Объектілерді қорғауға арналған өрт техникасының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар



жүктеу 1.3 Mb.
бет1/7
Дата09.07.2018
өлшемі1.3 Mb.
түріРегламент
  1   2   3   4   5   6   7

"Объектілерді қорғауға арналған өрт техникасының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы N 16 Қаулысы


      "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Объектілерді қорғауға арналған өрт техникасының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің       
2009 жылғы 16 қаңтардағы
N 16 қаулысымен    
бекітілген       
"Объектілерді қорғауға арналған өрт техникасының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті 1. Қолданылу саласы
      1. Осы "Объектілерді қорғауға арналған өрт техникасының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент):
      1) Қазақстан Республикасының " Өрт қауіпсіздігі туралы " 1996 жылғы 22 қарашадағы, " Қазақстан Республикасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы " 2001 жылғы 16 шілдедегі, " Техникалық реттеу туралы " 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңдарын іске асыру;
      2) азаматтар өмірі мен денсаулығын, жеке және заңды тұлғалардың мүлкін, сондай-ақ мемлекеттік мүлікті өрттен қорғау мақсатында қабылданды.
      2. Техникалық регламент кәсіпорындарды, ғимараттар мен құрылыстарды (бұдан әрі - объектілерді) қорғауға арналған өрт техникасын орналастыруға және оған қызмет көрсетуге, сондай-ақ оның тіршілік циклінің процестеріне қойылатын талаптарды белгілейді.
      3. Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметінің тауарлық номенклатурасына (ҚР СЭҚ ТН) сәйкес осы Техникалық регламенттің талаптары қолданылатын өнімдердің тізбесі осы Техникалық регламентке 1-қосымшада келтірілген.
2. Терминдер мен анықтамалар
      4. Осы Техникалық регламентте " Өрт қауіпсіздігі туралы ", " Техникалық реттеу туралы " Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес негізгі ұғымдар қолданылады және тиісті анықтамаларымен мынадай терминдер қосымша пайдаланылады:
      1) өрт сөндірушінің әскери киімі - өрт сөндірушінің судан және беттік-белсенді заттардан қорғауға арналған киімі;
      2) жауынгерлік есеп - нормативтік құжаттармен белгіленген міндеттері бар өрт машинасындағы жеке құрам;
      3) сорғыш өрт түтік құбыры (сорғыш түтік құбыр) - суды өрт сорғысының көмегімен су көзінен алуға арналған қатты құрастырмалы өрт түтік құбыры;
      4) сорғыш өрт торы (сорғыш тор) - сорғыш желінің өздігінен босауын болдырмайтын және оған бөтен заттардың түсуін болдырмайтын құрылғы;
      5) жылжымалы өрт сатысы - арқандық тарту әсерінен бірнеше телескоптық жылжитын иіндерден тұратын, өрт бөлімшесінің жеке құрамын ғимараттардың екінші және үшінші қабаттарына, үй-жайлардың шатыры мен төбесіне көтерілуі үшін, өрт кезінде ғимарат ішінде (залдарда) жұмыс істеу үшін, сондай-ақ оқу-жаттығу жұмыстарына арналған өрт қол сатысы;
      6) орташа еселікті көбік генераторы (көбік генераторы) - көбік түзгіш су ерітіндісінен орташа еселікті ауа-механикалық көбікті алу және оны өрт ошағына беруге арналған құрылғы;
      7) тыныс алу аппараты - тыныс алу және көру органдарын өрт сөндіру және аварияларды жою кезінде дем алу үшін зиянды уытты және түтіндеген газ ортасының әсерінен қорғауға арналған аппарат;
      8) жылулық өрт хабарлағыш - температураның бегілі бір маңызына және (немесе) оның өсу жылдамдығына ден қоятын автоматты өрт хабарлағыш;
      9) түтіндік өрт хабарлағыш - жанудың аэрозольді өнімдеріне ден қоятын автоматты өрт хабарлағыш;
      10) оптикалық өрт хабарлағыш - хабарлаушының электромагниттік сәулеленуді жұлуы немесе таратуына қарай жану өнімдерінің әсері нәтижесінде іске қосылатын түтіндік өрт хабарлағышы;
      11) радиоизотоптық өрт хабарлағышы - хабарлаушының жұмыс камерасының иондаушы тоғына жану өнімдерінің әсері нәтижесінде іске қосылатын түтіндік өрт хабарлағыш;
      12) жалындық өрт хабарлағыш - жалынның электромагниттік сәулеленуіне ден қоятын автоматты өрт хабарлағышы;
      13) автоматты өрт хабарлағыш - өртке ілесе жүретін факторларға ден қоятын өрт хабарлағыш;
      14) қол өрт хабарлағышы - қолмен іске қосылатын өрт хабарлағыш;
      15) қорғау-өрт хабарлағыш - қорғау және өрт хабарлау функциясын қоса атқаратын хабарлағыш;
      16) оқшаулаушы газқағар - тыныс алу үшін жарамсыз атмосферада жұмыс істеу кезінде және өрт сөндіру кезінде пайдаланылатын адамның тыныс алу, көру органдарын қорғауға арналған аппарат;
      17) арқандық-түсіргіш құтқару құрылғысы - адамдар мен материалдық құндылықтарды биіктіктен құтқаруға арналған өрт құтқару құрылғысы;
      18) қосқыш өрт арматураларына кілттер - арынды және сорғыш өрт түтік құбырларын, өрт жабдығының қосқыш арматураларына қызмет көрсетуге арналған жабдық;
      19) жиынтық лафетті өрт ұңғысы - өрт сөндіру кезінде тегіс немесе тегіс және жалынның өзгеретін бұрышымен тозаңдатылған су ағынын, сондай-ақ төмен еселікті ауа-механикалық көбік ағынын қалыптастыруға арналған өрт ұңғысы;
      20) саты-штурмовка (штурмовка) - тіреу бетіне асып қоюға арналған ілмегі бар қол өрт сатысы;
      21) таяқ-саты - басқыштарды бұрау есебінен адырналарды жылжытып жинақталатын қол өрт сатысы, әскер мен олардың жарақтарын саты биіктігінің деңгейіне көтеруге арналған және өрт ошағымен күресу және құтқару жұмыстарын орындау үшін пайдаланылады;
      22) желілік құрылымдар - белгілерді хабарлаушылардан қабылдау-бақылау құралына, сондай-ақ қабылдау-бақылау құралынан хабарлау құрылғылары мен өртке қарсы қорғаныс жүйелеріне беруге арналған өрт дабылы қондырғысының бөлігі;
      23) механикаландырылған қол өрт аспабы - пневмо-, электро- немесе мотожетекті соққылау, басу-айналдыру және (немесе) айналдыру әрекетінің қол өрт аспабы;
      24) арынды-сорғыш өрт түтік құбыры - ашық су көзінен сондай-ақ қысым астындағы су көзінен (гидранттан) жұмыс істеуге арналған өрт түтік құбыры;
      25) арынды өрт түтік құбыры (арынды түтік құбыр) - артық қысым астындағы өрт сөндіргіш заттарды тасымалдауға арналған өрт түтік құбыры;
      26) n-реттік түтік құбырлы тарамдалу - ағынды n-бағыттар бойынша бөлуге арналған түтік құбырлы тарамдалу;
      27) өрт сөндіргіш - жинақталған өрт сөндіргіш затты шығару есебінен өрт ошағын сөндіруге арналған тасымалданатын, жылжымалы немесе орнықты құрылғы;
      28) сулы өрт сөндіргіш - су немесе қоспалы су зарядымен өрт сөндіргіш;
      29) ауа-көбікті өрт сөндіргіш - көбік түзетін қоспалардың сулы ерітіндісінің зарядымен өрт сөндіргіш;
      30) жиынтық өрт сөндіргіш - екі және одан көп өрт сөндіргіш заттар зарядымен өрт сөндіргіш;
      31) жылжымалы өрт сөндіргіш - доңғалақты немесе арбаға салынған өрт сөндіргіш;
      32) тасымалданатын өрт сөндіргіш - құрастырмалық орындалуы мен салмағы адам алып жүруі үшін қолайлықты қамтамасыз ететін өрт сөндіргіш;
      33) көмірқышқылды өрт сөндіргіш - көміртегінің қос тотықты заряды бар құрылғы;
      34) өрт хабарлағыш - адамдарға өрт туралы жаппай хабарлауға арналған құрылғы;
      35) өрт техникасы - өрттің алдын алу, дамуын шектеу, өшіру, адамдарды және материалдық құндылықтарды өрттен қорғауға арналған техникалық құралдар;
      36) жылжымалы өрт техникасы - автомобиль шассиіне, тіркемеге немесе жартылай тіркемеге орнатылған және өрт сөндіру, адамдар мен материалдық құндылықтарды өрттен қорғауға арналған ықшам техникалық құралдар;
      37) өрт машинасы - өрт сөндіруге пайдалану үшін арналған жабдықты моторлы құралдар;
      38) өрт жарағы (өрт-техникалық жарық) - өрт жабдығынан, қол өрт аспабынан, өрттен құтқару құрылғыларынан, өрт сөндірушілерді жеке қорғау құралдарынан, нақты өрт машиналарының арналуына сәйкес оларға арналған техникалық құрылғылардан тұратын жинақ;
      39) өрт жабдығы - өрт сөндіру коммуникациялары құрамына кіретін жабдық, сондай-ақ техникалық күтім жасау құралдары мен оларды жинақтаушылар;
      40) өрттен құтқару құрылғысы - адамдарды өрт кезінде құтқаруға арналған құрылғы;
      41) өрт автомобилі - өрт орнына әскери есепті, өрт-техникалық жарақтарды, өрт сөндіру құралдарын жеткізуге және оларды өрт ошағына беруге арналған автомобиль;
      42) жалпы қолданылатын өрт автомобильдері - қала мен тұрғылықты тармақтарда өрт сөндіруге арналған автомобильдер;
      43) алғашқы көмек көрсететін өрт автомобильдері - өрт орнына әскери есепті, өрт-техникалық жарақтарды, апаттық-құтқару аспаптары мен өзге арнайы жабдықтарды жеткізуге, апаттық құтқару жұмыстарын жүргізуге және негізгі күштер мен жабдықтарды жеткізу үшін өрт сөндіруге арналған автомобиль;
      44) сорғылық-түтік құбырлы өрт автомобилі (автосорғы) - өрт сорғысымен жабдықталған және өрт орнына әскери есеп пен өрт-техникалық жарақтарды жеткізуге, арынды магистральдық түтік құбыр желілерін төсеу, өрт ошағына судың немесе ауа-механикалық көбіктің берілуін қамтамасыз етуге арналған автомобиль;
      45) жоғарғы қысымды сорғылы өрт автомобилі - жоғары қысымды өрт сорғысымен жабдықталған және өрт орнына әскери есеп пен өрт-техникалық жарақтарын жеткізуге арналған автомобиль;
      46) өрт автоцистернасы, (автоцистерна) - өрт сорғысымен, сұйық өрт сөндіретін заттарға арналған сыйымдылықтармен жабдықталған және өрт орнына жауынгерлік есеп пен өрт-техникалық жарақтарды жеткізуге арналған автомобиль;
      47) мақсатты қолданылатын өрт автомобильдері - мұнай базаларында, ағаш өңдеуші, химиялық, мұнай-химия, мұнай өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарында, әуежайларда және өзге арнайы объектілерде өрттерді өшіруге арналған автомобильдер;
      48) ауа-көбікті өрт сөндіруге арналған өрт автомобилі - өрт орнына әскери есепті, көбік түзгішті, өрт-техникалық жарақтарды жеткізуге және өрт ошағына ауа-механикалық көбікті беруге арналған автомобиль;
      49) ұнтақпен өшіретін өрт автомобилі - өрт орнына әскери есепті, өрт сөндіруші ұнтақ қорын жеткізуге және өрт ошағына ұнтақ беруге арналған автомобиль;
      50) газбен өшіретін өрт автомобилі - өрт орнына әскери есепті, газды өрт сөндіретін құрамды жеткізуге және газды өрт сөндіргіш құрамды өрт ошағына беруге арналған автомобиль;
      51) газ-сумен өшіруге арналған өрт автомобилі - өрт орнына әскери есепті, газ-сулы ортаны құруға арналған құралдарды жеткізуге, жанып жатқан объектілерді газ-сулы ағынмен өшіру және салқындатуға арналған автомобиль;
      52) жиынтық өшіретін өрт автомобилі - өрт орнына әскери есепті, өрт сөндіргіш құралдардың бірнеше түрлерін жеткізуге және оларды өрт ошағына беруге арналған автомобиль;
      53) әуежайлық өрт автомобилі - ұшақтың апат орнына әскери есепті, өрт-техникалық жарақтарды жеткізуге және өрт ошағына өрт сөндіргіш құралдарды беруге арналған автомобиль;
      54) радиоактивті сәулелену мен қатты әсер ететін улы заттардан қорғанысы бар өрт автомобилі - өрт орнына әскери есепті, өрт сөндіру құралдарын және өрт-техникалық жарақтарды жеткізуге; иондаушы сәулеленулер мен қатты әсер ететін улы заттардың әсер ету бөлігінде жұмыстар орындауға арналған автомобиль;
      55) сорғылық өрт стансасы — автономды қозғалтқышы бар өрт сорғысымен жабдықталған және өрт жабдықтарын жеткізуге, су көзінен өрт ошағына су беруге арналған автомобиль;
      56) арнайы өрт автомобильдері - өрт сөндіру кезінде арнайы жұмыстар орындауға арналған автомобиль;
      57) түтік құбырлы өрт автомобилі - түтік құбыр желілерін тасымалдауға және салуға арналған автомобиль;
      58) өрт автосатысы (автосаты) - өрт орнына әскери есепті және өрт-техникалық жарақтарды жеткізуге, апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізуге және өрт сөндіретін заттарды биіктікке беруге арналған орнықты механикаландырылған жылжымалы және бұралма сатысы бар автомобиль;
      59) өрт автокөтергіші (автокөтергіш) - өрт орнына әскери есепті және өрт-техникалық жарақты жеткізуге, апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізу және өрт сөндіретін заттарды биіктікке жеткізуге арналған, соңғы түйіні платформамен немесе жүкбесікпен аяқталатын орнықты механикаландырылған бұралма иінді және (немесе) телескоптық көтергішпен жабдықталған автомобиль;
      60) өрт авто көбік көтергіші - өрт орнына әскери есепті, өрт-техникалық жарақты жеткізуге және ауа механикалық көбікті биіктікке беруге арналған автомобиль;
      61) апаттық-құтқару өрт автомобилі - апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізуге арналған және өрт орнына әскери есепті, арнайы апаттық-құтқару аспаптары мен жабдықтарын жеткізуге, жұмысшы алаңға жарық беруге, әскери есепті және апаттық-құтқару жұмыстарының басшысын радиобайланыспен қамтамасыз етуге арналған автомобиль;
      62) байланыс пен жарық беретін өрт автомобилі - өрт орнына байланыс және жарық беру құралдарымен жабдықталған жеке құрамды жеткізуге арналған автомобиль;
      63) техникалық қызметтің өрт автомобилі - өрт (апат) орнына апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде жеке құрамның қалыпты жұмыс жағдайын құру үшін әскери есепті, өрт-техникалық жарақты жеткізуге арналған автомобиль;
      64) газ-түтіннен қорғау қызметінің өрт автомобилі - өрт орнына әскери есепті және арнайы жабдықты жеткізуге, тыныс алуға жарамсыз ортада жұмыс істеу, құтқару жұмыстарын жүргізу шарттарын қамтамасыз етуге арналған автомобиль;
      65) штабтық өрт автомобилі - өрт сөндіру штабын жеткізуге және штаб, әскери бөлімшелері мен өрт байланысының орталық тармағы арасында байланысты қамтамасыз етуге арналған автомобиль;
      66) түтін жоятын өрт автомобилі - өрт орнына әскери есепті, түтін жою құралдарын, ғимараттан және құрылымдардан түтін жоюдың арнайы жабдықтары мен аспаптарын жеткізуге, оларда желдетуді қамтамасыз етуге арналған автомобиль;
      67) тіркемелі өрт түтін сорғышы - өрт орнына түтін кетіру құралдарын, арнайы жабдық пен аспаптарды жеткізу, түтінді ғимараттан және құрылымнан кетіру, оларда желдетуді қамтамасыз етуге арналған автомобиль тіркемесі;
      68) өрт диагностикалық автозертханасы - өрт зерттеуге арналған құралдармен жабдықталған автомобиль;
      69) өрт жедел-қызметтік автомобилі - өрт орнына жылдам әрекет ету бөлімшелерін жеткізуге, өрт сөндіруді ұйымдастыру бойынша шұғыл іс-шаралар жүргізуге арналған автомобиль;
      70) өрт тіркемесі - алып жүретін өрт мотопомпаларды, өрт-техникалық жарақтарды, өрт сөндіретін заттар салынған сыйымдылықтарды жер үстілік көлік құралдарымен тасымалдауға арналған тіркеме;
      71) өрт мотопомпасы - сорғылы агрегатты және өрт жабдығы жинағы бар өрт машинасы;
      72) тасымалданатын өрт мотопомпасы - автоцистерналарды және сорғылы-түтік құбырлы автомобильдерді ұстау мүмкін емес немесе экономикалық себептермен мақсатқа сай емес ауылдық жерде және шағын өнеркәсіптік объектілерде өрт орнына су көзінен су беруге арналған өрт машинасы;
      73) тіркемелі өрт мотопомпасы - суды су көзінен беруге, өрт жабдығы жинағын өрт орнына жеткізуге арналған өрт машинасы;
      74) өрт сорғысы - судың және өрт сөндіретін ерітінділердің берілуін қамтамасыз ететін өрт машиналарының сорғылық қондырғы агрегаты;
      75) жиынтықты өрт сорғысы - қалыпты және жоғары қысымды жүйелі қосылған сорғылардан тұратын және бір жетекке ие сорғы;
      76) вакуумды өрт сорғысы - сорғылық қондырғы қуысында босауды және сорғы желісін өрт машиналарының ашық су көздерінен жұмыс істегені жағдайда оларды сумен толтыруға арналған сорғы;
      77) өрт бағанасы - өрт сөндіретін ағынды қалыптастырып бағыттауға арналған арынды желі шетінде орнатылатын құрылғы;
      78) қол өрт бағанасы (қол бағанасы) - өрт сөндіргіш зат ағынын қалыптастыру және оны өрт ошағына бағыттауға арналған өрт бағаны;
      79) қол су өрт бағаны (су бағаны) - су бағанын қалыптастыруға және оны өрт ошағына бағыттауға арналған өрт бағаны;
      80) тегіс ағынды қол су өрт бағанасы - судың тегіс ағынын қалыптастыруға және оны өрт ошағына бағыттауға арналған өрт бағанасы;
      81) тегіс және тарама ағынды қол су өрт бағанасы - тегіс немесе тозаңдатылған су ағынын немесе суландырғыш ерітіндіні қалыптастырып бағыттауға арналған өрт бағанасы;
      82) көбікті қол өрт бағанасы (көбікті бағана) - түрлі еселікті көбіктер алуға арналған өрт бағанасы;
      83) жиынтық қол өрт бағанасы - тегіс немесе тозаңдатылған су ағынын және төмен еселікті ауа - механикалық көбікті қалыптастырып, оны өрт ошағына бағыттауға арналған өрт бағанасы;
      84) өрт түтік құбыры - өрт сөндіретін заттарды тасымалдау үшін қосқыш өрт бастарымен жабдықталған майысқақ құбыр;
      85) қосқыш өрт басы - өрт түтік құбырларын қосуға оларды өрт жабдығы мен өрт сорғыларына қосуға арналған жылдам қосылатын арқаулық;
      86) арындық жалғастырғышты қосқыш өрт басы - су құбырын және түтік құбыр жабдығын арынды өрт түтік құбырларымен қосуға арналған қосқыш өрт басы. Ішкі қосқыш ойыққа ие.
      87) сұғындырма мойынды арынды қосқыш өрт басы - су құбырын және түтік құбыр жабдығын өрт арындық түтік құбырлармен қосуға арналған қосқыш өрт басы. Сыртқы қосқыш ойығына ие;
      88) өрт гидранты — суды өрт сөндіру үшін суқұбыры желісінен алуға арналған құрылғы;
      89) жерасты өрт гидранты - суды өрт сөндіру қажеттіктері үшін өрт бағаналарының көмегімен су құбыры желісінен алуға арналған құрылғы;
      90) өрт төсемі - өрт қондырғысын орнатуға арналған құбыр тетігі;
      91) өрт гидроэлеваторы - суды су көзінен сорғылар соруының барынша жоғары биіктігінен асатын деңгеймен алуға, сондай-ақ өрт сөндіру кезінде төгілген суды үй-жайлардан шығаруға арналған арқаулық;
      92) өрт бағаны - су алу үшін өрт гидрантына орнатылатын алынбалы құрылғы;
      93) өрт көбік араластырғыш (көбік араластырғыш) - суға көбік түзетін және бүркетін қоспаларды енгізуге арналған құрылғы;
      94) түтікті арындық қосқыш өрт басы - арындық өрт түтіктерін өзара және өрт жабдығымен қосуға арналған қосқыш өрт басы;
      95) өрт басы-бітеме (бас-бітеме) - өрт қосқыш бастарын жабуға арналған арқаулық;
      96) өрт қармағы - ғимарат пен үймараттың төбесін, қалқандарын, қабырғаларын, өзге құрастырым элементтерін бұзып ашуға арналған аспап;
      97) өрт ілмегі - өртте түрлі құрастырымдарды ажыратуға, ашуға және бұзу жұмыстарын орындауға арналған аспап;
      98) өрт балтасы - ғимарат пен үймараттың жеңіл құрастырым элементтерін бұзуға, сондай-ақ төбе, есік және терезелерді ашуға арналған аспап;
      99) өрт сүймені - төбе, ағаш едендер, есіктер мен терезе жақтауларын ашуға арналған аспап;
      100) өрт дулығасы - өрт сөндірушінің басын, мойны мен бетін өрт сөндіру кезінде және онымен байланысты бірінші кезектегі апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізумен байланысты жемірлі орта, судың термикалық және механикалық әсер етулерінен қорғауға арналған жеке құрал;
      101) өрт белдігі — өрт сөндірушілерді биіктікте жұмыс істеу кезінде өзін өзі сақтауға және сақтандыруға арналған белдік;
      102) өрт белдік карабині (өрт карабині) - өрт сөндірушіні биіктікте жұмыс істеген кезде, сондай-ақ құтқару жұмыстарын жүргізу үшін және өрт сөндіру кезінде өзін өзі қорғау үшін бекіту және сақтандыруға арналған құрылғы;
      103) өрт жылудан қорғау костюмі - өрт ошағына жақындаған және қысқа уақыт ішінде онда болу кезінде жылу әсерінен қорғайтын өрт костюмі;
      104) өртке қарсы сумен жабдықтау - суды алу және тасымалдау, оның қорын сақтау және оны өрт сөндіру үшін пайдалануға арналған инженерлік-техникалық құрылым жиынтығы;
      105) радиациялық-қорғау костюмі - иондаушы сәулелену жағдайында жұмыстар орындау кезінде қорғауға арналған костюм;
      106) ауа сүзгіш - адам апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде тыныс алу органдарын қорғауға арналған жеке құрал;
      107) түтік құбыр өтпесі - түрлі шартты өтпелі немесе түрлі типті екі өрт қосу бастарын қосуға арналған арқаулық;
      108) түтік құбырлы су алғыш (су жинағыш) - бірнеше түтік құбыр желілерін біреуге біріктіруге арналған арқаулық;
      109) түтік құбырлық тарамдалу - ағынды бөлуге және арынды өрт түтік құбырлары арқылы тасымалданып берілетін өрт сөндіруші зат санын реттеуге арналған арқаулық;
      110) түтік құбырды орауыш - алдын ала қосылған арынды өрт түтік құбырларын орап орналастыруға және салу және (немесе) тасымалдауға арналған құрылғы;
      111) түтік құбыр көпірі - өрт түтік құбырының үстінен жол көлігі өткен кезде оны бүлінуден қорғауға арналған құрылғы;
      112) түтік құбыр қысқышы - өрт сөндіргіш заттың берілуін тоқтатпай арынды өрт түтік құбырларының жарылуынан ағуды уақытша болдырмауға арналған құрылғы;
      113) түтік құбырлық шектеу - түтік құбыр желісін биіктікте бекітуге арналған құрылғы;
      114) түтік құбыр кассетасы - "бүрмеленіп" немесе "оралып" салынған арынды өрт түтік құбырын орналастыруға арналған құрылғы;
      115) түтік құбыр иіні - өрт түтік құбырларын тым бүгілуден немесе кедергілер арқылы төсеген кезде бұзылуынан сақтауға арналған құрылғы;
      116) түтік құбырды бекіткіш құрылғы - өрт түтік құбырларын түтік құбырлық қосқыш бастарға бекітуге арналған құрылғы;
      117) қол өрт сатысы - өрт сөндіру кезінде жылдам әрекет жасауды қамтамасыз етуге және онымен байланысты биіктікте бірінші кезекті апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз етуге арналған тасымалданатын құрастырым;
      118) қол өрт аспабы - өрт сөндіру кезінде құрастырымдарды ашуға, бұзуға және апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізуге арналған қол аспабы;
      119) өзін-өзі құтқарғыш - адамның жанып жатқан ғимарат, үймарат, өндірістік объектілерден шығуы үшін қажетті уақыт ішінде өрттің қауіпті факторларынан тыныс алу және көру органдарын жеке қорғауға арналған құрал;
      120) құтқарғыш өрт түтік құбыр құрылғысы - құтқарылатындардың сырғып түсуі үшін матадан жасалған және түрлі биіктік деңгейлерден адамдарды, материалдық құндылықтарды шұғыл көшіруге арналған өрттен құтқару құрылғысы;
      121) өрттен құтқару арқаны - биіктіктен өрт сөндірушінің өзін құтқаруы және адамдарды құтқару, өрт сөндіру және онымен байланысты бірінші кезектегі апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде өрт сөндірушілерді сақтандыруға арналған арнайы бау;
      122) жылуға төзімді өрттен құтқару бауы - оған ашық жалын мен жоғары температуралар мүмкін әсер ету аймағында өрт сөндіру кезінде апаттық-құтқару жұмыстарын орындауға арналған арнайы бау;
      123) секіру құтқару матрацы - құлаған адамның қауіпсіз жерге түсуіне арналған жастық түріндегі құрылғы;
      124) құтқару трапы (науаша) - құтқарылатындардың көлбеу траектория бойынша сырғып түсуіне арналған өрттен құтқару құрылғысы;
      125) құтқару секіру жаймасы (құтқару жаймасы) - матадан жасалған, құтқарушы адамдар құлаған адамның қауіпсіз жерге түсуі үшін керіп жаятын құтқару құрылғысы;
      126) өрт сөндірушілердің жеке қорғау құралдары - өрт сөндірушілерді өрт кезінде және апаттарды жоюда жемірлі және газды орталардың механикалық және жылу әсерінен қорғауға арналған құралдар;
      127) өрт сөндіру қондырғысы - өрт сөндіретін затты шығару есебінен өрт сөндіруге арналған орнықты техникалық құралдар жиынтығы;
      128) жергілікті және (немесе) қашықтан іске қосатын өрт сөндіру құрылғысы - іске қол тәсілімен қосылатын өрт сөндіру қондырғысы;
      129) көлемді өрт сөндіру құрылғысы - қорғалған көлемде жануды қолдамайтын орта құруға арналған өрт сөндіру құрылғысы;
      130) беттік өрт сөндіру қондырғысы — жанып жатқан бетке қорғалған аймақтан әсер ететін өрт сөндіру құрылғысы;
      131) сумен өрт сөндіру құрылғысы - тозаңдатылған сумен өрт сөндіруге арналған өрт сөндіру қондырғысы;
      132) көбікті өрт сөндіру құрылғысы - онда өрт сөндіруші зат ретінде ауа - механикалық көбік пайдаланылатын өрт сөндіру қондырғысы;
      133) газды өрт сөндіру қондырғысы - газды өрт сөндіргіш құрамды автоматты түрде шығару есебінен өрт ошағын сөндіруге арналған орнықты өрт сөндіргіш техникалық құралдар жиынтығы;
      134) азотты өрт сөндіру қондырғысы — онда өрт сөндіруші зат ретінде азот пайдаланылатын өрт сөндіру қондырғысы;
      135) булы өрт сөндіру қондырғысы - онда өрт сөндіруші зат ретінде су буы пайдаланылатын өрт сөндіру құрылғысы;
      136) ұнтақты өрт сөндіру қондырғысы - онда өрт сөндіруші зат ретінде ұнтақ пайдаланылатын өрт сөндіру қондырғысы;
      137) ұнтақты өрт сөндіргіш импульсті қондырғы - онда өрт сөндіргіш ұнтақты сақтау және беру құрылғылары импульсті ұнтақты модульдер (немесе импульсті ұнтақты модуль блоктары) болып табылатын ұнтақты өрт сөндіргіш қондырғы;
      138) модульдік типтегі ұнтақты өрт сөндіру қондырғысы (ұнтақты импульсті модульдер) - онда сақтау, беру қызметтері мен 0,2 с артық емес уақыт ішінде өрт сөндіргіш ұнтақты шығару мен таратуды бақылау құрылғысының командалық импульсі бойынша жүзеге асырылатын бекіту-шығару қызметтері біріктірілген ұнтақты өрт сөндіргіштің импульсті қондырғысының атқарушы құрылғысы;
      139) модульдік өрт сөндіру қондырғысы - өрт сөндіргіш зат құйылған сыйымдылықты орналастыруды және тікелей қорғалатын ғимаратта іске қосу құрылғысын қарастыратын құбыржолылық өрт сөндіргіш автомат қондырғы;
      140) хабарлау құрылғысы - қызметкерлер мен мемлекеттік өртке қарсы қызметті шақыру туралы оптикалық және акустикалық белгілерді қалыптастыруға арналған өрт дабылы қондырғысының бөлігі;
      141) өрт шкафтары - өрт краны мен тасымалданатын өрт сөндіргіш (тер) жиынтығын орналастыруға арналған арнайы шкафтар;
      142) өрт қалқандары (стендтері) - өрт сөндірудің бірінші құралдарын, өрт су құбырымен және өрт сөндіру құрылғыларымен қамтамасыз етілмеген объектілерде басталу кезеңдегі өрттерді жою үшін қолданылатын механикалық емес аспаптар мен жарақтарды орналастыру және сақтауға арналған арнайы қалқандар (стендтер).

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет