О создании государственного природного



жүктеу 121.62 Kb.
Дата09.05.2019
өлшемі121.62 Kb.
түріКодекс



Ақтөбе облысының ірі

Ырғыз, Торғай өзендерінің,

олардың салаларының және

Тобыл-Торғай бассейнінің негізгі

көлдерінің су қорғау аймақтары мен

белдеулерін, оларды шаруашылықта

пайдаланудың режимі мен

ерекше жағдайларын

белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116, 125-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 мамырдағы № 19-1/446 «Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы» нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11838 тіркелген бұйрығына сәйкес, жер үсті суларының ластануын, қоқысталуын және сарқылуын болдырмау, су объектілерін және су шаруашылығы құрылыстарын санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптарға сәйкес келетін жағдайда ұстау мақсатында Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Ақтөбе облысының ірі Ырғыз, Торғай өзендерінің, олардың салаларының және Тобыл-Торғай бассейнінің негізгі көлдерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес бекітілген жоба негізінде белгіленсін.

2. Ақтөбе облысының ірі Ырғыз, Торғай өзендерінің, олардың салаларының және Тобыл-Торғай бассейнінің негізгі көлдерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайлары осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес белгіленсін.

3. Әйтеке би және Ырғыз аудандарының әкімдері:

««Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақтөбе облысы бойынша филиалы - жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаментімен бірлесіп мемлекеттік жер кадастрына тиісті өзгерістер енгізе отырып, су қорғау белдеулерінің жерлерін су қорының жерлеріне аудару жөнінде шаралар қабылдасын;

жер пайданушыларға су қорғау аймақтарының, белдеулерінің белгіленген шекаралары мен оларды шаруашылықта пайдаланудың режимін және ерекше жағдайларын жеткізсін;

бекітілген жобаға сәйкес су қорғау аймақтары және белдеулерінің шегінде орналасқан және олардың жай-күйіне зиянды әсер ететін нысандарды шығару немесе жою жөнінде жұмыстар жүргізсін;

олардың тиісті санитарлық күйде күтіп ұстауды және шаруашылықта пайдалану режимін сақтауды қамтамасыз етсін.

4. «Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары М.Е.Абдуллинге жүктелсін.

6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Ақтөбе облысының әкімі Б.Сапарбаев

«КЕЛІСІЛДІ»

«Ақтөбе облысы Қоғамдық денсаулық

сақтау департаменті» республикалық

мемлекеттік мекемесінің басшысы

______________________ Н.Беркімбаева

«____» ______________ 2017 жыл

«КЕЛІСІЛДІ»

«Су ресурстарын пайдалануды реттеу

және қорғау жөніндегі Тобыл-Торғай

бассейндік инспекциясы» республикалық

мемлекеттік мекемесінің басшысы

______________________ Г. Оспанбекова

«____» ______________ 2017 жыл




Ақтөбе облысы әкімдігінің

2017 жылғы "___" ________

№ ____ қаулысына 1-қосымша

Ақтөбе облысының ірі Ырғыз, Торғай өзендерінің, олардың салаларының және Тобыл-Торғай басейнінің негізгі көлдерінің су қорғау аймақтары мен алаптары



Су объектісі (салалары)

Аудандыр

Су қорғау аймағы

Су қорғау белдеуі

Орташа көп жылдық судың сабалық кемері (метр)

ұзындығы (км)

ені (м)

ауданы (кв.км)

ұзындығы (км)

ені (м)

ауданы (кв.км)

ІРІ ӨЗЕНДЕР

1

Ырғыз өзені

Ырғыз ауданы

593

500

31600

593

50

31600

135,1-142,0

 

Ырғыз өзенінің салалары

 

Бақсайыс өзені

Ырғыз ауданы

100

500

2060

100

50

 

 

Үймола өзені

46

500

 

46

50

 

 

Шетырғыз өзені

178

500

4740

178

50

 

 

Қарабұтақ өзені

Әйтеке би ауданы

70

500

963

70

50

 

 

Қайрақты өзені

113

500

 

113

50

 

 

Талдық өзені

145

500

4140

145

50

 

 

Ащысай өзені

93

500

 

93

50

 

2

Торғай өзені

Әйтеке би ауданы

825

500

56500

825

50

56500

 

Торғай өзенінің салалары

 

Өлкиік өзені

Әйтеке би ауданы

114

500

27800

114

35

 

 

Телқара өзені

Ырғыз ауданы

70

500

 

70

35

 

 

Сарыөзек өзені

66

500

 

66

35

 

НЕГІЗГІ КӨЛДЕР

1

Әйке

Әйтеке би

18

500

31

18

50

31

135,1-142,0

2

Сұлукол

Әйтеке би

1,7

300

1,25

1,7

50

1,25

3

Жаңадәуір (Шалбар)

Әйтеке би

1,2

300

1,04

1,2

50

1,04

4

Шонай

Әйтеке би

1,9

300

1,6

1,9

50

1,6

5

Шалқар Қарашатау

Әйтеке би

12,5

500

18,5

12,5

50

18,5

6

Сабынды-көл

Ырғыз

9,6

500

14,1

9,6

50

14,1

7

Үлкен Жалаңаш

Ырғыз

4,2

500

9,67

4,2

50

9,67

8

Кіші Жалаңаш

Ырғыз

2,4

300

2,11

2,4

50

2,11

Ескерту: "Ақтөбе облысының ірі Ырғыз, Торғай өзендерінің, олардың салаларының және Тобыл-Торғай басейнінің негізгі көлдерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін, оларды шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу туралы" жобасының картографиялық материалында су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерінің шекараларының ені көрсетілген

Ақтөбе облысы әкімдігінің

2017 жылғы «____» _________

№ ____ қаулысына

2-қосымша


Ақтөбе облысының ірі Ырғыз, Торғай өзендерінің, олардың салаларының және Тобыл-Торғай бассейнінің негізгі көлдерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайлары
1. Су қорғау белдеулерінің шегінде:

1) су объектілерінің сапалық және гидрологиялық жай-күйін нашарлататын (ластану, қоқыстану, сарқылу) шаруашылық қызметіне немесе өзге де қызметке;

2) су шаруашылығы және су жинайтын құрылыстар мен олардың коммуникацияларын, көпірлерді, көпір құрылыстарын, айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі қызметіне байланысты өзге де көлік инфрақұрылымдары объектілерін, жаңартылатын энергия көздерін (гидродинамикалық су энергиясын) пайдалану объектілерін, сондай-ақ су объектісіндегі рекреациялық аймақтарды қоспағанда, ғимараттар мен құрылыстарды салуға және пайдалануға. Осы тармақшаның ережесі 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің (бұдан әрі – Су кодексі) 125 – бабының 7 – тармағымен және 145 – 1 – бабымен белгіленген талаптарды ескере отырып қолданылады.

3) бау-бақша егуге және саяжай салуға жер учаскелерін беруге;

4) су объектілерінің және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген қазіргі бар объектілерді пайдалануға;

5) жекелеген учаскелерді шалғындандыруға, егін егуге және ағаш отырғызуға арналған жерлерді өңдеуді қоспағанда, топырақ және өсімдік қабатын бұзатын жұмыстарды жүргізуге (оның ішінде жер жыртуға, мал жаюға, пайдалы қазбаларды өндіруге);

6) шатыр қалдықтарын, көлік құралдары үшін тұрақты тұрақтарды, малдың жазғы жайылым қостарын орналастыруға;

7) тыңайтқыштардың барлық түрлерін қолдануға жол берілмейді.

2. Су қорғау аймақтарының шегінде:

1) су объектілерін және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланған объектілерді пайдалануға беруге;

2) ғимараттарға, құрылыстарға, коммуникацияларға және басқа да объектілерге реконструкция жүргізуге, сондай-ақ құрылыс, су түбін тереңдету және жарылыс жұмыстарын жүргізуге, пайдалы қазбалар өндіруге, кәбіл, құбыр және басқа да коммуникацияларды төсеуге, белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдармен, уәкілетті органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен, энергиямен жабдықтау және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органдармен және басқа да мүдделі органдармен келісілген жобасы жоқ бұрғылау, жер қазу және өзге де жұмыстар жүргізуге.

Осы тармақшаның ережесі Су кодексінің 125 – бабының 3 және 7 – тармақтарымен және 126 – бабының 1 – тармағымен белгіленген талаптарды ескере отырып колданылады;

3) тыңайтқыштар, пестицидтер, улы химикаттар мен мұнай өнімдерін сақтайтын қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету, оларды жуу пунктерін, механикалық шеберханаларды, тұрмыстық және өнеркәсіп қалдықтарын төгетін құрылғыны, аппаратураларды пестицидтермен және улы химикаттармен толтыратын алаңдарды, авиациялық-химиялық жұмыстар жүргізуге арналған ұшу-қону жолақтарын орналастыруға және салуға, сондай-ақ судың сапасына кері әсер ететін басқа да объектілерді орналастыруға;

4) мал шаруашылығы фермалары мен кешендерін, сарқынды су жинағыштарды, сарқынды сумен суарылатын егістіктерді, зираттарды, мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), сондай ақ жерүсті және жерасты суларының микробпен ластану қаупіне себепші болатын басқа да объектілерді орналастыруға;

5) жүктелім нормасынан асырып мал жаюға, мал тоғыту мен санитариялық өңдеуге және су тоғандарының режимін нашарлататын шаруашылық қызметінің басқа да түрлеріне;

6) су көздеріндегі су кемерінен екі мың метрге жетпейтін қашықтықта орналасқан ауыл шаруашылығы дақылдары мен орман екпелерін улы химикаттармен авиациялық өңдеу және авиация арқылы минералдық тыңайтқыштармен қоректендіру тәсілін қолдануға;

7) концентрациясының жол берілетін шегі белгіленбеген пестицидтерді қолдануға, қардың үстіне тыңайтқыш себуге, сондай-ақ залалсыздандырылмаған көң қосылған сарқынды суды және тұрақты хлорорганикалық улы химикаттарды тыңайтқыш ретінде пайдалануға тыйым салынады.

Су қорғау аймағында мәжбүрлі санитариялық өңдеу жүргізу қажет болған уыттылығы әлсіз және орташа тұрақсыз пестицидтерді қолдануға жол беріледі.







Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет