Нұсқаулар Бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тест тапсырмалары



жүктеу 65.25 Kb.
Дата03.05.2019
өлшемі65.25 Kb.
түріНұсқаулар


Ағылшын тілі
Тапсырмаларды орындауға арналған

әдістемелік нұсқаулар
Бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тест тапсырмалары
1.«To lose» сөзінің антонимін беріңіз:

A) To ring

B) To find

C) To hide

D) To call

E) To read

Дұрыс жауабы: В

«To lose» аудармасы: жоғалту, сәйкес жауабы «To find» яғни, аудармасы – табу. Екі сөз бір - біріне антоним болып келеді.


2. Мағынасы сәйкес келетін өздік есімдікті қойыңыз

She can do it…

A) myself

B) yourself

C) herself

D) itself

E) himself

Дұрыс жауабы: С

Өздік есімдікгің жасалу ережесі бойынша:

She → herself. Берілген сөйлемге «С» жауабы ғана сәйкес келеді.


3. Дұрыс құрылған сөйлемді көрсетіңіз:

A) I think it don`t work

B) Doesn`t play with a book

C) She doesn`t fond of the classical music

D) Tom don`t like reading a book

E) I don`t have much money

Дұрыс жауабы: Е

Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі бойынша «Е» жауабы ғана дұрыс құрылған.

4. Етістіктің дұрыс түрін табыңыз:

You … always very careless with those glasses

A) are

B) was


C) is

D) does


E) am

Дұрыс жауабы: А

«To be» етістігінің жіктелуі бойынша You, They, We есімдіктерінен кейін «are» етістігі қойылады.
5.Сөйлемді толықтырыңыз:

We … having an English lesson now.

A) is

B) are


C) will

D) shall


E) were

Дұрыс жауабы: В

«To be» етістігінің жіктелуі бойынша You, They, We есімдіктерінен кейін «are» етістігі қойылады.
6. Сөйлемге жалғаулық сұрағын қосыңыз:

My father is from Astana, …?

A) Isn`t he

B) Isnt`t my father

C) Does he

D) Does my father

E) Is he

Дұрыс жауабы: А

Ереже бойынша, басыңқы сөйлем болымды болса сұрағы болымсыз түрде болады. Берілген сөйлем болымды болғандықтын, «Isn`t he» жауабы сәйкес келеді.
7.Қажетті сөзді қойыңыз:

- Hello. This is West Wood 783651

- … I speak to Mrs Young please

- … she`s out at the moment

A) Show / I`m sorry

B) Can / I`m sorry

C) Will / I`m being sorry

D) Can / sorry

E) Shall / I`m sorry\

Дұрыс жауабы: В

Диалогтың мағынасын түсінетін болсақ, тиісті бос орынға Can және I`m sorry жауабы ғана сәйкес келеді.
8.Сәйкес есімдікті қойыңыз:

I don`t have _ free time

A) many

B) few


C) much

D) some


E) a

Дұрыс жауабы: С «time» сөзі – уақыт саналмайтын зат есім. Ереже бойынша «much» есімдігі саналмайтын зат есімдердің алдына қойылады.


9.Дұрыс предлогты таңдаңыз:

Hello, how are you getting … ?

A) in

B) about


C) of

D) for


E) on

Дұрыс жауабы: Е

«Get on» фразалық етістігінің мағынасы адамдармен қарым-қатынаста қолданылады. Бұл сөйлемнің аудармасы: Сәлем, қалың қалай, жағдайың қалай?
10.Берілген сөз қай сөз табына жатады:

«Evolution»

A) етістік

B) герундий

C) зат есім

D) үстеу


E) жалғаулық шылау

Дұрыс жауабы: С

Evolution – эволюция, даму. Не? деген сұраққа жауап береді. Берілген сөз зат есімге жатады.
11.Сан есімнің дұрыс баламасы:

Менің мамам 2005 жылы елуге толады.

A) two thousand and zero five

B) two thousand and five years

C) two twenty and zero five

D) two zero zero and five

E) two thousand and five

Дұрыс жауабы: Е

2005 санының дұрыс жазылуы:

«two thousand and five»


12.Сын есімнің дұрыс шырайы: Health and happiness are … money

A) the most importand of

B) the importantest of

C) more important than

D) importanter than

E) important than

Дұрыс жауабы: С

More important than - … аудармасы: қарағанда маңыздырақ.

Health and happiness are more importand than money. Денсаулық пен бақыт ақшаға қарағанда маңыздырақ.
13.Есімдіктің дұрыс нұсқасы:

Julia will be free soon. You can wait for _ here.

A) him

B) you


C) her

D) them


E) it

Дұрыс жауабы: С

Сөйлемдегі есім қыз баланың есімі. Ағылшын тілінде He/She есімдіктері ұлға және қызға қолданылады. She – ол, Оны – her. Юлия сәлден соң бос болады. Сіз оны осы жерде күте аласыз.
14.Сөйлемді ілік септігіндегі зат есіммен толықтырыңыз.

Where is your … umbrella?

A) Father`s

B) Fathers`s

C) Fathers

D) Father

E) Fathers`

Дұрыс жауабы А

Ілік септігі зат есімге `s жалғану арқылы жасалады. Сұрақ жекеше түрде, сол себептен жекеше түрдегі Father сөзіне `s жалғанады. Сәйкес жауап Father`s.
15.Етістіктің дұрыс ырықсыз етіс формасын таңдаңыз.

I (to promise) a new computer by my parents last week

A) were being promised

B) has been promised

C) was promised

D) am promised

E) were promised

Дұрыс жауабы: С

Ырықсыз етістің жасалу ережесі to be+participle II. Яғни «С» жауабы: Was+promise+ed.
16.Модальды етістіктің дұрыс нұсқасы:

You _ go skiing today. It`s very cold outside

A) must

B) can


C) may

D) can`t


E) should

Дұрыс жауабы: D

Can`t модальді етістігі сөйлемді дұрыс толықтырады. Сен бүгін шаңғы тебуге бара алмайсың. Сыртта өте суық.
17.Сөйлемді мағынасына қарай толықтырыңыз:

I … since I can remember

A) have been painting

B) had been painting

C) was painting

D) am painting

E) was being painted

Дұрыс жауабы: А

Сөйлемге «А» жауабы ғана сәйкес келеді. I have been painting since I can remember. Present Perfect Continuous шағында тұрған сөйлем. Белгілі бір уақытта басталып, әлі де жалғасып жатқан әс-әрекетті білдіреді.
18.Дұрыс аудармасын табыңыз:

Ол үйге барайын деп жатыр

A) He’ll go home soon

B) He is going to go home

C) He should go home soon

D) He isn`t going home now

E) He is going home now

Дұрыс жауабы: В

To be going to құрылымы бойынша бір нәрсені істегелі жатыр деген мағынадағы сөйлем. Яғни В. He is going to go home жауабы ғана сәйкес келеді.
19.Қажетті етістікті қолданыңыз:

Have you finished … your hair yet?

A) wash

B) Washed



C) doing washed

D) having washed

E) washing

Дұрыс жауабы: Е

Берілген сөйлемді «Е» жауабы ғана толықтыра алады.
20. Мәтінді оқып, сұраққа жауап беріңіз:

London is famous as a city where businessmen carry umbrellas and wear bowler hats. But do you know how the umbrella came to England?

The word “umbrella” is Italian, meaning “a little shade”. The Italians did not invent the umbrella, however, it was used many centuries ago in the East as a protection against the sun. In England it was used more as a protection against the rain and the first man to appear in the streets of London with an umbrella more than a hundred and fifty years ago was Jonas Hanway. But the first umbrella user did not have an easy time: he got into trouble with coachmen. They did not want people to ride in their coaches.

But the Londoners were so grateful to Jonas Hanway that when he died they erected a monument to his memory in Westminster Abbey, where it may still be seen to these days.

What does the world “umbrella” mean?

A) Jonas Hanway

B) A little shade

C) To ride a coach

D) A trouble with coachmen

E) A bad weather

Дұрыс жауабы: В

Мәтіннің мағынасына байланысты, сұраққа дұрыс жауап «В» - A little shade.



Бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдауға арналған тест тапсырмалары


  1. Дұрыс жауаптарын көрсетіңіз.

Tom … in the garden.

A) is


B) be

C) am


D) are

E) was


F) were

G) has


H) been

Дұрыс жауаптары: A, E

3 жақта жекеше түрде тұрған Be етістігіне сәйкес келетін екі форма is,was.
2.«peace» сөзіне қарама-қарсы сөзді көрсетіңіз:

A) battle

B) soldier

C) war


D) world

E) globe


F) victory

G) beat


H) bet

Дұрыс жауабы: C

«Peace» сөзіне сәйкес келетін бір ғана антоним «war»
3.Дұрыс жауаптарын көрсетіңіз.

She likes to sit on … sofa and read … good book.

A) the, -

B) a, -


C) -, a

D) the, a

E) -, -

F) -, the



G) a, a

H) the, the

Дұрыс жауаптары: D

Белгілі артикль «the» бір нақты орынды білдіретін сөздермен қолданылады, белгісіз артикль «a» зат есім сын есіммен бірге тұрғанда қолданылады.

4.Дұрыс жауаптарын көрсетіңіз.

We stayed … a hotel.

A) ahead

B) away


C) down

D) of


E) off

F) at


G) on

H) up


Дұрыс жауабы: F

«Stay» етістігінен кейін «at» көмекші сөзі ғана қолданылады.


5.Суффикс арқылы зат есім жасаңыз: «treat»

A) ness


B) ion

C) ity


D) ence

E) ment


F) sion

G) er


H) ation

Дұрыс жауабы: E,G

Зат есімдер ment және er суффикстері арқылы құрылады.
6.Дұрыс жауаптарын көрсетіңіз:

«1999».


A) one thousands nine hundred and ninety-nine

B) one thousand and nine hundred ninety-nine

C) one thousand nine hundreds and ninety-nine

D) one thousand and nine hundred and ninety-nine

E) nineteen ninety-nine

F) nineteen and ninety- nine

G) nineteen ninety and nine

H) nineteen and ninety and nine

Дұрыс жауабы: E

Жылдар екі санмен аталады.


7.Дұрыс жауаптарын көрсетіңіз.

She has got … money.

A) much


B) any

C) many


D) no

E) every


F) it

G) none


H) anyone

Дұрыс жауаптары: A,D

Money-саналмайтын зат есім, сондықтан дұрыс жауап much. Болымсыз сөйлемдер no арқылы жасалады.
8.Зат есімнің көпше түрін табыңыз:

A) book


B) cities

C) pencil

D) bag

E) dress


F) table

G) bench


H) shelves

Дұрыс жауаптары: B,H

Көпше түрде зат есімге «s» немесе «es» жалғаулары жалғанады.
9.Дұрыс жауаптарын көрсетіңіз.

Nick … to see us this evening.

A) come

B) coming



C) would come

D) will come

E) are coming

F) is coming

G) was coming

H) were coming

Дұрыс жауаптары: D, F

Сөйлем келер шақта тұр, сондықтан дұрыс жауаптар will come және is coming.

10.Дұрыс жауаптарын көрсетіңіз.

It didn’t rain. He … an umbrella.

A) not need to take

B) needn’t have taken

C) needn’t has taken

D) needn’t have

E) didn’t need to take

F) didn’t take need to

G) need not to take

H) not to take

Дұрыс жауаптары: B,E

Сөйлем өткен шақта тұр, сондықтан модаль етістік need өткен шақта тұру керек (needn’t have taken), егер жай need етістікті алсақ, онда ол көмекші етістік did арқылы құрылады.







Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет