Облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы



жүктеу 112.15 Kb.
Дата27.12.2017
өлшемі112.15 Kb.




№ исх: 29-3-1/980-И от: 31.03.2016

№ исх: 29-20-9-3/228-И от: 18.02.2016

№ исх: 01-001-03/20 от: 17.02.2016



Облыстық төтенше жағдайлардың

алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысының

ХАТТАМАСЫ

№ 1


2016 жылғы 12 ақпан Орал қаласы
Төрағалық еткен: Батыс Қазақстан облысының әкімі Н.А. Ноғаев

Қатысқандар: тізім бойынша

Аудан әкімдіктері бейнеселектор режимінде қатысты (тізім бойынша)
2015 жылы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша жұмыс қорытындысы және 2016 жылғы міндеттер туралы

(Ноғаев Н.А., Кульдиков М.М.)
Негізгі өзекті мәселелерді талқылай келе, төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюдың барлық бағыттары бойынша жұмысты жетілдіру мақсатында облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия ҰСЫНАДЫ:

1.1 Батыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаментінің басшысы М.Кульдиковтың ақпараты назарға алынсын.

1.2 Аудандар мен Орал қаласының әкімдері - ТЖ жөніндегі комиссия төрағалары, облыстық басқармалар мен департаменттер басшыларына:

- командалық-штабтық оқу-жаттығулар, штабтық жаттығулар барысында жедел ден қою жасақтарының, Азаматтық қорғау құрылымдарының дайындығы, олардың мүлікпен, техникамен жарақтандырылуы іс жүзінде тексерілсін;

- аудандық бюджет есебінен төтенше резервке, кезек күттірмейтін резервке және «жергілікті масштабтағы төтенше жағдайдың алдын алу мен жою» бюджеттік бағдарламасына қаржы қарастырылсын;

- коммуналдық қызметтердің жұмысы штаттық режимде қамтамасыз етілсін;

- Азаматтық қорғау жөніндегі Республикалық және облыстық курстарды басшы құраммен толық жинақтау жоспарының мүлтіксіз орындалуы бойынша шаралар қабылдансын;

- Қазақстан Республикасы «Азаматтық қорғау жөніндегі» заңына сәйкес Төтетенше жағдайлар департаментінің аумақтық бөлімшелерін материалдық-техникалық жабдықпен қамтамасыз етуге, ғимараттарын қайта құру және жөндеуден өткізуге қаржы бөлуге ықпал етілсін;

- ТЖ комиссиясы отырыстарының өткізілуі, отырыс хаттамалары мен олардың орындалуына талдау жүргізу туралы ақпарат ТЖ департаментіне уақтылы ұсынылсын.

жыл бойы
1.3. Облыстық білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларына:

- ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың техникалық жай-күйі қатаң бақылауға алынсын, өрт қауіпсіздігі жағдайына баса назар аударылсын;

- объектілерге автоматты өрт сөндіру жүйесін орнату жұмысы жалғастырылсын.

жыл бойы
1.4. Зеленов ауданы әкімі - ТЖ комиссиясы төрағасы тұрғындардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Зеленое, Садовая елді мекендерінде аспалы көпір салу мәселесін қарастырсын.

2016 жылғы желтоқсан
1.5. Батыс Қазақсан облысының Төтенше жағдайлар департаментіне қажетті қаражатты көрсете отырып, облыс әкімдігіне облыстық құлақтандыру жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар берілсін.

2016 жылғы сәуір

2. Көктемгі су тасқыны кезеңінде тасқын суды апатсыз өткізуге дайындалу және жүзеге асыру туралы.

(Кульдиков М.М., Жұмағалиев Н.У., Оралымбеков Д.Н., Дәулетжанов А.М.,

Бекқайыр Н.М., Әлиев С.Ж.)
Келіп түскен ақпаратты талқылап, пікір алмаса келе, облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия ҰСЫНАДЫ:

2.1. Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы М. Кульдиковтың ақпараты назарға алынсын.

2.2. Облыстық су тасқынына қарсы штабтың құрамы бекітілсін.

2.3. Аудандар мен Орал қаласының әкімдері - ТЖ комиссияларының төрағаларына:



- облыс орталығы мен аудандарда БАҚ арқылы су тасқыны және су басу қаупі төнгенде қауіпсіздік шараларын сақтау жөнінде тұрғындар арасында үгіт-насихат жұмыстары жүргізілсін. Саяжай қоғамдарында, кенттік округтерде және елді мекендерде тұрғындармен кездесулер ұйымдастырылсын;

- барлық елді мекендерде қарды шығару, су жүретін арықтарды тазалау жұмыстары ұйымдастырылсын;

- тиісті аумақтардағы су тасқыны кезінде қауіп төндіруі ықтимал су қоймаларының суға толу барысы ерекше бақылауға алынсын;

- кіші өзендер, Деркөл, Шаған өзендері арналарында жару жұмыстарын жүргізу орындарының сызбасы әзірленсін және Төтенше жағдайлар департаментіне уақытылы хабарлама-өтінім берілсін;

- облыс және аудандар орталықтарында еріген суды жедел сорып шығару бригадалары ұйымдастырылсын;

- қар ерігеннен бастап аудандар мен қала әкімдіктерінде тәулік бойы кезекшілік белгіленсін, күн сайын сағат 8.00-де облыстық су тасқынына қарсы штабқа су тасқыны жағдайы туралы баяндалсын;

- қалыптасқан жағдайларда жедел әрекет ету мақсатында қауіпті аймақтар мен объектілерге аудандық, ауылдық округтер әкімдіктерінің лауазымды тұлғалары бекітілсін;

- облыстық ауыл шаруашылық басқармасымен бірлесіп су тасқыны кезінде автокөлік қатынасы болмай қалуы ықтимал елді мекендерде мал азығының қоры құрылсын;

- құрылысқа жер телімдерін бөлу кезінде жергілікті рельефтің су басу қаупі ескерілсін;

- су тасқынына арналған материалдық ресурстардың (ЖЖМ, қапшықтар, инерттік материалдар және т.б.) қажетті қоры дайындалсын;

- су тасқыны қауіпті аймақтар ерекше бақылауға алынсын;

су тасқынына дайынық және су тасқыны кезеңінде
- кезектен тыс сайлау өткізу кезінде өрт қауіпсіздігі мен су тасқыны кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау шаралары қабылдансын.

2016 жылғы ақпан-наурыз
2.4. Зеленов, Теректі аудандарының әкімдері - ТЖ комиссиясының төрағаларына коммуналдық меншіктегі гидротехникалық құрылыстарды паспорттау кезең-кезеңмен аяқталсын.

2016 жылғы желтоқсан
2.5. Орал қаласының, Зеленов, Теректі аудандарының әкімдері - ТЖ комиссиясының төрағаларына иесіз гидротехникалық құрылыстарды коммуналдық меншікке беру жұмысы аяқталсын.

2016 жылғы желтоқсан
2.6. Төтенше жағдайлар департаментіне:

- су тасқыны кезеңіндегі төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс-шараларды үйлестіру қамтамасыз етілсін;

- өткізілетін «Көктем-2016» командалық-штабтық оқу-жаттығу барысында барлық Азаматтық қорғаныс қызметтерінің дайындығы тексерілсін;

- ұйымдар мен Азаматтық қорғау құрылымдары басшыларын су тасқыны кезеңіндегі қысылтаяң жағдайларда әрекет етуге дайындау ұйымдастырылсын;

- су тасқынына қарсы штабтың жұмысы Төтенше жағдайлар департаментінің дағдарыс орталығында ұйымдастырылсын;

- аймақтық масштабтағы төтенше жағдай қаупі төнген кезде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министірлігі Төтенше жағдайлар комитетінің қосымша күштері мен құралдарын тарту жөнінде Төтенше жағдайлар комитеті басшылығына хабарлансын;

- РФ Орынбор және Саратов облыстарының ТЖМ ММ-мен трансшекаралас өзендерде судың жіберілуі бойынша өзара әрекет ету ұйымдастырылсын;

- су тасқыны кезеңінің төтенше жағдайлар қаупі төнген кезде тартылатын инженерлік техникалары бар ұйымдар есепке алынсын;

- құтқару, авариялық және басқа да күтпеген жұмыстарды жүргізу үшін жанар-жағармай материалдары мен қапшықтар қоры құрылсын және қалыптасқан жағдайға байланысты жедел пайдаланылсын. Қажетіне қарай, аудандарға су тасқынына қарсы кезек күттірмейтін іс-шаралар үшін жанар-жағармай материалдары мен қапшықтар бөлінсін;

- су тасқынының алдын алу мақсатында авиатехниканы, мұзды жару бригадаларын тартуға және өзендердің гидрологиялық жай-күйі туралы күнделікті мәлімет алуға келісім-шарт жасалсын.



2016 жылғы ақпан-сәуір
2.7. Батыс Қазақстан облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына:

- коммуналдық меншіктегі қорғаныс бөгеттері, плотиналар және өзге де гидротехникалық құрылыстардың жай-күйі тексерілсін және қажетіне қарай бекіту жұмыстары ұйымдастырылсын.

2016 жылғы 3-4 тоқсан
- коммуналдық меншіктегі ірі су қоймаларын республикалық меншікке беру туралы облыс әкімдігіне ұсыныстар берілсін.

2016 жыл
2.8. «Қазгидромет» РМК БҚОФ-ға:

- гидрометеорологиялық посттардың тұрақты жұмысы және облыстық су тасқынына қарсы штабқа су тасқынына қатысты болжамдардың уақтылы ұсынылуы қамтамасыз етілсін;



- су деңгейі көтерілгеннен бастап облыстық су тасқынына қарсы штабқа күн сайын облыс өзендері бойынша гидрологиялық бюллетендер ұсынылсын.

2016 жылғы наурыздан бастап жағдай тұрақталғанға дейін
- су тасу қаупі бар өзендерде тасқынының күрделенген жағдайында су деңгейі туралы ақпарат су тасқынына қарсы штабқа тәулігіне 4 рет берілсін

су тасқынының күрделенген жағдайында
2.9. «Қазсушар» РМК БҚФ-ға:

- барлық гидротехникалық құрылыстардың су өткізуге және су қоймаларының толтырылуына дайындығы аяқталсын, облыстық су тасқынына қарсы штабқа күн сайын ақпарат беріліп отырсын;



- Казталов, Ақжайық, Жаңақала аудандарының жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп дала алқабын суландыру жерлерінен суды апатсыз өткізу қамтамасыз етілсін.

2016 жылғы наурыз-мамыр
2.10. «ҚазАвтоЖол» АҚ БҚФ, «Қазақавтожол» РМК БҚФ, «Uniserv» ЖШС, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ Орал филиалына:

- бұзылу және су шаю қаупі бар автокөлік және теміржол телімдері анықталсын;

- тасқын судың апатсыз өтуі үшін су өткізу құрылыстары, теміржол және автожолдар көпірлерінің өткелдері әзірленсін;

- қауіпті жерлерге қиыршық тас, құм және қажетті құрал-саймандар дайындап жеткізілсін, инженерлік техникалар дайын күйге келтірілсін және олар жолдар бағыттары бойынша бекітілсін;

- автокөлік және теміржол қатынастарын дереу қалпына келтіру бойынша шұғыл шаралар қабылдансын.

2016 жылғы наурыз-сәуір
2.11. Батыс Қазақстан облысының жергілікті полиция қызметі, «Батыс» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясына су тасқынына қарсы жұмыстар жүргізу кезінде өзге ұйымдардан тартылатын инженерлік техниканың белгіленген тәртіппен кедергісіз өтуі қамтамасыз етілсін.

2016 жылғы наурыздан бастап жағдай тұрақталғанға дейін
2.12. Батыс Қазақстан облысының білім басқармасына:

- «Су тасқыны кезіндегі қауіпсіздік ережелері» тақырыбына қалалық, аудандық жалпы орта білім беретін мектептерде сабақтар ұйымдастырсын;

2016 жылғы наурыз
- ведомстволық бағыныстағы су басуы мүмкін мекемелерді су басқан жағдайда әрекет ету жөніндегі мақсатты жоспарлар дайындалсын, су басу қаупі бар жерлерде орналасқан білім объектілері ерекше бақылауға алынсын;

2016 жылғы наурыз-сәуір
2.13. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының 5517 әскери бөлімі күштері мен құралдарын келісілген табиғи және техногендік сипаттағы жергілікті масштабтағы төтенше жағдайларды жою бойынша жоспарына сәйкес қатынасуын қамтамасыз етсін.

қажет жағдайда
2.14. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына «Облыстық кардиологиялық орталық» облыстық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны мен «Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі Орал медициналық-әлеуметтік мекемесі» мемлекеттік мекемесінен науқастар мен жабдықтарды эвакуациялау мәселесі алдын-ала қарастырылсын.

2016 жылғы наурыз
3. Республикалық және облыстық маңыздағы, облыс орталығындағы жолдардың ағымдағы жағдайы

(Жаншин Ж.Ж., Есенғалиев М.Ж., Қуаншалиев М.Г.)
Келіп түскен ақпаратты талқылап, пікір алмаса келе, облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия ҰСЫНАДЫ:

3.1. Батыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті Әкімшілік полициясы бастығы Ж.Ж. Жаншиннің ақпараты назарға алынсын.



    1. БҚО Төтенше жағдайлар департаментіне су тасқыны басталғанға дейін техникалық құралдардың қолда бары және жұмысқа жарамдылығы, инертті материалдардың, ЖЖМ және қапшық қоры тексерілсін.

2016 жылғы наурыз
3.3. БҚО Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасынына, «КазАвтоЖол» АҚ БҚОФ, «Казахавтодор» РМК Батыс Қазақстан облыстық филиалына, «Uniserv» ЖШС:

- БҚО ТЖД, БҚО ІІД ӘПБ және аудан әкімшіліктеріне жол қызметтері басшылық құрамының байланыс нөмірлері (жұмыс және ұялы) мен тәулік бойы жасайтын кезекшілік-диспетчерлік қызметінің нөмірі жолдансын;



2016 жылғы ақпан
- республикалық және облыстық маңызы бар жолдардың теңгеріміндегі су өткізу құбырларының жай-күйі тексерілсін.

2016 жылғы наурыз-сәуір
3.4. БҚО Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына, «КазАвтоЖол» АҚ БҚОФ көлік құралдарын тарту үшін өзара әрекет ету ұйымдастырылсын.

ұдайы
3.5. «ҚазАвтоЖол» АҚ БҚОФ инертті материалдарды сатып алуға бюджеттік тапсырыстарды жолдаған кезде облыс әкімдігіне мәселені дер кезінде шешу үшін уақытылы хабарласын.

2016 жылғы 4-тоқсан
3.6. «КазАвтоЖол» АҚ БҚОФ, «Uniserv» ЖШС:

- Орал-Тасқала трассасының 70-74 км-інде су өткізу құбырларын орнату аяқталсын;

- қар басқан кезде Орал-Тасқала трассасының 95-96 км-і – РФ шекарасы қатаң бақылауға алынсын;

- Орал-Тасқала трассасының 70-104 км-індегі қауіпті учаскелерде құм- тұз қоспасын шашу жүргізілсін.



2016 жылғы ақпан-наурыз
4. Облыстық азаматтық қорғау қызметтерінің жұмысын ұйымдастыру туралы

(М.М. Кульдиков, В.В. Ним)
4.1. Облыстық азаматтық қорғау қызметтерінің басшылары қысқа мерзімде қызметтерін облыс әкімінің 2016 жылғы 8 қаңтардағы №3 шешіміне сәйкес дайын күйге келтірсін.

4.2. Жүктелген міндеттерді уақтылы әрі сапалы орындау үшін штатқа азаматтық қорғау жөніндегі бас маман лауазымын енгізу мүмкіндігі қарастырылсын.



2016 жыл
4.3 Жұмылдыру дайындығы мәселесі бойынша облыс әкімінің көмекшісі В.В.Ним облыстық азаматтық қорғау қызметтерімен кеңес ұйымдастырсын.

2016 жылғы ақпан
Осы хаттамалық шешімнің орындалуын бақылау БҚО ТЖ департаментіне жүктелсін.

Облыс әкімі - ТЖК төрағасы Н. Ноғаев
Каталог: fileadmin -> user upload
user upload -> Жоба Орал қаласы бойынша 2015 жылға өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрлерi бойынша егiс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдерiн белгiлеу туралы
user upload -> №251 (25221) 13 тамыз сәрсенбі 2008 жыл
user upload -> Жетісу №6(17132) 17 қаңтар 2009 жыл
user upload -> Бағдарламасы және "Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы"
user upload -> Бағалы ұсыныстар сұранысы арқылы тауар, жұмыс, қызмет көрсету түрлеріне мемлекеттік сатып алу байқауын өткізу туралы хабарландыру
user upload -> «Ќазаќстан Республикасыныѕ Азаматтыќ процестік Кодексі» Ќазаќстан Республикасыныѕ 2015 жылєы 31 ќазандаєы №377-v кодексі
user upload -> Ќазаќстан Республикасыныњ
user upload -> «Адам құқығы, бала құқығын қорғаудан басталады»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет