Жапонияда қосымша жарты шыны кофе ұрламақ болған мектеп директоры жұмыстан босатылды. Ер адам кәдімгі өлшемдегі стақанға ақша төлегенімен, үлкен стақанға бірнеше рет кофе құйып алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Insider сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Директор желтоқсан айында түскі үзіліс кезінде 110 иенге кофе сатып алып, бірақ 180 иендік үлкен стақанға кофе құйып алғанда ұсталды. Ол көлікке отырайын деп жатқанда дүкен қызметкері полиция шақырған.

Ер адам мұндай ұрлықты бірінші рет жасамағанын мойындады. Ол өткен жылдың маусым айынан бері мұны жеті рет жасаған. Алғашында абайсызда тым көп құйып алған екен, бірақ дүкен қызметкерлері мұны байқамағандықтан, осылай істеуді әдетке айналдырған.

Сондықтан 30 қаңтарда білім басқармасы оны "білім беру саласындағы мемлекеттік қызметкерге сай келмейтін өрескел теріс қылықтары үшін" жұмыстан шығарды.

Директордың өзі оқушылар мен олардың отбасыларынан кешірім сұрады


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.