Abstract graphic steppe view drawn in the technique of rough brush. Vector landscape in calm colors

Теолог, дінтанушы Нұрлан қажы Асанов АҚШ президенті Джо Байденнен шақырту алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: nurlanimam.kz Instagram парақшасынан

Америкадан жеткен шақыртуды белгілі журналист Дана Нұржігіт Instagram парақшасында жазды. 

"Бүгін Қазақстан кәсіпкерлері бауырластық көңілмен алыс сапар алдында қазақтың жөн-жоралғысымен кетераяқ дастархан жайып, елдің аманатын арқалап сонау АҚШ-қа сапармен кетіп бара жатқан Нұрлан имамға ізет көрсетті", — делінген жазбада.

Ал әлеуметтік желі арқылы танылған Нұрлан имам Байденнің жыл сайын әр ел басшылары мен танымал адамдарына беретін асына қонақ болып бара жатқанын айтты. 

"Жыл сайын АҚШ басшысы Джо Байден және оған дейінгі барлық президенттер әр мемлекеттен таңдаулы адамдарды қайырымдылық асына шақырады. Осы жолы біздің елден таңдау маған түсіпті. Біз бұл сапарымызда мемлекетіміздің мүддесін, президентіміз жүргізіп отырған ішкі және сыртқы саясатын жеткізуді жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар руханиятымызды кеңінен паш етіп, қазақ тарихының кең екенін көрсетуді көздеп отырмыз", – деді имам. 

Нұрлан қажы Асанов АҚШ-та бір апта болып, Джо Байден ұйымдастыратын үш шараға да қатысады.

 

 
 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

 
 
 

 
 

 
 
 

 
 

Публикация от Дана Нұржігіт (@dana_nurzhigit)


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.