НұСҚаулар 050720 «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы»



жүктеу 0.52 Mb.
бет1/4
Дата22.10.2017
өлшемі0.52 Mb.
түріНұсқаулар
  1   2   3   4


ҚАЗАҚСТАН РЕСУПБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Инженерлік-технологиялық факультеті
Химия кафедрасы

СИРЕК ЖӘНЕ АСЫЛ МЕТАЛДАР ТЕХНОЛОГИЯСЫ

пәні бойынша

ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚТАРҒА

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
050720 – «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы»

мамандығы үшін





Периодтық жүйенің тобы

Элементтер

Техникалық классификациясы бойынша топтар

І

ІІ

Литий, рубидий1, цезий1

Бериллий

Жеңіл

ІҮ

Ү

ҮІ

ҮІІ

Титан, цирконий, гафний2

Ванадий, ниобий, тантал

Молибден, вольфрам

Рений2


Қйын балқитын

ІІІ

ІҮ

Ү

ҮІ

Галлий, индий, таллий

Германий

Селен, теллур

Рений


Шашыралған

ІІІ

Скандий, иттрий, лантан

и лантаноиды (14 элементов от церия до лютения)

Сирек жер элементтері (СЖЭ)

ІІ

ІІІ
Ү

Радий

Актиний и актиноиды (торий, протактиний, уран и заурановые элементы)

Полоний


Радиоактивты


Ag-47, Au-79, платиновые Ru-44, Rh-45, Pd-46, Os-76, Ir-77, Pt-78

СЕМЕЙ 2011



МАЗМҰНЫ








бет

1

Литий өндірісінің технологиясын және химиялық қасиеттерін оқу мен зерттеу

3

2

Титан, (IV) титан, (IІІ) титан және (IV) цирконий қосылыстарының өндірісінің технологиясы мен химиялық қасиеттерін оқу және зерттеу

7

3

Ванадий және оның қосылыстарының химиялық қасиеттері мен алу әдістерін оқу, зерттеу

10

4

Берилий және оның туындыларының технологиясын және химиялық қасиеттерін зерттеу

12

5

Ниобий қосылыстарының химиялық касиеттерін зерттеу

15

6

Молибден және вольфрам қосылыстарының өндіріс технологиясын және қасиеттерін зерттеу

17

7

Галий қосылыстарының өндіріс технологиясын және қасиеттерін зерттеу

20

8

Сирек металдарды физикалық әдістер арқылы табу және анықтау

21


Зертханалық жұмыс №1 Литий өндірісінің технологиясын және химиялық қасиеттерін оқу мен зерттеу

Жұмыстың мақсаты.

Литий және оның қосылыстарының өндіру технологиясы мен химиялық құрамын меңгеру.

Литий – серпімді және тұтқыр металл, жақсы престеледі, сымға оңай созылады, пышақпен оңай кесіледі. Литий буы ашық қызыл түсті, ал оның ұшқыш қосылыстары ал қазыл түсті, бұл металды табу сапасын жақсартады.

Литий химиялық тұрғыда өте активті. Литийдің ауамен реакциясы ауаның ылғалдылығы мен металдың беткі күйі және тазалығына тәуелді. Құрғақ ауада баяу әрекеттеседі, тек қыздырғанда ғана реакцияласады. Ылғалдылық кезінде реакция өнімінің 80 %-ы нитридтен Li3N тұрады:

6Li + N2 = 2Li3N

Литий – сілтілік металдардың ішінде жалғыз тұрақты нитрид түзуші.

Ауаның жоғарғы ылғалдылығында гидроксид LiOH түзеді:

2Li + H2O = 2LiOH + H2

2LiOH + CO2 = Li2CO3 + Н2О

Литий барлық металдармен құймаға айналады. Кейбір металдармен ( Mg, Zn, Al) қатты ерітінділер түзеді, көп металдармен (Ag, Hg, Mg, Zn, Al, Sn, Рb т.б.) интерметалды қосылыстар түзіледі, мысалы LiAg, LiMg2, Li2Zn3, LiPb.

Табиғи қосылыстар: литий табиғатта тек қосылыстар түрінде кездеседі. Таулы жыныстар құрамында, топырақ құрамында, тасты көмір құрамында, минералды көздерде, көлдерде, теңіз суында, көптеген өсімдіктер мен тірі организмдер құрамында кездеседі.

Литийдің 28 минералы белгілі болғанмен, ол 150 минерал құрамынан табылды. Олардың көбі сирек кездеседі және табылуы қиын. Литий қосылыстарын табудың негізгі көзі болып сподумен (әлемдік үлестің 50% көбі), лепидолит (20 %), петалит (10 %), амблигонит и циннвальдит табылады.



Сподумен – литийдің алюмосиликаты (Li,Na)2O∙Al2O3∙4SiO2 немесе (Li,Na)Аl[Si2O6]. Li2O-нің сподумендегі үлесі 6–7,5 % (масс.). Қышқылдар сподуменге әсер етпейді. Олар 1400 оС балқиды, мөлдір шыны түзеді және жалынды қызыл түске бояйды. Балқуға дейін қыздыру процесінде жоғары температуралы модификацияға өтеді, кристалдардың көлемі бірден ұлғаяды (24 %). Табиғи сподуменнің (α-модификация) жоғары температуралы формаға (β-модификация) өтуі 950–1100 оС интервал аралығында болады. Физикалық қасиетінің өзгерісі монотропты айналымда сподуменнің бастапқы құрылысымен байланысты екені схемадан көрінеді:

α -(Li,Na)Аl[Si2O6]→ β -(Li,Na)[АlSi2O6]; ΔН > 0

силикатты құрылымы алюмосиликатты құрылымы

Сподуменнің полиморфизмі – литий гидрометаллургиясы мен сподуменді рудаларды байыту барысында практикада кеңінен қолданылатын минералдың маңызды қасиеттерінің бірі.



Петалит –литий алюмосиликаты (Li,Na)[Si4АlO10], құрамында Li2O 3–4 % көп болмайды (масс.). Қышқылдар әсер етпейді. Қиын балқиды; жалынды қызыл түске бояйды. 680±10оС-та β-сподумен түзе ыдырайды:

(Li,Na)[Si4АlO10] → β -(Li,Na)[АlSi2O6] + 2SiO2; ΔН > 0



Лепидолит-өзгермелі құрамның сулы алюмосиликаты КLi1,5Al1,5[Si3AlO10](F,OH)2. Химиялық құрамы тұрақсыз, Li2O-нің мөлшері 2–6 % шамасында (масс.). Қоспа түрінде FeO, MgO, CaO, Na2O, Rb2O және Cs2O болады. Қышқылдармен балқыған соң ыдырайды. Жалынды қызыл түске бояйды.

Циннвальдит – өзгермелі құрамның сулы алюмосиликаты КLiFeIIAl[Si3AlO10](F,OH)2. Химиялық құрамы тұрақсыз, Li2O-нің мөлшері 1–5 % (масс.) шамасында. Қоспа құрамында – рубидий және цезий бар. Қышқылда ыдырайды. 950–1000 оС-та балқиды; Жалынды қызыл түске бояйды.

Амблигонит – құрамында фтор бар алюминий және литий фосфаты LiAl[PO4][F,OH]; Li2O мөлшері 7–9,5 % (масс.); негізгі қоспа Na2O; тұз қышқылында қиын, және күкірт қышқылында толық балқиды. Оңай балқиды; жалынды сарғыш-қызыл, кейде ашық-қызыл түске бояйды.

Литийлі рудаларды байыту. барлық минералдар құрамында литий мөлшері өте аз, ал рудаларда мүлдем аз (0,25–3 % (масс.)). Бұл литийлі шикізатты байытудың қажеттігін туғызады.

Литийлі рудаларды байыту үшін циннвальдитті бөлу мақсатымен магнитті сепарацияны қолданады, ал магнитті қасиеттерінің әлсіздігі; ірі кристалдардың қолмен өңделуі; сподуменнің термиялық әдіспен байытылуы оның монотропты α→ β өтуі көбікті флотацияны қолдануына негізделген. Флотацияны сілтілік ортада қолданған сияқты қышқылды ортада да қолданады. Бірінші жағдайда көбікті өнімді литийлі минерал береді, ал екіншіде көбікті өнімге бос жыныстар кіреді. Сподуменнің концентрат шығымы 70% және одан жоғары.

Литий гидрометаллургиясының жалпы сұрақтары. Литийдің минералдар мен концентраттар құрамында аз мөлшерде болуы шартты түрде гидрометаллургиялық әдіспен өңдеуге қолдануға әкеледі. Гидрометталлургиялық өңдеуде екі жеке технологиялық этапты бөліп қарауға болады:

1) литийдің суда ерімтал қосылыстармен бірге өтуі;

2) басқа сілтілік металдардан бұрын литийді химиялық әдіспен құрамындағы қоспалардан тазарту арқылы концентрлеу.

Бірінші этап өте күрделі, литий минералдары қиын еритін қосылыстар, силикат үлесі басым. Литийлі шикізатты өңдеудің жоғары мөлшері ұсынылған.

Гидрометаллургиялық өңдеудің екінші этапы аз еритін қосылытар формасындағы технологиялық ерітіндіден біріншілік литийдің бөлінуіне негізделген. Литийдің аз еритін тұздарының ішінен көбінесе Li2CO3, сирек LiF, одан да сирек Li3PO4 айтуға болады.

Өндірісте сподуменді өңдеудің бірнеше технологиялық схемасы бар. Соның бірі кальций оксидімен 1200 0С-та өңдейді, қорытпа құрамында кальций силикаты CaSiO4, литий алюминаты LiAlO2, СаО-ны сумен өңдейді, сонда келесі реакция жүреді

2LiAlO2 + Ca(OH)2 = 2LiOH + CaAl2O4↓.

Ерітіндіні және тұнба бөлімшесін буландырған соң, литий гидроксидінің кристалдары түзіледі, одан литий хлоридің алуға болады. Металл литийді литий хлоридінің балқымасының негізгі электролизінен алады.

Эксперименттік бөлім

Ерітінділер: литий сульфаты (2 н), литий хлориді (2 н), натрий гидроксиді (2 н), кальций гидроксиді, барий гидроксиді (2 н), аммоний немесе натрий фториді (2 н), калий гидродифториді (2 н), натрий ортофосфаты (2 н), литий карбонаты (қаныққан).

Реактивтер: литий (металдық), натрий (металл), этил спирті, тұз қышқылы (конц.), литий хлориді (крист.), литий карбонаты (крист.), мәрмәр, крахмалды клейстер, фенолфтолеин.



Тәжірибе 1. Литий тұздарымен жалынды бояу.

Фарфорлы чашкаға салынған литий хлориді кристалдарын этил спиртімен жібітіп, оны қыздырамыз. Жалынның түсін көрсетіңіз.



Тәжірибе 2. Литийдің ауада тотығуы.

Металды литийді керосині бар банкадан пинцеттің көмегімен алып, оны фильтр қағазына қойып, пышақ пен кішкене бөлігін кесіңдер. Кескен кездегі жылтыраған металл бетінің түсінің өзгеріуін түсіндір. Кесілген металл бөлігін, фильтр қағазында құрғатып, тигельдің қақпасына орнатып және қақпақтың астыңғы жағынан қыздырыңдар. Металл балқыған кезде, үстінен горелканың жалынымен қыздыру керек және вытяжной шкафта ұстау керек. Литийдің жануын бақылау керек. Металл толық жанғандағы алынған өнімді салқындатып және оны 2 см3 дист. суда ерітіңдер. Ерітуді байқап жүргізу керек, себебі өнімде жанбай қалған металл болуы мүмкін.



Тәжірибе 3. Литий мен натрийдің химиялық активтілігін салыстыру.

Суы бар кристализаторға бірнеше тамшы фенолфтолеин қосыңдар. Пинцетпен шыны сауытты литий бөлігін алып, фильтр қағазымен құрғатыңдар. Сілтілі металдар қолмен ұстауға болмайды, себебі күйіп қалуы мүмкін. Үлкен емес бөлігін пышақпен кесіп, пинцетпен суы бар кристализаторға салыңдар. Кристалдар бетін шынымен жабыңдар. Болатын реакцияны бақылаңдар. Аналогияның тәжірибені натриймен жүргізіңдер.



Тәжірибе 4. Литий гидроксид ерітіндісін алу.

4.1. Екі пробиркада 3-4 тамшы 2 н литий сульфатының ерітіндісіне 1-ші пробиркаға Ca(OH)2 2 н ерітіндісін, 2-ші пробиркаға Ba(OH)2 тұнба түзілгенше қосып, гидрокдтік литий алыңдар. LiOH аз еритін өнімдерден (CaSO4 және BaSO4) реакциясын ажыратып жазыңдар.

4.2. Li2CO3 қаныққан ерітіндісінің 5-6 тамшысы бар пробиркаға әк сүтінің Ca(OH)2 2-3 тамшысын құйыңдар. Пайда болған тұнбаны фильтрлеңдер.

Литий гидроксидінің алудағы алмасу реакциясының молекулалық және иондық-молекулалық теңдеулерін жазыңыз.

Сөндірілген әк литий карбонатымен алмастырып жіктеу арқылы литий гидроксидін алу реакциясының теңдеуін жазыңыз.

Тәжірибе 5. Литий карбонаты және литий гидрокарбонаты

Литий хлоридінің ерітіндісін ½ оның көлеміндегі пробиркаға толтырыңыз және сол арқылы СО2 өткізіңіз. Тұнбаның түзілуін қадағалаңыз. Тұнбаның түзілуін қадағалаңыз. Тұнбаның еруіне дейінгі СО2 өткізуді жалғастырыңыз. Алынған ерітіндінің жартысын пипеткамен басқа пробиркаға көшіру арқылы 2-ге бөліңдер. Ерітіндіні бір пробиркаға тұнба түзілгенше қайнатыңдар. Екінші порция ерітіндісіне натрий гидроксиді ерітіндісін қосу арқылы тұнба алыңдар. Тұнбалардың құрамы бірдей ме? Теңдеуге жаз.



Тәжірибе 6. Литий фторидін алу.

6.1. Литий хлоридінің ерітіндісінің 4-5 тамшысын пробиркаға енгізіңіз және сілтілік металл фториді ерітіндісін немесе мүсәтірдің тең көлемін қосыңыз. Тұнба түзілгеніне көз жеткізіңіз. LiF алудағы реакция теңдеуін жазыңдар.

6.2. Хлоридтің сульфатының қаныққан ерітіндісі немесе литий сульфатының 5 тамшысы бар пробиркаға калий гидродифторид мөлшерін өлшеп тамшылатып құйыңдар. Не өзгеріс байқалды?

Тәжірибе 7. Литий фосфаты.

Литий хлориді мен натрий ортофосфатының судағы ерітіндісінде алмасу реакциясынан литий ортофосфатын алыңыз.

Литий ортофосфатының молекулалық және ионды – молекулалық реакция теңдеуін жаз.

Зерханалық жұмыс №2 Титан, (IV) титан, (IІІ) титан және (IV) цирконий қосылыстарының өндірісінің технологиясы мен химиялық қасиеттерін оқу және зерттеу

Жұмыстың мақсыты.

Титанның химиялық қасиеттерін, титан (IV) және титан (ІІІ) мен цирконий (IV) қосылыстарын оқу.

Титан мен цирконий Д.И.Менделеевтің элементтерінің периодтық жүйесінің IV Б тобында орналасқан және d-элементтер қатарына жатады.

Титанның 3d24s2 және цирконийдің 4d25s2 валенттілік электрондары тотығу дәрежесі +4 болатындығы көрсетеді. Титан мен цирконийдің тотығу дәрежелері 0, +2, +3 болатын қосылыстары да бар. Титан мен цирконий үшін координационды сандары 6 және 8.

Металдық титан және цирконий – қатты сұр-ақ және иілгіш металдар. Бірақ аздаған қоспа мөлшері оларды одан да қатты және нәзік етеді. Басқа элементтер арасындағы титанның мөлшері 0,63% , ал цирконий 0,016 % құрайды. Титан минералдары арасындағы үлкен орынға ие минералдары ильменит FeTiO3 , рулит TiO2 , ал цирконий минералдары циркон ZrSO4 ,бадделеит ZrO2 .

Төменгі сатыдағы элементтердің қосылыстарының тұрақтылығы тотығу дәрежесіне байланысты титаннан цирконийге дейін кішірейеді. Титан гидроксиді Ti(OH)3 титан (ІІІ) тұздарына сілті әсер еткенде тұнбаға түседі. Ол негізгі қасиеттерін көрсетеді (сілтіде ерімейді), күшті тотықтырғыш:

Ti(OH)3 + NaNO3 + (8x-10)H2O= 8TiO2 *xH2O + NH3 + NaOH

Ауада жеңіл тотықсыдданады:

4Ti(OH)3 + O2 = (6-x)H2O + 4TiO2 * xH2O

Титан (ІІІ) валентті тұздарын мырышпен, темірмен, немесе электрохимиялық әдіспен тотықтыру арқылы алады:

2TiOSO4 + Fe + 2H2SO4 = Ti2(SO4)3 + FeSO4 + 2H2O.
Титан (ІІІ) валентті тұздары тотықтыру қасиеттерін көрсетеді:
5Ti2(SO4)3 + 2KMnO4 + 2H2O = 10TiOSO4 + K2SO4 + 2MnSO4 + 2H2SO4.
Үшгалогенидті титан сулы ерітінділерде болады, бірақ ауада біртіндеп тотығады:

4TiCl3 + O2 + 2H2O = 4TiOCl2 + 4HCl


Жоғарғы дәрежедегі таза металды алу үшін йодты рафинирлеу әдісін қолданады. Тазаланбаған металды ішінде азғантай мөлшердегі йодпен вакуумды ыдыста қыздырады. Металл йодидінен бөлінген бу возгонкаға ұшырайды, кейін 1400 0С дейін қыздырылған титан жібімен әрекеттесіп, ыдырау процесіне ұшырайды:

200˚С 1400 ˚С

Ti (тв.) + 2I2 (г.)——► TiI4 (г.)——► Ti (тв.) + 2I2 (г.).

Титан жіпте үлкен кристалл түрінде тұнбаға түседі, ал бөлінген йод келесі жаңа тазаланбаған металмен әрекеттеседі. Процесс барысында йод шығынға ұшырамайды. Бұндай процестерді химиялық траспортты реакциялар деп атайды.


Цирконий мен гафнийдің технологиясы.

Цирконий қосылыстарының технологиясы. Цирконды сілтілік, сілтілік карбонатты және сілтілік жер металдармен балқыту және қақтау. Натрий гидроксидімен балқыту. Сумен қақтау. Ізбеспен қақтау.




  1. Эксперименттік бөлім.

Реактивтер: ерітінділер HCl (10%), H2SO4 (10%), HCl (конц.), H2SO4 (конц.), CH3COOH (0,5н.), HNO3 (конц.), NH4OH (10%), H2O2 (3%), NaOH (10%), KOH (4н.), K3[Cr(NCS)6], Na2S, Na2HPO4, K4[Fe(CN)6], (NH4)2C2O4, ZrO(NO3)2, ZrOCl2, диметилформамид, диметилсульфоксид, Ti (ұнтақ), TiO2 (ұнтақ), TiCl4 (с.), NaF (к.), K2S2O7 (к.) немесе K2S2O8 (к.), NH4F (к.).

Құрылғылар: пробиркалар, спиртовка, мұз моншасы.
1 Тәжірибе. Титанның қасиеттері.

1.1.Ерітілген қышқылдың титанға әсері 2 пробиркаға 2-3 см3 ерітілген күкірт және тұз қышқылдарын құйып оған аздаған титан ұнтағын қосымыз. Не көрдіңдер? Пробиркаларды қыздырамыз. Сосын не өзгереді?

1.2.Концентрлі қышқылдың титанға әсері.

3 пробиркаға 2-3 см3 концентрленген тұз, күкірт және азот қышқылдарын құямыз. Пробиркаларға кішкене титан металын саламыз, реакция теңдеулерін және өзгерістерін жазамыз.



1.3.Фторид-иондардың қатысымен титанның депоссивациясы.

Титан ұнтағына ерітілген сірке қышқылын тамызамыз. Өзгерісті байқап, пробиркаларға аздаған аммоний фторидің қосамыз. Не өзгереді? Көрген құбылысты түсіндіріп, реакция теңдеуін жазыңыз.


2 Тәжірибе. Титанның қосылыстары.

2.1.Титанды қышқыл.

10 см3 титанның тетрахлориді тұз қышқылды ерітінділерге, яғни бұл ерітінді мұз банясында суытылған, титанды қышқыл тұнбасы түзілгенше, жиі араластыра отырып 10% аммиак ерітіндісін қосамыз. Тұнба толық түзілгенше тосамыз. Кейін ерітіндісін төгіп тастаймыз да декантация әдісі арқылы бірнеше рет сумен шаямыз.

Титанды қышқылды 10% тұз қышқылы мен сілтісіне қатысын тәжірибеден өткіземіз. Титанды қышқылдың аздаған мөлшерін сумен араластырып пробиркада шайқап, кейін қайнатамыз. Суды төгіп , тағы тұз қышқылы мен сілті әсерін байқаймыз. Титан қышқылының реакциялық әсерін байқаймыз.

2.2.(IV) титан сульфатын алу және оның гидролизі.

(IV) ұнтақталған титан оксидін форфорды тигельде калий дисульфатының массасымен балқытамыз. Балқытуды абайлап жургіземіз.Бөлініп жатқан күкірт оксидінің өте қатты ұшуын болдырмау керек. Алынған балқыманың бір бөлігін ерітілген күкірт қышқылында ерітеміз, ал екінші бөлігін қыздыра отырып сумен өңдейміз. Екі бөліктің де өзгерісін байқап, салыстырып, реакция теңдеуін жазамыз.



2.3.Титан тетрахлоридінің гидролизі.

TiCl4 скалянкасын ашамыз. Титанның түзілуі неліктен? Тұз қышқылымен қышқылданған TiCl4 ерітіндісіне су құямыз. Кейін ерітіндіні қайнатамыз. Тәжірибе нәтижесін түсіндіріп, реакция теңдеуін жазамыз.


3 Тәжірибе. (ІІІ) титанның қосылыстары.

3.1.Титанның (ІІІ) қосылыс ерітінділерін алу.

Титан (IV) қосылысының қышқылданған ерітіндісіне 2-3 шт түйіршіктелген мырыш саламыз. Ерітіндінің түс өзгерісін түсіндіреміз. Алынған ерітінді тез арада басқа пробиркаға ауыстырып қақпағын жауып, келесі тәжірибелік жұмыстарға сақтаймыз. Реакция теңдеуін жазамыз.



3.2.Титан (ІІІ) координационды қосылысын алу.

(ІІІ) титан-сульфатының ерітіндісіне K3[Cr(NCS)6] ерітінді құйып, диметилформамид тамызамыз. Тұнба түзілуін түсіндіру. Реакция теңдеуін жазамыз.



3.3.Титан (ІІІ) қосылыстарының тотықсыздандырғыш қасиеті.

Алдынғы алынған (3.1.) ерітіндіге KMnO4 ерітіндісін тамшылатып құямыз, реакция теңдеуін жазамыз.


4 Тәжірибе. Цирконий гидроксидін алу және оның қасиеттері.

Үш пробиркаға аз еритін оксоцирконий (IV) ZrO(OH)2 гидроксидің құямыз, оған ZrO(NO3)2 оксоцирконий еріткіші 2-3 тамшы 4 н сілті ерітіндісін.1 пробирканы 2-3 мин. қайнатамыз және тұңған соң 4-5 тамшы концентрленген тұз қышқылын құямыз. Қай жағдайда тұңба ериді? 3 пробиркаға 4-5 тамшы 4н сілті ерітіндісін тамызамыз. ZrO(OH)2 алынуының және оның тұз қышқылымен әрекеттесуінің реакция теңдеуін жазамыз.


5 Тәжірибе. Цирконий тұздарының гидролизі.

5.1.Цирконий тұздарының гидролизі.

Пробиркаға 2-3 кристалл ZrOCl2 салып, дистильденген су құямыз. Ортасына дейін араластырып, қайнатамыз. Тұңба түзіліуін бақылап, нәтижесінде ZrO(OH)2 тұнбасы түзілілетін, ZrOCl2 гидролиз теңдеуін жазамыз.



5.2.Оксоцирконий нитратының гидролизі.

В пробирку поместите 3-5 тамшы оксоцирконий (IV) нитратын салып, сонша мөлшерде натрий сульфиді ерітіндісін саламыз. Оксоцирконий (IV) гидроксидінің тұнба түсу процесін бақылаңдар. Оксоцирконий (IV) нитратының және натрий сульфадының гидролиз реакциясын жазыңдар.

6 Тәжірибе. Оксоцирконийдің аз еритін қосылыстары.

3 пробиркаға 3-5 тамшыдан оксоцирконий (IV) нитратын тамызамыз, осы мөлшерде: 1-пробиркаға натрий гидрофосфатын Na2HPO4, екіншісіне- калий (II) гексацианоферратын K4[Fe(CN)6], үшіншісіне – аммоний оксолатын (NH4)2C2O4 тамызамыз. Ақ тұнба түзілгенін бақылаймыз.

Судың қатысымен жүретінің ескере отырып, оксоцирконий (IV) нитратының аммоний оксолатымен жүретін реакция теңдеуін жазамыз. Оксоцирконий (IV) оксолатының тұнбасын келесі тәжірибелерге сақтап қойыңыздар.
7 Тәжірибе. Цирконийдің комплексті қосылыстарының алынуы.

№6 тәжірибеде алынған оксоцирконий (IV) оксолаты бар пробиркаға тағы 5-6 тамшы аммоний оксолаты ерітіндісін тамызыңдар. (NH4)2[ZrO(C2O4)2] мынадай комплексті қосылысты түзе отырып, тұнбаның еруін бақылаңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар.



Зерханалық жұмыс №3 Ванадий және оның қосылыстарының химиялық қасиеттері мен алу әдістерін оқу, зерттеу



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет