HONOR ғаламдық технологиялық бренді Қытайда HONOR Magic6 смартфондарының ең жаңа флагмандық сериясын жариялады. Сонымен қатар, іс-шарада Porsche Design компаниясымен бірлесіп жасалған жиналмалы смартфон – HONOR Magic V2 RSR-дың сатыла басталғаны жарияланды.

HONOR-дың бас директоры Джордж Чжао стратегиялық серіктестікті былай түсіндірді:

"Жалпы кемелдікке ұмтылу біріктірген HONOR мен Porsche Design компаниялары көрнекті өнімдерді жасау үшін адамға бағытталған технологиялар мен функционалды дизайнды үйлестіре отырып, ақылды құрылғылардың келесі буындарын бірлесіп дамытады”, – деді ол.

Ал Porsche Lifestyle Group-тың басқарма төрағасы Стефан Бушер әзірлеген алғашқы смартфондардың тұсаукесерін асыға күткенін алға тартты.

"Өнімдер арқылы біз Porsche Design-ды сатып алып, Porsche ғаламдық отбасының бір бөлігіне айналатын әрбір адам үшін брендтің бірегей рухы мен құндылықтарын жүзеге асырғымыз келеді. Біздің мақсатымыз — эмоцияларды, прогрессивті функционалдылықты, озық технологияларды және бірегей дизайнды бүкіл әлем бойынша сатып алушыларға жеткізу", – деді ол.

HONOR Magic V2 RSR

HONOR Magic V2 RSR – бұл адамға бағытталған HONOR-дың инновациялары Porsche Design-ның функционалды эстетикасымен үйлесетін алғашқы жаңа өнім. Жиналмалы смартфонның артқы жағындағы сызықтар Porsche 911-дің капотына ұқсайды. Жақсартылған ұстам пайдаланушының алақанында спорткарды айдағандай сезімді қамтамасыз етеді. HONOR Magic V2 RSR Porsche көліктеріне тән ақ-сұр түсте шықты.

HONOR мен Porsche Design салмағы небәрі 234 г және қалыңдығы 9,9 мм болатын инновациялық құрылғыны жасау үшін HONOR Magic V2 RSR-де пайдаланылған материалдарды бірлесіп жетілдірді. Nano Crystal Shield инновациялық қорғаныс жабынының Мосс шкаласы бойынша қаттылығы 7-ден жоғары болғандықтан, жаңа смартфон экранның сызаттарға төзімділігі тұрғысынан бәсекелестерден озып тұр.

HONOR Magic V2 RSR жиналмалы OLED LTPO дисплейімен жабдықталған. Ол бұрын-соңды болмаған визуалды тәжірибені ұсынады. 1,07 миллиард түсті қолдайтын экран жарқын және анық кескінді қамтамасыз етеді. Ал көру мүшесін қорғаудың инновациялық мүмкіндіктері мен технологиялары күнделікті пайдаланғанда жайлы. ЕИМ жиілігі – 3840 Гц, динамикалық жарықтық пен циркадты түнгі экран.

HONOR Image Engine технологиясына негізделген үш камераға кескінді оптикалық тұрақтандыратын 50 Мп (f/1,9) негізгі камера (OIS), телеобъективінде OIS, (f/2,4) бар. 20 Мп камера және 50 Мп (f/2,0) ультра кең бұрышты камера кіреді.

Кремний-көміртекті батарея HONOR Magic V2 RSR жалпы сыйымдылығы сағ./5000 мА болатын екі ультра жұқа элементтен тұрады. Смартфон HONOR SuperCharge 66 Вт сымды қуаттандыруды қолдайды.

HONOR Magic6-ның жаңа сериясы

HONOR Magic6 смартфондар сериясы Magic сериясының премиум құрылғыларының жалғасы. Ол инновациялық техникалық әзірлемелердің жақсартылған пайдаланушы тәжірибесімен үйлесімін ұсынады. HONOR Magic6 соңғы Snapdragon 8 Gen 3 мобильді платформасына негізделген экран технологиясы, камералар, аккумулятор және тамаша өнімділік арқылы жаңа сапа стандарттарын орнатады.

Нарықта алғаш рет HONOR Magic6 Pro 1/1, 49 дюймдік жетілдірілген сенсоры және f/2.6 диафрагмасы бар. Тіпті алыс қашықтықтан да керемет портреттік суреттер түсіретін 180 мегапиксельді телефотокамерамен жабдықталған. Жаңартылған HONOR Falcon үштік камерасы сонымен қатар түсіру сапасын кәсіби фотокамералармен салыстыруға болатын инновациялық HDR матрицасы бар жаңа 1/1,3 дюймдік негізгі сенсормен жабдықталған.

HONOR Magic6 Pro төрт жағынан иілген 6,8 дюймдік LTPO экранымен жабдықталған. HDR режимінде ең жоғары жарықтығы 5000 нитке дейін жетеді. Бұл тіпті тікелей күн сәулесі түскен кезде де ерекше сурет сапасына кепілдік береді.

Сонымен қатар, HONOR Magic6 смартфондарының экрандары 4320 Гц жиіліктегі рекордты жоғары ЕИМ-ге ие. "Циркадты түнгі экран" көру мүшесін қорғау функциясы енді контентті жайлы көру және мелатонин өндірісін жақсарту үшін кешке экран түсінің берілуін бұрынғысынан да айқын және жекелендірілген түрде реттеу үшін жасанды интеллект технологияларын қолдайды.

HONOR Magic6 сериясы үшін жетілдірілген екінші буындағы кремний-көміртекті аккумуляторлар әзірленді. Олардың ерекшелігі қуаттандыру элементінің өлшемі өзгертілмей сағ./5600 мА дейін ұлғайтылған. Сөйтіп олар нарықтағы кез-келген басқа флагмандардан асып түсті. Сымды 80 Вт HONOR SuperCharge-дың және сымсыз 66 Вт HONOR Wireless SuperCharge-дың жаңартылған қуаттандыру технологиялары аккумуляторды қайта қуаттандыру уақытын айтарлықтай қысқарта отырып, HONOR Magic6 Pro смартфондары үшін жақсартылған пайдаланушы тәжірибесін қамтамасыз етеді.

Қытайдағы бағалары мен қолжетімділігі

12-қаңтардан бастап HONOR Magic V2 RSR 16 Гб жедел жады мен 1 ТБ жинақтағышы бар конфигурация үшін шамамен 1 миллион теңге бағасымен сатылымға шықты. HONOR Magic6 сериясы 11-қаңтардан бастап қара, ақ, көк, күлгін және жасыл түстерде қолжетімді. HONOR Magic6-ның құны шамамен 275 мың теңге, HONOR Magic6 Pro-нікі – шамамен 357 мың теңгеден басталады.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.