2024 жылы 13 ақпанда Ақтөбе облысында тас жолда ауыр жүк көлігінің жүргізушілері арасында жанжал шығып, соңы жаппай төбелеске ұласты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Облыстағы полиция департаменті оқиғаның мән-жайын айтып берді.

"Полиция Ақтөбе облысындағы ауыр жүк көлігінің жүргізушілері арасындағы жанжалға қатысушылардың бірін анықтап, ұстады. Қазақстан Республикасының азаматтары арасында тұрмыстық негізде жанжал шыққан. Текетірестің салдарынан бір адам зардап шегіп, кейін төбелеске ұласқан", – деді Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

  • Өскеменде мектеп оқушылары төбелесіп, екеуі пышақ жарақатын алды

  • "Достары өлімше етіп сабаған": Алматы облысының тұрғыны күйеуінің өліміне кінәлілердің жазалануын талап етеді

Ведомство бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын, қалған күдіктілерді ұстау бойынша шаралар қабылданып жатқанын атап өтті.

Ақтөбе облысының полиция департаменті азаматтарды тек ресми ақпаратқа сенуге шақырды.

Еске салайық, Талдықорғандағы кафелердің бірінде болған жаппай төбелестің үш қатысушысы қамауға алынғанын жаздық.

 


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.