Алматылықтарды 9 ақпанға қараған түні шыққан белгісіз дыбыс алаңдатты. Әкімдік шудың неден шыққаны туралы жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Желі қолданушылары қаланың бірнеше жерінде анық естілгенін айтып, бейнежазба жариялады.

Мұның себебін Алматы әкімдігі жылу электр стансаларының (ЖЭС) таңертең технологиялық қорғаныс іске қосылғанан деп түсіндірді.

"2024 жылдың 9 ақпанында сағат 04:40-та технологиялық қорғаныс іске қосылды, нәтижесінде жақын маңдағы үйлердің тұрғындары шуды естіді. Бұл қазандықтың автоматты қорғанысы жұмыс істейтін стандартты жағдай. Бұл тұтынушыларды жылумен қамтамасыз етуге әсер етпегенін ескертеміз", – деп түсіндірді баспасөз қызметі.

  • Қазақстанда су мен жылу тарифтері туралы ереже өзгерді
  • Әкімдіктерден ЖЭС пен электр энергиясын бақылау міндеті алынып тасталмақ

Еске салайық,  8-9 ақпан аралығында елімізде "Су тасқыны кезеңі жағдайларындағы төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау" тақырыбы бойынша "Көктем-2024" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтетінін жаздық.


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.