Обзорно аналитическая информация



жүктеу 65.68 Kb.
Дата30.04.2019
өлшемі65.68 Kb.


Республика аумағында 2018 жылдың 5 айында болған табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы шолу ақпарат
Бірыңғай кезекшілік - диспетчерлік «112» қызметі пультына халықтан 2 554 492 қоңырау келіп түсті.

Мынадай тұрақты әзірлік қамтамасыз етілді:

- өңірлік және жедел құтқару қызметтері 1 765 адамды құтқарды,
996 адамды эвакуациялады, 135 зардап шеккенге алғашқы медициналық көмек көрсетті, ТЖ орындарынан 208 адам денесін шығарды, 3 950 шығу жасады;

- өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі 1 836 адамды құтқарды, 8 858 адамды эвакуациялады, дабыл бойынша 18 450 шақыртуға барды, оның ішінде: 5 299 өрт, 2 256 авариялық-құтқару жұмыстары,


10 181 өрт ретінде есепке алынбайтын жану, 64 көрінеу жалған шақырту, расталмаған жану фактілері 650;

- «Апаттар медицинасы орталығы» ММ 1 589 зардап шеккенге медициналық көмек көрсетті, 942 адамды құтқарды, 631 адамды эвакуациялады, 2 069 шығу жасады, оның ішінде трассалық медициналық-құтқару пункттері 460 шығу жасады, 518 адамды эвакуациялады, 1 050 зардап шеккенге медициналық көмек көрсетті.

ІІМ қарамағындағы ұйымдар мынадай іс-шаралар өткізді:

- «Қазавиақұтқару» АҚ әуе кемелері іздеу-құтқару жұмыстарына


263 ұшу жасады, санитариялық авиация бағыты бойынша 170 ұшу жасады,
154 адам тасымалдады.

- «Өрт сөндіруші» АҚ 9 адамды құтқарды және эвакуациялады,


229 шығу жасады, соның ішінде 92 өрт сөндіру, 14 авариялық-құтқару жұмыстарын өткізді, 123 жануды жойды.

Мемлекет басшысының бизнеске қысымды төмендету бойынша тапсырмасын іске асыру мақсатында өрт қауіпсіздігі саласында бақылау тек жоғары тәуекел дәрежесіндегі объектілерге қатысты енгізілген және ерекше тәртіпте өткізіледі. Бақылау-профилактикалық қызмет шеңберінде


14 261 объектінің, оның ішінде 410 өнеркәсіптік объектінің және
13 851 әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектінің өртке қарсы жай-күйі тексерілді, 64 323 бұзушылық анықталды, 11 752 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, соның ішінде 5 621 лауазымды тұлғаға
137 млн. 84 мың теңге сомасында айыппұл салынды.

Халықты оқыту және хабар беру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында 24 666: 2 458 - телевизия арналарында, 5 797 - баспа басылымдарында, 5 947 - радио қондырғыларында, 3 611 - ақпараттық агенттіктер таспаларында, 6 853 - ведомстволық веб-сайттарда сөз сөйлеу болды.

Азаматтық қорғау саласында басшылық құрам мен мамандардың кәсіби дағдыларын жетілдіру мақсатында:

- «Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығы» ЖШС-да


560 қызметкерге, оның ішінде: орталық мемлекеттік органдардан
151 қызметкерге, жергілікті атқарушы органдардан 246 қызметкерге, ТЖК аумақтық бөлімшелерінен 63 қызметкерге, ІІМ аумақтық бөлімшелерінен, ведомстволық бағынысты ұйымдарынан 100 қызметкерге;

- Көкшетау техникалық институтында 87 қызметкерге;

- Ақтөбе облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ өңірлік оқу орталығында 36 қызметкерге;

- Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында 6 мемлекеттік әкімшілік қызметшіге;

- Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің академиясында
6 қызметкерге қайта даярлау және біліктілікті арттыру ұйымдастырылды.

Кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің ТЖ-ға уақтылы ден қоюы және алдын ала қабылданған шараларына қарамастан 2017 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда оқиға саны 1,9%-ға (110 оқиғаға) азайғаны, зардап шеккендердің саны 4,2%-ға (50 адамға), қаза болғандар 3,7% (13 адамға) көбейгені, материалдық нұқсан 18,5%-ға (165 млн.теңгеге) азайғаны байқалады.



5 679 табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ және оқиғалар тіркелген,
1 242 адам зардап шеккен, соның ішінде 363 адам қаза болды.

Облыстар бөлігінде қалыптасқан және жалпыланған көрсеткіштер мына ахуалды сипаттайды (2017 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда):

- ТЖ саны мына облыстарда: Қызылорда 15,8%-ға (41 оқиғаға), Маңғыстау 12,7%-ға (15 оқиғаға), Оңтүстік Қазақстан 12,1%-ға (37 оқиғаға), Атырау 9,6%-ға (15 оқиғаға), Шығыс Қазақстан 6,9%-ға (46 оқиғаға), Ақмола 4,8%-ға (19 оқиғаға), Қарағанды 3,2%-ға (21 оқиғаға), Жамбыл 1,9%-ға (5 оқиғаға), Солтүстік Қазақстан 1,8%-ға (6 оқиғаға) және Астана қаласында 17,7%-ға


(61 оқиғаға) төмендеді;

- зардап шеккендер саны мына облыстарда: Шығыс Қазақстан 51,7%-ға (140 адамға), Жамбыл 41,3%-ға (43 адамға), Солтүстік Қазақстан 34%-ға
(18 адамға), Алматы 24%-ға (41 оқиғаға), Ақмола 23%-ға (14 адамға), Маңғыстау 13%-ға (3 адамға) азайды.

- қаза болғандар саны мына облыстарда: Оңтүстік Қазақстан 53,2%-ға (33 адамға), Батыс Қазақстан 50%-ға (2 адамға), Қызылорда 46,2%-ға (6 адамға), Алматы 37,7%-ға (23 адамға), Солтүстік Қазақстан 25%-ға (6 адамға), Қарағанды 13,3%-ға (4 адамға) және Алматы қаласында 54,5%-ға (6 адамға) азайды.

Сонымен бірге басқа өңірлерде:

- ТЖ саны мына облыстарда: Ақтөбе 8,8%-ға (23 оқиғаға), Қостанай 8,2%-ға (40 оқиғаға), Павлодар 4,3%-ға (13 оқиғаға), Батыс Қазақстан 3,8%-ға (9 оқиғаға), Алматы 1,3%-ға (9 оқиғаға) және Алматы қаласында 22%-ға (62 оқиғаға) өсті;

- зардап шеккендердің саны мына облыстарда: Оңтүстік Қазақстан


131 адамға, Ақтөбе 73 адамға, Атырау 37 адамға, Павлодар 15 адамға, Қарағанды 10 адамға, Қызылорда 4 адамға, Қостанай 4 адамға және Алматы қаласында 19 адамға, Астана қаласында 14 адамға ұлғайғаны байқалады;

- қаза болғандардың саны мына облыстарда: Ақтөбе 51 адамға, Атырау


16 адамға, Ақмола 10 адамға, Павлодар 9 адамға, Шығыс Қазақстан 6 адамға көбейгені байқалады.

Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың жалпы ТЖ санынан 94,7%-ды құрады, 2017 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 5 376 оқиға тіркелді (0,8% төмендедіі (42 оқиғаға), 843 адам зардап шекті (1,2%-ға азайды
(10 адамға), 335 адам қаза болды (19,6% ұлғайды (55 адамға), соның ішінде:

- 5 160 өндірістік және тұрмыстық өрт болды (0,4%-ға өсті), 415 адам зардап шеккен (41,6%-ға өсті), 216 адам қаза болды (74,2%-ға өсті), материалдық нұқсан 725 млн. теңгені (15,2% кеміді) құрады.




Өрт саны мына облыстарда: Атырау 18,2%-ға (27 оқиғаға), Қызылорда 15,9%-ға (36 оқиғаға), Ақмола 5,8%-ға (22 оқиғаға), Қарағанды 3,4%-ға (22 оқиғаға), Маңғыстау 2%-ға (2 оқиғаға) және Астана қаласында 16,1% (52 оқиғаға) азайды.

Өрт саны мына облыстарда: Қостанай 11,5%-ға (53 оқиғаға), Жамбыл 10,3%-ға (21 оқиғаға), Ақтөбе 9,1%-ға (23 оқиғаға), Алматы 4,6%-ға (29 оқиғаға), Оңтүстік Қазақстан 2,5%-ға (5 оқиғаға), Павлодар 1,7%-ға (5 оқиғаға) және Алматы қаласында 17,2%-ға (45 оқиғаға) өскені байқалды.

Өрт туындайтын негізгі объектілерге: 66,6%-ы тұрғын үй секторы,
18%-ы көлік құралдары, 3,7%-ы басқа ашық аумақтар, 3,5%-ы сауда кәсіпорындары, 1,8%-ы өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылымдар, 1,6%-ы әкімшілік-қоғамдық ғимараттар, 0,7%-ы салынып жатқан объектілер мен құрылыс алаңы.

Өрттің пайда болуының ең таралған себептері: 32%-ы отты абайсыз қолдану, 27,8%-ы электр жабдықтарын техникалық пайдалану және монтаждау қағидаларын бұзу, 21,1%-ы пештерді пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзу, 6,6%-ы анықталған қасақана өртеу,5,5%-ы тұрмыстық электр жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзу, 2,6%-ы балалардың отпен ойнауы болып табылады.



Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар ТЖ жалпы санынан 5,3% құрады, 2017 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда мынадай оқиғалар тіркелді:

- жалпы саны 303 (18,3%-ға азайды (68 оқиғаға), 399 адам зардап шеккен
(17,7%-ға өсті (60 адамға), 28 адам қаза болды (60% кеміді (42 адамға), соның ішінде:

- 31 қауіпті гидрометеорологиялық құбылыс (42,6%-ға азайды), 8 адам зардап шеккен, соның ішінде 1 адам қаза болды;

- 76 табиғи өрт болды (11,8%-ға өсті), 1 адам зардап шекті;

- 158 қауіпті жұқпалы аурулар мен адамдардың улануы бойынша (15,1% - ға азайды), 367 адам зардап шеккен, соның ішінде 4 адам қаза болды;



- республиканың су айдындарында зардап шеккендер туралы
23 хабарлама келіп түсті, 23 адам қаза болды.




Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет