Об утверждении Правил



жүктеу 0.75 Mb.
бет1/5
Дата02.12.2017
өлшемі0.75 Mb.
түріКодекс
  1   2   3   4   5


Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің бұйрығы

2013 жылғы 18 желтоқсан №296 Астана қаласы
Мұрағат ісі және құжаттаманы басқару саласындағы кәсіби стандарттарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 138-5-бабының 3-тармағына сәйкес бұйырамын:

1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес мұрағатшы мамандығы бойынша кәсіби стандарт;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес археограф мамандығы бойынша кәсіби стандарт;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес мұрағаттық қойманың меңгерушісі мамандығы бойынша кәсіби стандарт;

4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес бас қор сақтаушысы мамандығы бойынша кәсіби стандарт;

5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес палеограф мамандығы бойынша кәсіби стандарт бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті (Б.С. Қалианбеков):

1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр М.ҚҰЛ-МҰХАММЕД.
«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрі

____________ Т. Дүйсенова

2013 жылғы 24 желтоқсан

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің

2013 жылғы 18 желтоқсандағы № 296 бұйрығына 1-қосымша


Мұрағатшы мамандығы бойынша

кәсіби стандарт
1. Жалпы ережелер

1. Мұрағатшы мамандығы бойынша кәсіби стандарт (бұдан әрі – КС) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 138-5-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленген және «91.01 Кітапханалар мен мұрағаттардың қызметі» кәсіби қызмет саласындағы біліктіліктің, құзыреттіліктің, мазмұнының, сапасы мен еңбек жағдайларының деңгейіне талаптарды анықтайды және:

1) еңбек саласы және кәсіби білім беру саласының өзара қарым-қатынасын реттеу;

2) кәсіби даярлау, біліктілігін арттыру және кәсіби қайта даярлау бағдарламаларын әзірлеу үшін талаптарды регламенттеу;

3) персоналды аттестациялау және сертификациялау кезінде қызметкерлердің құзыреттілігін бағалау үшін талаптарды регламенттеуге арналған.

2. КС-тың негізгі пайдаланушылары:

1) білім беру ұйымдарының түлектері, қызметкерлер;

2) ұйым басшылары, персоналды басқару ұйымы бөлімшелерінің басшылары мен мамандары;

3) мемлекеттік білім беру бағдарламаларын әзірлейтін мамандар;

4) кәсіби даярлықты бағалау және мамандардың біліктілігіне сәйкестігін растау саласының мамандары.

3. КС негізінде ұйымның біліктілік сипаттамалары, лауазымдық нұсқаулықтары, үлгілік білім бағдарламалары, үлгілік оқу бағдарламалары, корпоративтік стандарттары әзірленеді.

4. Осы КС-та төмендегі терминдер мен қысқартулар қолданылады:

1) біліктілік – қызметкердің белгілі бір еңбек қызметі түрінің шеңберінде нақты функцияларды сапалы орындауға дайындығы;

2) біліктілік деңгейі – еңбек іс-қимылдарының күрделілігі, стандартты еместігі, жауапкершілігі және дербестілігі параметрлеріне қарай сараланатын қызметкерлердің құзыретіне қойылатын талаптар жиынтығы;

3) еңбек заты – нақты еңбек құралдары көмегімен өнім әзірлеу мақсатында қызметкердің әрекеті бағытталған зат;

4) еңбек құралдары – еңбек заттарын бастапқы жағдайынан өнімге түрлендіруде қызметкердің қолданатын құралдары;

5) еңбек қызметінің түрі – еңбек функцияларының тұтас жиынтығы мен оларды орындау үшін құзыреттіліктерден құралған кәсіби қызмет саласының құрамдас бөлігі;

6) еңбек функциясы – бизнес-процесс айқындайтын және оларды орындау үшін қажетті құзыреттердің болуын көздейтін еңбек іс-қимылдарының кіріктірілген және салыстырмалы түрде автономды жиынтығын білдіретін еңбек қызметі түрінің құрамдас бөлігі;

7) кәсіби қызметтің саласы – жалпы интеграциялық негізі (ұқсас немесе жақын міндеттер, объектілер, технологиялар, оның ішінде еңбек құралдары) бар салалық үйлес еңбек функциялары мен оларды орындау үшін құзыреттіліктерді шамалайтын еңбек қызметі түрлерінің жиынтығы;

8) кәсіби стандарт бірлігі – еңбек қызметінің аталған түрі үшін тұтас, аяқталған, салыстырмалы түрде автономды және елеулі болып табылатын нақты еңбек функциясының жан-жақты сипаттамасынан тұратын КС құрылымдық элементі;

9) кәсіп, мамандық– арнайы теориялық білім мен арнайы дайындық нәтижесінде пайда болатын практикалық білік, жұмыс тәжірибесі кешенін меңгеруді қажет ететін еңбек қызметі түрі;

10) құзыреттілік – еңбек қызметінде білімін, дағдысы мен тәжірибесін қолдану қабілеті;

11) лауазым – лауазымдық құзіреттілік пен лауазымдық міндеттер жүктелген жұмыс берушінің құрылымдық бірлігі;

12) міндет – нақты еңбек заттары мен құралдарын пайдаланып еңбек функциясын жүзеге асыруға және нәтижеге жетуге байланысты әрекеттер жиынтығы;

13) сала – өндірілетін өнім, өндіріс технологиясы, негізгі қорлар мен қызметкерлердің кәсіби біліктері ортақ ұйымдардың жиыны;

14) салалық біліктілік шеңбері (СБШ) – салада танылған біліктілік деңгейлерін құрылымдық жағынан сипаттау;

15) ұлттық біліктілік шеңбері (ҰБШ) – еңбек нарығында танылған біліктілік деңгейлерін құрылымдық жағынан сипаттау;

16) функционалдық карта – белгілі бір немесе басқа да кәсіби қызмет саласында нақты қызмет түрін орындайтын қызметкердің еңбек функциялары мен міндеттерінің құрылымдық сипаттамасы.



2. КС паспорты


5. Бұл КС мынаны айқындайды:

1) экономикалық қызметтің түрі (кәсіби қызметтің саласы):

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышы (бұдан әрі – ҚР МЖ 03-2007 «91.01 Кітапханалар мен мұрағаттардың қызметі».

2) экономикалық қызмет түрлерінің (кәсіби қызмет саласының) негізгі мақсаты:

мұрағат ісі және құжаттаманы басқару саласында белгіленген талаптарға сәйкес қызметті жүзеге асыру;

3) біліктілік деңгейлері бойынша еңбек қызметінің (мамандық) түрлері осы КС 1-қосымшасына сәйкес.


3. Еңбек қызметі (мамандық) түрлерінің карточкасы

6. Еңбек қызметі (мамандық) түрлерінің карточкасы :

1) Біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 5; СБШ бойынша – 5.

2) ҚР МКС 01-2005 – Қазақстан Республикасы мемлекеттік кәсіптер сыныптауышы: 2431 «Мұрағатшылар, мұражайлар сақтаушылары және ұқсас кәсіп мамандары»;

3) лауазымдардың (мамандық) мүмкін атаулары: мұрағатшы, мұрағатшы маман, маман;

4) орындалатын еңбек қызметінің жалпы сипаттамасы:

мұрағат ісі және құжаттаманы басқару саласында белгіленген талаптарға сәйкес қызметті жүзеге асыру;

5) жұмыс жасауға болатын орындар, қызметкердің кәсіби біліміне және оқытуына қойылатын талаптар, біліктілігін растайтын сертификаттың қажеттілігі, жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа қол жеткізудің ерекше жағдайлары осы КС 2 қосымшасында берілген.


4. КС бірліктерінің тізбесі

7. КС бірліктерінің тізбесі осы КС 3-қосымшасында көрсетілген және КС бірлігінің шифры мен атауы бар.


5. КС бірліктерінің сипаттамасы

8. КС бірліктерінің сипаттамасы осы КС 4-қосымшасының 1-2 кестелерінде көрсетілген.


6. Осы КС негізінде берілетін сертификаттардың түрлері

9. Мамандардың кәсіби даярлығын бағалау және біліктілігіне сәйкестігін растау саласындағы ұйымдармен осы КС негізінде сертификаттар беріледі.

10. Осы КС негізінде берілетін сертификаттардың түрлері, сертификатты алу үшін осы КС 3-қосымшасында көрсетілген меңгерілуі міндетті КС бірліктерінің тізбесіне сәйкес анықталады.
7. Әзірлеушілер, келісу парағы, КС сараптама жасау және тіркеу

11. КС әзірлеушісі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі болып табылады.

12. КС келісу парағы осы КС 5 қосымшасында көрсетілген.
Мұрағатшы мамандығы бойынша кәсіби стандартқа 1-қосымша
Біліктілік деңгейі бойынша қызметтердің (мамандықтардың) түрлері


р/с

Қызмет түрлерінің атауы


Еңбек нарығында танылған мамандар атауы



ҚР МК 01-2005 сәйкес кәсіптер атауы



СБШ бойынша біліктілік деңгейі




БТБА бойынша дәреже

1

Мұрағат ісі және құжаттаманы басқару саласында белгіленген талаптарға сәйкес қызметті жүзеге асыру


мұрағатшы

мұрағатшы

4-5

-

Ескерту: БТБА – жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
Мұрағатшы мамандығы бойынша кәсіби стандартқа 2-қосымша

1. Мамандығы бойынша жұмыс жасауға болатын орындар. Мұрағатшының еңбек жағдайына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар


Мамандығы бойынша жұмыс жасауға болатын орындар

Ұлттық мұрағатта, орталық мемлекеттік мұрағаттарда, облыстардың, қалалардың, аудандардың мемлекеттік мұрағаттарында және олардың филиалдарында, арнайы мемлекеттік мұрағаттарда, ұйымдардың құжаттамамен қамтамасыз ету қызметтерінде, ведомстволық және жеке мұрағаттарында


Зиянды және қауіпті еңбек жағдайы

құжаттарды сақтаумен, пайдаланумен, жинақтаумен байланысты зиянды еңбек жағдайы болады


Жұмысқа жіберудің ерекше шарттары


құпия және таратылуы шектелген мәліметі бар құжаттармен жұмыс жүргізуге қол жеткізудің ерекше жағдайы болады


СБШ бойынша біліктілік деңгейі

Кәсіби білім және оқу деңгейі


Талап етілетін жұмыс тәжірибесі


5.4

(Санатсыз мұрағатшы)



Тарих, мұрағаттану, құжаттану және құжаттамамен қамтамасыз ету, заңгер, филология мамандықтары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім

жұмыс өтіліне талап қойылмайды

5.3

(Екінші санатты мұрағатшы)



Тарих, мұрағаттану, құжаттану және құжаттамамен қамтамасыз ету, заңгер, филология мамандықтары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім

мұрағат саласындағы жұмыс өтілі кем дегенде 1 жыл

5.2

(бірінші санатты мұрағатшы)



Тарих, мұрағаттану, құжаттану және құжаттамамен қамтамасыз ету, заңгер, филология мамандықтары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім

мұрағат саласындағы жұмыс өтілі кем дегенде 2 жыл

5.1

(Жоғары санатты мұрағатшы)



Тарих, мұрағаттану, құжаттану және құжаттамамен қамтамасыз ету, заңгер, филология мамандықтары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім

мұрағат саласындағы жұмыс өтілі кем дегенде 3 жыл

4.4

(Санатсыз мұрағатшы)



тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіби (орта арнайы, орта кәсіби) білімі

жұмыс өтіліне талап қойылмайды

4.3

(Екінші санатты мұрағатшы)



тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіби (орта арнайы, орта кәсіби) білімі

архивариус және іс жүргізуші лауазымдары бойынша жұмыс өтілі кем дегенде 1 жыл

4.2

(бірінші санатты мұрағатшы)



тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіби (орта арнайы, орта кәсіби) білімі

архивариус және іс жүргізуші лауазымдары бойынша жұмыс өтілі кем дегенде 2 жыл

4.1

(Жоғары санатты мұрағатшы)



тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіби (орта арнайы, орта кәсіби) білімі

архивариус және іс жүргізуші лауазымдары бойынша жұмыс өтілі кем дегенде 3 жыл

Мұрағатшы мамандығы бойынша кәсіби стандартқа 3-қосымша


КС бірліктерінің тізбесі

Мұрағатшының еңбек қызметінің (мамандығының) түрі

еңбек функциясының №


Еңбек функциясының атауы


Ф 1

Ұлттық мұрағат қоры және жеке құрам бойынша құжаттарды жинақтау бойынша жұмыс


Ф 2

Ұлттық мұрағат қоры және жеке құрам бойынша құжаттарды сақтауды қамтамасыз ету


Ф 3

Ұлттық мұрағат қоры және жеке құрам бойынша құжаттардың мемлекеттік есебін жүргізу


Ф 4

Ұлттық мұрағат қоры және жеке құрам бойынша құжаттарды пайдалану


Ф 5

іс жүргізу және құжаттарды сақтау мәселелері бойынша толықтыру көздері-ұйымдарға әдістемелік көмек көрсету

Ескерту: Ф - функция


Мұрағатшы мамандығы бойынша кәсіби стандартқа 4-қосымша


КС бірліктерінің сипаттамасы (функционалдық карта)

1-кесте


1. СБШ 4 деңгейдегі мұрағатшының еңбек қызметінің (мамандығы) түрі

Шифр


Еңбек құралдары

Еңбек жабдықтары

Міндеттер

Білу және дағдылану


Білім

Ф 1


Мұрағаттық құжаттар, есептік құжаттама

Жеке компьютер, деректер базасы


3.1.1. Құжаттарды тігуді және түптеуді, мұқабалауды жүзеге асыру;

3.1.2. Құжаттарды тұрақты сақтауға қабылдау бойынша жұмысқа қатысу;

3.1.3. Құжаттарды тұрақты сақтауға қабылдауды жүзеге асыру. Құжаттар құндылығына сараптама жүргізу, есепке алу және табылмаған істерді іздестіру бойынша жұмысқа қатысу. Мұрағаттың толықтыру көздері болып табылатын ұйымдар тізімін жасауға қатысу;

3.1.4. Мұрағаттың толықтыру көздері болып табылатын ұйымдар құжаттарын мұрағатқа тұрақты сақтауға іріктеуді және қабылдауды ұйымдастыру, келіссөздер жүргізу. Мұрағаттың толықтыру көздері болып табылатын ұйымдар тізімін жасау. Есепке алуды және табылмаған істерді іздестіруді жүзеге асыру.



1) практикалық білімдерді пайдалана отырып стандарттық және практикалық міндеттерді шешу және орындау;

2) мұрағат ісі саласындағы практикалық тәжірибе негізінде атқару тәсілдерін таңдау.



Мұрағат құжаттары кешенінің құрамы мен мазмұнын білу.

Ф 2

Мұрағаттық құжаттар, есептік құжаттама

Жеке компьютер, стеллаждар, температура мен ылғалдылықты бақылайтын құралдар (термометр, гигрометр)


3.2.1. Мұрағаттық құжаттарды тасымалдау, орнын ауыстыру. Мұрағаттық құжаттарды орналастыру. Істерді шаң-тозаңнан арылтуды жүзеге асыру. Істердің толықтығы мен жай-күйін тексеру жұмысына қатысу;

3.2.2. Мұрағат қоймасынан құжаттар беруді және оларды қайтаруды жүзеге асыру;

3.2.3. Істердің толықтығы мен жай-күйін тексеру. Құжаттарды сақтаудың температуралық-ылғалдылық, санитарлық-гигиеналық және күзету режимдеріне, мұрағат қоймаларының өртке қарсы жай-күйіне бақылау;

3.2.4. Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және оларды мұрағат қоймаларында тиімді орналастыру.



1) теориялық және практикалық білімдерді пайдалана отырып стандарттық және практикалық міндеттерді шешу және орындау;

2) мұрағат саласындағы практикалық тәжірибе негізінде атқару тәсілдерін таңдау;

3) алынған нәтижелерді ескере отырып қызметті түзету.


Мұрағат құжаттары кешенінің құрамы мен мазмұнын, мұрағат құжаттарын сақтаудың және жіктеудің жүйесін білу.

Ф 3

Мұрағаттық құжаттар, есептік құжаттама

Жеке компьютер, деректер базасы


3.3.1. Тізімдемелерді жетілдіру және қайта өңдеу кезінде жұмыстың техникалық түрлерін жүзеге асыру;

3.3.2. Негізгі есептік құжаттарды жүргізу бойынша жұмысқа қатысу, мұрағат құжаттарын ғылыми сипаттау бойынша жұмыс;

3.3.3. Негізгі есептік құжаттарды жүргізу бойынша жұмысқа қатысу, мұрағаттың толықтыру көздерінің тізімін жасау. Тізімдемелерді жетілдіру және қайта өңдеу;

3.3.4. Негізгі есептік құжаттарды жүргізу, мұрағаттың толықтыру көздерінің тізімін жасау. Толықтыру көздері – ұйымдарда уақытша сақтаудағы құжаттардың мемлекеттік есебін жүргізу.



1) теориялық және практикалық білімдерді пайдалана отырып стандарттық және практикалық міндеттерді шешу және орындау;

2) мұрағат саласындағы практикалық тәжірибе негізінде атқару тәсілдерін таңдау;

3) алынған нәтижелерді ескере отырып қызметті түзету.


Мұрағаттауды жүргізуді реттейтін нормативтік техникалық құжаттаманы білу

Ф 4

Мұрағаттық құжаттар, есептік құжаттама, ғылыми-анықтамалық аппарат

Жеке компьютер, деректер базасы


3.4.1. Құжаттарды ғылыми сипаттау кезіндегі техникалық жұмыс түрлерін жүзеге асыру;

3.4.2. Каталогтар, деректер базасын жүргізу, мұрағат құжаттарының құрамы мен мазмұны туралы ақпараттық-анықтамалық басылым дайындау кезіндегі жоғары біліктілікті талап етпейтін жұмысты орындау. Оқу залында жұмыс жасайтын зерттеушілерге қызмет көрсетуге қатысу. Мәтінді түпнұсқамен салыстыру;

3.4.3. Мұрағат құжаттарының құрамы мен мазмұны туралы ақпараттық-анықтамалық басылым дайындауға қатысу. Мұрағаттық құжаттар бойынша ғылыми-анықтамалық аппаратының, деректер базасының жай-күйіне талдауды және есепке алуды жүзеге асыруға қатысу. Көрмелер, бұқаралық ақпараттық құралдары үшін материалдар дайындауға қатысу;

3.4.4. Мұрағат құжаттарының құрамы мен мазмұны туралы ақпараттық-анықтамалық басылым дайындау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу. Мұрағаттық құжаттар бойынша ғылыми-анықтамалық аппаратының, деректер базасының жай-күйіне талдауды және есепке алуды жүзеге асыру. Мұрағат бойынша экскурсия жүргізу, көрмелер, бұқаралық ақпараттық құралдары үшін материалдар дайындау.



1) теориялық және практикалық білімдерді пайдалана отырып, стандарттық және практикалық міндеттерді шешу және орындау;

2) мұрағат саласын-дағы практикалық тәжірибе негізінде атқару тәсілдерін таңдау;

3) алынған нәтиже-лерді ескере отырып қызметті түзету.


Мұрағаттауды жүргізуді реттейтін нормативтік техникалық құжаттаманы білу;

Мемлекеттік және ведомстволық мұрағаттар жұмысының қағидаларын, кино-фото, фоноқұжаттармен және ғылыми-техникалық құжаттамамен жұмыс қағидаларын білу.



Ф 5

Мұрағаттық құжаттар, есептік құжаттама, ғылыми-анықтамалық аппарат

Жеке компьютер, деректер базасы


3.5.1. Мұрағатты толықтыру көздері – ұйымдардың мұрағаттық қызметтерінде, ведомстволық мұрағаттарында, іс жүргізудегі құжаттарды ұйымдастыруда ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсетуге қатысу;

3.5.2. Мұрағатты толықтыру көздері – ұйымдардың мұрағаттық қызметтерінде, ведомстволық мұрағаттарында, іс жүргізудегі құжаттарды ұйымдастыруда ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсету;

3.5.3. Мұрағатты толықтыру көздері – ұйымдардың мұрағаттық қызметтерінде, ведомстволық мұрағаттарында, іс жүргізудегі құжаттарды ұйымдастыруда ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсету


1) теориялық және практикалық білімдерді пайдалана отырып, стандарттық және практикалық міндеттерді шешу және орындау;

2) мұрағат саласын-дағы практикалық тәжірибе негізінде атқару тәсілдерін таңдау;

3) алынған нәтиже-лерді ескере отырып қызметті түзету.


Мұрағаттауды жүргізуді реттейтін нормативтік техникалық құжаттаманы білу;

Мемлекеттік және ведомстволық мұрағаттар жұмысының қағидаларын, кино-фото, фоноқұжаттармен және ғылыми-техникалық құжаттамамен жұмыс қағидаларын білу.


2-кесте


2. СБШ 5 деңгейдегі мұрағатшының еңбек қызметінің (мамандығы) түрі

Шифр


Еңбек құралдары

Еңбек жабдықтары

Міндеттер

Білу және дағдылану


Білім

Ф 1


Мұрағаттық құжаттар, есептік құжаттама

Жеке компьютер,

деректер базасы




3.1.1. Істерді шифрлеуді, нөмірлеуді және істердегі парақтар нөмірлерін тексеруді жүзеге асыру;

3.1.2. Құжаттар құндылығына сараптама жүргізу бойынша жұмысқа қатысу;

3.1.3. Мұрағаттың толықтыру көздері – ұйым құжаттарын іріктеуді және тапсыруды ұйымдастыру бойынша жұмысқа қатысу. Шетел мұрағаттары мен ғылыми мекемелеріндегі Қазақстан тарихына қатысты құжаттарды анықтау бойынша жұмысқа қатысу;

3.1.4. Залалсыздандыру, қалпына келтіру, түптеу, бұзылудан сақтау-прфилактикалық өңдеу бойынша жұмыстар жүргізу үшін құжаттар құндылығына сараптауды, мұрағаттық құжаттарды іріктеуді ұйымдастыру және жүргізу; Ведомстволық мұрағаттарда төлқұжаттауды жүргізу. Шетел мұрағаттары мен ғылыми мекемелеріндегі Қазақстан тарихына қатысты құжаттарды анықтау.



1) теориялық және практикалық білімдерді пайдалана отырып стандарттық және практикалық міндеттерді шешу және орындау;

2) мұрағат саласын-дағы практикалық тәжірибе негізінде атқару тәсілдерін таңдау;

3) алынған нәтиже-лерді ескере отырып қызметті түзету.


өңдеу машиналар жұмысының қалдық ресурстарын анықтау әдістерін білу, талдау негізінде алынған деректерді салыстыруды білу.

Ф 2

Мұрағаттық құжаттар, есептік құжаттама

Жеке компьютер, стеллаждар, температура мен ылғалдылықты бақылайтын құралдар (термометр, гигрометр)


3.2.1. Қалпына келтіру-қайта қалпына келтіру жұмыстарын, залалсыздандыруды және дәрілеуді, сақтандыру қоры мен пайдалану қорын жасауды жүргізуге құжаттарды дайындау. Мұрағат қоймасынан құжаттар беруді және оларды мұрағат қоймасына қайтаруды жүзеге асыру;

3.2.2. Құжаттарды топографиялау бойынша жұмыс жүргізу;

3.2.3. Залалсыздандыру, қалпына келтіру, түптеу, бұзылудан сақтау-профилак-тикалық өңдеу бойынша жұмыстар жүргізу үшін мұрағаттық құжаттарды іріктеуді жүзеге асыру;

3.2.4. Құжаттарды сақтаудың температуралық-ылғалдылық, санитар-лық-гигиеналық және күзету режимдеріне, мұрағат қоймаларының өртке қарсы жай-күйіне бақылауды жүзеге асыру.




1) теориялық және практикалық білімдерді пайдалана отырып стандарттық және практикалық міндеттерді шешу және орындау;

2) мұрағат саласын-дағы практикалық тәжірибе негізінде атқару тәсілдерін таңдау;

3) алынған нәтиже-лерді ескере отырып қызметті түзету.


Мұрағаттық құжаттардың сақталуын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету әдістерін білу;

Мемлекеттік және ведомстволық мұрағаттар жұмысының қағидаларын, кино-фото, фоноқұжаттармен және ғылыми-техникалық құжаттамамен жұмыс қағидаларын білу.



Ф 3

Мұрағаттық құжаттар, есептік құжаттама

Жеке компьютер, деректер базасы


3.3.1. Қосымша есептік құжаттар жүргізу. Деректер базасына ақпарат енгізу;

3.3.2. Тізімдемелерді жетілдіру және қайта өңдеу бойынша жұмыстарға қатысу. Каталогтар, деректер базасын жүргізу;

3.3.3. Қорлар каталогтарын, деректер базасын, тақырыптық әзірлемелерін жүргізу. Мұрағат құжаттары бойынша ғылыми-анықтамалық аппараттың, деректер базасының жай-күйін талдау және есепке алу;

3.3.4. Толықтыру көздері – ұйымдарға әдістемелік көмек. Ведомстволық мұрағаттарда төлқұжаттауды жүргізу. Тізімдемелерді жетілдіру және қайта өңдеу, каталогтар, деректер базасын жасау және жүргізу. Қорлардың тақырыптық әзірлемелерін жүзеге асыру. Мұрағаттық қорларды санаттау бойынша жұмыс жүргізу.



1) теориялық және практикалық білімдерді пайдалана отырып стандарттық және практикалық міндеттерді шешу және орындау;

2) мұрағат саласын-дағы практикалық тәжірибе негізінде атқару тәсілдерін таңдау;

3) алынған нәтиже-лерді ескере отырып қызметті түзету.


Бөлімнің бейіні бойынша әдістемелік құралдар әзірлеу әдістерін білу;

Мемлекеттік және ведомстволық мұрағаттар жұмысының қағидаларын, кино-фото, фоноқұжаттармен және ғылыми-техникалық құжаттамамен жұмыс қағидаларын білу; мұрағат ісі саласындағы ғылыми-зерттеу және әдістемелік әзірлемелерді білу.



Ф 4

Мұрағаттық құжаттар, есептік құжаттама

Жеке компьютер, деректер базасы


3.4.1. Көрмелерді ресімдеу кезінде техникалық жұмыс түрлерін жүзеге асыру. Жеке және заңды тұлғалардың сұранымдарын орындау;

3.4.2. Көрмелер ұйымдастыруға, бұқаралық ақпараттық құралдар үшін материалдар дайындауға қатысу. Жеке және заңды тұлғалардың сұранымдарын орындау. Құжаттық жарияланымдар үшін құжаттар анықтау және іріктеу, археографиялық ресімдеу, құжаттарға түсініктеме, жарияланымдарға ғылыми-анықтамалық аппарат жасау бойынша жұмысқа қатысу;

3.4.3. Арнайы білім мен қабілетті талап ететін жеке және заңды тұлғалардың күрделі сұранымдарын орындау. Оқу залында жұмыс жасайтын зерттеушілерге қызмет көрсетуді қамтамасыз ету, пайдаланушылардың өтініші бойынша құжаттар көшірмелеуді ұйымдастыру. Құжаттық жарияланымдар үшін құжаттар анықтау және іріктеу, археографиялық ресімдеу, құжаттарға түсініктеме, жарияланымдарға ғылыми-анықтамалық аппарат жасау;

3.4.4. Жоғары біліктілікті, арнайы білім мен қабілетті талап ететін өте күрделі сұранымдарды орындау. Мұрағат оқу залының жұмысын ұйымдастыру. Құжаттық жарияланымдарды құрастыруға жауаптылық. Құжаттарды баспаға дайындау, бірлесе орындаушылардың жұмысын үйлестіру және әдістемелік қамтамасыз ету. Құжаттық жарияланымдар үшін құжаттар анықтау және іріктеу, археографиялық ресімдеу, құжаттарға түсініктеме. Жарияланымдарға ғылыми-анықтамалық аппарат жасау. Жарияланымдарды ғылыми саралау.



1) теориялық және практикалық білімдерді пайдалана отырып стандарттық және практикалық міндеттерді шешу және орындау;

2) мұрағат саласын-дағы практикалық тәжірибе негізінде атқару тәсілдерін таңдау;

3) алынған нәтиже-лерді ескере отырып қызметті түзету.


Мұрағаттық құжаттарды сақтауға жауапты ұйымдар мен құрылымдық бөлімшелерге әдістемелік көмек көрсету үшін бөлімнің бейіні бойынша әдістемелік құралдар әзірлеу жөніндегі әдістерді білу;

Мемлекеттік және ведомстволық мұрағаттар жұмысының қағидаларын, кино-фото, фоноқұжаттармен және ғылыми-техникалық құжаттамамен жұмыс қағидаларын білу; мұрағат ісі саласындағы ғылыми-зерттеу және әдістемелік әзірлемелерді білу.



Ф 5

Мұрағаттық құжаттар, есептік құжаттама, ғылыми-анықтамалық аппарат

Жеке компьютер, деректер базасы


3.5.2. Мұрағаттық қызметтер, ведомстволық мұрағаттар жұмысына, толықтыру көздері – ұйымдардың іс жүргізуінде құжаттарды ұйымдастыруда ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсетуге қатысу.

3.5.3. Мұрағаттық қызметтер, ведомстволық мұрағаттар жұмысына, толықтыру көздері – ұйымдардың іс жүргізуінде құжаттарды ұйымдастыруда ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсету.

3.5.4. Мұрағаттың толықтыру көздері – ұйымдарда мұрағат ісі саласында заңнамалық және нормативтік құқықтық актілердің сақталуына бақылауды жүзеге асыру. Мұрағат құжаттарының құрамы мен мазмұны туралы зерттеушілерге кеңес беру.


1) теориялық және практикалық білімдерді пайдалана отырып стандарттық және практикалық міндеттерді шешу және орындау;

2) мұрағат саласын-дағы практикалық тәжірибе негізінде атқару тәсілдерін таңдау;

3) алынған нәтиже-лерді ескере отырып қызметті түзету.


Мұрағаттық құжаттарды сақтауға жауапты ұйымдар мен құрылымдық бөлімшелерге әдістемелік көмек көрсету үшін бөлімнің бейіні бойынша әдістемелік құралдар әзірлеу жөніндегі әдістерді білу;

Мемлекеттік және ведомстволық мұрағаттар жұмысының қағидаларын, кино-фото, фоноқұжаттармен және ғылыми-техникалық құжаттамамен жұмыс қағидаларын білу; мұрағат ісі саласындағы ғылыми-зерттеу және әдістемелік әзірлемелерді білу.


Мұрағатшы мамандығы бойынша кәсіби стандартқа 5-қосымша






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет