Объем валовой продукции сельского хозяйства



жүктеу 127.02 Kb.
Дата29.08.2018
өлшемі127.02 Kb.


2009 жылдың 1 жарты жылдығындағы мемлекеттік бюджеттің орындалуы бойынша түсініктеме хат
2009 жылдың 1 жарты жылдығындағы кірістер бойынша Бесқарағай ауданының бюджеті 102,3 пайызға орындалды, яғни 2009 жылдың 1 жарты жылдығындағы 678776,5 мың теңге көлеміндегі түсімдердің жиынтық жоспары кірістер бойынша түсімдер 694176,7 мың теңгені құрады.

2009 жылдың 1 жарты жылдығындағы ресми трансферттердің түсімі 590070,4 мың теңге болса, жоспар 590649,5 мың теңгені немесе 99,9 пайызды құрады.

2009 жылдың 1 жарты жылдығындағы мақсатты ағымдағы трансферттер бойынша жоспар 45649,5 мың теңге болса, оның игерілуі 44981,4 мың теңгені құрады, оның ішінде республикалық бюджеттен жоспар 32290,5 мың теңге болса, оның игерілуі 31622,4 мың теңгені құрады, игерілмеуі 668,1 мың теңге; облыстық бюджеттен жоспар 13359 мың теңге болса, оның игерілуі 13359 мың теңгені құрады.

2009 жылдың 1 жарты жылдығындағы бос қалдықтарды бағыттау бойынша орындалуы 5424,9 мың теңге болса, жоспар 5574,9 мың теңгені немесе 97,3 пайызды құрады.

Жергілікті атқарушылық органның қорынан 2009 жылдың 1 жарты жылдығына шұғыл шығындарға тіршілікті қамтамасыз ету нысандарының тоқтаусыз жұмыс істеуі мақсатында «Водник» мемлекеттік көп салалы коммуналдық кәсіпорны алдында тұтынылған электр қуатының 1600 мың теңге сомадағы берешегін өтеуге қаражаттар бөлінді.

2009 жыл ішінде аудандық бюджет қаражаттарынан несие беру қарастырылмаған.

2009 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша бұрын берілген несиелер бойынша берешектер жоқ.

2009 жылдың 1 жарты жылдығында бос қалдықтарды бекіту, мақсатты трансферттердің түсімі, бюджеттің кіріс және шығыс бөліктерін түзету бойынша екі анықталған аудандық бюджет жүргізілді.

Күрделі шығындар мен инвестициялық жобалар бойынша орындалуы (республикалық трансферттерсіз) 61399,4 мың теңге болса, жоспар 81439,6 мың теңгені немесе 75,4 пайызды құрады. Құрылыс және білім беру нысандарын қайта жаңарту және қалалар мен елді мекендерді жабдықтауды дамыту бойынша - 14875 мың теңге, орта мектебінің жылыту жүйесін күрделі жөндеу бойынша – 4837,1 мың теңге, нақты шығындардың төлеміне байланысты материалдық-техникалық көріктендіру бойынша – 327 мың теңге сомада қаражаттар толық пайдаланбаған.

2009 жылдың 1 шілдеге жергілікті бюджетке түсетін өз кірістерінің түсімі 118,1 пайызға орындалды, болжам жоспары 88127 мың теңге және нақты түсімі 104106,3 мың теңге, асыра орындалуы 15979,3 мың теңгені құрады.

Жоспар келесі салық түрлері бойынша асыра орындалды:

- төлем көздерінің кірістерінен алынатын жеке табыс салығы 112,9 пайызға орындалды, болжам жоспары 26464 мың теңге, нақты түсім 29853,3 мың теңге, ағымды жылға төлемдер;

- төлем көздерінің кірістерінен алынбайтын жеке табыс салығы 138,7 пайызға орындалды, болжам жоспары 3638 мың теңге, нақты түсім 5047,5 мың теңге, ағымды жылға төлемдер;

- бір жолғы талон бойынша жұмыс істейтін жеке тұлғалардан жеке табыс салығы 201,2 пайызға орындалды, болжам жоспары 205 мың теңге, және нақты түсімі 412,5 мың теңге. Асыра орындау салықтық әкімшілік етудің жақсаруымен түсіндіріледі, салықты төлеуден жалтаратын тұлғаларды анықтау бойынша рейдтік және түсіндіру іс-шаралары өткізіледі;

- әлеуметтік салық 114,4 пайызға орындалды, болжам жоспары 33180 мың теңге және нақты түсімі 37951,6 мың теңге, ағымды жылға төлемдер;

- заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің мүлік салығы 120,2 пайызға орындалды, болжам жоспары 11096 мың теңге және нақты түсімі 13340,7 мың теңге, ағымды жылға төлемдер;

- жеке тұлғалардың мүлік салығы 109 пайызға орындалды, болжам жоспары 1176 мың теңге және нақты түсімі 1282 мың теңге, ағымды жылға төлемдер;

- елді мекендердің жерлеріне арналған жер салығы 108 пайызға орындалды, болжам жоспары 1332 мың теңге және нақты түсімі 1438,7 мың теңге, ағымды жылға төлемдер;

- өнеркәсіп және байланыс жерлеріне салық 100,1 пайызға орындалды, болжам жоспары 22 мың теңге және нақты түсімі 22 мың теңге, ағымды жылға төлемдер;

- заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің жер салығы 104,9 пайызға орындалды, болжам жоспары 412 мың теңге және нақты түсімі 432,2 мың теңге, ағымды жылға төлемдер;

- жеке тұлғалардан көлік құралдарына салық 131,6 пайызға орындалды, болжам жоспары 7150 мың теңге және нақты түсімі 9406,1 мың теңге, ағымды жылға төлемдер;

- біріңғай жер салығы 143,2 пайызға орындалды, болжам жоспары 815 мың теңге және нақты түсімі 1166,8 мың теңге, ағымды жылға төлемдер;

- акциздер 102 пайызға орындалды, болжам жоспары 388 мың теңге және нақты түсімі 395,9 мың теңге, ағымды жылға төлемдер;

- жеке кәсіпкерлерді тіркеу үшін алым 102,5 пайызға орындалды, болжам жоспары 155 мың теңге және нақты түсімі 158,9 мың теңге, жеке кәсіпкер ретінде жаңа тіркеу арқылы;

- қызметтің бөлек түрін алуға құқығы бар лицензиялық алым 359 пайызға орындалды, болжам жоспары 167 мың теңге және нақты түсімі 599,6 мың теңге, жүйелі емес маңызының бір жолғы түсіміне жататын төлемдер;

- елді мекендерде жергілікті маңызының жалпы қолданылатын автомобиль жолдарының бөлінген сызығында сыртқы жарнаманы орналастыру төлемі 220,5 пайызға орындалды, болжам жоспары 12 мың теңге және нақты түсімі 26,5 мың теңге, ТӘБ Банкі үшін алынған алаңынан соманы қайта есептеуінен ұлғаюы;

- мемлекеттік баж 127,7 пайызға орындалды, болжам жоспары 564 мың теңге және нақты түсімі 720 мың теңге, асыра орындалуы жүйелі емес маңызының бір жолғы түсіміне жататын төлемдерінің ұлғаюымен түсіндіріледі;

-коммуналдық меншігінен кірістер 206,9 пайызға орындалды, болжам жоспары 155,1 мың теңге және нақты түсімі 413,8 мың теңге, жалға берілетін келісіміне сәйкес төлемдер;

- әкімшілік айыппұлдар мен санкциялар 106,2 пайызға орындалды, болжам жоспары 229 мың теңге және нақты түсімі 243,2 мың теңге, жүйелі емес маңызының бір жолғы түсіміне жататын төлемдер;

- жерді және материалдық емес активтерді сату бойынша түсімдер 309,5 пайызға орындалды, болжам жоспары 138 мың теңге және нақты түсімі 427,1 мың теңге, ағымды жылға төлемдер;

2009 жылдың 1 жарты жылдығындағы бюджеттің шығыс бөлігі 96,3 пайызға орындалды, жоспар 684351,4 мың теңге және кассалық орындалу 659269,6 мың теңге.

«Жалпы маңызының мемлекеттік қызмет көрсетулер» 1 функционалдық топ бойынша орындалуы 65088,9 болса, жоспар 66223 мың теңгені немесе 98,3 пайызды құрады.

Жергілікті өкілдік органдардың аппараты бойынша орындалуы 5729,1 мың теңге болса, жоспар 5875 мың теңгені немесе 98,7 пайызды құрады. Мемлекеттік қызметкерлер бойынша штат бірлігінің нақты саны 6 бірлік болса, жоспар 7 бірлікті құрады. Келісім-шарт бойынша жұмысшылардың нақты саны 1 бірлік болса, жоспар 4 бірлікті құрады.

Әкім аппараты бойынша орындалуы 21040,6 мың теңге болса, жоспар 21042 мың теңгені немесе 100 пайызды құрады. Келісім-шарт бойынша жұмысшылардың нақты саны 13 бірлік болса, жоспар 14 бірлікті құрады.

Ауылдық округтер аппараттары бойынша орындалуы 29194,6 мың теңге болса, жоспар 29776 мың теңгені немесе 98 пайызды құрады. Мемлекеттік қызметкерлер бойынша штат бірлігінің нақты саны 41 бірлік болса, жоспар 44 бірлікті құрады немесе 3 бірлік бос орындар бар. Келісім-шарт бойынша жұмысшылардың нақты саны 36 бірлік болса, жоспар 36 бірлікті құрады. Мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық көріктендіру бойынша ауылдық әкімдіктермен 933,9 мың теңгеге 7 комплект компьютерлік техника алынды.

Қаржы бөлімі бойынша орындалуы 5366,4 мың теңге болса, жоспар 5548 мың теңгені немесе 96,7 пайызды құрады. Мемлекеттік қызметкерлер бойынша штат бірлігінің нақты саны 7 бірлік болса, жоспар 7 бірлікті құрады. Келісім-шарт бойынша жұмысшылардың нақты саны 4 бірлік болса, жоспар 5 бірлікті құрады.

Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі бойынша орындалуы 3759,3 мың теңге болса, жоспар 3759,3 мың теңгені немесе 94,4 пайызды құрады. Мемлекеттік қызметкерлер бойынша штат бірлігінің нақты саны 3 бірлік болса, жоспар 4 бірлікті құрады. Келісім-шарт бойынша жұмысшылардың нақты саны 5 бірлік болса, жоспар 6 бірлікті құрады.

«Қорғаныс» 2 функционалдық топ бойынша орындалуы 6494 мың теңге болса, жоспар 6863 мың теңгені немесе 94,6 пайызды құрады.

Әскери қызметке жазылу және шақыру бойынша іс-шаралардың орындалуы 1200 мың теңге болса, жоспар 1200 мың теңгені немесе 100 пайызды құрады. Қаражат жазылу және шақыру бойынша іс-шараларға пайдаланылды (медициналық куәліктендіру, шақырушыларды жеткізу, іссапар шығындары).

Аудан масштабының төтенше жағдайларды жою және алдын-алу іс шаралары бойынша орындалуы 5294 мың теңге болса, жоспар 5663 мың теңгені немесе 93,5 пайызды құрады.

«Білім беру» 4 функционалдық топ бойынша орындалуы 406781,9 мың теңге болса, жоспар 423967 мың теңгені немесе 95,9 пайызды құрады.

Жергілікті бюджет қаражатынан мектеп қызметін қамтамасыз ету бойынша орындалуы 388545,3 мың теңге болса, анықталған жоспар 393912 мың теңгені немесе 98,6 пайызды құрады. Қаражаттар негізінде 283138,7 мың теңге сомада еңбекақыны есептеумен, 7267 мың теңге сомада азық-түлік тамақтарды алуға, 20336 мың теңге сомада басқа да тауарларды алуға, (оның ішінде мемлекеттік рәмізіне-1020 мың теңге, спорт құралдарына – 384 мың теңге, асханаларға ыдыс-аяқ алуға – 943 мың теңге, асхана мен кабинеттерге арналған жиһаз- 762 мың теңге, арнайы киім, музыкалық аппаратуралар, медициналық құрал-жабдықтар- 590 мың теңге сомада), 7542,8 мың теңге сомада басқа қызмет көрсетулер (өрт дабылдамасын құрамалау және орнату бойынша шығындар – 4956 мың теңге, энергетикалық сараптама өткізу бойынша шығындар – 422 мың теңге, шатырдағы ағаш құрылымын сіңіру бойынша шығындар – 317 мың теңге) 15776,2 мың теңге сомада негізгі құралдарға жататын тауарларды алуға (компьютерлік техниканы алуға – 1005 мың теңге, бір автобус – 3835 мың теңге, бір автомашина – 1740 мың теңге, қазандық- 850 мың теңге, тоңазытқыш – 435 мың теңге, электр пеші – 153 мың теңге, қазаңдыққа арналған құралдар – 3878 мың теңге). Ауданда 26 жалпы білім беретін мектептер жұмыс істейді, музыкалық мектеп, шығармашылық үйі, медициналық кабинет.

Балалар мен жастар үшін білім беру бағдарламасы бойынша орындалуы 5378 мың теңге болса, жоспар 5378 мың теңгені немесе 100 пайызды құрады.

Білім беру бөлімі бойынша орындалуы 3420,8 мың теңге болса, жоспар 3457 мың теңгені немесе 98,9 пайызды құрады. Мемлекеттік қызметкерлер бойынша штат бірлігінің нақты саны 5 бірлік болса, жоспар 5 бірлікті құрады. Келісім-шарт бойынша жұмысшылардың нақты саны 1 бірлік болса, жоспар 1 бірлікті құрады.

Білім беру мемлекеттік жүйесінде жаңа технологияларды енгізу шығындары бойынша - 5750,9 мың теңге болса, жоспар 6043 мың теңгені құрады. Қаражаттар құрал-жабдықтарды алуға екі мектеп бойынша шығындарға пайдаланылды.

Білім беру нысандарының құрылысы және қайта жаңартубойынша орындалуы – 3439 мың теңге болса, 14928 мың теңгені немесе 23 пайызды құрады. Қаражаттар М-Владимировка және Семеновка орта мектептердің қазандықтарын қайта жаңарту бойыншажобалау-сметалық құжаттаманы дайындауға пайдаланылды.

«Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету» 6 функционалдық топ бойынша 2009 жылдың 1 жарты жылдығына орындалуы 53606,1 мың теңге болса, жоспар 53637 мың теңгені немесе 99,9 пайызды құрады.

2009 жылы әлеуметтік жұмысшыларының, сондай-ақ мүгедек балаларды қолдау және түзету бөлімін ұстау жүргізілді, орындалуы 4354 мың теңге болса, жоспар 4363 мың теңгені немесе 99,8 пайызды құрады.

Қызмет көрсетілетін азаматтардың саны барлығы 134 адамды құрайды, оның ішінде жалғыз, қарт азаматтар – 76 адам, мүгедек-балалар – 58 адам. Әлеуметтік жұмысшылардың штат бірлігінің саны тоқсан аяғына 21,5 бірлікті құрайды.

Жұмыспен қамту және бағдарламалар бөлімі бойынша орындалуы 2791,9 мың теңге болса, жоспар 2792 мың теңгені немесе 100 пайызды құрады. Мемлекеттік қызметкерлердің нақты штат бірлігі 9 бірлік болса, жоспар 9 бірлікті құрады. Келісім-шарт бойынша нақты жұмысшылардың саны – 3 бірлік болса, жоспар 4 бірлікті құрады. Мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық көріктендіру бойынша жоспар 325 мың теңге, 1 жарты жылдығына екі компьютерлік комплект және бір ноутбук алуға 324,8 мың теңге сомада қаражат игерілді.

Жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша орындалуы 8793,1мың теңге болса, жоспар 8794 мың теңгені немесе 100 пайызды құрады. Есептеу мерзімге алушылардың саны 154 адамды құрайды.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету бойынша орындалуы 6753 мың теңге болса, жоспар 6753 мың теңгені немесе 100 пайызды құрады. Есептеу мерзімге алушылардың саны 1594 адамды құрайды.

Тұрғын үй көмек көрсету бағдарламасы бойынша орындалуы 785 мың теңге болса, жоспар 785 мың теңгені немесе 100 пайызды құрады. Есептеу мерзімге алушылардың саны 18 адамды құрайды.

2009 жылдың 1 жарты жылдығына жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша әлеуметтік көмекке 13752 мың теңге бөлінді, жоспар 13752 мың теңге немесе 100 пайыз. Есептеу мерзімге алушылардың саны 878 адамды құрайды.

Үйде тәрбиеленіп, оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету бағдарламасы бойынша орындалуы 2659 мың теңге болса, жоспар 2659 мың теңгені немесе 100 пайызды құрады. Есептеу мерзімге алушылардың саны 45 мүгедек-балаларды құрайды.

Жәрдемақы және басқа да әлеуметтік төлемдерді есепке алу, төлеу және жеткізу қызметтерін төлеу бағдарламасы бойынша орындалуы 500 мың теңге болса, жоспар 500 мың теңгені немесе 100 пайызды құрады.

18 жасқа дейін балаларға мемлекеттік жәрдемақы бағдарламасы бойынша орындалуы 9109 мың теңге болса, жоспар 9109 мың теңгені немесе 100 пайызды құрады.

Есептеу мерзімге алушылардың саны 1677 адамды құрайды.

«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы» 7 функционалдық топ бойынша орындалуы 13612,3 мың теңге болса, жоспар 17580,2 мың теңгені немесе 77,4 пайызды құрады.

Елді мекендердің көшелерін жарықтандыру бағдарламасы бойынша орындалуы 5265,9 мың теңге болса, жоспар 5272 мың теңгені немесе 99,9 пайызды құрады. 58 лампаны көшені жарықтандыру монтажды жұмыстар мен қызмет көрсету бойынша шығындар жүргізілді.

Елді мекендерді санитариямен қамтамасыз ету бағдарламасы бойынша орындалуы 2778,9 мың теңге болса, жоспар 3177 мың теңгені немесе 87,5 пайызды құрады. 137 қаңғыбас иттерді ұстау бойынша жұмыстар жүргізілді.

Көгалдандыру және көркейту бағдарламасы бойынша орындалуы 2105,5 мың теңге болса, жоспар 2209 мың теңгені немесе 95,3 пайызды құрады. 2 ескерткіштерді ағымды жөңдеу және 1 банер орнату жұмысы жүргізілді.

Сумен қамтамасыз ету жүйесін дамыту бағдарламасы бойынша орындалуы 2722 мың теңге болса, жоспар 2795,2 мың теңгені немесе 97,4 пайызды құрады. Су құбыры жүйелерін ағымды ұстау бойынша шығындар жүргізілді.

Қалалар мен елді мекендерді көріктендіруді дамыту бағдарламасы бойынша орындалуы 414 мың теңге болса, жоспар 3800 мың теңгені немесе 10,9 пайызды құрады. Қаражаттар алаңды қайта жаңарту бойынша жобалау-сметалық құжаттама дайындауға пайдаланылды.

«Мәдениет, спорт және ақпараттық кеңістік» 8 функционалдық топ бойынша орындалуы 51717,6 мың теңге болса, жоспар 51753 мың теңгені немесе 99,9 пайызды құрады.

Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі бойынша орындалуы 2011,7 мың теңге болса, жоспар 98,8 мың теңгені немесе 98,8 пайызды құрады. Мемлекеттік қызметкерлер бойынша штат бірлігінің нақты саны жоспарланған 3 бірлік бойынша 3 бірлікті құрады. Келісім шарт бойынша жұмысшылардың нақты саны жоспарланған 05, мөлшермесі бойынша 0,5 бірлікті құрады.

Мәдени-демалыс жұмыстарын қолдау бойынша орындалуы 33793 мың теңге болса, жоспар 33793 мың теңгені немесе 100 пайызды құрады. Ауданда 16 штат бірлігімен Мәдениет үйі және Канонерка ауылындағы бір ауылдық клуб жұмыс істейді.

Аудандық кітапханалардың жұмысы бойынша шығындар 4339,1 мың теңге болса, жоспар 4341 мың теңге немесе 100 пайызды құрады. Ауданда орталық аудандық кітапхана мен 16 штат бірлігімен 17 ауылдық кітапханалар жұмыс істейді.

Мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерді дамыту бағдарламасы бойынша орындалуы 3557,6 мың теңге болса, жоспар 3558 мың теңгені немесе 100 пайызды құрады. 5,5 штат бірлігімен тілдерді дамыту бойынша орталығы жұмыс істейді.

Ішкі саясат бөлімі бойынша орындалуы 3612,6 мың теңге болса, жоспар 3618 мың теңгені немесе 99,8 пайызды құрады. Мемлекеттік қызметшілер бойынша штат бірлігінің саны жоспарланған 3 бірлік бойынша 3 бірлікті құрады. Келісім шарт бойынша жұмысшылардың нақты саны жоспарланған 2 бірлік бойынша 2 бірлікті құрады.

Газеттер мен журналдар арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатын жүргізуге шығындар 760 мың теңге болса, жоспар 760 мың теңгені немесе 100 пайызды құрады (аудандық газет «Бесқарағай тынысы»).

Жастар саясаты саласында аймақтық бағдарламаларды жүзеге асыру бағдарламасы бойынша орындалуы 344 мың теңге болса, жоспар 344 мың теңгені немесе 100 пайызды құрады. «Канонерка ауылдық округінің базасында жастар слеті», әскери-басымдық, Ауғаныстаннан әскерлерді шығаруға арналған іс-шаралар өткізілді.


Дене шынықтыру және спорт бөлімі бойынша орындалуы 1493,2 мың теңге болса, жоспар 1495 мың теңгені немесе 99,9 пайызды құрады. Мемлекеттік қызметкерлер бойынша штат бірлігінің саны жоспарланған 3 бірлік бойынша 1 бірлікті құрады. Келісім шарт бойынша жұмысшылардың нақты саны жоспарланған 3 бірлік бойынша 3 бірлікті құрады.

Аудандық деңгейде спорттық жарыстарды өткізу бағдарламасы бойынша орындалуы 366 мың теңге болса, жоспар 366 мың теңгені немесе 100 пайызды құрады. Қаражаттар спорттық құралдармен сыйлықтарды алуға пайдаланылды.

Ауданның жиын командаларын дайындау мен қатысу бойынша 1784,4 мың теңге болса, жоспар 1786 мың теңгені немесе 99,9 пайызды құрады. Қаражаттар облыстық жарыстарды өткізу, тұру, тамақтану, іссапар шығындар мен басқа да шығындарға пайдаланылды.

«Ауыл шаруашылығы» 10 функционалдық топ бойынша орындалуы 21497 мың теңге болса, жоспар 21917,3 мың теңгені немесе 98,1 пайызды құрады.

Ауыл шаруашылығы бөлімі бойынша орындалуы 3493,6 мың теңге болса, жоспар 3679 мың теңгені немесе 92,4 пайызды құрады. Мемлекеттік қызметкерлер бойынша штат бірлігінің саны жоспарланған 4 бірлік бойынша 3 бірлікті құрады.

Жер қатынастары бөлімі бойынша орындалуы 2680,6 мың теңге болса, жоспар 2726 мың теңге немесе 98,3 пайызды құрады. Мемлекеттік қызметкерлер бойынша штат бірлігінің саны жоспарланған 3 бірлік бойынша 3 бірлікті құрады.

Республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер арқылы ауылдық елді мекендердің әлеуметтік мамандарын қолдау шараларын жүзеге асыру бойынша орындалуы 89 мың теңге болса, жоспар 178 мың теңгені немесе 50 пайызды құрады.

Республикалық және жергілікті бюджеттерден нысаналы трансферттер арқылы аумақтық жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стартегиясын жүзеге асыру шеңберінде поселкілерде, ауылдарда, (селоларда) ауылдық (селолық) округтерде әлеуметтік жобаларды қаржыландыру бойынша орындалуы 5996 мың теңге болса, жоспар 5996 мың теңгені немесе 100 пайызды құрады.

Бесқарағай ауданы бойынша Дағдарысқа қарсы жоспар мен Жол картасы шеңберінде 11 іс-шаралар жоспарланды, 10 ауылдық округтерде көріктендіру мен Ново-Николаевка ауылындағы ауылдық клубтың ғимаратын күрделі жөндеу.
«Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі» 11 функционалдық топ бойынша орындалуы 3978,7 мың теңге болса, жоспар 4073 мың теңгені немесе 97,7 пайызды құрады.

Құрылыс бөлімі бойынша орындалуы 2422,8 мың теңге болса, жоспар 2427 мың теңгені немесе 99,8 пайызды құрады. Мемлекеттік қызметшілер бойынша штат бірлігінің саны жоспарланған 3 бірлік бойынша 1 бірлікті құрады. Келісім шарт бойынша жұмысшылардың нақты саны жоспарланған 4 бірлік бойынша 4 бірлікті құрады.

Сәулет және қала құрылысы бөлімі бойынша орындалуы 1556 мың теңге болса, жоспар 1646 мың теңгені немесе 94,5 пайызды құрады. Мемлекеттік қызметшілер бойынша штат бірлігінің саны жоспарланған 3 бірлік бойынша 1 бірлікті құрады. Келісім шарт бойынша жұмысшылардың нақты саны жоспарланған 3 бірлік бойынша 3 бірлікті құрады.

«Көлік және байланыс» 12 функционалдық топ бойынша орындалуы 21001,9 мың теңге болса, жоспар 21018 мың теңгені немесе 99,9 пайызды құрады. 3768 қашықтығымен елді мекендердің көшелерін қардан тазалау бойынша жұмыс өткізілді.

«Басқа да» 13 функционалдық топ бойынша орындалуы 14592,9 мың теңге болса, жоспар 16421,6 мың теңгені немесе 88,9 пайызды құрады. Аудан аумағында табиғи және техногендік маңызының төтенше жағдайларды алдын-алу үшін жергілікті атқарушы органдарының қоры бойынша іс-шаралардың болмауынан 1000 мың теңге игерілмеген, шұғыл шығындарға жергілікті атқарушы органның қоры арқылы елді мекендерді ауыз сумен тоқсаусыз қамтамасыз ету мақсатында «Водник» мемлекеттік көпсалалы коммуналдық кәсіпорыны электр қуатының берешегін жабуға 1600 мың теңге сомада қаражататар игерілді.

Мемлекеттік кәсіпорындардың жарғы капиталдарын қалыптастыру мен ұлғайту шығындары есептеу мерзімге 8451,6 мың теңге болса, жоспар 8451,6 мың теңгені құрады, 1725 мың теңге сомада УАЗ автомобиль, 1731 мың теңге сомада сваркалық трансформатор, 2000 мың теңге сомада ЮМЗ 6А трактор сияқты негізгі құралдарды алуға қаражаттар пайдаланылды.

Және де осында ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімін ұстау бойынша шығындар жүргізілді. Орындалуы 2280,3 мың теңге болса, жоспар 2474 мың теңге немесе 92,2 пайызды құрады, кәсіпкерлік бөлімін ұстау бойынша орындалуы 2261 мың теңге болса, жоспар 2496 мың теңге немесе 90,6 пайызды құрады. Ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бойынша мемлекеттік қызметшілер бойынша штат бірлігінің саны жоспарланған 3 бірлік бойынша 3 бірлікті құрады. Келісім шарт бойынша жұмысшылардың нақты саны жоспарланған 3 бірлік бойынша 2 бірлікті құрады. Кәсіпкерлік

бөлімі бойынша мемлекеттік қызметшілер бойынша штат бірлігінің саны жоспарланған 3 бірлік бойынша 2 бірлікті құрады. Келісім шарт бойынша жұмысшылардың нақты саны жоспарланған 2 бірлік бойынша 2 бірлікті құрады.



Бесқарағай ауданы бойынша 2009 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша мерзімін өткізіп алған несиелік берешектер мен дебиторлық берешектер жоқ.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет