Футболдан Еуропа чемпионатына шығу мүмкіндігінен айырылған Қазақстан құрамасы әлемдік рейтингте үш сатыға төмендеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: ҚФФ

Ұлттар лигасының жартылай финалында Грекия құрамасынан ойсырай ұтылып, артынша Люксембург құрамасынан жолдастық кездесуде 1:2 есебімен жеңілген Қазақстан құрамасы әлемдік рейтингте үш саты төмендеді. ФИФА-ның жаңартылған рейтингте Ұлттық құрамамыз 100-орыннан, 103-орынға түсіп, алдына Тәжікстан, Қырғызстан, Тайланд және Косово құрамаларын жіберіп қойды. Ал Қазақстанды ұтқан Грекия мен Люксембург құрамалары да рейтингте төмендеген. Грекия 49-орыннан 50-орынға түссе, Люксембург 85-орыннан 87-орынға жайғасқан. Әлемдік рейтингтің көшін Аргентина құрамасы бастап тұр. 

  • 100 млн теңге: Кәсіпкер Тимур Турлов Қазақстан футбол құрамасы Грекияны жеңсе сыйлық жасайтынын айтты
  • "8 жыл бұрын айтқанымды тыңдағанда, дәл бүгінгідей әлемге масқара болмайтын едік": Қуат Хамитов Қазақстан құрамасының жеңілісі туралы

Айта кетейік, бұған дейін футболдан Еуропа чемпионатының барлық қатысушысы белгілі болғанын жазған едік. 


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.