Н±сќамалы карта 1



жүктеу 320.37 Kb.
Дата26.08.2018
өлшемі320.37 Kb.

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Павлодар облысының білім беру басқармасы

Екібастұз қаласының «Қ. Пшенбаев атындағы кәсіптік лицей № 18 » мемлекеттік мекеме


«Токарлық іс бойынша нұсқамалы карталар және тапсырмалар жинағы»




Орындаған: Жұмабек М.

Тексерген: Сарсенбаева Д.Н.
Екібастұз қаласы

2011 ж.

Түсініктеме хат
Осы нұсқамалық карталар және тапсырмалар жинағы «Әмбебап - жоңғыш» 2901011 мамандығы бойынша токарлық іс және өндірістік оқыту пәндері үшін жасалған. Карталар және тапсырмалар жинағы 2 карта және 19 тапсырмадан құралған. Арнайы технология мен өндірістік білім беру бағдарламасы мен оқу жоспарларының негізінде әзірленді. Нұсқамалы карталар және тапсырмалар жинағы мемлекеттік стандарттарға, оқу жоспарларына және бағдарламаларына негізделіп құрылған. Осы жинақта келесілер көрсетілген: мақсаты, жұмыстың мазмұны, материалдық - техникалық жабдықтар, жұмыстың орындау тәртібі.

Мақсаты – оқу үрдісімен білімдерінің жақсарту оқушылардың өз мамандықтарына деген қызуғушылықтарын арттыру және мамандық бойынша кәсіби шығармашылықтарын дамыту.

Нұсқамалы карталар және тапсырмалар жинағы ІІ, ІІІ, ІV разрядқа арналған, электрондық нұсқасы бар.

Мазмұны

Нұсқамалы карта 1. Өтпелі қырнағыштарды қайрау

Нұсқамалы карта 2. Кесуші қырнағыштарды ұштау

Тапсырма №1

Тапсырма№1

Тапсырма№3

Тапсырма№4

Тапсырма №5

Тапсырма №6

Тапсырма №7

Тапсырма №8

Тапсырма№9

Тапсырма №10

Тапсырма№11

Тапсырма №12

Тапсырма №13

Тапсырма№14

Тапсырма №15

Тапсырма№16

Тапсырма№17

Тапсырма№18

Тапсырма№19

Нұсқамалы карта 1
Тақырыбы: Өтпелі қырнағыштарды қайрау
Тапсырма мақсаты:

Өтпелі қырнағышты қайрауға таңдалған бұрышының көлемін тексеруге және қырнағыш басының кесуші кромкасын қайрауға үйрету.


Жұмыс орның қамсыздандыру:

  • иілген өтпелі қырнағыш;

  • қырнағыштың қайралған бұрышын тексеруге арналған әмбебап бұрышөлшегіш және шаблон;

  • жасыл кремний карбидынан ұсақ дақты үнтақ;

  • қорғаныш көзілдірігі.


І. Қайрағыш станоктын жағдайын тексеру.

Қайрағыш станокта орнатылуы тиіс:

а) оргшыныдан жасалған жайма қойылған таза қорғаныш экраны болуы қажет 3;



сурет 1.1
б) Подручник. Дұрыс реттелген подручникпен шлифтелген тастын арасындағы қашықтық 2-3мм құрауы қажет., Горизантальды жазықтықта шлифтелген дөңгелек жоғары биіктік осімен айналады, қайрау барысында кесуші кромка жаймасы бойымен подручник биіктігі орнатылуы керек.; қайрау барысында ұстағыштын биіктігі шлифтелген айналу осі аумағында ұстағыштың тіреуіш беті болуы керек;

в) шлифтелген дөңгелек 2;

г) салқындатқыш сұйықтығы ванна 5(эмульсия немесе 1-2% кальци мен соды сумен араласқан қоспасы);

д) вентилятор

е) станок тогын жер астына өткізу.


ІІ. Қауіпсіздік ережесі.
Қайралып жатқан кескішті салмағымен ұстамай оны подручникке тіреу қажет. Сонымен қатар подручникті талап етілген бұрышта орнату қажет.

Шлифтелген дөңгелектін перифериясы (жұмыс беті) тегіс болуы қажет.

Егер діріл және шлифтелген дөңгелектін жұмыс бетінің дұрыс жұмыс істеменген жағдайда жасанды алмазбен, металлды жұлдызшалары бар арнайы шариктермен немесе жасыл кремний карбидінен қатты абразивті ағашпен түзету керек. Қайрау барысында кескішті қайтара – түсіру қозғалысында дөңгелек бетінің бойымен орын ауыстыру керек.

Айналып жаткан шлифтелген дөңгелекке кескішті қатты қысудың қажет жоқ.

Қайралып жатқан кескішке үздіксіз және молдырақ сақындатып отыру керек. Бірақ қатты ысыған кескішті салқындатқыш сұйықтыққа салып суытуға тиым салынады.

Егер кескішті үздіксіз суытуға мүмкіндік болмаса, онда кескішті жие жие суыту керек. Егер қорғаныш экранында ақау болса, онда міндетті түрде қорғаныш көзілдірігін кию қажет.


ІІІ. Кесуші аспаптардың қайралу бұрышын өлшеуге арналған бұрышөлшегіштің құрлысы.
Бұрышөлшегіш негізгі дискіден тұрады 1 (сурет 1.2), онда диск айналымдарының градустелген бөлімдері бар 2; градустелген шкала 3; үшбұрышталған кесінді 4; стопорлы винт 5; осьтік винт 6; улкен сектор 7; кіші сектор 8; винт 9М3; тіреуіш винті 10, оны көмегімен диск айналдырылады 2.


Сурет 1.2 . Бұрышөлшегіштін жеке бөлшектерінің эскизі көрсетілген



Сурет 1.3.

4. Басты артқы бетімен қаттықорытпалы иілген он жақ кескішті қайрау.


Қаттықорытпалы кескішті төменде көрсетілген схема бойынша қайраған жөн (сурет 1.4). Сонымен қатар үш бұрышты қайрау басты артқы бетімен, екеуі – алдыңғы бетімен қайралатының есте сақтау керек.



Сурет 1.4
Қара кнопканы басып станокты косамыз (қызылымен – сөндіреді).

Кейбір қайрағыш станоктар қорғаныш экраның түсіргенде қосылып, көтергенде сөнеді.

Кескішті 1 (сурет 5) алып стерженінен оң қолымен алып және подручникке 3, кескішті төменге қарай еңкейте отырғызады және кескіш ұстағышының осімен айналып жаткан шлифтелген дөңгелекке 45˚ бұрышна бұрышын құрауы керек (бұл кескіштің басты бұрышына сәйкестіріледі).



Сурет 1.5.

Сол қолдың бас бармағымен кескішті подручникке қысып, ал қалған саусақтардыды суретте 5 көрсетілгендей орналастыамыз. Ұстағыш бойында артқы оң бұрыш α +5˚ тең болуы керек.


5. Қайрағыш станокты сөндіріп, артқы бұрыштың көлемін тексеру.

Басты артқы бұрыштын көлемін өлшеуге арналған (сурет 1.6) орнатылған бұрышөлшегішті І, α +5˚ тең сол қолға алып, кескіш 1 – оң және оның басын А және Б бұрышөлшегіштің өлшеуші жұмыс жазықтығына орналастырады. Басты артқы бұрыштың дұыс қайралуын, Б бұрышөлщегішінің жұмыс бетіне еңкейген және кескіштің басты артқы бетінің тығыз жабыстыру керек. Егер кескіштің бұрышының көлемі үлкен немесе кіші болса, кескішті қайта қайрау қажет;





сурет 1.6

б) арнайы шаблонмен

Шаблонды ІІ сол қолға алып ( сурет 1.7), кескішті І – оң қолға аламыз. Қайралған басты артқы бұрыштың көлемін тексеру үшін А шаблоның қиылысқан жағына кескіштің басты артқы бетіне тығыз ығыстыра және 2 кескіштін жақсы өнделген жазықтығына шаблонды қоямыз.



Сурет 1.7

6. Көмекші артқы жазықтығы бойынша кескішті қайрау.

Кескіштің бұрышы (сурет 1.8) көмекші және басты жазықтықтардың (кесуші кромкасы) 90˚ тең болғандай кескішті орналастыру керек. (А бағытында көрсетілген).



сурет 1.8
7. Қайралған бұрыштың көлемін тексеру: басты және көмекші кесуші кромкасы шыңының арасында бұрыш және көмекші артқы бұрыш.

Суретте 6 және 7, көрсетілгендей көмекші артқы бұрышының көлемін тексеру керек.

Жоспардағыдай (сурет 1.9) бұрышын тексеру үшін қырнағышты 1 оң қолына алып, ал бұрышөлшегішті жону бұрыштарын тексеру үшін сол қолымызға аламыз. Бұрышыты өлшеуге орнатылған, 90˚ тең болуы керек және жону дұрыстығын тексеру қажет.



сурет1.9
8. Алдыңғы беті бойынша қырнағышты жону.

y бұрышы бойынша 3-5 мм ұзындықта (сурет 4 қараймыз). қырнағышты (сурет 1.10) жонамыз.

Оң қолымен қырнағышты 1 шыбығынан ұстап, сол қолының бас бармағымен қырнағышты шлифтелген дөңгелекке 2 қысамыз. Қайрау барысында қырнағышты орнату тәртібі, басты кесуші кромкасы "а" шлифтелген дөңгелектін айналу жазықтығына параллелді орнатылуы керек.


сурет 1.10

9. Ұшталу бұрышы бойынша алдыңғы бұрыштың жонылу бұрышын тексеру.

Белгіленген алдынғы бұрыш y (мысалы 6˚), артқы бұрышы (мысалы 8˚) ұшталу бұрышын β анықтау қажет.
В ꞊ 90˚ - (y + α2) ꞊ 90˚- (6˚+13˚) ꞊ 71˚

егерде α2 ꞊ α˚+5˚ ꞊ 8˚+ 5˚꞊ 13˚


а) бұрышөлшегішпен.

Әмбебап бұрышөлшегішпен І (сурет10) немесе арнайы шаблонды сол қолымен алып, және қырнағышты І оң қолымен артқы басты және алдыңғы беттерімен А және Б (сурет 1.11 қараймыз) немесе сәйкес шаблонды қою керек (сурет 1.11).

б) шаблонмен.



сурет 1.11

Бұрышөлшегіштін көрсеткіші бойынша немесе шаблонның қиығы бойынша қырнағыштың дұрыс ұшталуын анықтайды.
10. Басты және көмекші артқы бетінің соңғы ұштау.

Артқы бұрыштың жайма бойынша α + 2˚ бұрышының ұшталу тәсілдерін 4 - 5 суреттен көруге болады. Сонымен қатар ұшталу көлемін қалай тексеруге болатының 6 суретте көрсетілген.


11. Қырнағыш басының шыңын дөңгелету.

Қырнағыш 1 подручникке 3 орнатамыз және шлифтелген дөңгелектін айналыс осіне, перпендикулярды бағытта екі қолымен тақап ұстау керек (1.12сурет).




сурет 1.12
Артқы, басты және көмекші беттердің қиылысу барысында пайда болған басының қырымен сәл қыса дөңгелекке қырнағышты әкеледі. Қабырғасын бекіту үшін басының бос бөлігін және қырнағыштың шыбығын оңға және солға қозғау керек.
12. Фаска бойынша алдыңғы бетті жеткізу.

Таңдалған алдыңғы бұрыштың фаска көлемін yф алдыңғы беттін аумағын жеткізу жолымен, жанасқан басты кесуші кромкаға жіңішке фаска бойынша f (4 суретті қараймыз) көлемі шамамен 0,2 - 0,5мм келтіреміз. Фасканың нақты көлемін анықтама бойынша анықтаймыз. Бұрыштын ұшталу көлемін 9 суретте көрсетілгендей тексереміз.


13. Басты артқы беттін таспасы бойынша жеткізу.

Таңдалған артқы бұрыш α артқы беттінің бөлігін жеткізу жолымен, жанасқан басты кесуші кромкаға жіңішке фаска бойынша f (4 суретті қараймыз) көлемі шамамен 3 - 5мм келтіреміз. Фасканың нақты көлемін анықтама бойынша анықтаймыз.


14. Қырнағыш басының басты кесуші кромкасы еңкею бұрышын ұстау.

Басты кесуші кромканы Г (1.13 сурет, І позиция) ұштау барысында қырнағыш басының В шыңына қатысты төмен еңкейту керек және λ теріс бұрышымен. Мұндай қырнағышты жұмсақ және орташа қаттылығы бар созылмалы металлды өндеу барысында (болат, алюминий және оның қорытпалары) немесе бұл жағдайда жоңқасын сол жаққа бағыттау керек, өнделу бетінің жағына өнделіп жатқан дайындамаға оралмауының алдын алу үшін жасалады. Басты кесуші кромканы Г (сурет 1.13 б, ІІ позиция) ұштау барысында бұрыштың еңкейтпей ақ горизонтальды етіп, В қырнағыштың басының шыңы λ ꞊ 0˚ жасау керек.



сурет 1.13
Мұндай қырнағышпен қатты және созылмайтын металлды, (қатты болат) өнделу барысында жеке сақина түрінде жонылатын металлдарға қолданады немесе қатты және нәзік металл (шойын, қола) жеке жоңқа түрінде болады (сынық жоңқа). Сонымен қатар оны кесу барысында басты кесуші кромкаға перпиндикулярды бағыттаймыз.

Басты кесуші кромканы Г (сурет 13, ІІІ позиция) ұштау барысында В шыңына қатысты жоғары еңкейтеміз, ол оң бұрыш + λ болады.

Мұндай қырнағышты құймалы жоңқасы бар болғанда, жону барысында оң жаққа бағыттау қажет және дайындама беті патрон жұдырықшалары немесе беттін кертпештеріне жонқаны кетпеуін алдын алады.
15. Қырнағыштарды арнайы үштау станогында алмазды немесе шлифтелген дөңгелекпен ұштау.
14 суретте көрсетілгендей басты артқы бет бойынша қырнағыштың ұшталуы көрсетілген (сурет 1.14 ,а); ал көмекші беті бойынша (сурет 1.14, б); алдыңғы беті бойынша (сурет 1.14, в); дөңгелетілген шыңы (сурет 1.14, г); алмазды сақына және пласмасты немесе металлды қаңқасынан тұратын шлифтелген дөңгелегімен басты артқы беті бойынша ұшталады (1.14, д).



сурет 1.14
16. Қырнағыштың басындағы шыңын және кесуші кромкасын майлау.
Қырнағыштың басты кесуші 1кромкасын (сурет 1.15 және 1.16) қайтара - түсуші қозғалыста ұсақ дәнді ұнтақ 2 минеральды маймен майланған дәнмен қырнағыш бас бетіне сәйкес тығыз жұғысуы керек.



сурет 1.15



сурет 1.16
Басты және көмекші кесуші кромканы майлау басты және көмекші артқы беттеріне қатысты және алдыңғы беттері бойынша жүргізіледі (сурет 16). Қырнағыш басының шыңын ұнтақпен 2 (сурет 1.17) қырнағыш басының қабырғасына тығыздап қысу керек, бұл шыңының жүзін кетуіннің алдын алады. Шыңының дөңгелету үшін қайтара - түсіруші қозғалыста аздап шайқайды.





сурет 1.17

17. Алдын ала ұшталған қатты қорытпалы қырнағышты жеткізу.


Жеткізу жіңішке f фаскамен алдыңғы және артқы беттердің басты кесуші кромкасы бойынмен ұшталу барысында өндіріледі және қырнағыш ббасының шыңының радиусы бойынша жүргізіледі (сурет 1.18 қараймыз).

Жеткізу дискісі - үйкелегіш ұсақ дәнді перлитті құрылымы бар сұр шойынды керосинге салады және үйкелеу барысында оның бетіне абразивті ұнтақты, немесе абразивті пастаның біреуін: карбидті бор - 85% , парафин 15%, алмазды АП40-АП28), одан кейін шойынды дискінің көмегімен (диаметрі 745-100мм) үйкелеу беті ұнтақпен немесе пастамен көрсетіледі.



сурет 1.18
Қырнағыш 1 арнайы үстелге немесе подручникке бекітеміз. Подручникте артқы бұрышын айналдыра салған жеткізуші бетті, қырнағыштың кесуші кромкасы үйкелегіш жеткізуші дискінің орталығынан бірнеше төмен деңгейде бекіту керек.

Үйкелегіш 1,5 - 2,5 м/с жылдамдығында айналуы керек және кесуші кромканың астына қарай жүгірісте болуы керек (ұстағыштан жаймаға қарай) кері жағдайда, қырнағыштың кесуші кромка абразивті дәнді немесе пастаны үгітіп және үйкегішті кесуі мүмкін.

Үйкелегішті радикальды бағытта жайлап орын ауыстырады және оның бетіне жеңіл қыса айналып жатқан үйкелегішке қырнағышты әкелу керек.

Жеткізудің сапасын қырнағыш бойынша бақылайды - эталонмен. Жеткізу ЧК (пиала конусты пішін), КЗ ( жасыл кремний карбидінен) материалынан дайындалған немесе АС (жасанды алмаз) ұсақ дәнді шлифтелген дөңгелегі бар әмбебап - жонушы станокта орындалады.

Тәрелке пішінді Т шлифтелген дөңгелек жоңқатығындайтын бунақтар шығарады немесе АП алмазды жазық дөгелек екі жағынан конусты немесе жартылай дөңгелек - шығынқы профиль пайда болуы мүмкін.


Нұсқамалы карта 2

Тақырыбы: Кесуші қырнағыштарды ұштау
Тапсырма мақсаты:

Кесуші иілген қырнағыштарды қайрауға, таңдалған бұрышының көлемін тексеруге және кесуші иілген қырнағыштың басының кесуші кромкасын майлауға үйрету.


Жұмыс орның қамсыздандыру:

  • кесуші қырнағышты дайындау: бір қарапайым көміртекті болаттан прутка дайындама, басқа дайындама тез кесетін жайма болаттан ;

  • ұшталу бұрыштарын өлшеуге арналған шаблон немесе әмбебап бұрышөлшегіш ;

  • жасыл кремний карбидынан ұсақ дәнді ұнтақ;

  • қорғаныш көзілдірігі.


І. кесуші кертпешті қырнағышты басты артқы беті бойынша ұштау.
Ұштайтын станокты қосамыз. Қырнағыштың 1 шыбығынан қолымен алып (2.1 сурет) подручникке 3, қырнағыш шыбығын 8-10˚ төмен еңкейте орнату керек және шлифтелген дөңгелектің айналу осіне перпендикуляр етіп, оң қолымен қырнағышты шлифтелген дөңгелек айналысына қысамыз, ал сол қолымен дөңгелектін жұмыс бет 2 бойымен қайтара - түсіруші қозғалыста жылжытады (сурет 2.1)

сурет 2.1

2. Басты артқы бұрыштың көлемін тексеру.


Тексеру өтпелі қырнағышты тексергендей жүргізіледі (1 картаны 5п қарау қажет).
3. Қырнағыштың көмекші артқы бетін ұштау.
Ұштайтын станокты қосамыз. Кесуші иілген қырнағыштың 1 шыбығынан сол қолға алып (2.2 сурет ) оны подручникке 3 өзінен шамамен 10 - 15˚ шыбығын еңкейте орнатамыз.

Оң қолының бас бармағымен қырнағышты подручникке және шлифтелген дөңгелекке қысамыз, ал сол қолымен бірқылыпты оны қайтара - түсіруші қозғалыста жылжытады. Шыбықтың осіне қатысты көмекші артқы беттін еңкею бұрышы 15˚болуы керек (суретке А бағытын қарау керек).



сурет 2.2
4. Көмекші артқы бұрыштын көлемін тексеру.

Тексеру өтпелі қырнағышты тексергендей жүргізіледі (1 картаны 5п қарау қажет).


5. Кесуші кромканы майлау, қырнағыш басының шыңын дөңгелету сонымен қатар басқа беттері бойынша қырнағышты ұштау.

Кесуші қырнағышты ұштау және майлау тәсілдері, өтпелі қырнағыштағыдай орындалады. Қатты қорытпа жаймасы бар қырнағышты ұштау кесуші қырнағышты ұштау бірізділігі сияқты орындалады.



І. Токарлық өңдеудің технологиялық процесстері туралы

қарапайым мәліметтер
1 Тапсырма


  1. Технологиялық процесстің және оның элементтерінің анықтамалары келтірілген № 1 кестені дайындау.

  2. Технологиялық процесске қатысты, берілген атауларға анықтама беру.

  3. Әр атауды санмен белгілеу: технологиялық процесс – 4, операция – 1, орнату – 2, ауысым – 5, жұмыс барысы – 3.

Кесте №1


Саны

Атауы

Анықтама







Өнделетін дайындаманы өзгертпей бекіту барысындағы, технологиялық операцияның бөлігі.







Технологиялық операцияның аяқтау бөлігі, қалыпты қолданатын аспаптар, беттер және пайда болған өндеулермен сипаттталады.







Технологиялық ауысымның аяқтау бөлігі, дайындамаға қатысты аспаптардың бірнеше рет орын ауыстыруы және дайындаманың қасиеті немесе тазалығы, пішіндері мен өлшемдерінің өзгеруінен құралады.







Өндірістік процесстің бөлігі, өзгеру бойынша әрекеттер мазмұны және келесі өндіріс жағдайын анықтаудан тұрады.







Бір жұмыс орыныңда орындалатын, технологиялық процесстің ақтау бөлігі.

2 Тапсырма




  1. Бір токарь станогында, бір жоңғыштын, бір дайындаманы толық және үздіксіз өндеу жұмыстарын орындау үшін, неше технологиялық операция орындалады?

  2. Бір станокта күрделі бөлшектін дайндамасын өндеудің үздіксіз техналогиялық процессіне қанша операция қолданады, егер қарапайым өндеу түрін орташа біліктенген жонғыш орындаса ал күрделі түрін жоғары біліктенген жонғыш орындаса.

  3. Технологиялық процесске қанша операция қосады, егер бір жұмыскер дайындаманы алдын-ала өндеуді бір станокта орындап, ал сонғы өндеуді - басқа станокта аяқтаса?

  4. Қандай жағдайда бірдей бөлшектердін партиясын дайындау технологиялық процесстін қарапайым операция қатарына бөледі?

  5. Егер дайындаманын бетін алғашқы жону, бір кесу режимінде, ал кейінгі тазалап өңдеу сол қырнағышпен бірақ, басқа рижимде өндеу қалай аталады: екі технолгиялық ауысым немесе екі жұмыс барысы.

3 Тапсырма




  1. «Саусақ» бөлшегін жону станогында дайындау, қанша бірлік технологиялық процесстен құралады?

  2. Қанша технологиялық процесс орнатылған?

  3. Берілген технологиялық процессте, қанша технологиялық ауысым бар және оларды орнатылғаны бойынша қалай бөледі?

  4. Берілген технологиялық процессте өткен технологиялық ауысымның, келесі технологиялық ауысымнан ерекшелігі неде?

4 Тапсырма




  1. Дайындаманың алыну әдісі бойынша қандай түрлерін білесіндер?

  2. «Дайындаманы таңдау» сөз тіркесі жоңғышқа нені білдіреді?

  3. Прокаттың негізгі түрі қандай және дайындаманы қандай жағдай да прокаттан жасайды?

  4. Құйылған дайындаманы қандай жағдай да таңдайды?

  5. Таға дегеніміз не және дайындаманы қандай жағдай да таға түрінде жасайды?

  6. Өңдеудегі қосымша түрлері қандай?

  7. Өңдеудегі (операциялық немесе операция аралық) аралық қосымша дегеніміз не?

  8. Өңдеудегі жалпы қосымша және оның көлемін анықтау?

  9. Технологиялық үдерісті жасау барысында, қосымшаны дұрыс таңдау да қандай тенико - экономикалық маңызы бар?

5 Тапсырма




  1. № 2 – ші кестені дайындау.

  2. Прокаттан алынған дайындаманың қаралай және тазалап жону берілген қосымшаларды анықтау және жазып алу («Анықтама» қараймыз) .

Кесте № 2

Бөлшек

диаметрі


мм

Қосымшалар, мм, бөлшек ұзындығына берілген диаметрі, мм

80

200

600

Жону

қаралай

тазалай

қаралай

тазалай

қаралай

тазалай

12



















24



















40



















65



















100


















6 Тапсырма




  1. Қандай жону жүйесінде тісті біліктің өндірілуі басым және неліктен?

  2. 1, а) суретінде салынған, жүйе бойынша қырнағыштың орын ауыстыру жалпы жолын қалай анықтауға болады?

  3. 1, б) суретінде салынған, жүйе бойынша тісті біліктін жону бірізділігі қандай және неге мұндай өңдеу жүйесі алынған?

  4. 1, б) суретінде салынған, жүйе бойынша қырнағыштың орын ауыстыру жалпы жолын қалай анықтауға болады?


1 - сурет. Тісті біліктің жону жүйесі: а) бір өткел; б) екі өткел; в) үш өткел

7 Тапсырма




  1. Жүйедегі тісті білікті алғашқы өңдеу барысында, әр жұмыс барысына арналған 5мм аспайтын кесу тереңдігі көрсетілген 2 – ші суретті оқу қажет (дайындама – дөңгелек болат прокаты Ǿ 60 мм).

  2. 2– ші суретте берілген әрбір өңдеу жүйесіндегі тістін ұзындығын I¹ және I² символдармен көрсету I¹, I², I³ және жұмыс барысының ұзындығы мен қырнағыштың жұмыс барысының ұзындығын санау.

  3. 3- ші кестені дайындап және оған пайдаланылған қырнағыштың жұмыс барысының ұзындығын және сонымен қатар есептеулер мен формуларын олардың сандық мәндері мен символдарын жазу қажет.


2- ші сурет. Тісті білікті алғашқы жону жүйесі

Кесте №3


1 сурет.

Поз.


Қырнағыштың жұмыс барысының ұзындығы

Жұмыс барысының қосылған ұзындығы L, мм

1

2

3

Әріппен

көрсетілген I¹, I², I³



Көлемі, мм

Әріппен

көрсетілген I¹, I², I³



Көлемі, мм

Әріппен

көрсетілген I¹, I², I³



Көлемі, мм

Есептеу формуласы


Сандық есептеу




а

?

?

?

?

?

?

?

?




I¹+I²

38+42



40



38

L = (I¹+I²)+

I³+I¹= 2 I¹+I²+ I³



L=(38+42)+40

+38= 80++40+38=158



в

?

?

?

?

?

?

?

?

7 Тапсырма


Дайындаманы қатты орталықта қаралай және тазалай жону жұмыстарын орындау және Ǿ 36мм прокат болатынан, тегіс біліктің цилиндрлі бетінің Ǿ 30-0,12 мм алу. Дайындаманы 250мм өлшемінде кесу және орталықтандыру керек.

  1. Біліктің өлшемдерін, өлшемнен ауытқуын Ǿ 30мм және цилиндрлі беттін тазалығын белгілеп салу қажет (3 сурет).

  2. Жоңғыш білікті өңдеу анықтамасын дайындау.

  3. Бұл анықтамада орнатылған номірлендіру және технологиялық ауысымдарының тәртібін орындау (беттерді өндеу сипатын және ұзындығын, диаметрін қою).


3сурет. Алғашқы және тазалай өңдеуден кейінгі тігіс білік


8 Тапсырма


Екі жақты тісті білікті алу және ұзындығы 154мм және Ǿ 30мм орталықтандырылған дайындаманы (алғашқы) орталығын жону қажет.

  1. Біліктің барлық өлшемін көрсету.

  2. Жоңғыш цилиндрлі бетті өңдеу предписаниясын 4 кесте дайындау.

  3. Технологиялық операция элементін номірлендіру.

  4. Кестеге сәйкес диаметрін, ұзындығын және өңдеу сипатын (5 -2 мм терең алмауы қажет) қойып шығу қажет.




4 сурет. Екі жақты тісті білік

Кесте 4


Ауысым және орнату нөмірі

Өңдеуге арналған анықтама

Диаметрі, мм

Ұзындығы, мм




Өңдеу сипаты(алғашқы немесе тазалай)















Дайындаманы бекіту және орнату
















Бетті жону
















« «
















« «
















Дайындаманы басқа жағынан бекіту және орнату
















Бетті жону












9 Тапсырма

Алғашқы және тазалай жонудан кейін тегіс цилиндрлі білікті Ǿ 30мм және ұзындығы 250мм екі кертпешті тазалай кесу. Прокатты дайындаманың ұзындығын және диаметрін анықтау қажет, егер өздік операциясында алғашқы жону көрсетілсе.


  1. 3 сурет оқып шығу қажет.

  2. 5 кестені дайындау және қажетті мәліметтерді жазу қажет («Анықтама»қараймыз).

Кесте 5


р/с


Не анықталады?

Көлемі, мм

1

Цилиндрлі беттін алғашқы жонуына арналған қосымша




2

Цилиндрлі беттін тазалай жонуына арналған қосымша




3

Цилиндрлі беттін жонуына арналған жалпы қосымша




4

Дайындама диаметрі




5

Екі кертпештін тазалай кесуіне арналған қосымша




6

Дайындаманың жалпы ұзындығы




10 Тапсырма


5 суретте салынған, бір тісті білікті жону станогында жону қажет.

1. Прокат дайындамасының ұзындығы және диаметрін анықтау, егер өздік операциясында алғашқы жону көрсетілсе.

2. Алғашқы жонудан кейін, дайындаманың эскизін қажетті өлшемдерін орталығында көрсетіп орындау қажет, егер дайындама орталықтандырылған және кесілген болса.

3. Эскиздің дайындамасынан кейін 5 суреттегі алғашқы жону жұмысын орындау қажет.

4. 6 кестені дайындап, қажетті мәліметтерді тауып, көшіру қажет.

5 сурет. Бір жақты тісті білік
Кесте 6


р/с


Нені анықтайды?

Көлемі, мм

1

Цилиндрлі беттін алғашқы жонуына арналған қосымша Ǿ 30мм




2

Цилиндрдің үлкен диаметрінен кейінгі тазалай жону




3

Цилиндрлі беттін тазалай жонуына арналған қосымша Ǿ 30мм




4

Цилиндрлі беттін жонуына арналған жалпы қосымша Ǿ 30 -0,2 мм




5

Дайындама диаметрі




6

Цилиндрлі беттін тазалай жонуына арналған қосымша Ǿ 20-0,2 мм




7

Алғашқы жонудан кейінгі кіші цилиндрдің диаметрі




8

Екі кертпештін тазалай кесуіне арналған қосымша




9

Дайындаманың жалпы ұзындығы




10

Уступты кесуге арналған қосымша




11

Алғашқы жонудан кейінгі кіші цилиндрдің ұзындығы




12

Үлкен цилиндрдің ұзындығы




11 Тапсырма


  1. Екі операция орнына пруткадан бөлщектердің кішігірім партиясын дайындаудың, технолгиялық үдерісін жасау (6 сурет).

  2. Берілген технологиялық үдеріс бойынша 7 кестені дайындау.

  3. Кестедегі ауысым және орнату операцияларын нөмірлендіру.

  4. Көп нүктелі белгілеулердің орның толтыру.




6 сурет. «саусақ»(а) және дайын бөлшек (б) дайындауға арналған бөлшектер
Кесте 7

Операция нөмірі

Орнату белгісі

Ауысым нөмірі

Ауысым және орнату мазмұны










Үшжұдырықты өзін-өзі орталықтандыратын патронға прутокты орнату және бекіту.










Өлшемді бұлжытпай кертпешті тазалай кесу 1 = .......мм.










Өлшемді бұлжытпай бетті жону Ǿ.....мм, ұзындығын 1 = .......мм тазалай.










Өлшемді бұлжытпай бетті жону Ǿ.....мм, 1....мм





















Өлшемді бұлжытпай канавканы жону ені….мм, Ǿ.....мм, арақашықтығы 1=....мм дайындаманың оң жақ кертпешінен











Өлшемді бұлжытпай цилиндр бетінен фасканы жону 1=....мм










Өлшемді бұлжытпай 1=....мм дайындаманы кесіп алу










Патронда цилиндр бойынша Ǿ.....мм, дайындаманы орнату және бекіту










Өлшемді бұлжытпай…, цилиндр бетінен фасканы жону Ǿ.....мм.

12 Тапсырма




  1. «Саусақ» бөлшегінің(төрт операциялы) сериялық партиясын дайындаудың, технолгиялық үдерісін жасау (7 сурет).

  2. Берілген технологиялық үдеріс бойынша 8 кестені дайындау.

  3. Берілген мәліметтер негізінде кестедегі орнату және ауысым операцияларын нөмірлендіру

  4. Орнату және ауысым жұмыстарының мазмұның қалыптастыру.

  5. Пайдаланылатың құрылғылар, кесуші және өлшеуіш аспаптарды көрсету .

Кесте 8

Операция нөмірі

Орнату белгілеу-лері



Ауысым нөмірі

Ауысым және орнату-дың мазмұны

Ауысым жүйесі

(өңдеуге арналған эскиз)

Құрылғылар

Аспаптар

















кесуші

өлшеуіш

13 Тапсырма


Екі жиелікті дрелдің штангасының (8 сурет)токарлық өндеудің технологиялық үдерісін жасау қажет. Партиядағы бөлшектер саны – 10 дана, бөлшек материалы болат 45, дайындама өлшеммен кесіліп, орталықтанған, 1А616 токарлы- бұрамакескіш моделді – станок.

8 сурет. Екіжиелікті дрел штангасы


1. Бөлшектін типін оның үлкен өлшемін , жеке аумақтарының формасының бетін және олардың өлшемдерін көрсету.

2. Токарлық өндеусіз алынатын беттерді көрсету.

3. Ǿ10Һ9 өлшемін қандай квалитет бойынша орындау керектігі анықтау. Сол өлшемнен шыға, дайындау шақтамасының нақты еместігі мен ең көп және ең аз шекті өлшемі анықталады.

4. Өлшемге арналған шақтама Ǿ 9,9 - 0,1 және басқа бөлшектерді қандай квалитет бойынша орындауын, сонымен қатар ең көп және ең аз шекті өлшемі неге тең екендігін анықтау.

5. Бөлшек пен цилиндрлі бетке қатысты, қандай ауытқулар жіберілетінің көрсету.

6. Сызба сәйкес бөлшек бетінің тазалығына берілген талаптарды тізіп шығу.

7. Ǿ 12мм- дегі дайындама типін және өңдеу бетіне берілген қосымшаларды есептеп көрсету.

8. Дайындаманың үлкен өлшемдерін көрсету.

9. Көрсетілген бөлшектер партиясын дайындау да, қандай технологиялық үдерістін принцепіне келтіріліп құрылғаның түсіндіру.

10. Қырнағыш ұстағышты қандай нақтылық фиксациясына есептейтінізді көрсету.

11. Партияның барлық бөлшектерінің бірдей өлшемін қамтамасыздандыру үшін қандай құралдар мен құрылғылар қолданады.

12. Штанганы өңдеудің технологиялық бірізділігін (алдын-ала) жасау.

13. Операция мазмұның ,орнатулар, ауысымдар және нөмірлендіру технологиялық процесс бөлігін қалыптастыру.

14. Технологиялық процесстін барлық өндеу ауысымына эскиз дайындау.

16. 9-шы кетені дайындап оған қажетті мәліметтерді көшіру.

Кесте 9


Бұйым атауы




Бөлшек атауы




Дайындама материалы




Дайындаманың шығу тегі және өлшемі




Партиядағы дана саны




Стонактың типі және атауы




Операция нөмірі


Орнату белгісі



Ауысым нөмірі

Ауысым және орнатудың мазмұны




Ауысым жүйесі

(өңдеуге арналған эскиз)



Құрылғылар

Аспаптар

кесуші

өлшеуші
















































14 Тапсырма



  1. База не аталады және олардың түрлері қалай бөлінеді?

  2. Конструкторлы база деп, қандай базаны атаймыз?

  3. Қандай өлшемдер конструкторлы деп аталады?

  4. Қандай базаның түрлері технологиялық деп аталады және қандай түрлерге бөлінеді?

  5. Шығу базасы және шығу өлшемі дегеніміз не?

  6. Бөлшектің қандай бетін орнату базасы деп атаймыз?

  7. Қандай базаны алғашқы, ал қансысын тазалай деп атаймыз?

  8. Қандай базаны орнату базаның негізі, ал қайсысын көмекші деп атаймыз?

  9. Қандай базаны өлшеуші деп атаймыз?

  10. Жинақтаушы база дегеніміз не?

  11. Базаның тұрақтылығының принципі неде?

  12. Базаның қосылу принципі неде?

  13. Қосылу база приципінің кері қайту сипаты қандай?

15 Тапсырма



  1. 9 –шы суретті оқу.

  2. Конструкторлы база боп табылатын, бөлшек беті және бұл суретін эскизін атау.

  3. Қандай өлшемдер соммасын тәсілдерін келтіру барысында қатесінің көп болуын көрсеті.

  4. 9 –шы суреттегі қандай эскизі бойынша болшекті дайындау нақтылығын, яғни ұзындығын I¹+I²+ I³ ұстау.


10 сурет. Сызбаға өлшемдерді орнату тәсілдері: а – конструкторлы база, б – тізбекті тәсіл.


16 Тапсырма


  1. 11 , а, суретінде дайындаманың қандай цилиндрлі беттін орнату базасы боп табылатын, цилиндрлі бет ұзындығын «5» жону барысында концентрлі орның алуға арналғаның 11 , а, суретінде көрсету.

  2. «6» индекс өлшемін алу және үлкен цилиндрінің оң жағын кесу барысында, бұл дайындаманың орнату базасы боп табылатын беті қандай екенің 11, б, суретінде көрсету.

  3. «8» индекс ұзындығын алу және дайындама кертпешін оң жағын кесу барысында, бұл дайындаманың орнату базасы боп табылатын беті қандай екенің 11, б, суретінде көрсету.

  4. Канавка түбін басқа цилиндрлі беттерінің концентрлі орның алуға арналғаның, дайындаманың қандай бетті орнату базасы боп табылатының 11 , в, суретінде көрсету

  5. «2» индексімен белгіленген, ұзындығын алуға арналаған орнату базасы боп табылытын беті қандай екенің анықтау.

  6. Орнату базасының нақтылығына және құрылғылардың нақтылығы базалауға қалай әсер ететінің көрсету.

  7. Токарлы патрондардың орталықтандыру нақтылығына анықтама беру және «сырых» жұдырықшаларды орнына келтіру немесе жоғарлату тәсілдерін атау қажет.

17 Тапсырма


11 суретте көрсетілген біліктін соңғы бетін жону қажет (дайындама пруткадан Ǿ 46мм кесу және 154 өлшемінде кесілген). Үшжұдырықшалы өзін-өзі орталықтандыратын екі орнатуда білікті өңдеудің екі нұсқасын қарастырамыз.

Бірінші нұсқа. Ǿ 46мм дайындама бетін орнату және бекіту. Цилиндрді жону Ǿ 46мм дан Ǿ 34һ11 дейін және ұзындығы 50мм бір соңында. Дайындаманың өнделмеген басқа соның бекітіледі. Ǿ 46мм дан Ǿ 34һ11 дейін және ұзындығы 50мм басқа соңына цилиндрлеп жону.

Екінші нұсқа. Ǿ 46мм дайындама бетін орнату және бекіту. Цилиндрді жону Ǿ 46мм дан Ǿ 34һ11 дейін және ұзындығы 50мм Дайындаманың өңделген басқа соның бекітіледі. Ǿ 46мм дан Ǿ 34һ11 дейін және ұзындығы 50мм басқа соңына цилиндрлеп жону

1. 11 – шы суреттегі белгі нені білдіретінің түсіндіру.

2. 11-шы суреттегі белгі нені білдіретінің түсіндіру.

3. Берілген шарттардың оптималды боп табылатын қай өндеу нұсқасы екенің көрсету.

4. Бірінші нұсқада бөлшекті дайындау нақтылығын қалай көрсетілген қатесін анықтау және түсіндіру.

5. Жоғарыда көрсетілген екі өндеу үлгісіндегі алғашқы орнату базасын дұрыс бірінші тадауын растау және қалыптастыру.

6. Берілген шартта өңдеу барысында, өзін-өзі орталықтандыру патронының радиальды соғылысының шатамалы көлемін атау қажет.

11 сурет. Білік (слесарлы пневматикалық тискісіне арналған екі шток дайындамасы)
18 Тапсырма


  1. Ролик және оның дайындамасы (құйма немесе таға) қйылысуы бейнеленген 12-ші суретті оқу.

  2. Роликтін сыртқы цилиндрлік бетін өндеуге арналған бірдей қосымшаларды анықтау.

  3. Өзін-өзі орталықтандыру патронда бірінші орнатуға арналған алғашқы орнату базасыретінде өндеу барысында қандай дайындама бетін пайдаланатының атау.

  4. Екінші алғашқы орнату базасын таңдау дұрыстығын қалыптастыру.

  5. Бұл тәртіптерді бұзып өңдеуді жүргізу, қандай жағдайларға әкеп соғатының түсіндіру.




12 сурет. Ролик
19 Тапсырма
Егер 12 суретте көрсетілген бөлшектің, дайындамасының өнделетінің барлық беті өндеу әдібі біркелкі болып табылады. Цилиндрлік беттін Ø55 мм және уступ беті Ø90 -55 мм дейін кертпештеледі, ал сол жағынан орналасқан бет өнделмейді, қалған беттері өнделуге жатады, оны өзінөзіорталықтайтын патронға бекітіп өндеу жұмыстарын жүргізеді.
1. Алғашқы орнатуға арналған дайындаманың қай бетін қаралау базасына қолдану керектігін анықтау қажет.

2. Оны қандай мақсатта жасалынғаның түсіндіру.

3. Үшінші қаралай орнату базасының таңдау тәртібін қалыптастыру.

Тақырыптық бақылау жұмысы
Бірінші нұсқа. Штокты токарлы өндеу үшін, операциялық картасын жасау. Партияда бөлшек саны – 1 дана.
Екінші нұсқа. Штокты токарлы өндеу үшін, операциялық картасын жасау. Партияда бөлшек саны – 10 дана.
Жалпы мәліметтер: шток (1 сурет), слесарлы пневматикалық қысқыштардың бөлшегі болып табылады және ол 30ХГСА болаттан дайындалған, дайындама Ø46мм жйне ұзындығы76мм пруткадан кесілген, 74мм кесіліп, орталықтандырылған, станок - 1А616 токарлы – винткесуші моделі.

Картаға қоса түсіндірмелі хат жасау қажет.

1. Слесарлы пневматикалық қысқыштарының жұмыс ерекшеліқтерін және бөлшектердің мәнің көрсету.

2. Бөлшектер мен дайындамалардың кең ауқымды өлшемдері.

3. Фасканы белгілеп 3×45˚, алу тәсілдерін.

4. Шақтама, ең төменгі шекті өлшемдері және ең жоғарғы ауытқу, олардың номинальды мәні, сонымен қатар бөлшектің ең нақты өлшемдерін көрсету.

5. Тазалығы төмен беттерді бар екендігін анықтап, белгілеп оларды өндеу шарттарын көрсетіп , алу жолдарын қарастыру.

6. 1 суреттекөрсетілген белгілер........ нені білдіреді.

7. 1 суреттекөрсетілген белгілер........ нені білдіреді. Қандай өндеу жағдайында бұл техникалық талап орындалуы мүмкін.

8. Берілген технолгиялық процессте технологиялық базаның бір тұтас тәртібі қалай қолданылған.



ресунок

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет