Общее среднее образование



жүктеу 151.08 Kb.
Дата12.11.2017
өлшемі151.08 Kb.


Алматы қаласы Білім басқармасы бойынша 2016 жылдың 1 жартыжылдығында атқарылған жұмыстардың есебі және 2016 жылдың соңына дейінгі орындалатын міндеттер
I. Жалпы орта білім бөлімі

Қазіргі таңда орта білім жүйесінде 201 орта білім беру ұйымы жұмыс істейді, олардың ішінде:

- оқу қазақ тілінде жүргізілетін - 63;

- оқу орыс тілінде жүргізілетін - 65;

- оқу ұйғыр тілінде жүргізілетін - 3;

- оқу аралас тілде жүргізілетін - 70 (қазақ/орыс-68, орыс/ұйғыр-1, қазақ/орыс/ұйғыр-1).

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығына сәйкес 2016 жылдың 13 мен 19 қаңтар аралығында Алматы қаласында математика, физика және информатикадан ХІI Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтті.

Бұл Халықаралық олимпиадаға 68 командадан жалпы саны 416 оқушы қатысты.

Жәутіков атындағы Халықаралық олимпиадаға Алматы қаласынан №№90, 126, 134, 165 Л, ҚТЛ, ТЭФММ құрамында 21 оқушыдан тұратын 3 құрама команда қатысты.

Олимпиаданың нәтижесі бойынша 21 қатысушыдан 8 оқушы (38%) жүлделі орынға ие болды (2 күміс және 6 қола алқа).

Оқушылардың ғылыми-зерттеушілік және ғылыми-танымдық әрекетін ынталандыру мақсатында 2016 жылдың 16 - 19 ақпан аралығында Алматы қаласында жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық ғылыми жарысы өткізілді.

Жарысқа 80 оқушы қатысып, 41 оқушы жүлделі орындарға ие болды, оның ішінде:



  • 1- орын – 11 адам;

  • 2-орын – 12 адам;

  • 3-орын – 18 адам.

Алматы қаласының командасы 14 рет қатарынан республика бойынша сертификатпен бірге бірінші командалық орынға ие болды.

2016 жылдың наурыз айының 2 мен 4 аралығында Ө. Жолдасбеков атындағы оқушылардың механика және математикадан зерттеу жұмыстарының  VI Халықаралық конкурсы өткізілді. Конкурсқа 24 оқушы қатысып, оның ішінде 17 оқушы (71%) жүлделі орындарға ие болды:



  • 1- орын – 4 адам;

  • 2-орын – 7 адам;

  • 3-орын – 6 адам.

2016 жылдың 14-19 наурыз аралығында Көкшетеу қаласында және 24-30 наурыз аралығында Петропавл қаласында жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 15 пән бойынша республикалық олимпиада өткізілді. Олимпиадаға 79 оқушы қатысып, олардың ішінен 50 оқушы (63,3%) жүлделі орындарға ие болды:

  • 1-орын – 12 адам;

  • 2-орын – 15 адам;

  • 3-орын – 23 адам.

Алматы қаласының командасы 11 рет қатарынан республика бойынша сертификатпен бірге бірінші командалық орынға ие болды.

2016 жылдың 1 жартыжылдығында халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарынан алған жүлделі орындар – 146, соның ішінде алтын – 35, күміс – 45, қола – 66.

Қазақ тілін үйретуді жетілдіру мақсатында 10 наурызда өзге ұлт өкілдерінің 8-11 сынып оқушылары арасында қалалық конкурс өткізілді.

Конкурс жүлдегерлері 4 номинация бойынша анықталды: «Білгірлер», «Білімдіден шыққан сөз», «Ұшқыр ойдың қанатында», «Дананың сөзі – ақылдың көзі». №№4, 51, 56, 87, 101, 130, 153 мектептердің және ҚТЛ оқушылары мемлекеттік тілді білуден үздік нәтиже көрсетті.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен бірлесе отырып, ақпараттық – түсіндірушілік жұмыстар жүргізу мақсатында 2016 жылдың 23 ақпанында ҰБТ-ға дайындық және оны өткізу бойынша жиналыс өткізілді. Жиналысқа мектеп директорлары мен олардың орынбасарлары, ата-аналар қоғамдастығы және БАҚ өкілдері қатысты.

Қаланың білім беру ұйымдарын оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешенмен қамтамасыз ету мәселесі үнемі бақылауда.

2016-2017 жаңа оқу жылына оқулықтар сатып алуға жергілікті бюджеттен 2 млрд. 033 млн. теңге. бөлінді.

Алматы қаласын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру аясында нақты жұмыстар жүргізілуде:

1) Ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айларында шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдер мен «Үздік педагог-2015» конкурсының қалалық және республикалық кезеңдерінің жеңімпаздары ББЖТҚӘО Ресурс орталығының базасында онлайн режимінде жалпы білім беретін пәндер бойынша 15 интербелсенді сабақтар өткізді;

2) Жалпы білім беру ұйымдарына Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесін тарату және енгізу мақсатында №56 және №92 пилотты мектептерде директордың орынбасарларына арналған семинарлар мен тренингтер өткізілуде. Соның ішінде, қаңтар – наурыз аралығында 159 директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарларының қатысуымен 3 семинар-тренинг өткізілді;

1) 11-сынып оқушыларын ҰБТ-ға дайындау барысында байқау тесті алынды:

- 25 қаңтар мен 4 наурызда 296 адамды қамти отырып, «Алтын белгі» жалпы орта білім аттестатын алуға үміткерлерден;

- ағымдағы жылдың қаңтар мен ақпан айларында 7244 адамды қамти отырып, барлық мектеп бітірушілерден.

Байқау тестісінің нәтижесіне жасалған талдауды ескере отырып, оқушыларды ҰБТ-ға дайындау сапасын жоғарылату бойынша мектептер мен аудандарда іс-шаралар өткізілді.

Алматы қаласының Білім басқармасының басшысы байқау тестісінің нәтижесі бойынша аудандық білім бөлімдері басшылары мен мектеп директорларының есебін тыңдады. Сонымен қатар, мектептерде мұғалімдермен, мектеп бітірушілермен және олардың ата-аналарымен кездестірулер ұйымдастырылды.
Проблемалар:

Қазіргі уақытта оқушылар орнының тапшылығы – 34203 орынды құрайды.

Мектептердің сыйымдылығын азайту мәселесін шешу бойынша ағымдағы жылы «Шаңырақ» ықшамауданында №26 мектепке жалғастыра салынған 900 орындық ғимарат қолданысқа берілді.

2016 жылы жекеменшік инвесторларды тарту арқылы Алатау және Наурызбай аудандарында 750 және 1200 орындық мектептердің құрылысы жалғастырылуда.

Сонымен қатар:

-Медеу ауданындағы №168 қолданыстағы мектепке қосымша 600 орындық жаңа ғимараттың құрылысы;

- «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында №157 мектепке жалғастыра салынған 900 орындық ғимараттың құрылысын аяқтау жоспарлануда.




II. Техникалық және кәсіптік білім беру бөлімі
2016 жылдың 30 наурыздағы жағдай бойынша техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде 84 колледж жұмыс істеуде, оның ішінде 22 мемлекеттік, 64 жекеменшік. Онда 61 616 студент білім алуда.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша 24649 адам білім алуда, оның ішінде 20 мемлекеттік колледжде – 17362 адам, 17 мемлекеттік емес колледжде – 7287 адам.



11 колледжде (бұрынғы КЛ) жұмысшы мамандығы бойынша 8529 адам білім алуда. Олардың ішінде ыстық тамақпен қамтамасыз етілгендер саны – 5151 адам.

Дуалды оқыту

Ағымдағы жылдың 25 наурызында Алматы құрылыс – техникалық колледжінің базасында «Дәнекерлеу ісі» мамандығы бойынша Аймақтық ресурс орталығы ашылды. Аймақтық ресурс орталығы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Әлемдік банкпен қаржыландырылатын «Техникалық және кәсіптік білім беруді жаңғырту» жобасының аясында құрылды. Аталған колледж осы жоба бойынша грантқа ие болды.

Аймақтық ресурс орталығының негізгі қызметі – Алматы қаласының, сонымен қатар аймақтың жұмыссыз халықын, кәсіпорындардың жұмысшыларын және колледж қызметкерлерін даярлау, қайтадан даярлықтан өткізу және біліктілігін арттыру болып табылады.



30 наурызда Алматы теміржол көлігі колледжінің базасында теміржол көлігі кәсіпорындарына кадр даярлау мәселесі бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

ТжКББ оқу орындарының оқушылары арасында биылғы жылы 25-26 ақпан аралығында "WorldSkills Almaty" қалалық кәсіби шеберлік чемпионаты екінші рет өткізілді.

WorldSkills Almaty жобасының мақсаты мен міндеттерін ұйымдастырушылар жұмысшы мамандығының мәртебесін көтеру, техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту, кәсіптік бағдар беру және ТжКББ оқу орындары ұсынып отырған жұмысшы мамандықтарына жарнама жасау мақсатында чемпионаттың көрермендері ретінде мектеп оқушылары мен олардың ата-аналарын қатыстыру, сонымен қатар Алматы қаласының үздік үміткерлерін WorldSkills Kazakhstan Ұлттық чемпионатына қатысу үшін іріктеу деп атады.

WorldSkillsAlmaty - 2016 чемпионаты колледж студенттері мен бітірушілері арасында 12 құзыреттілік бойынша өтті:

1. Құрғақ құрылыс және сылау жұмыстары

2. Сырлау және сәндік жұмыстар

3. Электр монтаждау жұмыстары

4. Веб-дизайн

5. Желілік және жүйелік басқару

6. Дәнекерлеу технологиясы

7. Шаштараз өнері

8. Аспаздық іс

9. Кондитерлік іс

10. Мейрамханалық сервис

11. Мектепке дейінгі тәрбие

12. Киім дизайны




Алматының 1000 жылдығын мерекелеу аясында келесі іс-шаралар өткізілді:

2016 жылғы 5 сәуірде Алматы құрылыс-техникалық колледжінің базасында «Алматының өткені, қазіргі жағдайы және болашағы» тақырыбында қалалық сурет конкурсы өткізілді. Конкурсқа қаланың 27 колледжінен 64 студент қатысты.

2016 жылғы 25 наурызда Политехникалық колледждің базасында тарих пәнінің оқытушыларына арналған «Алматы - кеше, бүгін, ертең» тақырыбында қалалық семинар өткізілді. Семинардың мақсаты: «Қаламыздың тарихы» - қала туралы білімдерін дәріптеу, Алматыға деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін тәрбиелеу, ірі қаланың өткені мен қазіргі жағдайына ықыласпен қарау.

Семинарға барлығы тарих пәнінің 40 оқытушысы мен әдіскерлері қатысты.



Тәрбие жұмысы

2016 жылғы 10 наурызда колледж студенттері арасында суицидке бейімділіктің алдын алу мақсатында №2 Алматы педагогикалық колледжінің базасында «Колледж оқушыларында суидцид синдромын диагностикалау және оның алдын алу» тақырыбында қалалық семинар өткізілді.

Семинарға Алматы қаласының колледждерінің психологтері мен директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларынан барлығы 37 адам қатысты.

Семинарды психология мен психиатрия саласындағы жетекші ғалымдар мен тәжірибелі мамандар өткізді. Семинарда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, ҚР ҰҚК академиясы мамандарының білім алып жатқан жастар ортасында суидцидке қарсы әрекет ету бойынша тәжірибелері көрсетілді.

Аталған мәселемен айналысып жүрген мамандар суидцид синдромын диагностикалау және оның алдын алу, білім алушылардың суидцидтік мінез-құлықын анықтау және оларға дер кезінде әрі нақты көмек көрсету әдістеріне үйрету бойынша семинар-тренинг өткізді.

Семинарға қатысушыларға: семинардың бағдарламасы; қатысушының сертификаты; әдістемелік құрал; психологиялық тест және қосымша әдістемелік материалдардан тұратын диск берілді.

Әдістемелік жұмыс

2016 жылғы 17 ақпанда Көлік және коммуникациялар колледжінің базасында колледж кітапханашыларына арналған «Электрондық кітапхана: пайдаланушыларға ақпараттық қызмет көрсетуге арналған мүмкіндіктер» тақырыбында қалалық семинар өткізілді.

Семинардың мақсаты: колледж кітапханалары жұмысының сапасын электрондық – ақпараттық ресурстарды пайдалана отырып дамыту және жетілдіру. Семинардың міндеттері: колледждердің озық тәжірибесімен алмасу, кітапхана ісін ұйымдастыруға әдістемелік көмек көрсету, пайдаланушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.

Семинарға барлығы мемлекеттік және мемлекеттік емес колледждерден 40 кітапханашы қатысты.



2016 жылдың 19 ақпанында Политехникалық колледждің базасында «Оқытуда инновациялық технологиялар мен интернет-ресурстарды пайдалану» тақырыбында қалалық семинар өткізілді. Семинардың мақсаты: оқытушылардың педагогикалық шеберлігін көрсету, оқытуда жаңа технологияларды пайдалану, кәсіби қарым-қатынас жасауға, тәжірибе алмасуға жағдай жасау, педагогикалық қызметте сапалы нәтижеге қол жеткізуде педагогтердің өзара әрекетін белсендіру. Семинардың міндеттері: педагогтерді ғылыми-әдістемелік жағынан жетілдіруге, олардың кәсіби құзыреттілігін және зерттеушілік іс-әрекеттері мен шығармашылық бастамаларын дамытуға ықпал ету, оқу-тәрбие үдерісінің сапасын арттыруға ықпал ететін инновациялық қызметке талдау жасау, білім беру үдерісін дамытатын заманауи инновациялық технологиялар мен әдістемелерді тарату. Семинарға Алматы қаласының орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушыларынан 35 адам қатысты.

2016 жылғы 30 наурызда жолаушылар көлігі мен технология колледжінің базасында «Оқу-әдістемелік қаматамасыз ету – ө/о шеберлерінің педагогикалық және кәсіби құзыреттілігін арттыру» тақырыбында қалалық семинар өткізілді. Семинардың мақсаты: өндірістік оқытудың педагогикалық шеберлігін көрсету, жаңа технологияларды пайдалану, кәсіби қарым-қатынас жасауға, тәжірибе алмасуға жағдай жасау. Семинардың міндеттері: кәсіби құзыреттілікке және зерттеушілік іс-әрекетке ықпал ету, шығармашылық бастамаларды дамыту, заманауи перспективалық технологияларды дамытуға ықпал ететін инновациялық қызметке талдау жасау. Семинарға колледждердің өндірістік оқыту бойынша жас шеберлерінен 40 адам қатысты.
2016 жылғы 1 жартыжылдықта қол жеткізген жетістіктер:

Алматы полиграфия колледжі – Мәскеу қаласында (Ресей) өткен полиграфиялық мекемелердің 10-шы Халықаралық фестивалінде 1-ші және 2-орынға ие болды.

Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің 2016 жылға қойған міндеттері:

- талап етілген жұмысшы мамандықтары бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын ұлғайту;

- "WorldSkills" және т.б. республикалық және халықаралық кәсіби шеберлік чемпионатына қатысу


III. Қорғаншылық және қамқоршылық бөлімі
17.02.2016 ж. «Асыл бала» Республикалық Ассоциациясы, «КАДУ» мектепке дейінгі мекемелердің Қазақстандық Ассоциациясы, «USMAS KAZAKHSTAN» халықаралық менталдық арифметикасы «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығымен бірлесе отырып өткізген «Білім жолы» зияткерлік марафонына №2 АТМИ 14 оқушысы қатысып, «Біздің жұлдыздар» номинациясы бойынша барлығы жеңімпаз атанды.

№1 балалар үйінің тәрбиеленушілері «Біз біргеміз – Мы вместе!» әлеуметтік жобасы аясында ұйымдастырылған «Достар Union» байқау-конкурсына қатысып, 1-орын алды.

№6 АТМИ оқушылары «Жұлдызай» Республикалық көрмесіне қатысып, бейнелеу өнері бойынша 2 орынды иеленіп, ынталандыру сыйлықтары мен мақтау қағаздарын алды.

Ақпан айында ҚР Тұңғыш Президенті – Ұлт көшбасшысы Қоры М. Оспанов атындағы қормен бірлесе отырып, сәндік қолданбалы өнер бойынша өткізген «Мейірім» фестивалінде №1 АТМИ оқушысы Ибрагимов Ариф «Болашақ Алматы қаласы» суретімен 3-орынды иеленді.

Қаңтар айында №10 ЖББИ оқушылары халықаралық математика олимпиадасына және Республикалық зияткерлік марафонына қатысып, І және ІІІ жүлделі орындарға ие болды.
IV. Рухани-адамгершілік тәрбие және өзін-өзі дамыту бөлімі
Оқушылардың бос уақытымен 25 қосымша білім беру ұйымы айналысады: Оқушылар сарайы, 9 аудандық оқушылар үйі, 1 жас туристер станциясы, 1 жас натуралистер станциясы, Ә. Қастеев атындағы Алматы бейнелеу өнері және техникалық дизайн мектебі 32405 баланы қамтиды. Сонымен қатар, спорт секцияларымен 89 529 оқушы қамтылған.

2016 жылдың қаңтар айынан бастап Алматы қаласының ІІД, Прокуратура және Денсаулық сақтау басқармасымен бірге тәрбие жұмысын ұйымдастыру, адамгершілік тәрбиесі, жыныстық тәрбие және жыныстық қол сұғушылыққа қарсы қылмыстың және кәмелеттік жасқа толмай ерте жастан жүкті болудың алдын алу бойынша бірнеше іс-шаралар өткізілді.

Мысалы, 2016 жылдың 20 қаңтарында №176 МГ базасында білім беру ұйымдары директорларының қатысуымен жыныстық қолсұғушылық мәселесі бойынша жиналыс өткізілді. 25 ақпанда №181 және №16 ЖББМ базаларында құқық бұзушылықтың алдын алу және жасөспірімдер арасындағы суидцидті болдырмау мәселелері бойынша ата-аналарға арналған жиналыс өткізілді. 18 наурызда №42 ЖББМ базасында жоғары сынып оқушылары арасында балалар арасындағы бопсалаушылық мәселесі бойынша қала көлемінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді және 30 наурызда №69 ЖББМ базасында жасөспірімдер арасындағы суидцид мәселесі бойынша мектеп психологтеріне арналған қалалық семинар өткізілді.

Сонымен қатар, 21 қаңтарда Алматы қаласының Денсаулық сақтау басқармасымен, ІІД, Наркологиялық орталықпен, СӨС бірлесе отырып, №149 мектептің базасында «Қыз тәрбиесі – құқық бұзушылықтың алдын алудың басым бағыттарының бірі» тақырыбында қалалық жиналыс өткізілді.

2016 жылдың сәуір айында Алматы қаласының Бостандық ауданындағы №3 Оқушылар үйінде «Әділет бәйгесі» қалалық құқықтық білім марафоны өткізілді.

«Әділет бәйгесі» қалалық құқықтық білім марафонына полицияның жас көмекшілерінен әр ауданнан бір командадан барлығы 8 команда қатысты. Әр команданың құрамында полицияның жас көмекшілері - 12 жоғары сынып оқушылары болды.

«Әділет бәйгесі» құқықтық білім марафоны» жобасы Алматы қаласының барлық жоғары сынып оқушыларын құқықтық сауаттылықты тереңдету жұмыстарына тартуға бағытталған.

«Әділет бәйгесі» құқықтық білім марафоны» жобасының қалалық кезеңіне қатысушылардың алдына Алматы қаласының әрбір мектебінде құқықтық сауаттылықты тереңдету, құқықтық және саяси мәдениетті қалыптастыру бойынша полицияның жас көмекшілері отрядының жұмысын белсендіру міндеті қойылды.

Марафонның қалалық кезеңіне қатысушылар Алматы қаласының әрбір ауданында, содан кейін әрбір мектебінде «Әділет бәйгесі» құқықтық білім марафонын өткізуі тиіс болды.

Марафонның нәтижесі бойынша барлық қатысушылар бағалы сыйлықтармен, ал жеңімпаздар – Алматы қаласы Білім басқармасының грамотасымен марапатталды.

2016 жылдың 16 наурыз бен 30 сәуір аралығында ІІД, Ювеналды соты, Денсаулық сақтау басқармасының әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі қалалық комиссиясы өкілдерінің оқушылармен, ата-аналармен және педагогикалық ұжыммен құқық бұзушылықтың және суидцидтік мінез-құлықтың алдын алу бойынша кездесу кестесі бекітілді.

Мәдениет және білім саласының көрнекі өкілдерінің, қоғам қайраткерлерінің қатысуымен «Қыз-елдің көркі» аудандық конкурсы өткізілді.

2016 жылдың 2 сәуірінде балалар музыкалық мектептерінің және өнер мектептерінің фортепиано бөлімшесі оқушыларының «Алматы-Мерейі» Жас музыканттардың қалалық байқауы өткізілді.

2016 жылдың 2 сәуірінде «Жас ұрпақты тәрбиелеудегі қосымша білім беру ұйымдарының рөлі» тақырыбында конференция өткізілді және 13 сәуірде Алматы қаласының қосымша білім беру ұйымдары директорларының қатысуымен Қазақстан Республикасында қосымша білім берудің стратегиялық жоспарын талқылау ұйымдастырылды.


V. Мектепке дейінгі тәрбие бөлімі.
2016 жылдың 1 қаңтар айы бойынша қалада 403 мектепке дейінгі білім беру ұйымы жұмыс істеді, оларға 53 852 бала барды.

Барлқ балалар бақшасы -350, ондағы бала саны: 49 995.



  • мемлекеттік -175, ондағы бала саны - 39 158;

- жекеменшік-175, ондағы бала саны: -10 837;

- жекеменшік шағын орталық- 53, ондағы бала саны: 3857.

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарымен 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар арасында қамтылғандар - 48,0%, 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалар арасында қамтылғандар - 70,0% құрайды.

2016 жылдың қаңтар айынан бастап мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының желісі 63 бірлікке өсті, 1777 орындық (49 балалар бақшасы, ондағы бала саны – 1492, 285 орындық 14 шағын орталық). Желілердің өсуі төмендегі орындарды ашу арқылы қамтамасыз етілді:

Соның ішінде аудандар қимасында:

- Алатау ауданы – 300 орындық 8;

- Алмалы ауданы – 95 орындық 6 шағын орталық;

- Әуезов ауданы – 345 орындық 12;

- Бостандық ауданы – 170 орындық 5; соның ішінде 190 орындық 8 шағын орталық;

- Жетісу ауданы – 78 орындық 4;

- Медеу ауданы – 97 орындық 3;

- Түрксіб ауданы – 150 орындық 6;

- Наурызбай ауданы – 352 орындық 11.

Сонымен қатар, «Балапан» бағдарламасы бойынша 19 балалар бақшасы ашылды, ондағы бала саны – 559.

Барлығы: 1777 орындық 63 жекеменшік мекеме ашылды.

126 орындық 6 МДҰ жабылды.

2016 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша қалада 460 мектепке дейінгі білім беру ұйымы жұмыс істеуде, оларға 55 503 бала барады.

Барлық балалар бақшасы - 395, ондағы бала саны – 51 389.

-мемлекеттік – 175, ондағы бала саны – 39 158;

- жекеменшік – 220, ондағы бала саны – 12 231;

- шағын орталық - 65, ондағы бала саны – 4114.

Қазіргі уақытта Алматы қаласында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына кезекке тұрған 2 жастан 6 жасқа дейінгі балалар – 48 088; 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалар – 28 627.

Барлығы 460 мектепке дейінгі ұйым:

оқу қазақ тілінде жүргізілетін - 163;

оқу орыс тілінде жүргізілетін – 114;

оқу аралас тілде жүргізілетін – 183.

«Балапан» бағдарламасы 8 230 баланы қамти отырып, 140 мектепке дейінгі ұйымдарда жүргізіледі, соның ішінде:

- 23 мемлекеттік б/б, 2 829 баланы қамтиды;

- 117 жекеменшік б/б, 5 401 баланы қамтиды.

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер саны – 5990:

Оның ішінде:

- жоғары санатты - 1180,(19,6%)

- бірінші санатты - 980, (16,3%)

- екінші санатты - 1226, (20,4%)

- санаты жоқ -2602 (43,4%).

Қаладағы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие жұмысы Қазақстан Республикасының Жалпыға міндетті білім беру стандарты бойынша жүзеге асырылады.

2016 жылдың қаңтарында Алматы қаласы Білім басқармасының мектепке дейінгі бөлімі Бостандық ауданының №68 МГ, 146 Л базасында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының жетекшілеріне арналған жиналыс өткізді, онда ұйымдардың қаржылық әрекеті, балалар бақшасында ата-аналар төлемін азайту, «Білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлық әрекетінің алдын алу» мәселелері қарастырылды.

Алматы қаласы Білім басқармасының мектепке дейінгі бөлімі «Қалалық әдістемелік кабинетпен» бірлесе республикалық және қалалық деңгейде бірнеше іс-шаралар өткізді:

- «Инновациялық технологияларды қолданудың тиімді жолдары» тақырыбында республикалық семинар;

- «МДҰ музыка жетекшілерінің кәсіби қызметін арттыруға арналған әдістемелік ұсынымдар» тақырыбында мектепке дейінгі ұйымдардың музыка жетекшілеріне арналған семинар;

- «МДҰ әдістемелік қызмет» тақырыбында мемлекеттік және жекеменшік балалар бақшасының әдіскерлеріне арналған семинар;

- «МД түзету ұйымдарында әдістемелік жұмысты ұйымдастыру» тақырыбында мемлекеттік арнайы (түзету) балалар бақшасының әдіскерлеріне арналған семинар.

2016 жылғы 18 наурызда №№ 4, 34, 74, 96, 152, 173,185 мектепке дейінгі ұйымдарда Алматы қаласы әкімінің желілік кестесі бойынша (БАҚ-тың қатысуымен) Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығымен ұштастырылған «Менің Қазақстаным» атты дарынды балаларға арналған концерт өткізілді.



2016 жылдың 28 – 31 наурыз аралығында Алматы қаласы Білім басқармасының мектепке дейінгі бөлімі музыка жетекшілеріне арналған «МДҰ үздік музыка жетекшісі» қалалық конкурсын өткізді.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет