О внесении изменений


I Экономиканы дамытудың сыртқы және ішкі талаптары



жүктеу 0.52 Mb.
бет2/4
Дата07.05.2019
өлшемі0.52 Mb.
1   2   3   4

I Экономиканы дамытудың сыртқы және ішкі талаптары




  1. 2016-2017 жылдардағы экономика дамуының негізгі үрдістері



Экономикалық өсім

Бірқатар жылдар бойы әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштерінің және адам әлеуеті индексінің тұрақты өсуі байқалады. Облыстың жалпы ішкі өнімі 2016 жылы 2190,0 млрд. теңгені құрады, нақты көлем индексі - 101,8%.

Облыстың республикалық жалпы ішкі өнімдегі үлесі 4,7%-ті құрады.

Облыстың жалпы ішкі өнімінің 2012-2016 жылдардағы өзгеруі келесі мәліметтермен сипатталады.


Жалпы ішкі өнім, млрд. теңге

Салалардың Алматы облысы экономикасының өсу қарқынына салған мәліметтерін бағалау салалар ішінде өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы көшбасшы екендігін көрсетеді (1-кесте).

1-кесте

Салалардың ЖІӨ өсуіне қосқан салымдары, %


Салалар

2012

2013

2014

2015

2016

Ауыл шаруашылығы

13,1

14,8

14,5

16,2

15,7

Өнеркәсіп

19,8

22,9

20,2

20,7

20,6

Құрылыс

14,5

8,9

9,3

10,1

9,5

Сауда

10,4

9,0

9,6

9,7

10,1

Көлік және байланыс

9,2

9,3

8,8

11,5

13,6

Басқа да салалар

33,0

35,1

37,6

31,8

30,5

Жиынтығы

100

100

100

100

100

ЖІӨ құрылымындағы айтарлықтай үлесті өнеркәсіп – 20,6%, ауыл шаруашылығы – 15,7%, сауда – 10,1% алып жатыр.

Облыстың аграрлық секторында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілді: өндіріс өсімі байқалады, еңбек өнімділігі артуда, негізгі қорларды жаңарту жүргізілуде, негізгі тағам өнімдері бойынша өзін-өзі қаматмамыз етуге қол жеткізілді.

Ауыл шаруашылығы өндірісінде 45,5 мың шаруа қожалықтары мен 442 заңды тұлғалар жұмыс жасайды. Сонымен қатар, 324,9 мың адам үй жағдайында мал және құс өсірумен, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерін өсірумен айналысады.

Ағымдағы жылы «Қазақстан Республикасының 2017-2021 жылдарға арналған агроөнеркәсіп кешенін дамыту мемлекеттік бағдарламасының» аясында 33,6 млрд.теңге бюджет қаражаты бөлінді, оның ішінде субсидия көлемі 25,5 млрд.теңгені құрайды немесе жалпы сомадан – 75,8%.

Бөлінген қаражаттан өсімдік шаруашылығы саласын дамытуға – 5,9 млрд.теңге, су шаруашылығын дамытуға – 2,0 млрд.теңге, мал шаруашылығына – 11,9 млрд.теңге, өңдеуге – 0,6 млрд.теңге, инвестициялық субсидиялауға – 5,6 млрд.теңге, бюджеттік несиелерді беруге – 4,1 млрд.теңге, қаржы қызметтеріне – 1,0 млрд.теңге,фитосанитарлық және ветеринарлық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге 2,4 млрд.теңге бағытталды.

Үстіміздегі жылдың 30 тамызындағы жағдай бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес 21,9 млрд.теңге игерілді немесе жалпы сомадан – 65,4%.

Сонымен бірге, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге «ҚазАгро» АҚ желісі бойынша 3,9 млрд. теңге сомасына несиелер берілді.

Ағымдағы жылдың 7 айында агроөнеркәсіп кешенінде 19,6 млрд. теңге инвестиция салынды, оның ішінде ауыл шаруашылығында - 14,9 млрд. теңге, НКИ – 91,1%, тағам өнімдерінің өндірісінде – 4,8 млрд. теңге, НКИ – 94,9%.

Алматы қаласының айналасында азық-түлік белдеуін дамыту жобасын жүзеге асыру жалғасуда, жыл басынан бері 4,8 млрд. теңге сомасына 27 объект қолданысқа енгізілді.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі ағымдағы жылдың қаңтар-шілдесінде 198,8 млрд. теңгені құрады немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 21,4 млрд. теңгеге артық, НКИ – 102,4%.

Ауыл шаруашылығы айналымына 15,6 мың га жыртылатын жер тартылып, егістік алқабы 947,8 мың гектарды құрады.

Әртараптандыру аясында 2016 жылға арпа егістігі - 7,7 мың гектарға, дәндік жүгері – 2,7 мың га, қант қызылшасы – 2,3 мың га, майбұршақ – 9,3 мың га, сафлор – 4,2 мың га және жем дақылдары 5,4 мың гектарға көбейді.

Ауыл шаруашылығы дақылдарын ылғал үнемдеу технологиясын қолданумен өсіру алаңы 145,8 мың га құрады (2016ж. – 142,9 мың га), су үнемдеу технологиясымен 14,2 мың гектарға жетті (2016ж. – 14,2 мың га), оның ішінде тамшылап суару – 8,6 мың га, жауын-шашын жүйесі – 5,6 мың га.

Облыста жеміс-жидк дақылдарының көпжылдық көшеттерінің жалпы алаңы 13,6 мың гектарды құрайды. Жаңарту мақсатында 1640 га жаңа бақтар отырғызылды.

Түпнұсқалық тұқымдар өндіретін – 14, элиталы – 29, жоғары репродукциялық тұқымдарды өндіретін 39 шаруашылық жұмыс жасайды. Облыстың барлық шаруашылықтары тұқым егістіктерін алқапта сынаудан өткізді.

Жеміс-жидек және жүзім көшеттерін өндіретін 8 тәімбақтар бар.

Есептік кезеңде 3,2 млрд. теңге сомасына 421 бірлік техника сатып алынды.

Алаңы 79,8 гектар жылыжайлардан 15,8 мың тонна көкөніс өндірілді, бұл 2016 жылғы деңгейден 1,3 есе артық.

Жыл басынан бері 5,9 гектарда 5 жылыжай іске қосылды, атап айтсақ Қарасай ауданының «АгроИмпексАлатау» ЖШС, Талғар ауданының «Исаева» ШҚ, Ұйғыр ауданының «Бакашева» ЖК, «Арлин» ШҚ және «Ақсұңқар» ЖШС және 31 га 9 объектінің құрылысы жүргізілуде, сонымен қатар Ескелді, Іле, Қарасай және Ұйғыр аудандарының жеке қосалқы шаруашылықтарында 6 отбасылық жылыжайларды құру межеленуде.

Оң серпін мал шаруашылығында байқалуда, ағымдағы жылдың қаңтар-шілдесінде өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, 4,2%-ке көп төл алынды, нәтижесінде мал саны орташа есеппен 3,4%-ке өсті, оның ішінде ІҚМ 3,1%-ке артып, 1132,1 мың басты құрады, сәйкесінше қой мен ешкі - 1,2% немесе 4262,9 мың бас, жылқы – 2,7% немесе 330,6 мың бас, түйе – 6,6% немесе 7,6 мың бас. Құс басының саны 13,2%-ке көбейіп, 9,7 млн. басқа жетті.

Мал шаруашылығы өнімінің өндірісі орташа есеппен 3,0%-ке артты, жекелеп алсақ, 170,4 мың тонна барлық түрдегі ет өткізілді, 421,2 мың тонна сүт сауылды, 605,3 млн. дана жұмыртқа жиналып, 8,3 мың тонна жүн қырқылды.

«Сыбағай, «Алтын асық» және «Құлан» бағдарламалары бойынша ауыл шаруашылығы құрылымдары 12,8 мың бас мал сатып алды, сонымен олардың жоспары, орташа есеппен, 69,1%-ке орындалды.

Облыс бойынша 60 жемдеу алаңдары және 55 сүт тауарлық фермалары жұмыс жасайды, олар сәйкесінше 80% және 83,9% жүктелген.

Жыл басынан бері «Жетісу» ӘКК Қарасай ауданында, Ұйғыр ауданының «Семен», «Закир» және «Тугмян» ШҚ-ның 1135 басқа арналған жемдеу алаңдарын іске қосты, Талғар ауданында «Байсерке Агро» ЖШС-ның 840 басқа сүт тауарлық фермасы кеңейтілді және Қаратал ауданының «Тастөбе Агро Фуд» ЖШС-нің сүт-тауарлық фермасына Еуропадан 90 бас сиыр әкелінді.

Жыл басынан 3 объект қолданысқа енгізілді, атап айтсақ, Еңбекшіқазақ ауданында «Apple Word» ЖШС-нің тәулігіне 2000 литр шырын өндіретін желісі, Панфилов ауданында «Exim Base» ЖШС-нің жүгері кептіретін зауыты, Талғар ауданында «Фреш Фуд Қазақстан» ЖШС-нің жемістерді өңдеу цехы.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін кәсіпорындар 225,4 млрд. теңгеге дайын өнім өндірді, бұл өткен жылғы сәйкес кезеңнен 12,2%-ке артық.

Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді ірілендіру жұмыстары жүргізілуде, жыл басынан бері облыста 6,9 мың адамды тартумен 167 кооператив құрылды.

Өнеркәсіпті дамытуға 2016 жылы 94,9 млрд. теңге салынды немесе облыстың негізгі капиталға салған инвестициялар көлемінің - 18,0%, оның ішінде өңдеу өнеркәсібіне, сәйкесінше - 40,5 млрд. теңге немесе 7,7%.

Өнеркәсіп саласында 800-ден астам кәсіпорын жұмыс жасайды, оның ішінде 90 ірі және орта кәсіпорыдар бар, олар өнеркәсіптің негізгі көлемін қалыптастырады. Салада 28 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған.

Олар 681,9 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімін өндірді, нақты көлем индексі 97,4%-ті құрады.

Өнеркәсіп құрылымында өңдеу саласы басым, ол жалпы өндірістің 83,6%-н алып жатыр, 569,8 млрд. теңгенің өнімі өндірілді.

Өнеркәсіп көлемі 2017 жылдың қаңтар-шілдесінде 395,8 млрд.т. құрады, бұл 2016 жылғы кезеңнен 56,2 млрд.теңгеге көп, нақты көлем индексі (НКИ) - 104,3%.

Өңдеу өнеркәсібінде есептік кезеңде 328,9 млрд.т. өнімі өндіріді, бұл 2016 жылғы кезеңнен 51,4 млрд.теңгеге артық, НКИ – 103,5%. Өнеркәсіптің жалпы көлеміндегі өңдеу өнеркәсібінің үлесі республикадағы жоғарғылардың бірі - 83,1%.

Жаңа 72 өнеркәсіп объектілері қолданысқа енгізіліп, әрекет ететін 34 өндіріс кеңейтілді, қосымша 2526 жұмыс орындары құрылды.

А.ж. 7 айында облыста 32 жаңа өндіріс іске қосылып, әрекет етуші 19 кәсіпорын кеңейтілді, соның есебінен 866 жұмыс орны құрылды.

Сүт өнімдерінің өндірісі – 10,4%-ке, машина құрылысы – 45,4%, сыра – 4,5%, ашытқы – 7,5%, темекі өнімдері – 3,4%, фармацевтикалық өнімдер – 89,0% және электр құралдары 70,7%-ке артты, өнім өндірісінің 2,6%-ке төмендеу байқалады.

Тау-өндіру өнеркәсібінде және кеніштерді игеруде өндіріс көлемі «Алматы-Талдықорған және «Алматы-Қорғасы» автомобиль жолдарының құрылысы кезінде пайдаланылған құм, қиыршық тас және басқа да инертті материалдарды өндірудің азаюы есебінен 1,2%-ке төмендеді. Сонымен қатар, көмір мен лигнит өндірісінің – 7,8% және металл рудаларының өндірісінде 9,9%-ке арту байқалады.

Есептік кезеңде облыста 2015 жылға 31,8% өсіммен, 91,2 млрд. теңгеге 4263,2 млн.кВт/сағ. электр қуаты өндірілді.

Жалпы қуаты 762,42 МВт 20 СЭС, бір күн электрстанциясы және жел электрстанциясы жұмыс жасайды, оның ішінде қуаты 91,92 МВт 18 шағын СЭС бар. 2016 жылы қуаты 17,0 МВт Лепсі СЭС іске қосылды.



Негізгі капиталға инвестициялар 2017 жылдың қаңтар-шілдесінде 205,9 млрд. теңгені құрады, 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,7%-ке төмендеді. 2017 жылға арналған жоспар 537,2 млрд. теңгені құрайды.

Негізгі капиталға салынған инвестициялар құрылымында кәсіпорындардың меншік нысандары бойынша 2017 жылдың қаңтар-шілдесінде негізгі үлестік салмақ жекеменшік нысанындағы (62,4%), шетелдік меншік нысанындағы (7,3%), мемлекеттік меншік нысанындағы (30,3%) кәсіпорындарға тиесілі.

Инвестициялар көлемінің төмендеуінің негізгі себептері төмендегідей:

2016 жылы азаматтардың мүліктерін жалпы заңдастырудың аяқталуы, ол 135,6 млрд. теңгені құрады немесе инвестициялардың барлық көлемінен - 25,6%.



Анықтамалық:

- Қарасай ауданы 74,5 млрд. теңге - 72,3%;



- Талғар ауданы 32,8 млрд. теңге - 62,9%;

- Балқаш ауданы 0,4 млрд. теңге - 21,6%;

- Талдықорған қаласы 11,9 млрд. теңге - 18,9%;

«Азиялық газ құбыры» жобасы құрылысының аяқталуы, ол бойынша 2016 жылы Ұйғыр және Еңбекшіқазақ аудандарында 5,9 млрд. теңгеге жұмыстар орындалды;

Жамбыл ауданында 5,0 млрд. теңге сомасына «Алматы-Шу» автожол бөлігі құрылысының және 1,7 млрд. теңге сомасына Үңгіртас кентін газдандырудың аяқталуы;

Еңбекшіқазақ ауданының аумағында 2,9 млрд. теңгені құраған «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автотрассасы құрылысының аяқталуы.

Облыстың құрылыс саласында 2016 жылы 2015 жылмен салыстырғанда көлемдердің өсуі байқалады.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 242,8 млрд. теңгені құрады, нақты көлем индексі – 108,1%.

Тұрғын үйді қолданысқа енгізу 10,3%-ке артып, 1252,9 мың ш.метрді құрады (заңдастыруды есептегенде).

Тұрғын үй құрылысының Кербұлақ ауданында – 3,5 есе, Ескелдіде – 2,1 есе, Ұйғырда – 2,0 есе, Панфиловта – 150,3%, Қараталда – 136,5%, Алакөлде – 136,2%, Талғарда – 120,4%, Жамбылда 111,2%-ке айтарлықтай өсуі байқалады.

2017 жылы облыс бойынша 611,5 мың ш.метр тұрғын үйді қолданысқа енгізу жоспарланған, оның ішінде «Нұрлы Жер» бағдарламасының аясында - 103,6 мың ш.метр (1496 пәтерлі 103 үй).

Үстіміздегі жылы «Нұрғлы Жер» бағдарламасының аясында жалпы алаңы 24,1 мың ш.метр 5 үй қолданысқа берілді (384 пәтер), оның ішінде алаңы 20,1 мың ш.метр 4 коммуналдық тұрғын үй және жалпы алаңы 4,0 мың ш.метр бір жалдамалы тұрғын үй.

Жалпы алаңы 111,2 мың ш.метр 144 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде (1600 пәтер).

- Жалдамалы тұрғын үй – 32,6 мың ш.метр (493 пәтерлі 132 үй);

- Несиелік тұрғын үй – 48,6 мың ш.метр (672 пәтерлі 6 үй);

- Коммуналдық тұрғын үй – 30,1 мың ш.метр (435 пәтерлі 6 үй).

2017 жылдың 7 айында орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 95,4 млрд. теңгені құрады немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне - 89,9%.

Сонымен бірге, облыс бойынша 214,4 мың ш.метр тұрғын үй салынды және қолданысқа берілді немесе 2016 жылдың сәйкес кезеңіне - 24,2%.

2017 жылдың 1 шілдесіне тұрғын үй алуға - 37,7 мың адам, ЖТҚ жер телімін алуға 143,4 мың тұрғын кезекте тұр.

Жеке тұрғын үй құрылысын дамыту үшін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жайластыру жүргізілуде.

Үстіміздегі жылдың 7 айында 368 ш. инженерлік жүйелер тартылды: электрмен қамту – 83,9 ш., сумен қамту – 88,8 ш., кәріз – 23,6 ш., газдандыру – 0,1 ш., көше-жол жүйелері – 85,5 ш., жылумен қамту – 1,0 ш., телефон байланысымен қамту – 19,9 ш., арық жүйесі – 65,3 ш.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығында 2012-2016 жылдары «Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту» бағдарламасының аясында 1,9 млрд. теңге сомасына 161 кондоминиум объектісі жөндеуден өткізілді. 2016 жылы 128,2 млн. теңге сомасына 13 көп пәтерлі тұрғын үйлерде жөндеу жұмыстары жүргізілді (Талдықорған қ. - 8 үй және Қапшағай қ. – 5 үй).

Облыста 3344 көп пәтерлі тұрғын үйлердің 1852 жөндеуді қажет етеді немесе 55,4%.

Көп пәтерлі тұрғын үйлерде 937 жылу есептегіштері орнатылған немесе қажеттіліктен - 51% (1834).

Шатырды ауыстыру, сыртын, ішкі және бөлу инженерлік жүйелерін, кіре берістерді және кіретін есіктерді жөндеу жұмыстары жүргізілді.



Жылумен қамту жалпы қуаты 728 Гкал 33 қазандықпен жүргізіледі (100 Гкал/сағ дейінгі 30 қазандық). Жылу жүйелерінің ұзындығы 443,2 ш. құрайды.

2016 жылы Өңірлерді дамыту – 2020» бағдарламасының аясында жергілікті бюджет есебінен 66,6 млн. теңге сомасына «Талдықорған қаласының теміржол бекетіне дейін жылу трассасының құрылысы» жобасы жүзеге асырылып, 1,06 ш. жылу жүйелері салынды.

Моноқалаларды дамыту – 2020 бағдарламасының аясында, 2015 жылдан бері Текелі қаласында «Алатау» және «Достық» ы/а жалпы ұзындығы 12,5 ш. жылу жүйелерін жалпы 1,6 млрд. теңгеге қайта жаңғырту жүргізілуде.

«Нұрлы Жол» бағдарламасының аясында 2016 жылы Ұлттық қордан Талдықорған қаласының №4 қазандығын қайта жаңғыртуға 866,8 млн. теңге бөлінді, объект 2017 жылға ауысқан.

Ағымдағы жылы облыстық бюджеттен Алакөл ауданының Үшарал қаласында (216,8 млн. теңге), Көксу ауданының Балпық би кентінде (224,1 млн. теңге) және Талдықорған қаласында (111,9 млн. теңге) жылу жүйелерін қайта жаңғыртуға және құрылысына 552,8 млн. теңге бөлінді.

Жылу жүйелерінің тозуы - 55%-ке және шығындар 23%-ке дейін төмендеді.

Облыста 741 елді мекеннің 622 елді мекені (83,9%) орталықтандырылған, 110 (15,0%) - орталықтандырылмаған сумен қамту жүйесімен қамтамасыз етілген және 9-ы (1,2%) сырттан әкелінетін суды пайдаланады (оның ішінде 6-уы Сарқан ауданының Керегетас, Сарықұлақ, Көкшалғын разъездері және Арғанатын, Ақбалық, Қаратас станциялары, Алакөлде Алакөл а., Жамбылда – Ащысу а., Іледе Күрті а.).

Облыс боййынша 2016 жылы «Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту», «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламаларын жүзеге асыру аясында 23 елді мекен орталықтандырылған сумен қамту жүйесімен қамтамасыз етілді, 91 елді мекенде ауыз су сапасы жақсарды.

Бағдарламаны жүзеге асыру барысында барлығы 3173 ш. су құбыры жүйелері салынды және қайта жаңғыртылды, оның ішінде 2016 жылы - 362,4 ш., 80 жаңа скважина бұрғыланды, 31 насостық станция салынды, 60 жаңа резервуарлар салынды, 33 залалсыздандыратын хлор-сатуратор құрылғылары орнатылды.

2017 жылы 68 объектінің құрылысына және қайта жаңғыртуға 9,3 млрд. теңге бөлінді (63 – сумен қамту, 5 – су бұру).

Нәтижесінде, орталықтандырылған сумен қамту жүйесімен қамтамасыз ету 86,4%-ті құрайды немесе 640 елді мекен.

Облыстың 18 елді мекенін ауыз сумен қамтамасыз ету, 80 аулды су сапасын жақсарту жоспарлануда.



Табиғи газға 108 елді мекен қоылған, газдандыру деңгейі 22,8%-ті құрайды.

Ағымдағы жылы тағы 18 елді мекенді газдандыру жоспарлануда, нәтижесінде газдандыру деңгейі 26,2%-ке жетеді. Облыс бойынша газ құбырларының жалпы ұзындығы шамамен 3,3 мың ш. құрайды.

Талдықорған қаласы бойынша жобаланған газбен қамту жүйелерінің ұзындығы 1,4 мың ш. құрайды.

Талдықорған қаласын газдандыру бойынша 1, 2, 3-іске қосу кешендерінің құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталды, абоненттерге газ беру жүргізілуде (Ескелді би, Балпық би, Абылайхан, Тынышбаев көшелері және Қаратал ы/а).

4, 5, 6-іске қосу кешендерін салу жұмыстарын ағымдағы жылдың қыркүйегінде аяқтау жоспарлануда (Желтоқсан, Жансүгіров, Ескелді би, Тынышбаев көшелерінің шаршысында, Жансүгіров көшесі, Қаратал ы/а, Гаухар ана, Абай көшелерінің шаршысында).

Екінші және үшінші кезекті жүзеге асыруға республикалық бюджеттен 2017 жылы 6,0 млрд. теңге бөлінді, а.ж. 1 тамызына 600,0 млн. теңге игерілді немесе 10%. Екінші кезектің 7 және 8-іске қосу кешендерінің газ бөлу жүйелерінің құрылысы басталды.

4-кезек бойынша Еуропалық Қайта жаңғырту және Даму банкі 4,4 млрд. теңге сомасындағы несие қаражатын үстіміздегі жылдың қыркүйегінің соңында бөлуді жоспарлауда.

Сонымен қатар, ағыдмағы жылы облыстық бюджеттен «Талдықорған-Текелі» газ құбырының құрылысына 1,5 млрд. теңге бөлінді (жоба МЭ өту сатысында).

Газ құбырының ұзындығы - 31,3 ш. Текелі қаласы (35,0 мың адам) және Ескелді ауданының 23,5 мың адам халқы бар 9 елді мекені (Қарабұлақ, Ешкіөлмес, М.Баисов, Абай, Орқұсақ, Жетісу, Екпінді, Сырымбет, Қаратал кенттері) газдандырылады.

Облыста көлік инфрақұрылымы автомобиль жолдарының, темір жолдарының кең жүйесінен, әуе көлігінен тұрады және ресей, Орта Азия және Қытай арасындағы көлік дәлізі болып табылады.

Алматы облысының автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 8834 ш. құрайды (оның ішінде республикалық маңызы бар – 2529 ш., облыстық және аудандық маңызы бар – 6305 ш.).

Облыстың жергілікті маңызы бар жолдарында 342 көпір және 5359 су өткізу құбырлары бар.

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының аясында «Алматы-Қапшағай», «Алматы-Талдықорған» (245 ш.), «Алматы-Қорғас» (304 ш.) автожолдар салынды.

2017 жылы «Талдықорған-Өскемен» және «Үшарал-Достық» автожолдарын қайта жаңғырту басталады.

«Қорғас-Шығыс қақпа» АЭА іске қосылды. 2016 жылы «Қорғас-Шығыс қақпа» АЭА құрғақ порты арқылы 43,5 мың контейнер тасымалданды, 2020 жылға 500 мың контейнер жобалық қуаттылыққа қол жеткізу жоспарлануда.

Жалпы 2016 жылы облыс бойынша:

- жүк тасымалдау 7%-ке өсіп, 179 млн.тоннаны құрады;

- жолаушы тасымалы 14,4%-ке өсіп, 14,1 млрд.жол.ш. құрады.

2022 жылға дейін жүк тасымалының көлемін 26%-ке арттыру жоспарлануда, жолаушылар тасымалы 21,16 млрд.жол.ш. дейін өседі, яғни 50%-ті құрайды.

Жергілікті маңызы бар жолдар бойынша Талғар ауданындағы «Ақбұлақ» туризм объектісіне апаратын, ұзындығы 17,7 ш. «Бірлік-Алмалық-Рысқұлов-Қазстрой» автожолының құрылысы жүргізілуде. Қазіргі уақытта жолдың 15 ш. салынды.

Ақши ауылынан Алакөл көлінің демалыс аймақтарына дейінгі автожолдарды (23,8 ш.) қайта жаңғырту бойынша 11 ш. автожол салынды.

Еңбекшіқазақ ауданының 26-37 учаскесінің «Есік-Қырбалтабай-Жетіген» автожолының 13,8-48 ш. учаскесін, Жамбыл ауданының ПК 153+00=ПК 326+00 учаскесінің «Ұзынағаш-Бесмойнақ» автомобиль жолының 25-58 ш. учаскесін күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды.

Нәтижесінде жергілікті маңызы бар жолдардың 78%-і жақсы және қанағаттанарлық жағдайда.

Өңірде басым міндеттердің бірі шағын және орта бизнесті қолдау болып қала бермек.

2017 жылдың қаңтар-шілдесінде әрекет етуші шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 8,9 мыңға көбейіп, 111 933 бірлікті құрады немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне - 108,6% (2016 жылдың қаңтар-шілдесі - 103 060 бірлік).

ШОБ-та жұмыс жасайтындар саны 2017 жылдың 1 сәуіріне 234,6 мың бірлікті құрады.

2017 жылдың 1 сәуіріне өндірілген өнім көлемі 2016 жылыдң сәйкес езеңімен салыстырғанда 47,38 млрд.теңгеге артып, 184,9 млрд.теңгені құрады.

2017 жылдың қаңтар-шілдесінде кәсіпкерлік субъектілерінен бюджетке 36,7 млрд.теңге салық түсті, бұл 2016 жылдың сәйкес кезеңінен 8,5 млрд.теңгеге артық немесе 134,4% (2016 жылдың қаңтар-шілдесінде - 28,2 млрд.теңге).

Шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында, «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдаудың және дамытудың бірыңғай бағдарламасы бағытының аясында мемлекеттік қолдау көрсету жалғасуда.

2017 жылдың 18 тамызындағы жағдай бойынша 8,6 млрд. теңге несие сомасына 117 жоба мақұлданды, оның ішінде жалпы 1,3 млрд. теңге сомасына 3 кәсіпорынға өндірістік инфрақұрылым тартылды.

Бағдарлама бойынша шараларды жүзеге асыру нәтижесінде 1578 жұмыс орны сақталып, қосымша 274 жұмыс орны құрылды.

«Іскерлік байланыстар» жобасы бойынша 29 кәсіпкер оқудан өтті, ШОБ топ-менеджменті бойынша «Назарбаев Университеті» АҚ-да өткен оқуға 26 адам қатысты. Істерін жаңа бастаған және әрекет етуші кәсіпкерлер бағдарламасының аясында «Бизнес-Кеңесші» курсынан - 1043 адам, «Бизнес-Өсуден» 65 адам өтті.

Ағымдағы жылы Алматы облысының әкімдігі мен «Даму» Алматы облысы бойынша кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ арасында өңірлік қаржыландыру бағдарламасы бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне (ШОКС) 400,0 млн. теңге бөлінді (әкімдік - 200,0 млн. теңге, «Даму» АҚ қосымша - 200,0 млн. теңге).

2017-2021 жылдарға арналған пайдалы жұмыспен қамту және бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының екінші бағытының аясында 2017 жылы Талдықорған және Текелі қалаларында несиелендіру мақсатында 1145,6 млн.теңге бөлінді (РБ - 168,1 млн. теңге, ЖБ - 977,5 млн. теңге).

168,1 млн. теңге сомасындағы бірінші транш «Даму» қоры» АҚ-ға 2017 жылдың 28 сәуірінде аударылды.

Екінші транш бойынша несиелендіру үшін - 892,166 млн. теңге және кепілдендіру үшін 67,228 млн.теңге сомасындағы ақша қаражаты «Даму» қоры» АҚ-ға ү.ж. тамызында аударылды.

Облыс аудандарының және қалаларының бөлінісінде бөлшек, көтерме сауда айналымының және қызметтердің құрылымы соңғы жылдары айтарлықтай өзгеріске ұшыраған жоқ, бұл ішкі тұтыну нарығының аумақтық құрылымының тұрақтылығын білдіреді.

Бөлшек сауда айналымы 2017 жылдың қаңтар-шілдесінде 182,0 млрд. теңгені құрады, 2016 жылдың сол кезеңімен салыстырғанда (160,2млрд. теңге) 21,8 млрд. теңгеге көбейді және НКИ 104,7%-ті құрады. Бөлшек тауар айналымының көлемін орындау бойынша облыс ҚР-да 8-орында.

Бөлшек тауар айналымының бүкіл көлемі экономиканың мемлекеттік емес секторына тиесілі.

Қазіргі уақытта облыста 15573 суда және қызмет саласының кәсіпорындары жұмыс жасайды, оның ішінде 9479 дүкендер, 2022 қоғамдық тамақтану кәсіпорындары, 3990 тұрмыстық және сервистік қызмет көрсету объектілері, 82 базарлар, онда 65,6 мыңнан астам адам жұмыс жасайды.

Соңғы жылдары облыста аумақтық жағдайдың ерекшеліктеріне және жалпы әлеуметтік-экономикалық даму үрдістеріне негізделетін сыртқы экономикалық байланыстар жүйесі қалыптасты.

Алматы облысы әлемнің 93 елдерімен сыртқы сауда қызметін жүргізеді, 47 елге экспорттық жеткізулер жіберілсе, 89 елден импорт тауарлары келеді.

Облыстың сыртқы сауда айналымы 2017 жылдың қаңтар-мамырында 577,8 млн. АҚШ долларын құрады, экспорт - 107,0 млн. АҚШ доллары, импорт - 470,8 млн. АҚШ доллары. 2016 жылыдң сәйкес кезеңімен салыстырғанда сыртқы сауда айналымы - 14,5 млн. АҚШ долларына, импорт - 0,1 млн. АҚШ долларына азайып, 100,0%-ті құрады, облыс экспорты 14,4 млн. АҚШ долларына төмендеп, 88,1%-ті құрады.

Экспорт бойынша негізгі сауда әріптестері болып Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Өзбекстан, Ауғанстан, Тәжікстан, Украина табылады. Импорт бойынша сауда әріптестері – Ресей, Қытай, Түркия, Германия, Италия.

2017 жылдың 1 шілдесіне мониторинг мәліметтері бойынша облыста туристерді қабылдайтын 629 объект бар, оның ішінде: 171 қонақ үй, 140 қонақ жай және аңшылық үйлері, 65 демалыс үйлері мен шипажайлар, 20 сауықтыру лагерлері мен орталықтары, 226 демалыс аймақтары мен базалары, 7 басқа да объектілер. Туризм объектілері инфрақұрылымының өсуі 2017 жылдың 6 айында 2016 жылғы сәйкес кезеңімен 107,3 %-ті құрады (2016 жылдың бірінші жартыжылдығы-586 бірл.).

Орналастыру объектілері 501,7 мың адамға қызмет көрсетті, оның ішінде ішкі туризм бойынша - 500,9 мың адам, бұл 2016 жылғы кезеңге қарағанда 126,6%-ке артқандығын көрсетеді (2016 жылдың 6 айында - 395,8 мың адам).

Ақылы туристік қызметтер көлемі 2695,1 млн.теңгеге жетті, бұл 2016 жылғы сәйкес кезеңнен 776,0 млн. теңгеге көп (2016 жылыдң бірінші жартыжылдығында - 1919,1 млн.теңге) немесе 1,4 есе.

2017 жылдың 6 айында 2,5 млрд. теңге инвестиция сомасына 23 туризм объектілері қолданысқа берілді. Алакөл ауданында тұруға жайлы жағдай жасалған, 350 орынды «Каримов» ЖК-нің демалыс аймағы қолданысқа берілді.

Туристерді жайлы жеткізу үшін 2015 жылдан бері Алматы қаласынан Алакөлге дейін теміржол хабарламасы ашылған, Үшарал қаласындағы әуежай құрылысы аяқталды.

Туристік өнімді ішкі және халықаралық туристік қызметтер нарығында алға жылжыту жұмыстары жүргізілуде. Облыстың туристік логотипі мен брендбук әзірленді, туристік ақпараттық интернет-порталы құрылды, Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінде парақшалар ашылды. ВВС телерадио тарату ұйымы Алматы облысының табиғаты және туристік көрікті жерлері туралы ролик түсірді.

Облыстың аудандары мен қалаларында QR-кодтауды қолданумен, туристік навигация жүйесін кезеңмен енгізу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта «Талдықорған-Үшарал» тасжолында, Алакөл, Балқаш көлдерінің, Қапшағай су қоймасының жағалауларында QR-кодтаумен 100 нұсқамалар орнатылған.

Ішкі және кірме туризмді дамыту мақсатында дербес туристік іс-шаралар өткізілуде, олардың мақсаты су және желкенді туризмді, туристік көпсайысты, белсенді демалысты, салауатты өмір салтын танымал ету және облыстың туристік мүмкіндіктерін насихаттау болып табылады.

Еңбекақының және халықтың ақшалай табыстарының өсу қарқының артуы байқалады. Атап айтсақ, 2017 жылдың қаңтар-маусымындағы орташа айылық жалақы 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, 108,9 мың теңгеге жетіп, 5,4%-ке артты, сонымен бірге нақты сипатта 1,4%-ке төмендеді. Халықтың жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы - 9,7%-ке, нақты сипатта 2,6%-ке артып, 59,7 мың теңгені құрады.

2017 жылы бағалау бойынша орташа айлық жалақы 109,6 мың теңгені құрайды.

2017 жылы екінші тоқсанның қорытындылары бойынша жұмыссыздық деңгейі 2016 жылдың 2-тоқсанындағы 4,9%-ке қарағанда 4,7%-ті құрады. Ағымдағы жылы жұмыссыздық деңгейін мемлекеттік «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму баағдарламасының, Пайдалы жұмыспен қамту және бұқаралық кәсіпкерлік бағдарламасының және басқа бағдарламалардың аясында халықтың жұмыспен қамтылуына ықпал ету есебінен 4,8% деңгейінде тежейміз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет