Обеспечение уплаты таможенных пошлин и налогов как механизм защиты экономических интересов государства



жүктеу 58.22 Kb.
Дата20.04.2019
өлшемі58.22 Kb.




«Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды тіркеу, сондай-ақ кеден ісі саласында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаның және (немесе) уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

Кедендік режимдерді, кедендік заңнаманың өзге де талаптарын пайдалану шарттарына қатысты кеден заңнамасының талаптарын сақтау, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдарымен кеден төлемдерін табысты жинаудың маңызды алғышарты - оларды төлеуді қамтамасыз етудің тиімді жүйесі болып табылады.

Кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету механизмін пайдалану, мемлекеттің экономикалық мүдделерін қорғауға бағытталған кедендік реттеудің әлемдік тәжірибесінде кеңінен таралған. Кеден органдарының кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету жөніндегі талаптары, кедендік баж салығын төлеусіз тауарларды экономикалық айналымға заңсыз тартылу жағдайларын қысқартуға бағытталған. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету, кеден заңнамасында белгіленген міндеттемелерді өзіне міндетіне алған сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың тиісті түрде орындауының кепілі.
«Кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз етуді тіркеу» мемлекеттік қызметі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетімен, Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының аумақтық органдарымен (бұдан әрі - қызмет көрсетуші) ұсынылады.

«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 96-бабы 3-тармағында көрсетілген төлеуші немесе тұлға, «Қазақстан Республикасында кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген өтініштер нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 30 қаңтардағы №87 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша кедендік баждар мен салықтарды есептеу үшін кедендік баждарды, салықтарды және коммерциялық құжаттардың көшірмелерін төлеу бойынша қамтамасыз етуді енгізуді растайтын құжаттарды қосымша бере отырып, кеден органына ұсынады.

Құжаттарды қабылдау қызмет көрсетушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады. Қызмет көрсетушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс уақыты сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. Өтініштерді қабылдау сағат 9.00-ден 17.30-ге дейін жүзеге асырылады, түскі үзіліс уақыты сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. Өтініштерді қабылдау алдын ала жазбасыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек бойынша жүзеге асырылады. Қызмет көрсетушімен құжаттарды қабылдап алуды растау, өтініш көшірмесіндегі құжаттар пакетін қабылдаған тұлғаның тегі және инициалдары, күні, уақыты, қолы қойылған белгі болып табылады. «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 96-бабымен кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттерді орындауды қамтамасыз ету жағдайлары қарастырылған. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуы, сондай-ақ мынадай: 1) уәкілетті экономикалық операторлар декларант ретінде әрекет ететін жағдайларды қоспағанда, тауарларды кеден қоймасына іс жүзінде орналастырмай, кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастыру;



 2) уәкілетті экономикалық оператор декларант ретінде әрекет ететін жағдайларды қоспағанда, кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды баламалы тауарлармен алмастыру;

  3) уәкілетті экономикалық оператор декларант ретінде әрекет ететін жағдайларды қоспағанда, мерзiмдi кедендiк декларациялау;

   4) «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 170-бабына сәйкес тауарға қатысты өкілеттігі бар тұлғаның өтініші бойынша тауарларды орындарға уақытша сақтауға орналастыру;

   5) «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 397-бабына сәйкес ұсынылған құжаттардың тиісті түрде ресімделмеу және (немесе) анық емес мәліметтерді қамту белгілерін анықтау жағдайларында да қамтамасыз етiледi;

6) кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу мерзімдерін өзгерту;

7) декларация берілерден бұрын кедендік операцияларды жасау және тауарларды шығару ерекшеліктері кезінде;

8) кедендік, өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеру аяқталғанға дейін тауарларды шығару ерекшеліктері кезінде;

9) кедендік сараптама тағайындау кезінде тауарларды шығару ерекшеліктері кезінде;

10) тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастыру шарттары кезінде;

11) тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастыру және оларды осындай кедендік рәсімге сәйкес пайдалану шарттары кезінде;

12) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне және (немесе) теңізбен тасымалданатын Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларына қатысты кедендік транзиттің кедендік рәсімін қолдану, аяқтау және қолданысын тоқтату ерекшеліктері кезінде қамтамасыз етіледі.

«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 97-бабына сәйкес, оған мүліктік сипаттағы арнайы шаралар енгізілген, атап айтқанда кедендік баждарды төлеу жөніндегі міндеттердің орындалуын қамтамасыз етудің үш нысаны: тауарлар мен көлік құралдарының кепілі, үшінші тұлғаның кепілдігі (банк кепілдігі, сақтандыру шарты, кепілгерлік шарты), сондай-ақ тиесілі соманы мемлекеттік кірістер органдарының ақшаны уақытша орналастыру шотына аудару.

Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасында кедендік баждарды, салықтарды төлеу (ақша, кепіл, банк кепілдігі және кепілгерлік) жөніндегі міндеттердің орындалуын қамтамасыз етудің 4 нысаны қарастырылған, алайда Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің заңнамасымен төлемді қамтамасыз етудің басқа тәсілдері қарастырылуы мүмкін. Қазақстан Республикасының заңнамасында кедендік баждарды, салықтарды төлеу сақтандыру шарты арқылы қамтамасыз етілген. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 28 ақпандағы №295 бұйрығымен кедендік операцияларды жасау кезінде кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету мақсаты үшін сақтандырудың үлгілік шарты бекітілген.



Сонымен қатар, төлеуші кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттердің орындалуын қамтамасыз етудің кез-келген тәсілін таңдауға немесе бірнеше тәсілдерін пайдалануға құқылы, сондай-ақ «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 97-бабы 3-тармағының ережелері ескеріле отырып, қамтамасыз етудің бір тәсілін екінші тәсілмен ауыстырып жүзеге асыруға құқылы. Төлеушімен кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттер, міндеттеменің әрекет етуінің барлық мерзімі ішінде үздіксіз қамтамасыз етілуі тиіс. Сондықтан, кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттердің орындалуын қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі, кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттемелерді орындауды, осы міндеттемелердің тәсілдері шеңберінде қабылданған талаптарды орындауды қамтамасыз ететін тұлғаға кеден органымен уақытылы жолдау үшін жеткілікті болу қажет. Кеден органы «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 98-бабы 5-тармағы, 99-бабы 2-тармағы, 100-бабы 4-тармағы, 101-бабы 5-тармағы, 102-бабы 2-тармағында көзделген жағдайларда, көрсетілген өтініш тіркелген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз етуді тіркейді немесе оны тіркеуден бас тартады. Кеден органдарында кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттердің орындалуын қамтамасыз етудің есепке алу тәртібі уәкілетті органмен анықталады. Кедендік баждарды, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді қайтару (есепке жатқызу) кеден органы қамтамасыз етiлген мiндеттемелердi орындалғандығына көз жеткізсе немесе қамтамасыз етiлген мiндеттеме туындамаған жағдайда жүзеге асырылады.


Результаты согласования
22.10.2018 14:29:16: Кажиекперов Е. А. (Отдел таможенной стоимости) - - cогласовано без замечаний

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет