Оңалту және банкроттық туралы



жүктеу 1.36 Mb.
бет5/6
Дата14.03.2018
өлшемі1.36 Mb.
1   2   3   4   5   6

74-бап. Борышкердің талап ету құқықтарын басқаға беруі

Оңалту жоспарында борышкердің талап ету құқықтарын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өткізілетін электрондық аукционда сату арқылы осы талаптарды басқаға беруі көзделуі мүмкін.


75-бап. Кредиторлар жиналысының оңалту рәсіміндегі ерекшеліктері
1. Оңалту рәсімі кезінде борышкер оңалту рәсімін қолдану туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш айдан кешіктірілмейтін мерзімде кредиторлардың алғашқы жиналысын өткізеді.

2. Кредиторлар жиналысының құзыретіне:

1) оңалту жоспары бекітілген кезден бастап борышкердің мүлкі мен істерін басқару құқығын борышкер мүлкінің меншік иесінде (ол уәкілеттік берген органда), құрылтайшыларда (қатысушыларда) сақтау немесе оның күшін жою туралы шешім қабылдау;

2) кредиторлар комитетін құру туралы шешім қабылдау;

3) кредиторлар комитеті құрамының санын айқындау және құрамын бекіту;

4) кредиторлар комитетінің құрамына өзгерістер енгізу;

5) оңалту жоспарын келісу;

6) оңалту жоспарына өзгерістер мен толықтыруларды келісу;

7) оңалту рәсімінің мерзімін ұзартуға келісім беру;

8) кредиторлар комитеті мүшелерінің оңалту рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ақпаратты кредиторлардың назарына жеткізудің тәртібі мен мерзімдерін айқындау;

9) өзге де мәмілелерді кәдімгі коммерциялық операциялар шеңберінен тыс жасалатын мәмілелер санатына жатқызу;

10) оңалту жоспарында көзделмеген, кәдімгі коммерциялық операциялар шеңберінен тыс мәмілелерді келісу;

11) борышкердің өндiрiп алынуы мүмкiн емес дебиторлық берешегiнiң сомасын бекiту;

12) уәкілетті органда тіркелген тұлғалар арасынан оңалтуды басқарушының кандидатурасын таңдау;

13) уақытша әкімшіге және оңалтуды басқарушыға негізгі сыйақы төлемінің мөлшерін айқындау;

14) оңалтуды басқарушыға қосымша сыйақы мөлшерін айқындау;

15) борышкердің мүлкі мен істерін басқару құқығы борышкер мүлкінің меншік иесінде (ол уәкілеттік берген органда), құрылтайшыларда (қатысушыларда) сақталған жағдайларда борышкердің басқару органдары мүшелерінің ақшалай сыйақысының сомасын айқындау;

16) оңалтуды басқарушының (борышкердің) қорытынды есебін келісу;

17) осы Заңда көзделген өзге де өкілеттіктер жатады.
76-бап. Кредиторлар комитетінің оңалту рәсіміндегі ерекшеліктері
Кредиторлар комитетi мынадай өкілеттіктерді жүзеге асырады:

1) оңалтуды басқарушының iс-әрекеттерiн бақылауды жүзеге асыру үшiн кредиторлар комитетiнің мүшелерi арасынан кредиторлар өкiлiн сайлайды;

2) оңалтуды басқарушыдан борышкердің қаржылық жағдайы және оңалту рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ақпарат беруді талап етеді;

3) уәкілетті органға және (немесе) сотқа оңалтуды басқарушының іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымданады;

4) кредиторлардың талаптарын есепке жатқызу туралы шешім қабылдайды;

5) аудиторлық тексерудің және түгендеудің нәтижелерін назарға алады;

6) борышкердің мемлекеттік қолдау шараларына өтініш білдіруіне және оңалту рәсімін тоқтата тұруға келісім береді;

7) оңалту жоспарында көзделгендерді қоса алғанда, борышкердің мүлкін (активтерін) кәдімгі коммерциялық операциялар шеңберінен тыс сату тәртібін айқындайды;

8) оңалту рәсімін жүргізу үшін әкімшілік шығыстардың сметасын және тартылатын қызметкерлердің санын бекітеді;

9) оңалтуды басқарушымен шарт жасасады және оны бұзады;

10) санацияға қатысушының оңалтуды басқарушымен келісімін бекітеді;

11) осы Заңда көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.


77-бап. Кредиторлармен есеп айырысу
1. Оңалту рәсімін қолданған кезден бастап:

1) моральдық зиянның орнын толтыру туралы талаптарды қоспағанда, жалақыдан және (немесе) өзге де табыстан ұсталған алименттердi төлеу жөнiндегi талаптар, сондай-ақ өмiрiне немесе денсаулығына келтiрiлген зиян үшiн борышкер жауапты болатын азаматтардың талаптары қанағаттандырылады;

2) төлеу мерзiмi оңалту рәсiмi қолданылғаннан кейiн басталған, еңбек шарты бойынша жұмыс iстеп жүрген адамдармен өтемақыларды және еңбекақы төлеу бойынша, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдарды, міндетті зейнетақы жарналарын және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу бойынша, авторлық шарттар бойынша сыйақыларды төлеу бойынша есеп айырысулар жүргізіледі;

3) міндеттемелерден, оның iшiнде оңалтуды басқарушы (борышкер) жасасқан мәмiлелерден туындаған, орындалу мерзiмi оңалту рәсiмiн жүзеге асыру кезеңiнде басталған кредиторлардың талаптары қанағаттандырылады.

2. Осы Заңның 104-бабында белгіленген кепілді кредиторлардың талаптарын өтеу тәртібін қоспағанда, өндіріп алу атқару парақтары бойынша немесе даусыз (акцептісіз) тәртiппен жүргiзiлетiн берешектерді қоса алғанда, борышкердiң кредиторлар алдындағы берешектерi бойынша барлық есеп айырысулар осы Заңның 100 және 101-баптарында белгiленген кезектiлiк пен есеп айырысу қағидалары сақтала отырып, оңалту жоспарына сәйкес кредиторлар талаптарының тiзiлiмi жарияланғаннан кейiн жүзеге асырылады.

Өткен салық кезеңдері және оңалту рәсімі қолданылған салық кезеңі үшін салық есептілігіне сәйкес салық төлеуші есептеген, салықтық тексерулер нәтижелері бойынша салық қызметі органы есепке жазған салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу бойынша міндеттемелер туындаған кезде, кредиторлар талаптарының тізіліміне, сондай-ақ оңалту жоспарына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

3. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, кредиторлардың оңалту рәсiмi енгізілгенге дейiн туындаған талаптарын қанағаттандыру, кредиторлар талаптарының тiзiлiмi жарияланғаннан кейiн жүргiзiледi.

4. Кепілді кредитор:

1) өзінің заңды мүдделеріне қатер төндіретін, осы Заңды бұзушылықтар анықталған;

2) өзінің алдындағы берешекті өтеу кестесі бұзылған;

3) кепіл нысанасы болып табылатын мүлік құны өз мүдделеріне нұқсан келтіруге әкеп соғатындай төмендеген;

4) егер өзінің алдындағы міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету нысанасы болып табылатын мүлік борышкер-заңды тұлғаның қызметін жалғастыру үшін немесе оңалту жоспарын іске асыру үшін талап етілмеген жағдайларда өзінің алдындағы міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету нысанасы болып табылатын борышкер мүлкіне өндіріп алуды қолдану туралы сотқа жүгінуге құқылы.


78-бап. Санация
1. Егер дәрменсiз борышкердi оңалту жоспарында оңалту шарасы ретiнде оның санациясы қамтылса, оңалту жоспарына сәйкес санацияға қатысушының борышкерге және (немесе) кредиторларға ақша аудару туралы жазбаша мiндеттемесi, сомасы мен мерзiмдері көрсетіле отырып, жоспарға қоса берiлуге тиiс.

2. Санацияға қатысушы барлық кредиторлардың талаптарын олармен келiсiлген мерзiмде қанағаттандыруды қамтамасыз ету мiндеттемесiн өзіне қабылдай алады. Бұл жағдайда, борышкерді басқаруды санацияға қатысушы немесе ол тағайындаған тұлға оңалтуды басқарушы үшін көзделген өкілеттіктер шегінде жүзеге асырады. Осы Заңның 12-бабының 2-тармағында белгіленген талаптар санацияға қатысушыға қолданылмайды.

3. Сот, сондай-ақ уәкілетті орган санацияға қатысушыдан оның осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген мiндеттемелердi орындауы мүмкiндiгiн растайтын құжаттарды талап етуге құқылы.

79-бап. Санацияға қатысушылардың келiсiмi


Егер санацияға кредиторлардың талаптарын қанағаттандыруды қамтамасыз ету мiндеттемесiн өзіне қабылдаған екi және одан да көп тұлға қатысса, олар кредиторлар алдындағы жауапкершiлiктi өздерiнiң арасында бөлу, санацияға қатысудан ол басталғаннан кейiн санацияға қатысушылардың бiреуi немесе бiрнешеуi бас тартқан жағдайдағы жауаптылық, борышкер мүлкiн басқаруға қатысу тәртiбi көзделетiн келiсiм жасасуға тиiс.
80-бап. Санацияға қатысушылардың жауаптылығы
1. Осы Заңның 78-бабының 2-тармағында көзделген мiндеттеменi өзіне қабылдаған санацияға қатысушы борышкер таратылғаннан кейiн, егер еңсерілмейтін күштiң немесе кредиторлардың не борышкердiң (борышкер мүлкiнің меншік иесiнiң) iс-әрекеттерi нәтижесінде санация мақсаттарына қол жеткiзiлмегенiн дәлелдемесе, оның өтелмеген мiндеттемелерi бойынша субсидиарлық жауаптылықта болады.

Егер келiсiмде өзгеше көзделмесе, санацияға екi немесе одан да көп тұлға қатысқан кезде, олар ортақ жауаптылықта болады.

2. Дәрменсiз борышкердiң кредиторлар талаптарын қанағаттандыруды қамтамасыз ету мiндеттемесін өзіне қабылдамаған санацияға қатысушының жауаптылығы кредиторлар комитетi бекiткен, қатысушының оңалтуды басқарушымен келiсiмімен айқындалады.
81-бап. Санацияға қатысушының құқықтары
1. Санация мақсатына қол жеткізілуіне байланысты оңалту туралы іс бойынша іс жүргізу тоқтатылған кезде осы Заңның 78-бабының
2-тармағында көзделген міндеттемені өзіне қабылдаған және борышкер мүлкінің меншік иесі болып табылмайтын қатысушы санация басталғанға дейін шаруашылық серіктестігіне қатысушылардың, акционерлік қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы қабылдаған шешімнің негізінде өзі инвестициялаған қаражат сомасында шаруашылық серіктестігіне қатысушы, акционерлік қоғамның акционері құқығына ие болады, ал егер борышкер мемлекеттік кәсіпорын болып табылса, мүліктің меншік иесі уәкілеттік берген мемлекеттік орган шешімінің негізінде борышкер шаруашылық серіктестігі, акционерлік қоғам болып алдын ала қайта ұйымдастырылғаннан кейін санацияға қатысушы шаруашылық серіктестігіне қатысушы, акционерлік қоғамның акционері құқығына ие болады. Егер борышкер өндірістік кооператив болып табылса, кооператив мүшелерінің жалпы жиналысы шешімінің негізінде борышкер шаруашылық серіктестігі болып алдын ала қайта ұйымдастырылғаннан кейін санацияға қатысушы шаруашылық серіктестігіне қатысушы құқығына ие болады.

Көрсетілген шешiм сотқа оңалту жоспарымен бiр мезгілде ұсынылуға тиiс.

Мұндай жағдайда құрылған шаруашылық серiктестiгiнің жарғылық капиталының мөлшерi жарғылық капитал екi жыл ішінде белгiленген мөлшерлерге дейiн толықтырылатын жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген ең төменгi мөлшерден кем болуы мүмкiн.

2. Санацияға екi немесе одан да көп тұлға қатысқан жағдайда борышкер мүлкiндегi үлес мөлшерi олардың әрқайсысы санация мақсаты үшiн пайдаланған қаражаттың сомасына пропорционалды түрде айқындалады.


82-бап. Оңалту рәсiмiн тоқтату
1. Оңалтуды басқарушы, егер:

1) борышкерге қатысты оңалту рәсiмiнiң мақсатына қол жеткізілген;

2) ол бұл мақсатқа қол жеткізу мүмкін еместігіне көз жеткізген жағдайларда, кредиторлар жиналысының шешімі бойынша борышкерге қатысты оңалту рәсiмiн тоқтату туралы өтiнiшпен сотқа жүгiнедi.

Оңалтуды басқарушының өтiнiшiне оңалтуды басқарушының қорытынды есебi қоса беріледi.

Мемлекеттік қолдау шаралары шеңберінде бекітілген оңалту жоспары орындалған жағдайда, мемлекеттік қолдау шараларына қатысушы оңалту рәсімін тоқтату туралы өтініш білдіреді.

2. Борышкердi оңалту жоспарын iске асыру не оңалтуды басқарушының iс-әрекеттерi (әрекетсiздiгi) өз мүдделерiне нұқсан келтiредi деп есептейтiн борышкер мүлкiнiң меншік иесi (ол уәкiлеттік берген орган) оңалту рәсiмiн тоқтату туралы сотқа жүгіне алады.

3. Кредиторлар жиналысының өткізілетіні туралы тиісінше хабардар етілмеген жағдайда, талап қою сомасы кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізілген талаптардың жалпы сомасының кемінде он пайызын құрайтын кредитордың оңалту рәсімін тоқтату туралы сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Кредитор (кредиторлар):

1) борышкердің оңалту жоспарын құру жөніндегі әрекеттерi (әрекетсiздiгi) өзінің мүліктік мүдделеріне нұқсан келтіретінін растайтын негіздер болған;

2) кредиторлық берешекті өтеу кестесі үш айдан астам орындалмаған;

3) оңалту рәсімін қолдану туралы өтінішке қоса берілген құжаттарда анық емес мәліметтердің ұсынылу фактілері анықталған;

4) борышкердi оңалту жоспарын iске асыру не оңалтуды басқарушының iс-әрекеттерi (әрекетсiздiгi) өзінің мүліктік мүдделерiне нұқсан келтiретінін растайтын негіздер болған кезде оңалту рәсімін тоқтату туралы өтінішпен сотқа жүгіне алады.

5. Осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінің 2) тармақшасында,
2, 3 және 4-тармақтарында көзделген негіздер бойынша оңалту рәсімін тоқтату туралы сотқа өтініш берілген кезде өтініш беруші тұлға борышкерді банкрот деп тану туралы талапты өтініште көрсетуге міндетті.

Осы тармақтың талаптары орындалмаған жағдайда сот оңалту рәсімін тоқтату туралы өтінішті қараусыз қалдырады.

6. Кредиторлар жиналысы оңалту рәсімін келісуден бас тартқан не борышкер осы Заңның 59-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында белгіленген мерзімде оңалту жоспарын ұсынбаған жағдайларда, сот уақытша әкімшінің өтініші бойынша оңалту рәсімін тоқтатады.
83-бап. Оңалту рәсiмiн тоқтатудың салдарлары
Осы Заңның 82-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 2, 3,
4 және 6-тармақтарында көзделген негіздер бойынша оңалту рәсімі тоқтатылған және банкроттық туралы іс қозғалған (қайта басталған) жағдайларда:

1) осы Заңның 68-бабында көзделген салдарлар сақталады;

2) борышкерді банкрот деп тану туралы шешім шығарылғанға және банкроттықты басқарушы тағайындалғанға дейін борышкердің мүлкі мен істерін басқару құқығы оңалту рәсімінде басқаруды жүзеге асырған тұлғада сақталады.

6-тарау. БАНКРОТТЫҚ РӘСІМІ


84-бап. Банкроттық рәсімін жүргізу мерзімі
1. Банкроттық рәсімін жүргізу мерзімі сот шешімімен айқындалады және ол тоғыз айдан аспауға тиіс. Бұл мерзімді кредиторлар жиналысының келісуімен банкроттықты басқарушының өтінішхаты бойынша сот үш айдан аспайтын мерзімге ұзарта алады.

Банкроттық рәсімін жүргізу мерзімі борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап есептеледі.

2. Мыналар:

1) соттың іс жүргізуінде борышкер мен оның кредиторларының мүліктік мүдделерін қозғайтын істің болуы;

2) өткізілмеген мүліктің болуы;

3) банкроттықты басқарушының борышкер мен оның кредиторларының мүдделеріне қарсы әдейі немесе жалған банкроттық белгілері, өзге де құқық бұзушылықтар немесе қылмыстар бойынша қылмыстық қудалау органдарына жүгінуі;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасын қорытынды есепті бекітуден бас тарту туралы сот ұйғарымында көрсетілген бұзушылықтарды жою қажеттілігі;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасын уәкілетті орган анықтаған бұзушылықтарды жою қажеттілігі банкроттық рәсімін жүргізу мерзімін ұзарту үшін негіз болып табылады.


85-бап. Банкроттық рәсіміне қатысушылар
Мыналар:

  1. банкроттық туралы істі қарайтын сот;

  2. уәкілетті орган;

  3. банкрот;

  4. банкрот мүлкiнің меншiк иесі, қатысушылар (құрылтайшылар);

  5. кредитор;

  6. уақытша және банкроттықты басқарушылар;

  7. басқа да мүдделі адамдар банкроттық рәсіміне қатысушылар болып табылады.

86-бап. Соттың банкроттық рәсіміндегі өкiлеттiктерi


Банкроттық рәсімінде соттың мынадай өкiлеттiктерi болады:

1) банкроттық рәсімін қозғайды, ұзартады және тоқтатады;

2) заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеудi жүзеге асыратын органға, уәкілетті органға, жеке сот орындаушыларының алқасына және борышкердің орналасқан жері бойынша аумақтық атқарушылық іс жүргізу органына заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы шешiм шығарылғанын хабарлайды;

3) банкрот жауапкер ретiнде әрекет ететін мүлiктiк сипаттағы даулар бойынша iстердi өзiнiң іс жүргiзуiне қабылдайды;

4) уақытша басқарушыны тағайындайды және шеттетеді;

5) банкроттық рәсіміне қатысушылар арасындағы дауларды шешеді.


87-бап. Банкроттық рәсімін қозғау салдарлары
1. Сот борышкердi банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғау туралы шешiм шығарған күннен бастап:

  1. борышкер мүлкінің меншік иесіне (ол уәкілеттік берген органға), құрылтайшыларға (қатысушыларға), заңды тұлғаның барлық органдарына мүлікті кәдімгі коммерциялық операциялар шеңберінен тыс пайдалану мен өткізуге және міндеттемелерді өтеуге тыйым салынады;

  2. банкроттың барлық борыштық мiндеттемелерiнiң мерзiмдерi өтті деп есептеледі;

  3. банкрот берешегiнiң барлық түрлерi бойынша тұрақсыздық айыбын және сыйақыларды (мүдделерді) есепке жазу тоқтатылады;

  4. сотта банкроттың қатысуымен қаралатын мүлiктiк сипаттағы даулар, егер олар бойынша қабылданған шешiмдер заңды күшiне енбесе, тоқтатылады;

  5. үшінші тұлғалардың кепілдіктері мен кепілгерліктерін орындау бойынша талаптарды, сондай-ақ үшінші тұлғалар кепіл беруші болатын жағдайларда кепіл нысанасын өндіріп алуды қоспағанда, банкротқа банкроттық рәсімі шеңберінде ғана талаптар қойылуы мүмкін;

  6. әкімші өтінішінің және борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімінің ұсынылған көшірмесінің негізінде банкрот мүлкіне қойылған барлық шектеулер мен ауыртпалықтар (борышкердің шоттарына қаржылық және мемлекеттік органдардың инкассолық өкімдері, мүлікке сот орындаушылары тағайындаған тыйым салу және басқалар) оларды тағайындаған органдардың тиісті шешімдері қабылданбастан алып тасталады;

  7. банкроттың мүлкіне жаңадан тыйым салу және банкроттың мүлкіне иелік етуге өзге де шектеулер қою мәмілені жарамсыз деп тану туралы және банкротқа қойылған, мүлікті өзгенің заңсыз иеленуінен талап ету туралы қуынымдары бойынша ғана жол беріледі.

2. Банкроттық рәсімін қозғау кезінде сатып алушыға берілмеген банкрот мүлкі банкроттың мүліктік массасының құрамына енгізіледі, ал кредитор немесе орындалмаған міндеттеме бойынша дәрменсіз сатып алушы банкроттық рәсімі шеңберінде борышкерге өз талаптарын қоюға құқылы.
88-бап. Уақытша басқарушының өкілеттіктері
1. Уақытша басқарушы:

1) мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан борышкер, оған өтеусіз негізде берілуге тиістігін растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса алғанда, оның мүлкі туралы ақпаратты сұрау салу берілген кезден бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде сұратуға;

2) борышкердің өзі банкрот деп танылғанға дейін осы Заңның талаптарын бұза отырып жасаған мәмілелерін анықтауға, оларды жарамсыз деп тану туралы және сот тәртібімен, оның ішінде мұндай мәмілені анықтаған кредитордың өтінішхаты бойынша мүлікті қайтару туралы талап қоюға;

3) әдейі немесе жалған банкроттық жағдайлар анықталған кезде сотқа жүгінуге;

4) мәлімделген талаптардың негізі мен сомасын растайтын құжаттарды кредиторлардан сұратуға;

5) осы Заңда көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

2. Сот тағайындаған кезден бастап және банкроттық туралы істі қарау аяқталғанға дейін уақытша басқарушы:


  1. борышкердің қаржылық жағдайы туралы мәліметтерді оның төлем қабілетсіздігі белгілерінің бар не жоқ екендігін растау мақсатында бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік құжаттарының негізінде сот шешімі шығарылғанға дейін жинауды жүзеге асыруға;

  2. сотқа борышкердің қаржылық жағдайы туралы қорытындыны ұсынуға;

  3. уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыру үшін соттың оны тағайындау туралы ұйғарымы шығарылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде уәкілетті органға банкроттық туралы істі қозғау және кредиторлардың талаптарды мәлімдеу тәртібі туралы қазақ және орыс тілдерінде хабарландыруды жіберуге;

  4. сот талқылауы кезеңінде борышкер мүлкі меншік иесінің, құрылтайшылардың (қатысушылардың) борышкердің активтерін шығаруына жол бермеу мақсатында оларды бақылауды қамтамасыз етуге;

  5. мәмілелерді кәдімгі коммерциялық операциялар шеңберінен тыс келісу туралы борышкердің өтінішін бес жұмыс күні ішінде қарауға;

  6. осы Заңда көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті.

3. Борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімі шығарылғаннан кейін уақытша басқарушы:

1) уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыру үшін борышкер банкрот деп танылған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде борышкерді банкрот деп тану туралы қазақ және орыс тілдерінде жарияланымды уәкілетті органға жіберуге;

2) борышкер банкрот деп танылған кезден бастап жеті жұмыс күні ішінде уәкілетті органнан банкрот деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімі бар тұлғаның бар-жоғы және банктік шоттарының нөмірлері, осы шоттардағы ақшаның қалдықтары туралы және қозғалысы туралы ақпарат сұратуға;

3) банкрот қызметкерлерін еңбек шартының Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес алдағы уақытта тоқтатылатыны туралы хабардар етуге;

4) банкрот мүлкін қорғауды және бақылауды қамтамасыз етуге;

5) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен, мерзімде және нысан бойынша кредиторлар талаптарының тізілімін қалыптастыруға;

6) банкроттың мүліктік массасына түгендеуді жүргізуге және түгендеу бойынша есепті кредиторлардың алғашқы жиналысына ұсынуға;

7) егер банкроттықты басқарушы тағайындалғанға дейін мұндай мүліктің құны елеулі төмендеген (тез бұзылатын тауарлар, маусымдық тауарлар, мал және жедел өткізуді талап ететін өзге де тауарлар) жағдайларда уәкілетті органмен келісу бойынша банкрот мүлкін сатуды жүзеге асыруға;

8) кредитордың және борышкер мүлкі меншік иесінің жазбаша сұрау салуы негізінде банкроттық рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы сұрату алынған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей хабарлауға;

9) кредиторлар жиналысының өткізілу күні, уақыты мен орны туралы кредиторларды хабардар етуге;

10) сот борышкер мен оның кредиторларының мүдделерін қозғайтын акт шығарған жағдайда, осы сот актісіне шағымдану туралы мәселені қарау үшін өтініші бойынша банкроттық туралы іс қозғалған кредиторға не борышкерге оны алған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде оның көшірмесін ұсынуға;

11) кредиторлардың алғашқы жиналысын ұйымдастыруға және өткізуге;

12) банкроттықты басқарушыға (уәкілетті органға) өзін тағайындаған (борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімі шығарылған) күннен бастап үш жұмыс күні ішінде құрылтайшылық құжаттарын, есепке алу құжаттамасын, банкроттың мүлкіне құқық белгілейтін құжаттарды, банкротқа тиесілі мөрлерді, мөртабандарды, материалдық және өзге де құндылықтарды беруге;

13) сот іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру немесе тоқтату туралы ұйғарым, борышкерді банкрот деп танудан бас тарту туралы шешім шығарған, не борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімінің күші жойылған жағдайда борышкерге тиісті сот актісі қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде құрылтайшылық құжаттарын, есепке алу құжаттамасын, мөрлерді, мөртабандарды, материалдық және өзге де құндылықтарды беруге;

14) осы Заңда көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті.
89-бап. Банкроттықты басқарушының өкілеттіктері
1. Банкроттықты басқарушы кредиторлардан мәлімделген талаптардың негізі мен сомасын растайтын құжаттарды сұратуға құқылы.

2. Банкроттықты басқарушы:

1) өзі тағайындалған кезден бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде уақытша басқарушыдан құрылтайшылық құжаттарын, есепке алу құжаттамасын, банкроттың мүлкіне құқық белгiлейтiн құжаттарды, банкротқа тиесілі мөрлерді, мөртабандарды, материалдық және өзге де құндылықтарды қабылдауға;

2) оны тағайындағаннан кейін жеті жұмыс күні ішінде мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан банкрот, оған тиесілі (тиесілі болған) мүлік туралы ақпаратты және растайтын құжаттардың көшірмелерін талап етуге, егер көрсетілген ақпарат пен құжаттарды оған уақытша басқарушы бермеген болса, оларды сұрау салу жіберілген кезден бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде оған өтеусіз негізде ұсынуға тиіс;

3) өзі тағайындалғаннан кейін жеті жұмыс күні ішінде уәкілетті органнан банкрот деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімі бар тұлғаның банктік шоттарының бар-жоғы және нөмірлері, осы шоттардағы ақшаның қалдықтары туралы және қозғалысы туралы ақпарат сұратуға;

4) банкроттың мүлкін қорғауды және бақылауды қамтамасыз етуге;

5) кредиторлар комитеті дебиторлық берешекті сату туралы шешім қабылдаған жағдайларды қоспағанда, банкрот алдында берешегі бар адамдарды анықтаған кезден бастап жеті жұмыс күнінен аспайтын мерзімде осы берешекті сот тәртібімен өндіріп алу туралы талап қоюға;

6) борышкердің оны банкрот деп танығанға дейін осы Заңның талаптарын бұза отырып жасаған мәмілелерін анықтауға және оларды жарамсыз деп тану туралы не мүлікті сот тәртібімен, оның ішінде мұндай мәмілені анықтаған кредитордың өтінішхаты бойынша қайтару туралы талап қоюға;

7) кредиторлар комитетінің шешімі негізінде он жұмыс күні ішінде банкроттық туралы іс қозғалғанға дейін борышкер жасасқан шарттарды өзгертуге немесе бұзуға;

8) банкроттың мүлкін (активтерін) сату жоспарын әзірлеуге және оны іске асыруды жүзеге асыруға;

9) кредиторлар талаптарының тізілімін жүргізуге;

10) осы Заңның 11-бабының 5-тармағында белгіленген адамдарды анықтауға;

11) кредиторлар комитеті есеп айырысуға көшу туралы шешім қабылдағаннан кейін жеті жұмыс күні ішінде кредиторлармен есеп айырысуды жүзеге асыруға;

12) кредиторға оның жазбаша сұрау салуы негізінде сұрау салу түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде банкроттық рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы хабарлауға;

13) егер банкроттықты басқарушымен жасалған банкроттық рәсімін жүргізу туралы шартта өзгеше белгіленбесе, сот банкрот пен оның кредиторларының мүдделерін қозғайтын актіні шығарған жағдайда оны алған кезден бастап бес жұмыс күні ішінде кредиторлар комитетіне осы сот актісіне шағымдану туралы мәселені қарау үшін оның көшірмесін ұсынуға;

14) кредиторларды кредиторлар комитетінің жиналысын өткізу күні, уақыты мен орны туралы хабардар етуге;

15) сот қорытынды есепті бекіткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде банкроттың банктік шоттарын жабуға, салық төлеуші куәлігінің және қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәліктің бланкілерін (олар бар болған кезде) салық органына тапсыруға, банкроттың мөрін жоюға;

16) борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімінің күші жойылған жағдайда борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімінің күшін жою туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде борышкерге құрылтайшылық құжаттарын, есепке алу құжаттамасын, мүлікке құқық белгілейтін құжаттарды, мөрлерді, мөртабандарды, материалдық және өзге де құндылықтарды беруге;

17) банкроттықты басқарушы шеттетілген (босатылған) жағдайда, жаңадан тағайындалған банкроттықты басқарушыға шеттету (босату) туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде құрылтайшылық құжаттарын, есепке алу құжаттамасын, банкроттың мүлкіне құқық белгілейтін құжаттарды, банкротқа тиесілі мөрлерді, мөртабандарды, материалдық және өзге де құндылықтарды беруге;

18) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді орындауға міндетті.


90-бап. Банкроттық рәсімінде кредиторлар талаптарының тізілімін

қалыптастыру


1. Уақытша басқарушы сот оны тағайындау туралы ұйғарым шығарған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде банкроттық туралы істі қозғау және кредиторлардың талаптарды мәлімдеу тәртібі туралы қазақ және орыс тілдерінде хабарландыруды уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыру үшін уәкілетті органға жібереді.

Уәкілетті орган хабарландыруды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оны өзінің интернет-ресурсында орналастыруға міндетті.

Борышкерде интернет-ресурс болған кезде аталған интернет-ресурста хабарламаны жариялау міндетті болып табылады.

2. Уақытша басқарушы сот орындаушыларынан заңды күшіне енген сот шешімін немесе борышкерден ақшаны өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде осындай кредиторларды банкроттық туралы істі қозғау (борышкерді банкрот деп тану) және талаптарды мәлімдеу тәртібі туралы жазбаша хабардар етеді.

Уақытша басқарушы банкроттық туралы істі қозғау туралы сот ұйғарым шығарған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өміріне және денсаулығына зиян келтіргені үшін өздерінің алдында борышкер жауапты болатын азаматтарды да борышкерді банкрот деп тану және талаптарды мәлімдеу тәртібі туралы хабардар етеді.


  1. Кредиторлардың талаптарды мәлімдеу тәртібі туралы хабарландыру жарияланған кезден бастап бір ай мерзімнен кешіктірмей олар банкротқа қоятын талаптарын мәлімдеуге тиіс.

Кредиторлардың талаптарында салыстыру үшін құжаттардың түпнұсқалары бір мезгілде ұсыныла отырып, талаптың сомасы туралы мәліметтер (талаптың негізі мен сомасын растайтын құжаттардың (күшіне енген сот шешімдері, шарттардың көшірмелері, борышкердің борышын тануы) көшірмелерін қоса бере отырып, негізгі борыштың, сыйақының (мүдденің), тұрақсыздық айыбының және өзге де айыппұл санкцияларының, залалдардың сомасы туралы жеке) қамтылуға тиіс.

Егер кредиторлардың мәлімдеген талаптары бойынша сыйақы (мүдде), тұрақсыздық айыбы және өзге де айыппұл санкциялары, залалдар есептелген болса, онда мұндай кредиторлар борышкер банкрот деп танылғаннан кейін күнтізбелік он бес күн ішінде сыйақыны (мүддені), тұрақсыздық айыбын және өзге де айыппұл санкцияларын, залалдарды ескере отырып, өзінің талаптарын қайтадан мәлімдейді.

Кредиторлар талаптың негізі мен сомасын растайтын өзге де құжаттарды ұсынуға құқылы.

Кредиторлардың шетел валютасында көрсетілген талаптары борышкерді банкрот деп тану және оны банкроттық рәсімін қозғай отырып тарату туралы сот шешім қабылдаған кезде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген бағам бойынша теңгемен есептеледі.

4. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген мерзімнен кеш мәлімделген кредитордың талабы кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізіледі, бірақ мұндай кредитор бір ай мерзімде мәлімделген кредиторлардың талаптарын толық қанағаттандырғанға дейін кредиторлар жиналысында дауыс беру құқығынан айырылады.

5. Осы баптың 3-тармағында көзделген мерзімде мәлімделген кредиторлардың талаптарын уақытша басқарушы оларды алған кезден бастап он жұмыс күні ішінде қарауға тиіс және танылған талаптар тізілімге енгізіледі.

Кредиторлардың бұрын сотқа мәлiмдеген талаптары, егер олар осы баптың 3-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген талаптарға сай келетін болса, кредитордың өтініші болған кезде тiзiлiмге енгiзiлуi мүмкiн.

6. Кредиторлар талаптарының тізіліміне:

1) Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес шығарылған облигациялар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын бөлiнген активтер және мынадай мүлiктi: ипотекалық тұрғын үй қарызы шарттары бойынша (ипотекалық куәліктердің кепілін қоса алғанда) талап құқықтарын, сондай-ақ олардың ұстаушыларында мәмілелер бойынша не Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де негіздермен көрсетілген облигацияларға меншік құқықтары туындаған немесе оларға көшкен жағдайларда Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарын кепілмен қамтамасыз етілген ипотекалық облигацияларды ұстаушылардың талаптары;

2) кредиторлардың мемлекет кепiлгерлiгiмен қамтамасыз етiлген инфрақұрылымдық облигациялар бойынша талаптары;

3) борышкер құрылтайшыларының (қатысушыларының) талаптары енгізілмейді.

7. Кредиторлар борышкерге берешектің сомасын және осы сомаға тиесілі сыйақыны (мүддені), борышкер тарапынан міндеттемелерді орындамаудан немесе тиісінше орындамаудан келтірілген залалдарды, тұрақсыздық айыбын (айыппұлдар, өсімпұлдар) және өзге де айыппұл санкцияларын қамтитын талаптарды қоюға құқылы.

8. Сыйақының (мүдденiң) сомасы борышкердi банкрот деп тану туралы сот шешiм қабылдаған кезде айқындалады.

9. Залалдардың, тұрақсыздық айыбының (айыппұлдардың, өсiмпұлдардың) және өзге де айыппұл санкцияларының сомасы борышкердi банкрот деп тану және оны тарату туралы шешiм қабылданған кезде айқындалады.

Кредиторлардың банкроттық рәсiміне қатысуға байланысты шығыстары өтеуге жатпайды.
91-бап. Кредиторлардың талаптарын қарау

1. Уақытша басқарушы борышкер банкрот деп танылған күннен кейінгі күні кредиторлардың талаптарын қарау нәтижелері туралы (талаптарды толық көлемде немесе себептерін көрсете отырып, бір бөлігінде тану немесе танымау туралы) әрбір кредиторға жазбаша хабарлауға міндетті. Кредиторлардың борышкер банкрот деп танылғаннан кейін мәлімделген талаптары бойынша уақытша басқарушы шешім қабылданған күннен кейінгі күні осындай кредиторға жазбаша хабарлауға міндетті.

Кредитордың талабын (толық көлемде немесе бір бөлігінде) тану туралы хабарламада уақытша басқарушы кредиторлардың алғашқы жиналысын өткізу күнін, уақытын, орнын және күн тәртібін көрсетуге міндетті.

2. Уақытша басқарушының шешімімен келіспеген жағдайда кредитор, құрылтайшы (қатысушы) оған банкроттық туралы істі қарайтын сотқа он жұмыс күні ішінде шағымдануға құқылы.


92-бап. Кредиторлар талаптарының тізілімін жариялау


  1. Уақытша басқарушы борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешім шығарған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде кредиторлар талаптарының тізілімін уәкілетті органның интернет-ресурсына орналастыру үшін уәкілетті органға жіберуге міндетті.

Уәкілетті орган кредиторлар талаптарының тізілімін алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оны өзінің интернет-ресурсында орналастыруға міндетті.

  1. Кредитор жарияланған тізілімге енгізілген кез келген кредитор талабының мөлшері мен негізіне шағымдануға құқылы.

93-бап. Кредиторлар жиналысының банкроттық рәсіміндегі

өкілеттіктері


    1. Кредиторлардың алғашқы жиналысын уақытша басқарушы борышкер банкрот деп танылған күннен бастап күнтізбелік қырық бес күн мерзімінен кешіктірмей өткізеді.

2. Кредиторлардың алғашқы жиналысында:

1) кепіл мүлкіне бағалау жүргізу туралы шешім қабылданады;

2) уәкілетті органда тіркелген тұлғалар ішінен банкроттықты басқарушының кандидатурасы таңдалады;

3) кредиторлар комитетін құру туралы шешім қабылданады;

4) кредиторлар комитетінің саны айқындалады және кредиторлар комитетінің құрамы, төрағасы бекітіледі;

5) кредиторлар комитетінің жұмыс регламенті бекітіледі;

6) уақытша басқарушыға негізгі сыйақы төлемінің мөлшері айқындалады.

3. Кредиторлар жиналысының құзыретіне:



  1. кепіл мүлкін бағалау нәтижелерін ескере отырып, кепіл мүлкін кепілді кредиторларға олардың талаптарын қанағаттандыру үшін беру туралы мәселені қарау;

  2. банкроттықты басқарушының кандидатурасын таңдау;

  3. кредиторлар комитетінің құрамына өзгерістер мен толықтырулар енгізу;

  4. банкроттың мүліктік массасын түгендеу туралы есепті мақұлдау;

  5. мүлікті (активтерді) бағалауды жүргізу туралы шешім қабылдау;

  6. мүлікті сату жоспарын бекіту;

  7. банкроттың мүлкін (активтерін) тікелей сату туралы шешім қабылдау;

  8. мүлікті теңгерімдік құны бойынша электрондық аукционға қою туралы шешім қабылдау;

  9. борышкердің өндіріп алу мүмкін емес дебиторлық берешегінің сомасын бекіту;

  10. банкроттықты басқарушыға негізгі сыйақы төлемінің сомасын айқындау;

  11. банкроттықты басқарушыға қосымша сыйақы мөлшерін айқындау;

  12. қорытынды есепті келісу;

  13. банкроттық рәсімін жүргізу мерзімін ұзартуға келісім беру;

  14. борышкердің кредиторларымен есеп айырысуға көшуі туралы шешім қабылдау;

  15. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтар жатады.

4. Банкроттықты басқарушының кандидатурасын таңдау кезінде уәкілетті органда есепте тұрған тұлғаларға қатысты ұсынымдарды кредиторлар жиналысы дәрменсіз борышкердің мүлкі мен істерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың кәсіптік бірлестіктерінен алуы мүмкін.

Кредиторлар жиналысы сайланған кандидатты оның кандидатурасын уәкілетті органға ұсынғанға дейін оның банкроттықты басқарушы ретінде таңдалғаны туралы хабардар етуге міндетті.

Уәкілетті орган кредиторлар жиналысы ұсынған кандидатураны кредиторлар жиналысы оны ұсынған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде банкроттықты басқарушы етіп тағайындауға міндетті.

Уәкілетті орган осы Заңның 12-бабының 3-тармағы негізінде банкроттықты басқарушының кандидатурасын тағайындауға кедергі келтіретін мән-жайларды анықтаған жағдайда уәкілетті орган анықтаған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде кредиторлар жиналысына банкроттықты басқарушының кандидатурасын тағайындаудан дәлелді бас тартуды не осы Заңның 12-бабының 8-тармағының 11) тармақшасы негізінде банкроттықты басқарушының уәкілетті органдағы тіркеуден алып тасталғаны туралы хабарламаны жіберуге міндетті.

Кредиторлар жиналысы ұсынылған кандидатураны тағайындаудан уәкілетті орган бас тартқан жағдайда, банкроттықты басқарушы етіп тағайындау үшін басқа кандидатура ұсынуға міндетті.
94-бап. Кредиторлар комитетінің банкроттық рәсіміндегі

өкілеттіктері


Кредиторлар комитеті:

1) банкроттық рәсімінің өткізілуін және банкроттықты басқарушының қызметін жедел бақылауды жүзеге асырады;

2) банкроттықты басқарушымен шарт жасасады және оны бұзады;

3) шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын банкроттық рәсімін жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітеді;

4) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша әкімшілік шығыстардың орнын толтыру жағдайларын қоспағанда, әкімшілік шығыстардың сметасын және банкроттық рәсімін жүргізу үшін тартылатын қызметкерлердің санын бекітеді;

5) банкроттың жаңадан анықталған не мүліктік массаға қайтарылған мүлкін (активтерін) бағалауды жүргізу туралы шешім қабылдайды;

6) банкроттықты басқарушы сатып алатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесін айқындайды;

7) борышкер мен кредитор арасындағы талаптарды өзара есепке алу туралы шешім қабылдайды;

8) осы Заңда көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады..
95-бап. Кредиторлардың еңбекақы төлеу жөніндегі мүдделерін

білдіру
1. Борышкерге еңбекақы төлеу жөнінде талаптары бар адамдар жиналыста (конференцияда) жасырын дауыс беру арқылы борышкердің, оның кредиторларының алдында өздерінің мүдделерін қорғауға уәкілетті өкілді сайлайды.

Кредитордың еңбекақы төлеу жөніндегі өкілі кредиторлар комитетінің құрамына кіреді.

2. Осы баптың 1-тармағында көзделген тәртіппен сайланған өкіл банкроттық рәсімін жүргізу кезеңінде осы Заңмен өзіне берілетін кредитордың барлық құқықтарын пайдаланады. Өкіл кредиторлар талаптарының тізілімінде еңбекақы төлеу жөніндегі талаптарды бекіту нәтижелері және оларды қарау нәтижелері бойынша оны сайлаған жиналыс (конференция) алдында есеп береді.


96-бап. Мүліктік масса
1. Мүліктік массаның құрамына:

1) банкроттың, оның ішінде оның қаржылық құжаттарында көрсетілмеген, бірақ талап құқықтарын (дебиторлық берешек) қоса алғанда, борышкердің меншік құқығын растайтын құжаттары бар мүлкі;

2) Қазақстан Республикасының жер заңнамасында көзделген жағдайларда банкроттың тұрақты және ұзақ мерзімді уақытша жер пайдалану құқықтары кіреді.

2. Мүліктік массаға банкрот-дара кәсіпкердің, толық серіктестіктер қатысушыларының жеке мүлкі, толық және коммандиттік серіктестіктерінің бұрынғы қатысушыларының, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік қатысушыларының, сондай-ақ банкроттың мүлкі жеткіліксіз болған кезде Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасына сәйкес оларға өндіріп алуды қолдану мүмкін болатын өндірістік кооперативтің мүлкі бөлек кіреді және ескеріледі.

3. Қазақстан Республикасының заңдарында борышкерді банкроттыққа жеткізгені үшін өзге тұлғалардың субсидиарлық жауапкершілігі көзделген жағдайларда бұл жауапкершіліктің мөлшері кредиторлар талаптарының жалпы сомасы мен банкроттың мүліктік массасы арасындағы айырма ретінде айқындалады. Банкроттықты басқарушы осындай тұлғаларға борышкердің барлық кредиторларының мүдделері үшін талаптар қоюға міндетті. Жекелеген кредиторлардың өз мүдделерi үшін мұндай талаптар қоюына жол берiлмейдi.

4. Мүліктік массаға:

1) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтары;

2) Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес жобалық қаржыландыру кезінде арнайы қаржы компаниясының міндеттемелері бойынша қамтамасыз ету және секьюритилендiру кезінде арнайы қаржы компаниясының облигациялары бойынша қамтамасыз ету болып табылатын бөлiнген активтер мен ипотекалық облигациялар бойынша мынадай қамтамасыз ету болып табылатын кепіл мүлкі: ипотекалық тұрғын үй қарызы шарттары бойынша (ипотекалық куәліктерді қоса алғанда) талап құқығы, сондай-ақ көрсетілген акцияларға олардың ұстаушыларында мәмілелер не Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де негіздер бойынша меншік құқығы туындаған немесе оларға ауысқан жағдайларда Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары енгізілмейді. Банкроттықты басқарушы көрсетiлген мүлiк пен бөлiнген активтердi кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру үшiн Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес айқындалған ипотекалық облигацияларды ұстаушылардың өкiлiне, кредиторлардың және (немесе) облигацияларды ұстаушылардың өкiлiне береді;

3) Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңамасына сәйкес құрылған тарату қорларының қаражаты;

4) концессия объектiсiнiң құрамына кiретiн мүлiк;

5) Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексiнде көзделген, шығарындыларды азайту, сертификатталған шығарындыларды азайту, шығарындыларды ішкі азайту, парниктiк газдарды сiңiру квоталары бiрлiктерi;

6) осы Заңның 104-бабында көзделген тәртіппен және шарттармен кепілді кредиторға берген жағдайда кепіл мүлкі;

7) уақытша өтеусіз және уақытша қысқа мерзімді өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығы енгiзiлмейдi.
97-бап. Банкроттың мүліктік массасын түгендеу
1. Уақытша басқарушы банкроттың мүліктік массасын түгендеуді жүргізеді және кредиторлардың алғашқы жиналысына түгендеу туралы есепті ұсынады.

2. Түгендеу туралы есеп негізінде кредиторлар жиналысы:

1) түгендеу туралы есепті мақұлдау және банкроттықты басқарушыға мүліктік массаны бағалау мен өткізуге кірісуді тапсыру туралы;

2) түгендеу туралы есепті нақтылау және банкроттықты басқарушыға он жұмыс күнінен аспауға тиіс мерзімде қайталап түгендеу туралы есеп беру мерзімін белгілеу туралы шешім қабылдайды.

3. Жаңадан анықталған не борышкерге қайтарылған мүлікке (активтерге) қатысты банкроттықты басқарушы түгендеу туралы есепті осы мүлікті өзінің қорғауына және бақылауына қабылдаған кезден бастап бес жұмыс күні ішінде кредиторлар комитетіне ұсынуға міндетті.
98-бап. Банкрот мүлкінің (активтерінің) құнын бағалау
1. Уақытша басқарушының түгендеу туралы есебінде көрсетілген мүлікке (активтерге) бағалау жүргізу туралы шешімді кредиторлар жиналысы қабылдайды.

Жаңадан анықталған не мүліктік массаға қайтарылған мүлікке (активтерге) бағалау жүргізу туралы шешімді банкроттықты басқарушының түгендеу туралы есебін қарау кезінде кредиторлар комитеті қабылдайды.

2. Жиналыстың не кредиторлар комитетінің бағалау туралы шешімінде:

1) конкурстық комиссияның саны мен құрамы туралы мәліметтер;

2) бағалаушыны таңдау жөнінде конкурс жариялау және өткізу үшін мерзімдер қамтылуға тиіс.

3. Жиналыстың не кредиторлар комитетінің шешіміне сәйкес банкроттықты басқарушы конкурстық негізде тиісті мамандарды тарта отырып, дебиторлық берешекті қоса алғанда, борышкердің мүлкін (активтерін) бағалауды жүргізеді.

4. Банкроттықты басқарушы кредиторлар жиналысы шешімінің негізінде мүлікті оның теңгерімдік құны бойынша электрондық аукционға қоюға құқылы.
99-бап. Банкроттың мүлкін (активтерін) сату
1. Талап қою құқығын қоса алғанда, банкроттың мүлкiн сатуды банкроттықты басқарушы сату жоспарына сәйкес не тікелей сату әдісімен электрондық аукцион өткiзу арқылы жүзеге асырады.

Борышкердің (банкроттың) мүлкiн (активтерiн) сату бойынша электрондық аукционды өткiзу тәртiбiн және оны ұйымдастырушыны Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.

2. Банкроттықты басқарушы сату жоспарын банкроттың мүліктік массасын түгендеу және бағалау деректерінің негізінде, сондай-ақ мүлікті теңгерімдік құны бойынша электрондық аукционға қою туралы кредиторлар жиналысы шешімінің негізінде жасайды.

Банкроттың мүлкін сату жоспарында аукционға бірыңғай лотпен мүліктік массаны бастапқы қою бойынша міндетті шарт қамтылуға тиіс.

Банкроттықты басқарушы кредиторлар жиналысы белгілеген мерзімде сату жоспарын жасауға және оны кредиторлар жиналысына ұсынуға міндетті.

Егер аукцион бірыңғай лот бойынша өтпеген жағдайда не оған қатысушылардың ешқайсысы бірыңғай лотты иемденбесе, мүлікті өткізу бөлек лоттармен жүзеге асырылады

3. Банкроттың айналымда шектеулі мүлкін өткізу жабық электрондық аукционда жүзеге асырылады. Осы мүлікті иемденуге құқығы бар адамдар жабық электрондық аукционның қатысушылары бола алады.

4. Банкроттың мүлікті сату жоспарына сәйкес сатуға ұсынылған, бірақ өткізілмей қалған мүлкі өздерінің талаптары толық көлемде қанағаттандырылмаған тиісті кезектің кредиторларына, олардың келісімімен сату жоспарында көрсетілген бастапқы бағасы бойынша жалпы үлестік меншікке беруге жатады.

5. Стратегиялық объектіні сату кезінде Қазақстан Республикасы осындай мүлікті иемденуге басым құқыққа ие болады.

Банкроттықты басқарушы стратегиялық объектіні сатуды «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес оны иеліктен шығаруға рұқсат беру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімін алғаннан кейін жүзеге асырады.

6. Банкроттың мүлкін (активтерін) тікелей сату кезінде сату бағасы және басқа да шарттар, сондай-ақ сатып алушы және онымен сатып алу-сату шартын жасасу мерзімі кредиторлар жиналысының бірауыздан қабылданған шешімімен және мүліктің меншік иесінің келісімімен айқындалады.

7. Банкроттың мүліктік массасында банкроттықты басқарушы тағайындалғанға дейінгі мерзім ішінде құны айтарлықтай төмендейтін мүлік (тез бұзылатын тауарлар, мал және жедел өткізуді талап ететін өзге де тауарлар) болған жағдайларда, уақытша басқарушы осындай мүлік анықталған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде осындай мүлікті сату жоспарын жасауға және оны уәкілетті органға келісуге ұсынуға міндетті.

Уәкілетті орган екі жұмыс күні ішінде уақытша басқарушының өтінішін қарауға және қабылданған шешім туралы уақытша басқарушыны дереу хабардар ете отырып, сату жоспарын келісу не келісуден бас тарту туралы шешім қабылдауға міндетті

Уақытша басқарушы бекітілген сату жоспарына сәйкес мүлікті өткізуге міндетті.


100-бап. Мүліктік массаны бөлудің кезектілігі
1. Әкiмшiлiк және сот шығыстары банкрот мүлкiнiң есебiнен кезектен тыс өтеледi.

Банкроттық рәсімін жүргізуге байланысты әкiмшiлiк шығыстар олар бойынша төлеу міндеті банкроттық туралы іс қозғалған кезден бастап және одан кейінгі кезең ішінде туындаған, тартылатын мамандардың қызметтеріне ақы төлеу бойынша шығындарды, уақытша және банкроттықты басқарушыларға ағымдағы төлемдер сомасын, еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдарға еңбекақы төлеуді қамтиды.

Әкімшілік шығыстарға салықтық тексерулердің нәтижелері бойынша салық қызметі органы банкроттық рәсімі қолданылған салықтық кезеңнен кейінгі салықтық кезеңдер үшін есептеген, салық төлеушінің салықтық есептілікке сәйкес есептеген салықтар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер жатады.

Кредиторлар комитетінің банкроттықты басқарушымен жасасқан келісімі шегіндегі әкімшілік шығыстар сомаларын басқарушы олардың пайда болуына қарай төлеуі мүмкін.

2. Бірінші кезекте өмір мен денсаулыққа келтірілген зиянның орнын толтыру бойынша; алименттерді өндіріп алу бойынша; Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешектерді төлей отырып, еңбек шарты бойынша жұмыс істеген адамдарға еңбекақы мен өтемақыларды төлеу бойынша; авторлық шарттар жөніндегі сыйақыларды төлеу бойынша талаптар қанағаттандырылады.

Бірінші кезектегі талаптарды өтеу осы тармақта жазылған тәртіппен жүзеге асырылады.

Кредиторлардың өмірге немесе денсаулыққа келтірілген зиянның орнын толтыру бойынша талаптарын өтеу үшін мүлік жеткіліксіз болған кезде мүлік олардың тізілімге енгізілген талаптарының сомаларына пропорционалды түрде олардың арасында бөлінеді. Осы бөлік ережелері кредиторлардың алименттерді өндіріп алу бойынша; Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешектерді төлей отырып, еңбек шарты бойынша жұмыс істеген адамдарға еңбекақы мен өтемақыларды төлеу бойынша; авторлық шарттар жөніндегі сыйақыларды төлеу бойынша талаптарын өтеу кезінде қолданылады.

3. Екінші кезекте осы Заңның 104-бабында көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделген банкрот мүлкінің кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемелері бойынша кредиторлардың талаптары қанағаттандырылады.

4. Үшінші кезекте салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешек өтеледі.

5. Төртінші кезекте азаматтық-құқықтық және өзге де міндеттемелер бойынша басқа кредиторлармен есеп айырысу жүргізіледі, сондай-ақ осы Заңның 104-бабының 3-тармағында көзделген жағдайда кредиторлардың талаптары қанағаттандырылады.

6. Бесінші кезекте кредиторлардың залалдардың орнын толтыру және тұрақсыздық айыбын (айыппұлдарды, өсімпұлдарды) өндіріп алу бойынша талаптары қанағаттандырылады.
101-бап. Кредиторлармен есеп айырысу қағидалары


  1. Әрбір кезектің талаптары алдыңғы кезектегі талаптар толық қанағаттандырылғаннан кейін қанағаттандырылады.

Кредитордың талабы оның келісуімен Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін тәсілдермен, оның ішінде ақшалай нысанда және (немесе) мүлікті заттай беру арқылы қанағаттандырылуы мүмкін.

Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша кредитордан басқа кредитор оны банкроттықты басқарушы ұсынған күннен бастап күнтізбелік он бес күннен аспайтын мерзімде мүлікті талапты өтеу есебіне заттай қабылдау туралы өзінің жазбаша келісімін (келіспейтінін) білдіруге тиіс. Кредитордың жазбаша келісімін белгіленген мерзімде ұсынбауы мүлікті заттай қабылдаудан бас тартуы болып танылады.

2. Егер талаптарды есепке жатқызу кредиторлар талаптарын қанағаттандырудың кезектілігін бұзбаса, басқа тұлғалар тартылмай, тікелей, өзаралық негізде болып табылса, кредиторлар комитетінің шешімі бойынша банкроттықты басқарушы оның қабылданған күнінен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей кредиторға талаптарды есепке жатқызу туралы мәлімдеуге міндетті. Есепке жатқызуға ақшаны төлеу туралы талаптар бойынша ғана жол беріледі.

3. Кредиторлардың осы Заңның 90-бабының 3-тармағында көзделген мерзім өткеннен кейін, бірақ тарату теңгерімі бекітілгенге дейін мәлімделген талаптары, есептелген тұрақсыздық айыбын және сыйақыны (мүддені) немесе өзге де айыппұл санкцияларын, залалдарды ескере отырып, кредиторлардың қайтадан мәлімделген талаптарын қоспағанда, белгіленген мерзімде мәлімделген кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін банкроттың қалған мүлкінен қанағаттандырылады.

4. Бірінші кезектегі кредиторлардың барлық кредиторлармен есеп айырысу аяқталғанға дейін мәлімделген талаптары мүліктік масса есебінен қанағаттандырылуға жатады. Мұндай талаптарды тізілімге енгізгенге дейін кредиторлардың талаптарын өтеу тоқтатыла тұрады.

5. Банкрот мүлкінің жеткіліксіздігіне байланысты кредиторлардың қанағаттандырылмаған талаптары өтелді деп саналады.

Көрсетілген сомаларды кредитор банкроттық рәсімін аяқтау туралы сот ұйғарымының негізінде дебиторлық берешек есебінен шығаруға тиіс.
102-бап. Бірінші кезектегі кредиторлардың талабын

қанағаттандыру сомасы мен тәртібі


1. Борышкер өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін олардың алдында жауапты болатын азаматтар талаптарының сомасын айқындау азаматқа ол жетпіс жасқа толғанға дейін, бірақ кемінде он жыл бұрын төленуге жататын тиісті мерзімдік төлемдерді (борышкер банкрот деп танылған күнгі мөлшерде) капиталдандыру арқылы жүзеге асырылады. Егер азаматтың жасы жетпіс жастан асқан жағдайда, тиісті мерзімдік төлемдерді капиталдандыру кезеңі он жылды құрайды.

2. Осы баптың 1-тармағында көзделген тәртіпке сәйкес айқындалатын соманың төленуі банкроттың тиісті міндеттемесін тоқтатады.

3. Бірінші кезектегі кредиторлардың банкрот мүлкінің жеткіліксіздігіне байланысты қанағаттандырылмай қалған, өмір мен денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу бойынша талаптары Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен өтеледі.

4. Кредиторлардың еңбекақы және өтемақылар төлеу бойынша талаптарының сомасын айқындау кезінде, осы баптың 5 және


6-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, банкроттық туралы iс бойынша іс жүргізу қозғалған кезге түзілген берешек бірінші кезек құрамында ескеріледі.

5. Өздерімен еңбек қатынастары бiр жылдан басталатын банкроттық туралы iс қозғалғанға дейiнгi кезең iшiнде туындаған кредиторлардың еңбекақы мен өтемақы төлеу бойынша талаптары борышкерде банкроттық туралы iс қозғалғанға дейiнгi бiр жылдың алдындағы күнтiзбелiк он екi айда құралған орташа айлық жалақыдан аспайтын есеппен бірiншi кезек құрамында ескерiледi. Талаптардың қалған сомалары бесінші кезек құрамында ескерiледi.

6. Қызметкердiң жалақысын көтеру нәтижесiнде пайда болған, бiр жылдан бастап банкроттық туралы iс қозғалғанға дейiнгi кезеңде есептелген еңбекақы және өтемақы төлеу жөнiндегi кредиторлар талаптарының ұлғайту сомасы кредиторлар талаптарының тiзiлiмiнде бесiншi кезек құрамында ескерiледi.

103-бап. Екінші кезектегі кредиторлардың талаптарын

қанағаттандыру сомасы мен тәртібі
1. Кепілмен қамтамасыз етілген міндеттеме бойынша талаптың сомасын айқындау кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделген кепілмен қамтамасыз етілген бөлігіндегі міндеттеме бойынша берешек ескеріледі.

2. Кредитордың кепілмен қамтамасыз етілген міндеттеме бойынша талаптары кепіл нысанасын өткізуден түскен соманың мөлшері шегінде қанағаттандырылады. Талаптардың кепіл нысанасын өткізуден түскен соманың мөлшерінен асатын сомасы төртінші кезек құрамына енгізуге жатады.

3. Кепілді кредитор кепіл мүлікті заттай алуға келіскен кезде оның талаптарын өтеу осы Заңның 104-бабында көзделген тәртіппен және шарттармен жүргізіледі.
104-бап. Кепілді кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру


  1. Банкроттықты басқарушы кепіл мүлікті бағалауды жүргізу туралы кредиторлар жиналысы шешім қабылдаған күннен бастап күнтізбелік қырық бес күн ішінде кепіл мүлікті бағалауды жүргізуге және кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру үшін кепіл мүлікті кепілді кредиторларға беру туралы мәселені кредиторлар жиналысының кезекті отырысына шығаруға міндетті.

  2. Кредиторлар жиналысы кепіл мүлікті бағалау нәтижелерін ескере отырып, кепіл мүлікті кепілді кредиторға беруге келісу (беруден бас тарту) туралы шешім қабылдайды.

Егер жиналыс кепіл мүлікті кепілді кредиторға беруге келісу туралы шешім қабылдаған жағдайда, кепілді кредитор кредиторлар жиналысының құзыретіне кіретін қалған мәселелер бойынша шешімдер қабылдау кезінде кредиторлар жиналысында дауыс беру құқығынан айырылады.

Егер жиналыс кепіл мүлікті кепілді кредиторға беруден бас тарту туралы шешім қабылдаса, кепілді кредитор қалған мәселелер бойынша шешім қабылдаған жағдайда, кредиторлар жиналысында дауыс беруге құқығы болады, кепіл мүлік мүліктік массаға енгізілуге жатады, ал кепілді кредитордың талаптары осы Заңның 103-бабына сәйкес екінші кезектің құрамында қанағаттандырылуға жатады.

Кепілді кредитордың кредиторлар жиналысына келмеуі кепіл мүлікті қабылдаудан бас тартуға теңестіріледі. Кепілді кредитор кепіл мүлікті заттай қабылдаудан бас тартқан кезде кепіл мүлік банкроттың мүліктік массасына енгізіледі және кепілді кредитордың талаптары екінші кезектегі тәртіппен қанағаттандырылуға жатады.

Кепілді кредитордың өзіне кепіл мүлікті беруге қарсы дауыс беруі де кепіл мүлікті қабылдаудан бас тартуға теңестіріледі.

3. Егер кепіл мүліктің кепілді кредитор бірінші кезектегі кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру есебіне төлеген соманы шегергендегі бағалау құны кепілді кредитордың кепілмен қамтамасыз етілген талабынан артық болған жағдайда, онда айырманы кепілді кредитор кредиторлар жиналысы кепіл мүлікті кепілді кредиторға беру туралы шешім қабылдаған күннен бастап отыз күнтізбелік күннен кешіктірмей банкроттың мүліктік массасына қайтарады.

Егер кепіл мүліктің бағалау құны кепілді кредитор бірінші кезектегі кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру есебіне төлеген сомамен жиынтықта кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізілген кепілді кредитордың талаптарынан кем болған жағдайда, кепілді кредитордың талаптары айырма мөлшерінде кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізіледі және төртінші кезек құрамында қанағаттандырылуға жатады.

4. Кредиторлар жиналысы кепіл мүлікті беру туралы шешім қабылдаған күннен бастап күнтізбелік отыз күнге дейінгі мерзімде кепілді кредитор бірінші кезектегі кредиторлардың талаптарын және кепіл мүлікті сақтауға және ұстауға байланысты әкімшілік шығыстарды өтеуге міндетті. Егер кредиторлар жиналысы бірнеше кепілді кредиторға қатысты оларға кепіл мүлікті беру туралы шешім қабылдаған жағдайда, бірінші кезектегі кредиторлардың талаптарын өтеуді осындай кепілді кредиторлар олардың кепілмен қамтамасыз етілген талаптарының мөлшеріне пропорционалды түрде жүргізеді.

Кепіл мүлікті кепілді кредиторға беру ол бірінші кезектегі кредиторлардың талаптары мен кепіл мүлкін сақтауға және ұстауға байланысты әкімшілік шығыстарды өтегеннен кейін жүргізіледі.

5. Борышкер банкроттық туралы іс қозғалғанға дейін шарт міндеттемелерін орындау процесінде қандай да бір сомаларды өтеген жағдайда кепілді кредиторлардың талаптары олардың өтелген бөлігінде қанағаттандырылуға жатпайды.

Кепілге салынған мүліктің жоғалғаны немесе бүлінгені үшін сақтандыру өтелген жағдайда, кепілді кредиторлардың талаптары олардың өтелген бөлігінде қанағаттандыруға жатпайды және бұл талаптардың кез келген өтелмеген бөлігі төртінші кезек шеңберінде өтелуге тиіс.


105-бап. Үшінші кезектегі кредиторлар талаптарының сомасы және оларды қанағаттандыру тәртібі
1. Үшінші кезектегі талаптардың құрамына енгізілетін талаптардың сомасын айқындау кезінде банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізу қозғалған кезіне түзілген салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешек ескеріледі.

2. Егер борышкер банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізу қозғалғаннан кейінгі кезеңде салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді толық көлемде аудармаған жағдайда, сот борышкерді банкрот деп тану және оны банкроттық рәсім арқылы тарату туралы шешім шығарғанға дейін төленбеген сомалар борышкердің үшінші кезектегі кредиторлар алдындағы берешегінің жалпы сомасына енгізіледі.


106-бап. Төртінші кезектегі кредиторлар талаптарының сомасы

және оларды қанағаттандыру тәртібі


1. Төртінші кезектегі талаптар құрамына енгізілетін талаптар сомасын айқындау кезінде азаматтық-құқықтық және өзге де міндеттемелер бойынша кредиторлардың талаптары, сондай-ақ осы Заңның 104-бабына сәйкес туындаған кепілді кредиторлардың талаптары ескеріледі.

2. Мүлік жеткіліксіз болған кезде ол төртінші кезектегі кредиторлардың арасында олардың қанағаттандырылуға жататын талаптарының сомасына пропорционалды түрде бөлінеді.


107-бап. Бесінші кезектегі кредиторлар талаптарының сомасы және

оларды қанағаттандыру тәртібі




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет