2022 жылы Итхэвон кварталында Хеллоуин кезінде болған қайғылы оқиғаға Сеул муниципалды полициясының басшысы айыпты деп танылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі CNN-ге сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Deusche Welle

Сеул полициясының басшысы Ким Гван Хо былтыр Оңтүстік Корея астанасында адамдардың жаппай тапталып қаза тапқанына кінәлі деп танылды. Қайғылы оқиға салдарынан 150-ден астам мерт болып, 200-ден аса тұрғын зардап шекті. 

Оңтүстік Корея полициясы адам өліміне әкеп соқтырған қызметтегі немқұрайлық үшін Гван Хо кінәлі деп танылғанын растады. Ол Итхэвондағы трагедияға байланысты жауапқа тартылған ең жоғары лауазымды тұлға атанды. Сот шешіміне дейін Гван Хо Сеул полициясының басшысы қызметінде болды. Бұған дейін екі полиция қызметкері осы іс бойынша дәлелдерді жасырмақ болғаны үшін сотталған еді.

Тергеу кезінде қайғылы оқиға болардан төрт сағат бұрын полицияға Итхэвон кварталында адам тым көп екені туралы қоңыраулар түскенмен, құқық қорғау органдары бұл жайтты елемегені анықталды. Адамдар тұншығып, көпшілік арасында құлай бастағаннан кейін ғана оқиға орнына полицияның төрт жасағы жіберілді. Бірақ ол кезде қайғылы оқиғаның алдын алуға кеш еді. 

2022 жылы Оңтүстік Корея астанасы Сеулде Хэллоуин мерекесіне арналған кеште 150-ден астам адам қаза болып, тағы 200-ден астамы жарақат алды. Хэллоуин мерекесінде адамдардың үлкен тобы Hamilton отелі маңындағы тар көшеге кіріп, бірін-бірі таптаған. Небәрі ені 4 метрді құрайтын көшеде бір уақытта шамамен 100 000 адам жиналған. 

Сеул қаласының жедел штабы мен полициясы Итэвон ауданындағы қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқандардың арасында Қазақстан Республикасының азаматы, 1996 жылы туған, Ақтөбе облысының тумасы бар екенін анықтады.

Полицейлер оқиға болған жерден оның ұялы телефоны мен құжаттарын тапқан. Марқұм Хэллоуин фестиваліне достарымен бірге барған. 
 


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.