Abstract graphic steppe view drawn in the technique of rough brush. Vector landscape in calm colors

Танымал журналист Анна Данченко бұрынғы жүрген жігіт туралы жазба жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/ann_2905/

Журналистің айтуынша, екі жыл бұрын ағасының еміне ақша алған көрінеді. 

“Шыдамның да шегі бар. Үндемедім. Күттім. Сотқа жүгінуден басқа амалым қалмады. Бұрын жүрген жігітім ағасының еміне қарызға ақша сұрады. Екі аптадан кейін қайтарамын деп. Ол кезде біз бірге едік. Екі жыл өтті. Жақында ғана "анамның еміне қажет ол ақша" деп сұрадым. Оған бәрібір екен менің анамның денсаулығы. Әкемді жерлейтін кезде де өз ақшамды сұрадым. Қайтармады. Енді сұрасам маған қоқан-лоққы жасап жатыр. Енді сұрақ, жігіт маған қарыз, оның үстіне бопсалайды. Бұл дұрыс па? Нағыз ер жігіт осындай әрекетке бара ма? Сотта кездесеміз дедім, күлді", – деп жазды журналист.  

  • "Қарыздар мәжбүрлі түрде өндіріледі": Қазақстандық жүргізушілер 1 сәуірге дейін көлік салығын төлеуі керек

  • Кредиттік амнистияға іліккен қазақстандықтар қайтадан қарызға батқан

Одан кейін бұрынғы жігіті журналистке жауап беретінін жеткізген. Журналистің айтуынша, ол жігітті жақындарының бәрі танитын көрінеді.

“Саған да жауап беремін. Жақсы болғанын қалап едім. Енді қызық болады”, – деп жазған бейтаныс жігіт. 

Фото: https://www.instagram.com/ann_2905/


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.