Облыс ақтөбе аудан/Қала ақтөбе ауыл қурайлы мектеп елек орта мектебі ПӘНІҢіз география фио тойжанова Луара Утемисовна Тақырыбы: «Баланың бас ұстазы ата-анасы»



жүктеу 30.52 Kb.
Дата18.01.2018
өлшемі30.52 Kb.


ОБЛЫС Ақтөбе

АУДАН/ҚАЛА Ақтөбе

АУЫЛ Қурайлы

МЕКТЕП Елек орта мектебі

ПӘНІҢІЗ география

ФИО Тойжанова Луара Утемисовна

Тақырыбы: «Баланың бас ұстазы ата-анасы»

Мақсаты : Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру. Ата-ананың отбасындағы ролін анықтау, өз балаларының болашағы туралы пікірлерін тыңдау. Ата-ананың мектеппен байланысын нығайту. Мұғаліммен дұрыс тіл табыса білуге, ойларын ашық айтуға баулу.


Өткізу әдісі : Дөңгелек үстел

Түрі : Тренинг

Көрнекілігі: Бейнеролик , Нақыл сөздер жазылған плакаттар,түрлі ленталар,

І. Психологиялық ахуал қалыптастыру ,топқа бөлу 5мин

Бүгінгі «Баланың бас ұстазы – ата-анасы» тақырыбындағы семинар –тренингіне қош келдіңіздер ! Ата –аналарды шаттық шеңберіне шақыру , Отбасы туралы бір сөз айтып лентаның бір шетін ұстап ортаға жиналу

Дөңгеленіп тұрайық,
Керегені құрайық
Уықтар боп иіліп,
Киіз үйді құрайық

(Өлең жолдарын айтып, лентаның екі түсі арқылы екі топқа бөліп отырғызамыз) Міне сіздер мен біз үлкен киіз үйді құрдық.

Осы киіз үй сияқты біздің мектебіміздің қабырғалары мықты болып, шаңырағы биік болсын дегім келеді.

Тренингті бастамас бұрын мына аңыз әңгімені назарларыңызға ұсынамыз. Аңыз «Мәңгілік серік» 3мин\

Өмірден әбден шатасып қатты шаршаған адамдар өмірдің шыңырауына жақындайды, амалдары қалмай не істерлерін білмей,бізді кім қорғап қандай ақыл жол тауып берер екен,- деп абыржып тұрғанда, бір парасатты данышпан ңадам жолығып,ақыл сайтады. Ол оларға , таңның ең алғаш шыққан жұдызымен сіздерге мәңгілік серік алдарыңыздан шығады, сол сіздерді қорғап қалады,- дейді.Мәңгілік серікті күтіп алу үшін адамдар түні бойы жолдың үстінде тұрып ,таңның алғашқы жұлдызының шыққанын күтеді. Таңның атысымен алыстан келе жатқан қаптаған көлеңкелерді көріп әне келеді, міне келеді деп, бірінің үстінде ақ шапаны жоқ, бірінде таяғы,бірінде ақ сақалы жоқ қарттарды көріп, ол да емес, дейді. Сөйтіп тұрғанда алғашқы жұлдыз да шықты. Бір жерде тырналар өлендетті,бір жерде баланың жылаған дауысы естілді.Таңғы жұдыз жарқырай түсті. Ол кім? Кім болды екен, Қашан келеді өзі, -деп күбірлесіп тұра берді. Кенет тағы да алыстан шулаған қаздың даусы, құлындардың кісінеген даусы, жылаған баланың даусы естілді. Бірақ еш нәрсеге мән бермей адамдар екі көздерін жолдан алмай мәңгілік серікті күтумен болды. Ақыры шыдамдары тауысылып әлгі данышпанға келіп өздерінің реніштерін білдірді.

— Сенің айтқан мәңгілік серігің қайда, ақыры ешкім де келмеді,-дейді.

— Сіздер баланың жылаған дауысын естідіңіздер ме?,- деді данышпан.

— Иә, бірақ ол сәбидің дауысы ғой?,- дейді.

— Сол сәби сіздердің мәңгілік серіктеріңіз! Сол сіздердің қорғаныштарыңыз,-деп жауап береді.

Олай болса қымбатты ата-аналар ,қонақтар! Бала тәрбиесін дұрыс жолға қою,білімге деген ынтасын арттыру,ата-аналардың бала тәрбиесіндегі шешуін таба алмай жүрген мәселелері болса ойымызды ортаға салу мақсатындағы ұйымдастырылған тренингімізге сәттілік тілейміз!



ІІІ.Ой шақыру « Бала тәрбиесі-басты міндет» ) 6 мин

Ата-аналарға отбасы туралы бейнебаян көрсетіледі сол арқылы өз ойларын ауызша айтып, ой бөліседі


Ү. «21 ғасыр ата-анасы қандай болу керек ?» 10 мин

тақырыбында топ болып жұмыстанады.

(Ата-ананың моделін жасап ,постер қорғау)

ҮІ. Кері байланыс

Сиқырлы жүрек

Бала тәрбиелеудегі жүрек жылуын алдарыңыздағы жүрек қағаздарға жазу ұсынылады жақсы сөзді мейірімді жүрекке айналдыру.



Қорытынды

Құрметті ата-аналар ұлтымыздың қанындағы ізеттілік – дөрекілікке, қайырымдылық- қатыгездікке, жомарттық- тоғышарлыққа, адалдық-арамдыққа, парасаттылық- парықсызжыққа ауыспасын деген үлкен үміт тұр. Өмірдің өтпелі қиын кезеңінде ұл-қыздарымыздың саналы тәрбие мен нақты білім алуларына күш салайық. Балаға жауапкершілікпен қарап, оқыту мен адамгершілікке тәрбиелеуде отбасының басым рөлін мойындап ,бірлесе, ынтымақтаса әрекет етуіміз қажет деп бүгінгі тринингімізді аяқтағалы отырмыз.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Жек дуадақтарды аулауды жүргізу туралы «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы»
2017 -> Бағдарламасы өтетін күні: 16 тамыз 2017 жыл Өтетін орны: Шымкент қаласы
2017 -> Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің
2017 -> Мемлекеттік мекеме
2017 -> Қосымша 2 Техникалық ерекшелігі Реанимациялық бригадаларға арналған жылжымалы жедел медициналық көмек комплексі
2017 -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Кәсіпқор» холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы
2017 -> Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының
2017 -> Бос јкімшілік мемлекеттік лауазымдарєа орналасуєа конкурс туралы хабарландыру 17/07/2012г


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет