О проведении Научно-технического совета



жүктеу 29.92 Kb.
Дата09.09.2017
өлшемі29.92 Kb.

«Кернеуі 500, 220 кВ желілерді Қазақстанның ҰЭТ-на жалғай отырып, 500/220 кВ Алма ҚС-ны салу» және «Мойнақ ГЭС-інің қуатын беру» жобалары бойынша қоғамдық тыңдаулар

хаттамасы


2008 жылғы 14 қараша

Алматы қ.


Қатысқандар:

Жамбыл және Алматы облыстары, Алматы қаласы жұртшылығының, үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ), БАҚ-тың шақырылған өкілдері, «KEGOC» АҚ Атқарушы дирекциясының, «Алматы ЖЭТ» филиалының қызметкерлері, мүдделі адамдар (тізім қоса беріліп отыр).


Күн тәртібі
1. «Кернеуі 500, 220 кВ желілерді Қазақстанның ҰЭТ-на жалғай отырып, 500/220 кВ Алма ҚС-ны салу» және «Мойнақ ГЭС-інің қуатын беру» жобаларының тұсау кесері.

2. Ұсынылған жобаларды тыңдауларға қатысушылардың талқылауы.


1. Күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша мыналар сөйледі:

─ Исенов Н.К. жобалар туралы жалпы ақпаратпен.

─ Старинец Е.М. жобаларды іске асырудың техникалық аспектілері бойынша.

─ Жағыпарова А.Т. жобаларды іске асырудың экологиялық аспектілері бойынша.


2. «Кернеуі 500, 220 кВ желілерді Қазақстанның ҰЭТ-на жалғай отырып, 500/220 кВ Алма ҚС-ны салу» және «Мойнақ ГЭС-інің қуатын беру» жобаларын тыңдауларға қатысушылардың жобаларды барлық аспектілер бойынша, оның ішінде мына мәселелер бойынша талқылауы:

─ құстар мен жануарлардың мекен ететін ортасы үшін әуелік электр жеткізу желісінің өту қауіпсіздігі үшін;

─ жерді иеліктен шығару туралы, ӘЖ елді мекендер арқылы өте ме, ауыл шаруашылығы жерлеріне келтірілетін зиян (жайылым, айдалған жерлер);

қандай материалдар, жабдық, технология (сапасы, жеткізілім, қауіпсіздік) пайдаланылады деп жорамалданып отыр;

қаржыландыру, құрылыстың басталу және аяқталу мерзімдері туралы, жаңа жұмыс орындарын құру туралы;

─ «Балқаш АЭТ-ын салу» жобасы бойынша тыңдаулар өткізілді;

─ Мойнақ ГЭС-ін салу кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы.
Болған талқылаудан кейін қоғамдық тыңдаулардың қатысушылары:

1. Жобаларды іске асыру тұтастай алғанда, Қазақстанның Оңтүстік өңірінің Алматы энергия торабын сенімді энергиямен жабдықтауды қамтамасыз етеді және Қазақстанның оңтүстігіндегі перспективалық жүктемелерді жабу міндеттерін шешуге ықпал етеді деп шешті.

2. Жобаларды іске асыру кезінде мыналар сақталатын болады:

─ электр жеткізу желілерінің санитарлық-қорғаныстық аймақтары,

─ құрылыс жұмыстары барысында ООС бойынша шаралар,

─ қосалқы станциялар мен желілердің жабдықтары туғызған шуларды басқару жөніндегі шаралар,

─ электр магниті өрісінің әсер етуінен болатын қорғаныс жөніндегі шаралар;

─ жер асты сулардың ластануын болдырмау жөніндегі шаралар;

─ құрылыстың жұмыс жобаларын әзірлеу кезінде қабылдауы талап етілетін басқа шаралар.

3. Жұмыс жобаларын дайындау кезінде қоршаған ортаның барлық құрамдас бөліктері бойынша осы жобаның қоршаған ортаға әсерін толығымен бағалау әзірленетін болады.

4. Жұртшылық жобаларды іске асырудың орындылығымен келісті. Жобаларды экологиялық басқару жоспарларында қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қажетті тізбе қамтылған.


ҰЭТ-ты дамыту жөніндегі департаменттің

директоры



Н. Исенов



«Алматы ЖЭТ» филиалының бас инженері

А. Жақыпов







ҰЭТ-ты дамыту жөніндегі департаменттің

бас маманы



А.Жағыпарова

Каталог: up files
up files -> «саят жолши и партнеры» бикебаев а. Ж. Конкурентное
up files -> «kegoc» АҚ Директорлар кеңесінің 2009 жылғы «11» желтоқсандағы №12 хаттамасымен бекітілген
up files -> «sat & Company» АҚ «Отан» ажзқ» АҚ акцияларының бақылаушы пакетін сатып алуды аяқтады «sat & Company»
up files -> Положение
up files -> Сборник текстов на казахском, русском, английском языках для формирования навыков по видам речевой деятельности обучающихся уровней среднего образования
up files -> Сабақтың тақырыбы: Географияны зерттеу нысандары Мұғалімнің аты-жөні: Күні: сынып: 7


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет