Астрологтар наурыз айында жұлдыз белгілері барлық жұмысын кейінге қалдырып, арман-қиялына ерік беретінін айтты. Сондай-ақ басым көпшілігі айды ұйқымен өткізуі де мүмкін. Stan.kz тілшісі наурыз айына арналған жұлдыз жорамалды назарларыңызға ұсынады.

Фото: pixabay.com

Келер айда жұлдыз белгілерінің денсаулыққа баса назар аударып, толық тексеруден өткені абзал. Өйткені бұдан кейін дәрігерге қаралуға уақыт таппай қалуы әбден мүмкін. 

Тоқты

Тоқтылар үшін наурыз айы сәттілікке толы болмақ. Олар рухани және материалдық жағынан дамып, тіпті әлеуметтік мәртебесі көтеріліп, мансабы жоғарылайды. Барлығы өзіңіздің қалауыңызға байланысты. Бұл кезеңде ғарышты сізді жарқын ететіні сонша тоқтылар жаңа мүмкіндіктерді магнитше тартып, айналасындағы адамдардың назарында болады. Ұзақ уақыт күткен мүмкіндікті жіберіп алмас үшін мұқият болыңыз. Іштегі сенімсіздікті жойып, қарапайымдылықты шетке ысыра тұрғаныңыз дұрыс.

Торпақ

Торпақтарды наурыз айында керемет көңіл-күй мен шығармашылық шабыт күтіп тұр. Сол шабыт сіздің ғажап туындыларды жасауыңызға себеп болуы мүмкін. Не нәрсені қолға алсаңыз да, ісіңден оның шабыт пен махаббатқа толы екені көрініп тұрады. Айта кететін жайт, аспаздық гедонизмді (күйтшілдік) күнделікті әдетке айналдыруыңыз мүмкін. Ескеріңіз, мұның соңы артық салмақ қосуға әкеп соғуы ғажап емес. Сол себепті таза ауада серуендеуді, күнделікті жаттығу жасауды әдетке айналдырыңыз.

Егіздер

Егіздер үшін келер айдың алғашқы он күндігінде көп адамдармен сөйлесіп, түрлі интеллектуалдық мәселелерді шешуге мүмкіндік туады. Нәтижесінде жақсы табысқа кенелесіз. Онсыз да мазасыз зодиак белгілері наурыз айында әдеттегіден де белсенді болмақ. Бірақ өсек-аяңнан аулақ болғаныңыз жөн. Өйткені мұның соңы жақсылыққа апармайды. 10-20 наурызға дейін асқан белсенді болудың қажеті жоқ. Себебі салдарынан күйзеліске түсіп, шаршап қалуыңыз бек мүмкін. Айдың соңы іскерлік жұмыстарға немесе бәсекеге толы болмақ. Мұндайда тайсалмай, қиындыққа қарсы жүрсеңіз ғана жеңіске жетесіз.

Шаян 

Наурыз айы шаяндарға тың серпіліс береді. Әдетте үйден шықпайтын шаяндар бұл айда белсенділігімен көзге түседі. Көкжиегіңізді кеңейтуге деген ұмтылыс сізді алысқа апарады. Сондай-ақ руханилыққа бет бұрасыз. Мысалы, қажылыққа аттануыңыз мүмкін. Тек айдың соңғы он күнінде жұмысыңыз қарбаласқа толы болмақ.

Арыстан

Келер айда арыстандардың бойын сабырсыздық билейді. Жұмысыңыздағы, кәсібіңіздегі жалпы өміріңіздегі бір сарындылық сізді жалықтырғаны анық. Сіздің жаныңыз түрлі эмоцияны, қызық тапсырмалар мен әсерлі, шытырман оқиғаларды аңсайды. Наурыз айының соңында қалауыңыз орындалады, күтіңіз. Айдың 20-сына дейін мойныңыздағы қарыздарыңыздан құтылып, моральдық, физикалық және материалдық міндеттеріңізді орындап үлгеруге тырысыңыз. Себебі ай соңында бұларға еш уақытыңыз болмайды. 

Бикеш

Жұлдыздар келер айда бикештерге жандүниесіне, ішкі даусына құлақ асуға кеңес береді. Наурыз айының алғашқы жиырма күні қауырт жұмысқа толы болады. Салдарынан айналаңыздағы адамдармен сөзге келіп қалуыңыз мүмкін. Сол себепті арандатуға бой алдырмай, қандай жағдай болмасын сабыр сақтауға тырысыңыз. Осылайша маңызды адамдармен жақсы қарым-қатынасыңызға сызат түсірмей, дос болып қалуға болады. Қызбалыққа салынбай, мәселерге парасатты көзқараспен қарауға тырысыңыз.  Осындай қарбаласта ішкі дауысыңызға құлақ асу оңай болмасы анық. Десе де дұрыс таңдау жасау үшін жан дүниеңізге үңілуді естен шығармаңыз. 

Таразы

Таразылар сыртқы мәселелерді шешпес бұрын, алдымен жандүниесіндегі мазасыздықты басқаны дұрыс. Келер айда жұмыстағы қиындықтарды, әріптестермен арадағы жанжалды және жақын адамдарға деген реніштерді ұмытып, өзіңізді танумен айналысасыз. Мұныңыз дұрыс. Өйткені сізді мазалаған барлық мәселенің түп тамыры өзіңізде екенін түсінесіз. Осыны қолға алсаңыз барлығы өз орнына келеді.

Сарышаян

Наурыз айында сарышаяндардың демалып, күш жинап, қалпына келуге мүмкіндігі бар. Сарышаяндардың бар өмірі күреспен өтеді. Қоғаммен, әлеммен, түрлі жағдайлармен, тіпті өздерімен арпалысып жүріп мұндай күресті қалыпты жағдай деп ойлайды. Иә, арпалыс сарышаяндардың табиғатына тән құбылыс. Бірақ арасында үзіліс жасап, дем алуды да естен шығармаған дұрыс. 

Мерген

Келер ай мергендер үшін қызыққа толы болмақ. Жаңа идеялар туып, асқақ армандарды ойға аласыз. Алайда алғашқы жиырма күндікте асығыстық танытудың қажеті жоқ. Өйткені әзірге сіздің арман-мақсаттарыңыз шындықтан алыс. Оның қалыптасуына, нақтылануына уақыт керек. Сол себепті әзірге уақытыңызды бос өткізбей, жақсылап демалыңыз. Күнделікті жұмысыңызға тынығып барып кіріскеніңіз өзіңізге де пайдалы. 

Тауешкі

Наурыз айында тауешкілердің көптен жасырған құпиясы әшкереленеді. Оның жария болғаны жақсылық бастай ма әлде сізге кері әсер ете ме, ол тауешкінің жасырған құпиясына байланысты. Бұл құпия тың идеялар мен жаңа ойлар болуы да бек мүмкін. Бірақ 20 наурыздан кейін өтініштер, бұйрықтар, шағымдар, тапсырмалар көбейіп, жұмыстың астында қаласыз. Жеке өміріңіз де қарбаласқа толы болмақ. Мұндай жағдайда достарыңыздың қолдауы маңызды. 

Суқұйғыш

Келер айды суқұйғыштар өз өмірін ретке келтіруге арнамақ. Көбі суқұйғыштарды бос сөйлеп, ақыл айтудан басқа түк бітірмейді деп ойлауы мүмкін. Бірақ суқұйғыштар – әлемдегі барлық дүниені танып, білуге құштар жандар. Бұл жұлдыз белгілері ізденімпаз болғандықтан әр кез бір нәрсені есептеп, ойлап тауып жатады. Түрлі дүниеге бас ауыртқан сайын сіз өзіңіз үшін жаңа мүмкіндіктер ашасыз. Суқұғыштар жаратылысынан тамаша интеллектке ие және әзіл-қалжыңға жақын. Олардың бойындағы жалғыз кемшілік –тиянақсыздық пен немқұрайлық. Наурыз айында осы кемшіліктеріңізді жеңуге әрекет жасағаныңыз дұрыс.

Балықтар

Балықтар наурызда берешектерінен құтылып, түрлі мәселенің шешімін табады. Айдың алғашқы жартысында балықтарды жаңа таныстықтар күтеді. Олармен бірігіп қызық әрі пайдалы жобалар жасауы да бек мүмкін. Сондай-ақ жұлдыздар балықтарға үйден жырақта демалып, күш жинауға кеңес береді.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.