Обьявление



жүктеу 57.98 Kb.
Дата08.05.2018
өлшемі57.98 Kb.
түріКонкурс



Мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында арасындағы

«Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасу үшін ішкі конкурс



Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары

С-О-5 санаты үшін: жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, Е-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес;



3) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрларды даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы


Санаты

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-О-5

83282,08

112430,81



Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаменті, 070019, ШҚО, Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 87/2, байланыс телефоны 8 (7232) 26-17-33, электронды мекенжайы: g.kudaskina@minfin.gov.kz бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасу үшін мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды.

1. Шарттарды тіркеу басқармасы жергілікті бюджеттегі мемлекеттік мекемелердің шарттарын тіркеу бөлімінің бас маманы-бас қазынашысы (уақытша, негізгі қызметкер бала күтіміне байланысты демалыста болған кезеңге 16.02.2019 ж. дейін), С-О-5 санаты, 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Жергілікті бюджеттегі мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түсетін өз билігінде қалатын қаражаты мен ақшасы есебінен жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерін тіркеуге арналған өтінімдерін бағдарламалық бақылау; хабарламаларды қалыптастыру және жүйеге енгізу; талаптарға сәйкес келмеген құжаттарды қайтару себебіне негіздеме бере отырып, орындаусыз қайтару.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: экономика және бизнес саласында (экономика немесе менеджмент немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару). Негізгі қызметі бойынша мерзімді қайта даярлау курстарынан өткені туралы сертификаттардың болғаны жөн. Заңнамалық және нормативтік актілерді, Бюджет кодексін білу, компьютерде жұмыс істей білу. Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

2. Төлемдерді бекіту және бақылау басқармасы республикалық бюджеттегі мемлекеттік мекемелердің төлемдерін бекіту және бақылау бөлімінің бас маманы-бас қазынашысы (уақытша, негізгі қызметкер бала күтіміне байланысты демалыста болған кезеңге 15.02.2018ж. дейін), С-О-5 санаты, 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Мемлекеттік мекемелердің төлем шоттары, квазимемлекетік сектор субъектілерінің төлем тапсырмалары, валютадағы шоттар, 902 шот бойынша төлем тапсырмаларының деректемелерін бағдарламалық бақылау; екінші деңгейдегі банктердің бағдарламаларында ақша алушылардың тізімі бойынша МТ-102 форматындағы файлдарды, SWIFT-файлдарды тексеру; төлем шоттарын, төлем тапсырмаларын қайта енгізу; қағаз тасығыштағы төлем құжаттарының деректемелерін бұрын енгізілген электрондық нысандарға сәйкестігін бақылау; төлем құжаттарын уақтылы бекіту; орындалған төлем құжаттарын есеп нысандарымен салыстырып тексеру, күн құжаттарын қалыптастыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: экономика және бизнес саласында (экономика немесе менеджмент немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару). Негізгі қызметі бойынша мерзімді қайта даярлау курстарынан өткені туралы сертификаттардың болғаны жөн. Заңнамалық және нормативтік актілерді, Бюджет кодексін білу, компьютерде жұмыс істей білу. Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

3. Ведомстволық бақылау бөлімінің бас маманы-бас қазынашысы, С-О-5 санаты, 2 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Департаменттің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің қызметін ведомстволық бақылау; Департаменттің аумақтық бөлімшелерінің қызметін дистанциялық бақылау; Департамент пен оның аумақтық бөлімшелерінде ұйымдастыру-құқықтық, аппараттық-техникалық шаралардың қабылдануын бақылау және мониторингін жүргізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: экономика және бизнес саласында (экономика немесе менеджмент немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару) немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласында (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету). Заңнамалық және нормативтік актілерді, Бюджет кодексін білу, компьютерде жұмыс істей білу. Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
Құжаттар, конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 5 жұмыс күні ішінде тапсырылуы тиіс.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті кадр қызметімен расталған қызметтік тізім.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірілмей береді.  

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, осы Қағидалардың 30-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.



Тиісті мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.



Каталог: irj


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет