«Облыстардағы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл аппараты секторы меңгерушісінің құзіреттілігі»



жүктеу 72.58 Kb.
Дата28.05.2018
өлшемі72.58 Kb.

Солтүстік Қазақстан облысындағы

кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі

уәкіл аппараты секторының меңгерушісі

Қазиев Ж.А.-ның сөйлеген сөзі:



«Облыстардағы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл аппараты секторы меңгерушісінің құзіреттілігі»

Бүгінгі форумның қатысушыларына қош келдіңіздер дегім келеді. Және де Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл аппараты секторының меңгерушісі ретінде атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде ақпарат беруге рұқсат етіңіздер.

Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасының құқықтық блогы өз қызметін Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы заңға сәйкес және белгіленген бизнесті қорғаудың басым бағыттары арқылы өңірдегі кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіретін әкімшілік кедергілерді анықтау арқылы іске асырады. Өңірлік кәсіпкерлер палатасының құрылғанына үш жылдан асты. Осы уақыт ішінде біз кәсіпкерлік қауымдастығы үшін де, жергілікті атқару органдары үшін де өз позициямызды сипаттап, қалыптасу кезеңінен өттік. Бірінші кезеңде кәсіпкерлік қауымдастығының Палатаға деген сенімін қалыптастырып нығайту үшін өте үлкен жұмыс атқарылды, біздің қызметіміздің анықталған маңызды нәтижелері көрсетілді, кәсіпкерлік аумағының жергілікті ауыртпалықтары көрсетілді. Қызметтің бірінші кезеңінде сол жылдағы жүйелік мәселелерді шешуге ерекше екпін берілді. Палатаның басты бағыттарының бірі бизнестің құқығын қорғау мен әкімшілік кедергілерді азайту болып табылады. Өңірдегі Бизнес-омбудсмен институтының жағымды имиджін қалыптастыру сатысындағы басты міндеті бизнес-қауымдастықты бірлескен белсенді жұмысқа тартып, бизнес мүддесін қорғайтын жаңа тиімді механизм құру үшін шоғырландырылған ұстаным әзірлеу.

Бүгінде бизнес үшін оңтайлы және қолайлы жағдай тудыруға не кедергі келтіреді? Кәсіпкерлердің жолында нақты қандай кедергілер пайда болады? Талдау көрсеткендей, бизнеске бәсекелестік мәселесі емес, маңызды болғанымен де, оның құзіреті емес, бірінші кезекте бизнестің әрекетсіздігі, бизнес жүргізу кезіндегі сыбайлас жемқорлық пен заңнаманың жетілмегендігі бөгет болады екен. Екіншіден – өз кезегінде бизнестің қымбаттауына әкеп соғатын өндірістік емес шығындар (артық бақылау, артық талаптар, немесе басқа да рұқсат ету рәсімдері).

Осы міндеттерді шешу үшін барлық мүмкін құралдар мен коммуникативтік алаң тартылған. Олардың бірі кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңес. Мұндай Кеңес еліміздің әр өңірінде орталық аппаратта өз қызметін атқаруда. Кеңесте қаралатын мәселелерге кәсіпкерлердің жеке мүдделері мен жүйелі мәселелер де жатады. Бүгінге дейін XXVII отырыс өткізіліп, өңірдегі бизнестің 78 күрделі мәселесі қаралды, оның 32-сі (41%) оң шешімін тапты. Кеңестің жұмысы барысында прокуратура органдарымен, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаментімен тығыз қарым-қатынас орнатылды. Бұлардың араласуынсыз кәсіпкерлерді қорғау мүмкін болмайды. Облыс прокуратурасымен бірлесе отырып, әкімшілік кедергілерді анықтау мақсатында 57 материал қаралып, оның 39-ы оң шешімін тапты.

Биыл Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаментімен бірлесіп бизнесті дамыту саласында сыбайлас жемқорлық қаупін анықтап, талдау жұмыстары жүргізілді. Мемлекеттік органдардың 16 қызмет саласы зерттелді. Нәтижесінде заңнамалық актілерде және ұйымдастыру-басқару қызметінде бірқатар сыбайлас жемқорлық қауіптері анықталды.

Сыйбайлас жемқорлық жағдайын жою бойынша 280 ұсыныс енгізілді, оның 62% (253) әр түрлі деңгейдегі нормативтік актілерге өзгерту енгізуге қатысты болса, 38% (153) мемлекеттік қызмет көрсету саласын, бақылау-қадағалау және рұқсат беру, мемлекеттік сатып алулар мен персоналдармен жұмыс істеуге қатысты. Ұсыныстарды пайдалану бойынша жасалған жоспар қатаң қадағалауға алынды, мемлекеттік органдарға міндетті түрде барып, жоспарларды жергілікті жерде іске асыру бақылауға алынды.

Сонымен қатар, бүгінде өңірлік Палата базасында 6 салалық Сарапшылық Кеңес құрылды (агроөнеркәсіп кешені саласында, ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі, машина жасау, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көлік және логистика, кеңес шағын, орта бизнес және сауда;)

Монополистермен бірге екі консультативтік орталық, СҚО прокуратурасымен жұмыс тобы, Құқықтық статистика мен арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің мобильді тобы құрылды.

Палата сарапшылары анықтаған жүйелік мәселелер кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінде немесе Палатаның кеңесші органдарында қаралып келесі шешімдер шығарылады:

- шешу жолдарын көрсетіп, ҚР ҰКП мәселелер тізіліміне енгізуге ұсыныс жібереді;

- кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында заң бұзушылықтарды жою үшін бақылау-қадағалау органдары тексеру жүргізу туралы прокуратура органдарына үндеу жіберіледі;

- анықталған мәселелерді шешу үшін орталық немесе жергілікті атқарушы органдарға өтініш жіберіледі.

Сонымен қатар, күрделі мәселелер Реестріне және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының картасына 16 проблемалық мәселе енгізілді, олардың 11-і оң шешімін тапты, 2 мәселенің шешімін мемлекеттік органдар қолдады, 3-і мемлекеттік органдардың қарауында жатыр.

Анықталған 197 проблеманың ішіде Палата шара қолданғандары:

- 90 проблема рұқсат алды, оның ішінде анықталған проблемалардың 59% - дан астамы жергілікті деңгейде шешіледі.

СҚО КП-ның барлық аудандық филиалдарында СҚО КП өзара іс-қимылды күшейту үшін және оның әлеуетін тиімді пайдалану үшін «Прокурордың кабинеті» атты қызмет ұйымдастырылды.

2017 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша СҚО КП-на және оның филиалдарына 1108 астам өтініш түсті, құқықтық мәселелер бойынша 520 өтініш, оның ішінде, 174 өтініш бизнесті қорғау желісі бойынша, нәтижесінде - 124 өтініш бойынша мәселелер шешілді.

Жалпы кәсіпкерлердің басты проблемасы кейбір мемлекеттік қызметттердің ашық және қанағаттандырарлықтай деңгейде көрсетілмеуі, үнемі ауысып тұратын заңнама, сот шешімдері мен құқықтарды іске асырудың қиындығы, заңды құжаттар мен рұқсаттар рәсімдеу кезіндегі инертті құқық формалары болып табылады.

Анықталған проблемаларға жүргізген талдау көрсеткендей, кәсіпкерлер көбіне мемлекеттік сатып алулар кезінде, мемлекеттік қызмет көрсету мен рұқсат алу рәсімдерінен өткен кезде, жер қатынастарын реттеуде, монополистермен қарым-қатынаста, АӨК саласында субсидиялар беру мен өзге де мемлекеттік қолдау шараларында, сонымен қатар, несие алу кезінде әкімшілік кедергілерге тап болады екен.

Осылайша кәсіпкерлердің құқығын қорғау жұмыстары аясында әкімшілік кедергілерді жою үшін келесі шаралар қабылданды:

- Палата мен облыс прокуратурасының бірлескен іс-әрекеттерімен салық қызметінің салық төлеушілерге арнайы салық режимі бойынша заңсыз жеке табыс салығын төлеу туралы талаптары қойылғандығы анықталып, жойылды. Нәтижесінде, өңірдегі фермерлік шаруашылықтар 50 млн. теңгеден астам қаражатты үнемдеді;

- «СеКазЭнергоСбыт» АҚ-ның электр және жылу энергиясына алдын-ала 100% төлем жасау туралы талабы заңсыз деп қабылданды;

- таратылып жатқан «Қызылжар-Ақбастау» КМК -нан кәсіпкерге («Әлти Гарант» ЖШС) 5 млн. теңге көлемінде берешегін төлеу мәселесі шешілді;

- қазақстандық кәсіпкер «Ақжар Неруд» ЖШС-нен ресейлік кәсіпкерлер сатып алатын қиыршық тасты шығаруға тыйым салған «Бидайық» шекара бекетінің қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері тоқтатылды;

- тротуарлық плиталар өндірісімен айналысатын «Terra Nord» ЖШС-н үздіксіз сумен жабдықтау қажеттілігі шешілді;

- Тимирязев ауданы бойынша жер қатынастары бөлімі басшысының заңнамада көзделмеген міндеттемелерді шартқа енгізген заңсыз әрекеттері тоқтатылды.

-мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасымен бірлесе отырып СҚО-ның Табиғи ресурстар мен табиғатты қолдану басқармасына балық аулау кезінде су ресурстарының жер үсті көздерін пайдалағаны үшін төленетін төлемақы мөлшерінің заңсыздығы анықталды.

СҚО кәсіпкерлер палатасы үнемі прокуратура мен кәсіпкерлер палатасының әкімшілік кедергілерді анықтап, жою мақсатында бірлескен шараларын орындау үшін прокуратурамен бірлесіп мемлекеттік органдардың қызметіне келесі бағыттар бойынша талдау жасайды:

- жер қатынастары, сәулет саласында, қала құрылысы және құрылыс қызметінде, сонымен қатар сыртқы жарнамаға рұқсат беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуде белгілі бір тәртіпті сақтау;

- ауылшаруашылық тауарларын өндірушілерге мелекеттік қолдау тәртібін реттейтін, сонымен қатар, кәсіпкерлерге коммуникация желілеріне қосылу үшін техникалық шарттарды беруде заңды бұзбау;

Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша мемлекеттік органдардың қызметіндегі бірқатар заң бұзушылықтар анықталды, прокурорлық ден қою актісі енгізілді, қолданыстағы нормативтік актілерге өзгерістер енгізу туралы ҚР ҰКП-на ұсыныстар жіберілді.

Палатада бизнеспен тікелей өзара іс-қимыл үшін құралдың болуы (электрондық портал, өтініштер мен мәселелер тізімі) жағдайды жергілікті жерлерде анықтауға мүмкіндік беретін кең филиалдық желісі, бизнес қауымдастықтардың кәсіпкерлік мәселелері бойынша және заңнамаға нақты мәселелер жүйесі негізінде өзгерістер енгізу үшін шоғырландырылған позициясын жасап шығаруға мүмкіндік береді.

ҰКП – ның болашақтағы болжауы бұл кәсіпкерлердің мемлекетпен қарым-қатынасындағы негізгі агенті болып табылатын күшті салалық қауымдастықтарды біріктіріп, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатын қалыптастыру кезінде бизнестің мүддесін көрсетіп, қорғайтын ресми және бейресми бизнес институттарын реттеу.

Биылғы жылы кәсіпкерлердің техникалық шарттарды ашық түрде алуы сөзсіз басымдық болды. СҚО ШОБ-ты дамытудың басты бағыттарын іске асыру Жол картасының бірінші бағыты бойынша табиғи монополия субъектілерінің өкілдерімен қолжетімді энергия қуаты жөніндегі ақпаратты сайтта жариялауға келісімге қол жеткізілді. Сонымен қатар, жыл соңында «Солтүстік Қазақстан электржелістік Тарату Компаниясы» АҚ ЭЦҚ техникалық шарттарды онлайн алу мүмкіндігін енгізуді жоспарлап отыр. Және де қазіргі уақытта кәсіпкерлер техникалық шаррттарды облыс орталығына бармай-ақ аудан орталығынан алу мүмкіндігіне ие.

Және сөз соңында айта кеткім келгені, меңгерушінің қызметін тек кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға әкеп тіреп қойған дұрыс емес дер едім. Нормативтік шығармашылық саласындағы, НҚА талдауындағы, мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлік субъектілерінің оң имиджін қалыптастырудағы жұмыстарды маңызды аспектілер дер едім. Біз, шын мәнісінде, өңірдегі инвестициялық климатты жақсарту қозғалтқыштары ретінде қызмет атқарамыз, аудандарда, ауылдарда ӘСП-лерді құқықтық ағартумен айналысамыз корпоративтік мәдениетті, бизнес жүргізу мәдениетін енгізуде маңызды рөл атқарамыз және кәсіпкерлік қызмет саласында мемлекеттік саясаттың әзірленуі мен қалыптасуына атсалысамыз. Мен сапалы алдын-алу шараларын Уәкіл аппаратының меңгерушісінің жұмысының нәтижесі ретінде көремін.



_______________________________________________

Баяндама аяқталды. Назарларыңызға рахмет!
Каталог: uploads
uploads -> Английские слова и выражения в оригинальном написании a horse! a horse! MY KINGDOM FOR a horse! англ букв. «Коня! Коня! Мое царство за коня!»
uploads -> Викторина по пьесе В. Шекспира «Гамлет, принц Датский»
uploads -> Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы №35 бұйрығымен бекітілген тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан
uploads -> 2018 жылға арналған Жарқайың ауданы бойынша айтақты және естелік күнтізбесі 24 маусым
uploads -> Ақмола оато үшін есікті қайта сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру 2016 жылғы 11 қазан Астана қ. Тапсырыс берушінің атауы мен пошталық мекенжайы «Ұлттық ақпараттық технологиялар»
uploads -> «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет