділігі. Президентіміздің жүргізіп отырған сарабдал саясатының арқасында ауылдағы шаруаларға зор көңіл бөлініп – арзан жанар-жағар май, гербицидтер, қол жетімді несиелер беріледі. Жиналғандар Елбасыны Жолдауын толықтай қолдай отырып, мемоекттік мбағдарлма бойынша бөлінетін қаржының тиімді пайдалануыу жүзеге асырсақ, «Нұрлы жол» арайлы болашағымызды айқындайды деп тарасты.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет