Қызылорда прокуратурасы мұнай газ компаниясынан 450 миллион теңге өндіріп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: gov.kz

Прокуратураның мәліметінше, қаражат аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына жұмсалады.

"Саутс Ойл" мұнай-газ компаниясынан Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен сома өндірілді", – деп хабарлады облыс прокуратурасы.

  • Оралда әйел аутизммен ауыратын баласын аттракционға отырғызбай қойғаны үшін 500 мың теңге өндіріп алды

  • Қаңтар оқиғасынан кейін "заңсыз қудаланған" ақтөбелік кәсіпкер мемлекеттен 3,5 млн теңге өтемақы өндіріп алды

Қадағалау органы тексеру кезінде жер қойнауын пайдаланушылар өздерінің келісімшарттық міндеттемелерін орындамайтынын анықтады. Бұған сәйкес олар жыл сайын облыстың дамуына төлемдер енгізуге міндетті. Бұл бойынша прокуратура энергетика министрлігіне қадағалау актісін енгізді.

"Нәтижесінде, "Саутс Ойл" ЖШС өңірдің дамуын қолдауға 450 миллион теңге көлемінде төлем жасады", – деп хабарлайды прокуратура.

Еске салайық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты қылмыстық істерді тергеу кезінде мемлекетке 44,6 млрд теңгені қайтарғанын мәлімдеді.
 


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.