Дәрігер-эндокринолог Зухра Павлова таңғы асқа ақуызды көп тұтыну зейн қою мен жұмысын жақсартатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Дәрігердің сөзінше, ғалымдар артық салмағы бар 18-30 жас аралығындағы 30 әйелдің қатысуымен тәжірибе жүргізген. Алғашқы күні олар таңғы асқа ақуызға бай тағамдарды тұтынған.

Ал келесі күні көмірсутекке бай тағамдар беріпті. Үшінші күні таңғы ас ішпеген. Әр күн сайын қатысушылардың гормон деңгейі мен тоқтық сезімін тексеріп отырыпты. Сонымен қатар әйелдер зейін қою деңгейін білу үшін тест те тапсырыпты. 

"Нәтижесінде ақуызға бай таңғы астың зейін қоюды жақсартып, өзге тамақтарға қарағанда тойымдырақ екені анықталды. Сондай-ақ адам ұзаққа дейін тоқ жүреді", – деп жазды дәрігер. 

Сонымен қатар маман ас мәзірінде тек ақуызға бай тағамдар емес, май мен көмірсутегі бар асты да тұтыну керегін айтты. 


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.