2024-2025 жылдарға арналған бюджеттен мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамытуға 1, 69 млрд теңге бөлініп отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
9 қаңтарда ұсынылған бюджеттік бағдарлама жобасында шығыстар жиыны 2024 жылға – 844 313 теңге, 2025 жылға – 848 310 теңге болатыны айтылған.
Айта кетейік, 2022 жылға 693 172 000 теңге, 2023 жылға – 766 050 000 теңге сұралған.
"Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту және қолдану саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру жөніндегі тіл саясаты комитетінің міндетін іске асыруға арналған шығыстар", – делінген құжатта.
Жобада қазақстандықтардың мемлекеттік тілі мен лингвистикалық капиталын дамыту туралы баса айтылған.
Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.