Облыстық бюджет қаражаты есебінен ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін және кемінде жиырма бес процент жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру



жүктеу 26.48 Kb.
Дата22.04.2019
өлшемі26.48 Kb.

Қостанай облысы әкімдігінің 2014 жылғы 15 сәуірдегі № 143 қаулысы



Әкімдіктің 2009 жылғы 20 қаңтардағы № 45 «Облыстық бюджет қаражаты есебінен лауазымдық жалақылары мен тарифтік ставкалары кемінде жиырма бес процентке жоғары белгіленетін, ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 7 наурыздағы № 761 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Жарлығына және «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне агроөнеркәсiптiк кешен мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2014 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 5-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қостанай облысы әкімдігінің 2009 жылғы 20 қаңтардағы № 45 «Облыстық бюджет қаражаты есебінен лауазымдық жалақылары мен тарифтік ставкалары кемінде жиырма бес процентке жоғары белгіленетін, ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3670 тіркелген, 2009 жылғы 25 ақпанда «Қостанай таңы» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Облыстық бюджет қаражаты есебінен қызметтің осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк ставкалар белгіленетін, азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қосымшаға сәйкес облыстық бюджет қаражаты есебінен қызметтің осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк ставкалар белгіленетін, азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі айқындалсын.»;

көрсетілген қаулының қосымшасында:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Облыстық бюджет қаражаты есебінен қызметтің осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк ставкалар белгіленетін, азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі»;

«Мұрағат мамандарының лауазымдары» деген 5-тармақ алып тасталсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Қостанай облысының әкімі Н. Садуақасов

Нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк

тiркеу тiзiлiмiнде 2014 жылғы 12 мамырдағы

№ 4691 болып тіркелген






Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет