О внесении изменений


Экономика салаларының даму болжамы



жүктеу 0.52 Mb.
бет4/4
Дата07.05.2019
өлшемі0.52 Mb.
1   2   3   4

1. Экономика салаларының даму болжамы


Өнеркәсіптегі саясат Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған инудстриялды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының аясында жүзеге асырылады.

Тау-өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді игеруде 2018 жылы «Аль Тас капитал 2015» ЖШС қуаты жылына 15 мың м3 «Туф» құрылыс тасын өндіруді және өңдеуді жоспарлауда.

2019 жылы «Жетісу Гранит» ЖШС жылына 18 мың м3 қаптама плиткасын өндщіретін зауытты іске қосуды жоспарлауда. Сондай-ақ, 2020 жылы «Кусман» ЖШС жылына 3000 мың тонна құм-қиыршық тас қоспасын және өңделген құм өндіруді жоспарлауда.

Өңдеу өнеркәсібінің – негізгі саласындағы өсімнің оң қарқынына жаңа өндірістерді құру және әрекет етуші қуаттарды жаңарту, индустриялды және өнеркәсіп аймақтарын жүктеу арқылы қол жеткізу межеленуде.

Шикізаттық емес экспортты дамыту және өнеркәсіп өндірісі көлемін арттыру үшін облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары «Эспорттаушы 2020», «Өнімділік 2020», «Ұлттық чемпиондар» және басқа да бизнесті қолдау бағдарламаларына қатысады.



Тағам өнімдерінің өндірісінде өндірісті технологиялық қайта жарақтандыруға, халықаралық сапа стандарттарын енгізуге, КО бойынша әріптес-елдермен бәсекелестік үшін теңдей жағдай жасауға азық-түлік тауарларының түрлерін көбейтуге күш жұмсалатын болады. «Жетісу Мажико Агроөнеркәсіп кешені» ЖШС-нің май өнімдері және қосарланған жем өндірістік кешенінің, «Империя Фуд» ЖШС-нің ет өңдеу зауытының, «Марен Фуд Тянь-Шань» ЖШС-нің маарон өнімдерін өндіретін зауыттың құрылысы, жаңарту жөніндегі жобалар жүзеге асырылады.
Жеңіл өнеркәсіп Қазақстан Республикасында 2017-2021 жылдарға арналған жеңіл өнеркәсіпті дамытудың кешенді жоспарының аясында ортамерзімді кезеңде өнімнің бәсеке қабілеттілігін арттыру арқылы дамытылады. Индустрияландыру картасы бойынша іске қосылған «GLASMAN» ЖШС-нің тауарларын сыртқы нарыққа шығару жұмыстары жүргізіледі.
Фармацевтиклық саланы дамыту 2014-2018 жылдарға арналған фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті дамытудың кешенді жоспарының аясында, дәрі-дәрмек құралдарына деген қажеттілікті отандық өндіріс есебінен қанағаттандыру үшін дамытылады.

Индустрияландыру каратсы бойынша іске қосылған «Сұлтан» ЖШС-нің «Kelun-Kazpharm» ЖШС-нің, «Dolce» ЖШС-нің, «Аксель и А» ЖШС-нің, «ПФК «ЭЛЕАС», БК «Абди Ибрахим Глобал Фарм» ЖШС-нің фармацевтикалық зауыттарының жобалық қуаттарына шығуы бойынша шаралар көзделуде.


Құрылыс материалдарының өндірісінде ортамерзімді кезеңде «Базис А» ЖШС-нің тауарлық бетон және ТББ өндіретін зауытының және «ЖарТасProducts» ЖШС-нің бетоннан жасалатын бұйымдарды өндіретін заманауи өндірістік кешеннің құрылысы жөніндегі жобалар іске асырылады.
Энергетикада саясат экономиканың электр қуатына қажеттілігін қамтамасыз етуге және облыстың энергетикалық тәуелсіздігіне бағытталады. Қалпына келетін қуат көздерін пайдалану дамытылады (жел энергетикасы, су энергетикасы, күн энергиясы).
Жергілікті мазмұн бойынша жүргізілетін саясат экономиканың өсуіне, шикізаттың емес сектордың үлесін арттыруға, жаңа өнімді шығаруға және отандық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге септігін тигізеді. Осы мақсатта отандық тауар өндірушілер мен әлеуетті тапсырыс берушілердің қатысуымен көрмелер, форумдар, кеңестер, кездесулер, дөңгелек үстелдер өткізіледі.
Ауыл шаруашылығында жалпы ішкі өнім көлемі 2022 жылға 745,3 млрд. теңгеге жетелі, нақты көлем көрсеткіші – 103,0%.

Ауыл шаруашылығы айналымына 15,6 мың га жуық тың жерлерді тарту есебінен, ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алқабы 963,4 мың га дейін жетеді, оның ішінде мал азығы, дәндік жүгері, қант қызылшасы, жем, көкөніс және май дақылдарының үлесін арттыруға басымдық танытылады.

Тамшылап суаруды пайдалану деңгейі 2017 жылмен салыстырғанда 1,5 есе артып, 13,0 мың гектарды құрайды, ылғал үнемдеу технологиясы сәйкесінше, 1,1 есе көбейіп, 156,5 мың гектарды және жауын-шашынды суару 1,6 есе артып, 8,9 мың га жетеді.

Мал шаруашылығында ет өнідірісі 2022 жылы 2017 жылғы деңгейге қарағанда 26,5 мың тоннаға өсіп, 358,7 мың тоннаны құрайды, сәйкесінше, сүт 31,7 мың тоннаға артып, 732,3 мың тоннаны, жүн - 0,2 мың тоннаға және 8,4 мың тоннаны, жұмыртқа 41,3 млн. данаға көбейіп, 1128,8 млн. дананы құрайды.


Құрылыста орташа жылдық өсім 2,1%-ті құрайды. Құрылыс жұмыстарының өсу серпініне 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы Жер» инфрақұрылымдық даму мемлекеттік бағдарламасының аясында ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруды жалғастыру әсерін тигізеді.

Сауда саласында орташа есеппен, өсім қарқыны 0,5%-ті құрайды, өңірде бөлшек сауданы әрі қарай дамыту ҚР қызмет көрсету саласын 2020 жылға дейін дамыту бағдарламасын ескерумен, сауда базарларын заманауи нысанға қайта жаңғырту және жаңарту, жаңа ірі супермаркеттерді және сауда-ойын сауық кешендерін ашу есебінен жүргізіледі.
Экономика салаларының даму болжамы, өткен жылға %-пен



Атауы

Бағалау

Болжам

2017ж.

2018ж.

2019ж.

2020ж.

2021ж.

2022ж.

1

Жалпы ішкі өнім

102,0

102,2

102,3

103,1

102,9

103,2

2

Өнеркәсіп өнімінің көлемі

103,5

101,9

102,2

102,8

103,5

103,7

3

Тау өндіру өнеркәсібі

112,0

100,5

100,7

101,3

101,6

101,8

4

Өңдеу өнеркәсібі

103,1

102,1

102,3

102,9

103,7

103,9

5

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі

102,0

102,0

101,9

105,5

102,1

102,2

6

Құрылыс жұмыстарының көлемі

89,0

102,0

102,0

102,3

102,5

102,8

7

Қызмет көрсету саласы (бөлшек тауар айналымы)

105,0

105,8

106,5

106,7

107,5

108,0


5. Әлеуметтік сала көрсеткіштерінің болжамы

2022 жылы 2018 жылмен салыстырғанда, облыста экономикалық белсенді халық саны 38,2 мың адамға көбейеді немесе 3,6%, жұмыспен қамтылған халық саны - 39,7 мың адамға немесе 4,0%-ке.

Жалпы жұмыссыздық деңгейі 2018 жылғы 4,7%-тен 2022 жылы 4,4%-ке дейін, өз ісімен шұғылданатын халық үлесі 27,8%-тен 26,4%-ке дейін төмендейді.

Орташа айлық атаулы еңбек ақы өсудің оң серпініне ие болып, 2022 жылы 137 246 теңгеге жетеді.



V Алматы облысының 2018-2020 жылдарға арналған бюджет параметрлерінің болжамы


  1. Алматы облысының 2018-2020 жылдарға арналған жергілікті бюджет болжамы

Облыс экономикасының болжамды дамуын ескерумен, базалық сценарий және экономика салаларының болжамды даму қарқыны бойынша 2017 – 2020 жылдары облыс бюджеті кірістерінің (трансферттерді есептемегенде) 2017 жылғы 144,6 млрд. теңгеден (бекітілген бюджет) 2020 жылы 175,3 млрд. теңгеге дейін өсуі болжануда.

4-кесте


Мемлекеттік бюджет кірістерінің болжамы (трансферттерді есептемегенде), млрд. теңге


Атауы

2018 жыл

2019 жыл

2020 жыл

Кірістер (трансферттерді есептемегенде)

154,6

164,6

175,3

салықтық түсімдер

152,5

162,6

173,5

Салықтық емес түсімдер

1,1

1,1

1,1

Капиталмен операциялардан

түсетін кірістер



1,0

0,9

0,7

Облыстың 2018-2020 жылдарға арналған кірістер болжамы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының «Салықтар және бюджетке түсетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодесіне және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес, республиканың және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді бағдарламалары негізінде қалыптастырылған.

Бюджет кірістерінің өсімі, негізінен, облыс бюджетінің 98,8%-ке жуығын алып жатқан салықтық түсімдердің болжамды артуымен қамтамасыз етіледі.

Түсімдердің артуы салықтық заңнамада мөлшерлемелердің өзгеруі, жаңа объектілерді іске қосу, қосымша жұмыс орындарын құру есебінен күтілуде.

Сондай-ақ, өнеркәсіпте және құрылыста өндіріс өсуінің қарқыны, ауыл шаруашылығын, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың тұрақтылығы ескерілді.


  1. 2018-2020 жылдарға арналған бюджет шығындарының басымдықтары

Еліміздің ортамерзімді кезеңге әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша қойылған міндеттерін ескерумен, 2018-2020 жылдарға арналған бюджет шығындарының басымдықтары болып:

  1. мемлекеттік әлеуметтік міндеттемелерді толық көлемде орындау;

  2. әлеуметтік инрақұрылымды әрі қарай дамыту және адам капиталының сапасын арттыру;

  3. пайдалы жұмыспен қамтуды ынталандыру және бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту арқылы халықтың жұмыспен қамтылуын қалыпта ұстау;

  4. АӨК дамыту және ШОБ қолдау;

  5. Елдің транзиттік әлеуетін және көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту;

  6. индустриялдық инфрақұрылымды дамыту арқылы экономика салаларын технологиялық жаңарту талаптарын құру;

  7. энерегтикалық инфрақұрылымды дамыту;

  8. тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының инфрақұрылымын, су және жылумен қамту жүйелерін жаңарту;

  9. тұрғын үй құрылысын дамытуды және тұрғын үйдің қол жетімділігін арттыру ынталандыру табылады.




  1. Шығындардың жаңа бастамалары

Экономикалық өсімді қамтамасыз ету мақсатында, 2018-2020 жылдарға арналған бюджет жобасындағы шығындардың негізгі басымдықтары болып төмендегілер табылады:

- аграрлық секторды дамыту;

- 2015-2019 жылдарға арналған индустриялды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының аясында индустрияландыру;

- БЖК-2020 бағдарламасының аясында шағын және орта бизнесті дамыту;

- «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын әрі қарай жүзеге асыру арқылы көлік инфрақұрылымын дамыту;

- 2017 жылдың 1 шілдесінен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу;

- білім саласында – 2017 жылы 3 ауысымдылықты жою үшін жаңа объектілердің құрылысы.

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап бюджет жобасында шығындардың жаңа бастамалары көзделеді:

- жұмыс берушінің қосымша 5% міндетті зейнетақы салымдарын енгізу;



- келісілген әлеуметтік көмекті енгізу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет