Объективті құрылымдандырылған клиникалық емтихан технологиясы бойынша тәжірибелік дағдылар аттестациясына арналған әдістемелік нұсқау



жүктеу 326.06 Kb.
Дата29.04.2019
өлшемі326.06 Kb.


ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ

МЕЙІРБИКЕ ІСІ КАФЕДРАСЫ АНЕСТЕЗИОЛОГИЯ ЖӘНЕ РЕАНИМАТОЛОГИЯ КУРСЫМЕН



Объективті құрылымдандырылған клиникалық емтихан

технологиясы бойынша тәжірибелік дағдылар аттестациясына

арналған әдістемелік нұсқау

Мамандығы: 5В110100 – Мейірбике ісі

Пәні: Мейірбике ісі негіздері

Курсы: 2


Шымкент, 2013 ж.
Тәжірибелік дағдылар аттестациясына арналған әдістемелік нұсқау «ОҚТЕ/ОҚКЕ технологиясы бойынша тәжірибелік дағды аттестациясын ұйымдастыру және өткізу ережелеріне» сәйкес және «Мейірбике іс негіздері» пәнінің Типтік оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.

Кафедра мәжілісінде талқыланды.


Хаттама № ___ «___» _____ 2013 ж.

Әдістемелік Кеңес мәжілісінде бекітілді.


Хаттама № ___ «___» _____ 2013 ж.

2. Кіріспе

Мейірбике ісі негіздері – бұл пән, алғашқы рет студенттерді тәжірибелік денсаулық сақтаумен, емдеу мекемелерінің жұмысымен, науқастарды күту және бақылау әдістеріне үйретеді.

Пәннің маңыздылығы интегральды жүйеде маман дайындауда медициналық көмекті ұйымдастырудың кезеңдерімен сатыларында кәсіби қызметтің тұрақтылығын қамтамассыз ету.

Пәнді оқыту мақсаты болып мамандандырылған қызметтердің барлық түрлері табылады, яғни ол науқастарды жалпы күту медицина қызметкерлерімен жүзеге асады және диагностикалық, емдеу ісінің оң нәтижесін қамтамассыз етуге бағытталады.



Соңғы 20 жыл ішінде қоғамдық өзгерістерге және денсаулық сақтау жүйесінің жеткен жетістіктеріне байланысты мейірбике қызметінің маңыздылығы, олардың шығармашылығына кәсіби талаптар артты. Оның себептері мыналар:

  • созылмалы аурулардың және мүгедектердің санының артуы, қатерлі ісік ауруымен ауыратындардың көбеюі, тұрғындардың қартаюы;

  • мемлекеттік өзгерістер, осыған байланысты қатал әлеуметтік стресс, тұрғындардың кедейленуі, дәрігерлік көмектің қымбаттауы, экологиялық катастрофалар;

  • қоғамның әрбір жеке адам тұлғасының маңыздылығын түсіну және барлық салалар бойынша өмір сүруге қолайлы жағдай жасау, сонымен бірге, салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Қазіргі кезде елімізде «мейірбике ісі» әлбетте әлеуметтік тапсырысқа сай емес, біздің мейірбикелердің үлкен потенциалының үштен бір ғана бөлігі пайдаланылады. Шығармашылық және кәсіби мансаптарының мүмкіндіктері өте аз. Өзгеріп жатқан жағдайларға байланысты мейірбикенің жаңа типтерін тәрбиелеу қажет.
3. Студенттерге арналған мәлімет

  • Емтихан алдында барлық студенттерге нөмірі көрсетілген бейдж және шифры көрсетілген бағалау парағы беріледі.

  • Студент өз бейдж нөмірін білуі қажет.

  • Студент емтиханды дыбыс сигналы шырылдағаннан кейін бастайды.

  • Студенттің келесі кезеңге өтуі дыбыс сигналы шырылдағаннан кейін болады, тапсырманың орындалу жағдайына байланыссыз.

  • Студент емтихан қабылдаушыға сұрақ қоймайды.


4. Емтихан қабылдаушыларға арналған мәлімет

  • Әр емтихан қабылдаушыға емтихан біткенше жауап беретін кезең бекітіледі.

  • Емтихан қабылдаушы бағалау парағына студенттің бейдж нөмірін енгізіп, студенттің тапсырма орындауын адал, мұқият қадағалауы керек.

  • Емтихан қабылдаушы студенттің тапсырма орындауын бағалау парағында көрсетілген әрбір қадамды машықты дағдыларды қадам бойынша орындауда емтихан тапсырушының іс әрекетін балдық бағалау критерилері бойынша бағалап, студенттің тапсырма орындау барысында балдарын қойып отыруы қажет.

  • Емтихан қабылдаушы өз кезеннің жалпы балын санап емтихан тапсырушының аттестациялық парағына жазып, қол қойып студентке беру керек.

  • Емтихан қабылдаушының студентпен сөйлесіп, оған сұрақтар қоюға құқы жоқ.

  • Емтихан қабылдаушы өз станциясынан өткен барлық студенттің бағалау парағындағы балын есептеп, бағасын қойып, бағалау парағын кафедра меңгерушісіне тапсыруы қажет.

  • Әр студент бойынша емтиханның қорытынды бағасын шығарғанда емтихан қабылдаушы қатысуы қажет.


5. ОҚКЕ сатылы өту кезеңдерінің

СХЕМАСЫ
2 курс студенттері үшін «Мейірбике ісі негіздері» пәні бойынша



6. Мейірбике ісі негіздері пәні бойынша емтихан құрамындағы

ОҚКЕ үшін клиникалық дағдылардың тапсырмалар тізімі


Кезең



Студенттерге тапсырмалар

Макс.

балл

Уақыт

мин.

1.

Ампуладан дәріні алуды көрсетіп, өз іс-әрекетіңізді айтып беріңіз.

4

5

2.

Тренажерді пайдалана отырып тері ішіне инъекция жасауын көрсетіп, өз іс-әрекетіңізді айтып беріңіз.

4

5

3.

Тренажерді пайдалана отырып тері астына инъекция жасауын көрсетіп, өз іс-әрекетіңізді айтып беріңіз.

4

5


4.

Тренажерді пайдалана отырып бұлшық етке инъекция жасауын көрсетіп, өз іс-әрекетіңізді айтып беріңіз.

4

5

5.

Тренажерді пайдалана отырып көктамырға инъекция жасауын көрсетіп, өз іс-әрекетіңізді айтып беріңіз.

4

5




Барлығы

20

25



7. Мейірбике ісі негіздері пәні бойынша ОҚКЕ өткізу үшін жабдықтардың, құралдардың және құжаттардың тізімі


Кезең



Кезеңдердің аталуы

Қажетті құрал – жабдықтар

1.

Ампуладан дәрі алу.

Жиналған шприц, стерильді лоток, стерильді емес лоток; ампуладағы дәрілік зат, егеу, 70% спирт, стерильді қолғаптар.

2.

Тері ішіне инъекция жасау.

2 мл шприц 0,1 – 0,2 мл дәрілік препаратымен, стерильді лотокта 70% спиртке малынған 2 стерильді тампон, стерильді қолғаптар, стерильді емес лоток.

3.

Тері астына инъекция жасау.

2 мл шприц 0,5 мл дәрілік препаратымен, стерильді лотокта 70% спиртке малынған 2 стерильді тампон, стерильді қолғаптар, стерильді емес лоток.

4.

Бұлшық етке инъекция жасау.

5 мл шприц 2 мл дәрілік препаратымен, стерильді лотокта 70% спиртке малынған 2 стерильді тампон, стерильді қолғаптар, стерильді емес лоток.

5.

Көктамырға инъекция жасау.

5 мл шприц 5 мл дәрілік препаратымен, стерильді лотокта 70% спиртке малынған 2 стерильді тампон, стерильді қолғаптар, көктамырлық жгу, клеенкаға қапталған жастықша, стерильді емес лоток.




  1. 1– КЕЗЕҢ

Ампуладан дәрі алу.

Машықты дағдыларды қадам бойынша орындауда емтихан

тапсырушының іс – әрекетін балдық бағалау критерилері




Әр қадамды бағалау критерилері

Балл бойынша

бағасы

1

Қол жуу. Қолғап кию. Ампуланы алып, дәрінің атауын, дозасын, жарамдылық мерзімін мұқият оқу. Дәрігердің тағайындауымен салыстыру. Дәрі ерітіндісін жіңішке жағынан кең жағына қарай ауыстыру.


0.8

0.6

0.4

0.2

2

Ампуланың жіңішке жағының ортасынан егеумен егеу. Спиртке малынған мақта тампонымен, егелген жерді сүрту. Мақта тампонымен ұстап тұрып, егелген жерінен ампуланы сындырып, стерильді емес лотокқа тастау.


0.8

0.6

0.4

0.2

3

Шприцтің өлшем белгілері көрінетіндей етіп, оң қолмен ұстап, сол қолдың 2 және 3 саусақтардың арасында ампуланы, ұстап тұрып, инені ампуланың ішіне кіргізу. Сол қолдың 1, 4, 5 саусақтарымен шприцті ұстау.


0.8

0.6

0.4

0.2

4

Оң қолды шприцтің поршеніне ауыстырып, ерітіндінің қажетті көлемін тартып алу. Иненің ұшы үнемі ерітіндіде тұруын қадағалау. Ампуланы инеден алып, стерильді емес лотокқа тастау.


0.8

0.6

0.4

0.2

5

Сол қолдың 2 саусағын канюляға қойып, поршеньді басып, шприцтегі ауаны шығару. Инеге қалпақшасын кигізу. Тиісті құралдардың утилизациясын жасау. Қолғапты шешу.

Қол жуу.



0.8

0.6

0.4

0.2

Кезең бойынша максималды балл – 4

Тапсырмаға берілген уақыт – 5 минут


2 – КЕЗЕҢ

Тері ішіне инъекция жасау.

Машықты дағдыларды қадам бойынша орындауда емтихан

тапсырушының іс – әрекетін балдық бағалау критерилері




Әр қадамды бағалау критерилері

Балл бойынша

бағасы

1

Инъекция жасайтын жері жақсы көрінетіндей етіп, емделушіге ыңғайланып орналасуға көмектесу. Емделушіні сол жерді киімнен босатуын өтіну. Көзбен қарап, қолмен ұстап, инъекция жасайтын нақты жерін анықтау. Қолғап кию, спиртке малынған мақта тампонымен сүрту.


0.8

0.6

0.4

0.2

2

Инъекция жасау орнын спиртке малынған екі мақта тампонымен сүрту. Бірінші тампонымен инъекциялық аумақтың толық көлемін, екіншісімен – инъекция жасайтын нақты жерін сүрту. Спиртті кептіру. Инъекция жасайтын жердің терісін, сол қолмен қарама-қарсы жағынан ұстап созу.


0.8

0.6

0.4

0.2

3

Шприцті оң қолға алу: сұқ саусақпен иненің канюлясын ұстап; 1,3,4 саусақтарымен шприцтің цилиндрін ұстап тұру. Иненің кесілген ұшын үстіне қаратып, 0 – 5 бұрыштап, теріге мейлінше параллельді, эпидермис қабатына кіргізу.


0.8

0.6

0.4

0.2

4

Сол қолды шприцтің поршеніне ауыстырып, дәріні жіберу. Спиртке малынған макта тампонын қоймай, инені шығарып алу.


0.8

0.6

0.4

0.2

5

Мақта тампоны мен шприцті стерильді емес лотокқа салу. Тиісті құралдардың утилизациясын жасау. Қолғапты шешу. Қол жуу.


0.8

0.6

0.4

0.2

Кезең бойынша максималды балл – 4

Тапсырмаға берілген уақыт – 5 минут

3 – КЕЗЕҢ

Тері астына инъекция жасау.

Машықты дағдыларды қадам бойынша орындауда емтихан

тапсырушының іс – әрекетін балдық бағалау критерилері




Әр қадамды бағалау критерилері

Балл бойынша

бағасы

1

Инъекция жасайтын жері жақсы көрінетіндей етіп, емделушіге ыңғайланып орналасуға көмектесу. Емделушіні сол жерді киімнен босатуын өтіну. Көзбен қарап, қолмен ұстап, инъекция жасайтын нақты жерін анықтау. Қолғап кию, спиртке малынған мақта тампонымен сүрту.


0.8

0.6

0.4

0.2

2

Инъекция жасайтын жердің терісін спиртке малынған екі мақта тампонымен сүрту. Бірінші тампонымен инъекциялық аумақтың толық көлемін, екіншісімен – инъекция жасайтын нақты жерін сүрту. 2 – ші тампонды сол қолдың 4 және 5 саусақтарының арасына қысу. Спиртті кептіру.


0.8

0.6

0.4

0.2

3

Шприцті оң қолына алып: сұқ саусақпен иненің канюлясын басып ұстап; 1, 3, 4 саусақтарымен шприцтің цилиндрін ұстап тұру. Сол қолдың

1 және 2 саусақтарымен инъекция жасайтын жердегі теріні қатпарлап, қысып, инені 45° бұрыштап, 15 мм тереңдікке кіргізу.




0.8

0.6

0.4

0.2

4

Сол қолды шприцтің поршеніне ауыстырып, дәріні жіберу. Мақта тампонын алып, инъекция салған жерді басып тұрып, инені тез суырып алу. Мақта тампонын терісінде ұстап тұрып, инъекция орнын ептеп уқалаңыз.


0.8

0.6

0.4

0.2

5

Мақта тампоны мен шприцті стерильді емес лотокқа салу. Тиісті құралдардың утилизациясын жасау. Қолғапты шешу. Қол жуу.


0.8

0.6

0.4

0.2

Кезең бойынша максималды балл – 4

Тапсырмаға берілген уақыт – 5 минут

4 – КЕЗЕҢ

Бұлшық етке инъекция жасау.

Машықты дағдыларды қадам бойынша орындауда емтихан

тапсырушының іс – әрекетін балдық бағалау критерилері




Әр қадамды бағалау критерилері

Балл бойынша

бағасы

1

Инъекция жасайтын жері жақсы көрінетіндей етіп, емделушіге ыңғайланып орналасуға көмектесу. Емделушіні сол жерді киімнен босатуын өтіну. Көзбен қарап, қолмен ұстап, инъекция жасайтын нақты жерін анықтау. Қолғап кию. Спиртке малынған мақта тампонымен сүрту.

0.8

0.6

0.4

0.2

2

Инъекция жасайтын жердің терісін спиртке малынған екі мақта тампонымен сүрту. Бірінші тампонымен инъекциялық аумақтың толық көлемін, екіншісімен – инъекция жасайтын нақты жерді сүрту. 2 – ші тампонды сол қолдың 4 және 5 саусақтарының арасына қысу. Спиртті кептіру.


0.8

0.6

0.4

0.2

3

Шприцті оң қолына алып: шынашақ саусақпен иненің канюлясын ұстап; 1, 3, 4 саусақтарымен шприцтің цилиндрін ұстап тұру. Сол қолдың

1 және 2 саусақтарымен инъекция жасайтын жердегі теріні қатпарлап, инені 90° бұрыштап, батыл қимылмен инені кіргізу, терінің сыртында иненің 3 мм қалдыру.




0.8

0.6

0.4

0.2

4

Сол қолды шприцтің поршеніне ауыстырып дәріні жіберу. Мақта тампонын алып, инъекция салған жерді басып тұрып, инені тез суырып алу. Мақта тампонын терісінде ұстап тұрып, инъекция орнын ептеп уқалаңыз.


0.8

0.6

0.4

0.2

5

Мақта тампоны мен шприцті стерильді емес лотокқа салу. Тиісті құралдардың утилизациясын жасау. Қолғапты шешу. Қол жуу.


0.8

0.6

0.4

0.2

Кезең бойынша максималды балл – 4

Тапсырмаға берілген уақыт – 5 минут

5 – КЕЗЕҢ

Көктамырға инъекция жасау.

Машықты дағдыларды қадам бойынша орындауда емтихан

тапсырушының іс – әрекетін балдық бағалау критерилері




Әр қадамды бағалау критерилері

Балл бойынша

бағасы

1

Инъекция жасайтын жері жақсы көрінетіндей етіп, емделушіге ыңғайланып орналасуға көмектесу. Осы жерді киімнен босатуын өтіну. Көзбен қарап, сұқ саусақпен ұстап, инъекция жасайтын нақты жерін анықтау. Қолғап кию, спиртке малынған мақта тампонымен сүрту.

0.8

0.6

0.4

0.2

2

Жгутты шынтақтан жоғары байлау. Науқастан бірнеше рет жұдырығын ашып-жабуын өтіну. Көктамырды саусақпен ұстап көру. Инъекция жасайтын жердің терісін спиртке малынған екі мақта тампонымен сүрту. 2 – ші тампонды сол қолдың 4 және 5 саусақтарының арасына қысу. Спиртті кептіру.

0.8

0.6

0.4

0.2

3

Шприцті оң қолына алып: сұқ саусақпен иненің канюлясын ұстап; 1,3,4 саусақтарымен шприцтің цилиндрін ұстап тұру. Тандаған көктамырдың жолы бойынша сол қолдың бас бармағымен периферияға терісін керіңіз. Иненің кесілген ұшын жоғары қаратып, 30º бұрыштап, теріні тесіп, инені көктамырға параллельді 1/3 ұзындығына енгізу.

0.8

0.6

0.4

0.2

4

Иненің бағытын сәл өзгертіп, көктамырды «бос жерге түскендей» әсер алғанша тесу. Поршенді сәл тарту, ішінде қан пайда болуына көз жеткізу. Жгутты шешу. Поршенді басып, дәріні жіберу.

0.8

0.6

0.4

0.2

5

Мақта тампонын алып, инъекция салған жерді басып тұрып, инені тез суырып алу. Науқастың қолын шынтақ буынынан бүгу. 5 минуттан кейін мақта тампонын алу. Тиісті құралдардың утилизациясын жасау. Қолғапты шешу. Қол жуу.

0.8

0.6

0.4

0.2

Кезең бойынша максималды балл – 4

Тапсырмаға берілген уақыт – 5 минут

ЕМТИХАН ПАРАҒЫ

Мейірбике ісі негіздері пәні бойынша тәжірибелік дағдыларды балл жүйесінде қадамдық және қорытындылық бағалау
Емтихан қабылдаушының аты – жөні___________________________

«_____» __________ 2013 ж.






Шифр

Кезең қадамдары

Қорытынды балл

Емтихан қабылдау

шының қолы



1


2


3


4


5


1.

























2.

























3.

























4.

























5.

























6.

























7.

























8.

























9.

























10.

























11.

























12.

























13.

























14.

























15.

























16.

























17.

























18.

























19.

























20.

























21.

























22.

























23.

























24.

























25.

























26.

























27.

























28.

























29.

























30.

























ЕМТИХАН ТАПСЫРУШЫНЫҢ АТТЕСТАЦИЯЛЫҚ ПАРАҒЫ

Мейірбике ісі негіздері пәні бойынша емтиханның II кезеңі (ОҚКЕ)


ШИФР _________ « » 2013 ж.


Кезеңдер бойынша балдар



Кезеңдер

Қоры

тынды балл



%

Баға

1

2

3

4

5


























Емтихан қабылдау

шының қолы



























Кафедра меңгерушісі, доцент Әлдешев А.Ә.
ЕМТИХАН ТАПСЫРУШЫНЫҢ АТТЕСТАЦИЯЛЫҚ ПАРАҒЫ

Мейірбике ісі негіздері пәні бойынша емтиханның II кезеңі (ОҚКЕ)


ШИФР _________ « » 2013 ж.


Кезеңдер бойынша балдар



Кезеңдер

Қоры

тынды балл



%

Баға

1

2

3

4

5


























Емтихан қабылдау

шының қолы



























Кафедра меңгерушісі, доцент Әлдешев А.Ә.
ОҚКЕ НӘТИЖЕСІН БАҒАЛАУ КРИТЕРИЛЕРІ


Балдар саны

Балдар қосындысының ауытқу шектері

(%)

Баға

9,5 балл және одан төмен


49% және одан төмен

«2»

10 – 13 балл


50 – 69%

«3»

14 – 16 балл


70 – 84%

«4»

17 – 20 балл


85 – 100%

«5»

Мейірбике ісі негіздері пәні бойынша ОҚКЕ әр кезеңінің балдары




Кезеңнің аты

БАЛДАРЫ

Кезең бойынша максималды балл

«2»

«3»

«4»

«5»

1

Ампуладан дәрі алу.

0-1,9

2,0-2,6

2,7-3,2

3,3-4,0

4

2

Тері ішіне инъекция жасау.

0-1,9

2,0-2,6

2,7-3,2

3,3-4,0

4

3

Тері астына инъекция жасау.

0-1,9

2,0-2,6

2,7-3,2

3,3-4,0

4

4

Бұлшық етке инъекция жасау.

0-1,9

2,0-2,6

2,7-3,2

3,3-4,0

4

5

Көктамырға инъекция жасау.

0-1,9

2,0-2,6

2,7-3,2

3,3-4,0

4

Барлығы: 20

Кафедра меңгерушісі, доцент Әлдешев А.Ә.

ОҚКЕ бойынша анкета (Мейірбике ісі негіздері)

Құрметті студент!

Бүгін сіз АҚШ Ұлыбританияның жоғары оқу орындарымен келісіліп алынған ОҚКЕ әдісі бойынша емтиханнаң 2-ші кезеңін тапсырдыңыз. Оздеріңіздің алған әсерлеріңізбен бөлісулеріңізді сұранамыз. Қойылған сұрақтармен дұрыс танысып, жауабын дұрыс табыңыз.Озіңіздің тілектеріңіз бен ойларыңызды арнайы графаға жазыңыз. Анкета құпия түрде сақталады. Сіздің дұрыс берген жауаптарыңыз осы әдістің одан әрі дамуына өз әсерін тигізеді. Бірге жұмыс жасағандарыңызға рахмет!


1. ОҚКЕ-ден Сіз қандай баға алдыңыз?

1 - өте жақсы 3 - қанағаттанарлық

2 - жақсы 4 - қанағаттанарлықсыз

2. Сіз қай кафедрада дайындық өттіңіз?

1 – Мейірбике ісі негіздері



3. Кафедрада дайындық үшін қолайлы жағдайлар жасалды ма?

1 – ия, толығымен 3 - жоқ

2 – толық емес 4 - _______________ басқалар

4. Сіз үшін қай кезеңдер қиын болды?

1 Ампуладан дәрі алу.

2 – Тері ішіне инъекция жасау.

3 Тері астына инъекция жасау.

4 – Бұлшық етке инъекция жасау.

5 – Көктамырға инъекция жасау.



Неліктен? ________________________________________________________________

5. Қай кезеңдер оқу процесі барысында жеткіліксіз дәрежеде өтті?

1 –


2 –

3 –


4 –

5 –


6. ОҚКЕ-нің жалпы ұйымдастырушылығын бағалаңыз:

1 – жақсы 3 - қанағаттанарлықсыз

2 - қанағаттанарлық 4 - ________________ басқалар

7. ОҚКЕ-нің әдістемелік және техникалық құрал – жабдықтарын бағалаңыз:

1 - жақсы 3 - қанағаттанарлықсыз

2 - қанағаттанарлық 4 - ________________ басқалар

8. ОҚКЕ-ні объективті емтихан деп атауға болады ма?

1 - жақсы 3 - қанағаттанарлықсыз

2 - қанағаттанарлық 4 - _________________ басқалар

9. Сіз тәуелсіз емтихан қабылдаушылардың жұмысын қалай бағалайсыз?

1 - жақсы 3 - қанағаттанарлықсыз

2 - қанағаттанарлық 4 - _________________ басқалар

10. ОҚКЕ әдісі бойынша тарсырылған емтиханды :

1 - жақсы 3 - қанағаттанарлықсыз

2 – қанағаттанарлық 4 - _________________ басқалар

11. ОҚКЕ ұйымдастыру және өткізу бойынша Сіздің ұсынысыңыз. ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

ОҚКЕ бойынша анкета (Мейірбике ісі негіздері)

Құрметті әріптес!

Бүгін Сіз ОҚКЕ технологиясы бойынша студенттердің клиникалық дағдыларды бағалауға экзаменатор ретінде қатыстыңыз. Осы әдістің ары қарай дамуына құпия түрде анкетаны толтыруыңызды сұранамыз. Бірге жұмыс жасағандарыңызға рахмет!




  1. Сіз қандай пән бойынша емтихан қабылдадыңыз? _______________________________________________________________________

  2. Сіз қандай кезеңге қатыстыңыз? __________________________________________________________

  3. Тәуелсіз экзаменаторлардың ОҚКЕ салыстырмалы түрде қызықтырушылығы бойынша сіздің пікіріңіз?

1- қолдаймын 3 – жауап бере алмаймын

2 – қолдамаймын 4 - _________________ басқа



4. ОҚКЕ негізгі мануальді және клиникалық дағдылар қамтылды ма?

1 - ия, толығымен 3 – жоқ

2 – толық емес 4 - _________________ басқа

5. Практикалық дағдыларды бағалау және оны меңгеруге құрылымдық жандасудың әдістемелік аспектін сіз қалай бағалайсыз?

1 – оң мәнді 3 – жауап бере алмаймын

2 – теріс 4 - _________________ басқа

6. Сіз қатысқан кезеңнің құрылымын қандай деп бағалайсыз?

1 – жақсы 3 – жаман

2 – қанағаттанарлық 4 - _________________ басқа

7. ОҚКЕ жалпы ұйымдастырушылығын бағалаңыз:

1 – жақсы 3 – жаман

2 – қанағаттанарлық 4 - _________________ басқа

8. ОҚКЕ техникалық қамтамасыздығын бағалаңыз:

1 – жақсы 3 – жаман

2 – қанағаттанарлық 4 - _________________ басқа

9. ОҚКЕ әдістемелік қамтамасыздығын бағалаңыз:

1 – жақсы 3 – жаман

2 – қанағаттанарлық 4 - _________________ басқа

10. ОҚКЕ объективті емтихан болып саналады ма?

1 – жақсы 3 – жаман

2 – қанағаттанарлық 4 - _________________ басқа

11. ОҚКЕ әдістемесі және оны өткізу бойынша алған әсеріңіз:

1 – жақсы 3 – жаман



2 – қанағаттанарлық 4 - _________________ басқа

13. ОҚКЕ ұйымдастыру және өткізу бойынша Сіздің ұсынысыңыз. _________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________




Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет