Әлеуметтік желіде “Айға бірінші ұшқан кім?” деген сұраққа “Тоқтар Серіков” деп жауап беріп, күлкіге қалған журналисті Сәкен Майғазиев ақтап шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесінің айтуынша, бейтаныс қыз “Оян” бағдарламасының журналисі екен. 

“Бірінші видео көпшілігіңізге таралып үлгерген шығар. Маған да 50 адамнан келген шығар. Қалжың деп қабылдауға да болады. Бір қарағанда жүзіңе күлкі үйіреді. Алайда бұл қыздың өте білімді қыз екенін бәрі біле бермейді. "Тоқтар Әубәкіров" деп айтқысы келгенін білсек те, білмеген сыңай танытамыз. Соны көрген бір апамыз: "Қазіргі жастар кітап оқымайды, сауатсыз…" деп ғайбаттап, қарғанып отырғанын көрдім. Шынтуайтында, бұл балапан сауатсыз емес, монтаж жасап, мазақ етіп, басқа адамдар әжуа қылып, кекетіп күліп, ғайбат айтуына себепкер болған адам сауатсыз екенін ескере бермейміз.
Жоқ, таңғалам, 10 сұрақтың тоғызына дұрыс жауап берген. Ақылды, білімді, инабатты, қылықты қыздың бір-ақ қатесін түймедей нәрсені түйедей қылып көрсетуге неге құмар болдық екен?! Маған ең күлкілісі, осы 10 сұрақтың біреуіне дұрыс жауап бере алмайтын бір адамның қатты күлгені болды. Ол адамның IQ деңгейін білгеннен соң ба?! Ал мына саналы, күндей күлімдеген Азиза Насимоллаға Жаратқан ием жер жаhанның жақсылығын берсін”, – деп жазды әнші. 

Сондай-ақ Тоқтар Серіков те әріптесінің сөзін қолдап, пікір білдірді.

“Иә, Сәкен дос, рақмет, жақсы жазыпсың.Әр сұхбаттан жамап жасап алған дүние ғой. Бұл қарындасымның білімділігіне еш күмәніміз жоқ. Алла осындай өжет, білімді қыздарымыздың бағын жандырсын! Ал күлкісі келгендер күле берсін”, – деді ол.

Журналистің анасы да әншінің қолдауына алғысын білдірді. “Мен бұл қыздың анасымын, қолдауыңызға, әдейілеп уақыт бөліп, пост жазғаныңыз үшін бек ризамын! Алла разы болсын! Күзде әлеуметтік желі бір айдай шулады ғой деймін. Қуыс кеуде, іші тар комментаторларға мән бермейміз! Сізге рақмет!” – деп жазды. 

 

 

 
 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

 
 
 

 
 

 
 
 

 
 

Публикация от Сәкен Майғазы | МузАРТ (@saken_maigaziyev)


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.