Желіде туристтің Шымкентке рейсі кезінде ұшақтың төбесіндегі жарық шамдар корпусының түсіп қалған видеосы тарады. Турист Қазақстанның ішкі рейсінің билетіне 50 доллар төлегенін айтып, ұшақтың жағдайына таңғалысын жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Сурет желі кадрларынан

Туристтің айтуынша ол алғаш рет Қазақстанның ішкі рейсімен жүріп көрген.

"Жолсеріктің не істейтінін көрейік. Қуат бар электр сымын тартып ұстауына қарағанда қорықпайтын сияқты! Көмектесуге дайын адам табылды ма? Ол өзінше тартып қарап жатыр. Бірақ жағдайды одан сайын ушықтырды. Шам сөніп қалды. Тағы бір көмекші келіп оны толығымен жұлып алды. Міне қызық! Мәселені өзіңіз шешіңіз деп кетіп қалды. Қандай жабайылық! Міне 50 долларлық рейс. Енді ұшып бара жатырғанымызда қозғалтқышты жұлып алмаса болды!  Қандай ақылды ұшақ жарқырай түсті. Маған Шымкент жақтың жабайылығы барын айтқан еді", — деді турист өз видеосына.

  • Бірыңғай уақыт белдеуі өзгерген соң ұшақтардың ұшу кестесі қалай өзгереді және билетті алдын ала сатып алғандар не істеуі керек

  • Дубайда алғаш рет әуе таксиі қолданысқа берілмек

Белгілі болғандай, туристтің өзі инженер екен. Ол сол күнгі рейстің өте қиын ұшқанын алға тартты. 

"Бұл қиын рейс болды. Ауа-райы ма, әлде ұшқыштың жұмысы ма, білмеймін. Құдайға шүкір қондық. Шымкент қаласындағы Түркістан деп аталатын Қазақстанның ең дәстүрлі, консервативті аймағына қош келдік. Мен оны Қазақстанның "Крайовасы" деп атаймын. Себебін сосын айтамын", — деп қосты ол.

@oopsimovedagain

My flight experience in Central Asia 🛩️🚨😰

♬ original sound — Oops I Moved Again


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.