Объяснительная записка



жүктеу 431.16 Kb.
бет1/4
Дата29.10.2018
өлшемі431.16 Kb.
  1   2   3   4



Егіндікөл ауданы бойынша

2017 жылғы бюджеттің орындалуы туралы

түсініктеме жазба


  1. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері

Егіндікөл ауданы 1971 жылы құрылған, Ақмола облысының оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан және 5,4 мың ш. км. аумақты алып жатыр.

Ауыл шаруашылық жерлері 518,6 мың га алқапты алып жатыр. Әкімшілік аумағы 9 ауылдық округ пен ауылдарға бөлінген. Аудан халқының саны 2017 жылғы 1 желтоқсанға 6132 адамды құрайды.

Аудан – аграрлық бағытта. Аудан экономикасының құрылымында ауыл шаруашылығы – 93,8%, өнеркәсіп – 6,2% алады.

2017 жыл бойынша өнеркәсіп өнімдерінің көлемі қолданыстағы бағамен 886,1 млн.теңгені құрады, немесе ол өткен жылғы кезеңге қарағанда 100,3%. Өнеркәсіп өнімдерінің нақты көлем индексі 100,3% құрады.

2017 жыл бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 13485 млн.теңгені құрады, соның ішінде: өсімдік шаруашылығы – 11779,7 млн.теңге, мал шаруашылығы – 1659,9 млн.теңге, қызметтер – 45,4 млн.теңге.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін шығарудың НКИ 2017 жылы 85,9% құрады.

Сүт өндірісі 4844,6 тоннаны немесе 100,2%, тірі салмақтағы ет 1555,3 тоннаны немесе 101,3% құрады.

702,6 мың дана жұмыртқа алынды немесе өткен жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 101,1% құрады.

2018 жылдың 1 қаңтарына мал мен құс саны төмендегіні құрады:

ІҚМ – 7988 бас немесе өткен жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 103,8%, соның ішінде: сиырлар – 4146 бас немесе 102,3%, шошқа – 4485 бас немесе 95,7%, қой – 7612 бас немесе 97%, жылқы – 2538 бас немесе 101,3%, құс – 9580 бас немесе 89%.

Статистикалық деректер бойынша негізгі капиталға салынған инвестиция 2875,5 млн.теңгені немесе 2016 жылға қарағанда 56,1% құрады. Қаржыландыру көздері бойынша инвестициялық салымның негізгі үлесін өз қаражаттары – 2093,2 млн.теңге (72,8%), республикалық бюджет – 88,4 млн.теңге (3,1%), жергілікті бюджет – 96,8 млн.теңге (3,3%), басқа қарыз қаражаттары – 597,1 млн.теңге (20,8%) құрады.

2017 жылы құрылыс жұмыстарының көлемі 211,6 млн.теңгені немесе 2016 жылға қарағанда 52,3% құрады. Барлығы 1399 ш.м. тұрғын үй қолданысқа енгізілді, немесе 2016 жылғы кезеңге қарағанда 2,6 есе артық.

2018 жылдың 1 қаңтардағы жағдайға ауданда шағын және орта кәсіпкерліктің 557 субъектісі тіркелген, немесе былтырғы жылға қарағанда 102,2% құрайды (545), оның ішінде:

жеке кәсіпкерлер – 264 адам;

кіші кәсіпкерліктің заңды тұлғалары - 41 адам;

орта кәсіпкерліктің заңды тұлғалары -2 адам;

қожа және фермерлік шаруашылығы - 250 адам.

Былтырғы жылға бөлшек тауар айналымының көлемі 940,6 млн.теңгені құрады, немесе өткен жылға қарағанда 109,9%.

2017 жылғы 1 қаңтарға тіркелген жұмыссыздық деңгейі 3,1% құрады.

2017 жылғы ауданда 208 жаңа жұмыс орындары ашылды, олардан 36-үнемі, 172 – уақытша және маусымдық.

Жалпы жұмыссыздықтын деңгейі 2,8%.



2017 жылғы қаңтар-қыркүйекте орташа айлық жалақы 98323 теңге (2016 жыл-86293тенге) былтырғы жылға қарағанда 113,9% құрады.

  1. Бюджеттің атқарылуының жалпы қорытындылары






2017 жыл бойынша түзетілген бюджет


Бюджет түсімдерінің атқарылуы және/немесе бюджеттік бағдарламалар бойынша төленген міндеттемелер

% орындалу

Аудан бюджеті










1. КІРІСТЕР

1282452,5

1293477,1

100,9

Салықтық түсімдер

192416,0

204515,8

106,3

Салықтық емес түсімдер

2224,2

2879,9

129,5

Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер

5795,0

4064,1

70,1

Ресми трансферттердің түсімі

1082017,3

1082017,3

100,0

II. ШЫҒЫНДАР

1297034,1

1290076,0

99,5

Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер

274859,3

274673,7

99,9

Қорғаныс

2537,0

2531,2

99,8

Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі

300,0

300,0

100,0

Білім

593165,5

591494,6

99,7

Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру

70446,9

70187,5

99,6

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

112825,1

110824,3

98,2

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңестік

104955,0

102195,0

97,4

Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған орта мен жануарлар әлемін қорғау, жер қатынастары

58515,5

58440,0

99,9


Өнеркәсіп, сәулеттік, қала құрылысы және құрылыс қызметі

3000,0

3000,0

100,0

Көлік және коммуникациялар

32789,0

32789,0

100,0

Басқалары

5256,0

5255,9

100,0

Қарызға қызмет көрсету

5,2

5,2

100,0

Трансферттер

38379,6

38379,6

100,0

III. ТАЗА БЮДЖЕТТІК КРЕДИТТЕУ

12977,6

12490,8




IV. ҚАРЖЫ АКТИВТЕРІ ОПЕРАЦИЯЛАРЫ БОЙЫНША САЛЬДО

37667,8

37667,9




Қаржы активтерін сатып алу

39300,8

39300,8

100,0

Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түскен түсімдер

1633,0

1632,9

100,0

V. БЮДЖЕТ ТАПШЫЛЫҒЫ (ПРОФИЦИТ)

-65227,0

-46757,6




VI. БЮДЖЕТ ТАПШЫЛЫҒЫН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ (ПРОФИЦИТТІ ПАЙДАЛАНУ)

65227,0

46757,6




Жергілікті атқарушы органның жоғары тұрған бюджет алдындағы қарызын өтеу

4403,0

4403,0

100,0

Қаржы жылының басына бюджет қаражатының қалдықтары




52612,0




Есепті кезеңнің соңына бюджет қаражатының қалдықтары




18469,5






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет