Термометр -60 градустан төмен температураны көрсететін суретті Шығыс Қазақстан облысы, Алтай ауданы Парыгино ауылының тұрғындары желіде бөліскен.  Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: yk-news

Дәл осындай температура Глубоковский ауданы Прогресс ауылында да байқалды.

Температурасы ең төмен фотосуретті Глубоковский ауданы Малубинка ауылының тұрғыны жіберген. Онда термометр минус 63 градусты көрсетіп тұр.

  • Астанада төрт жігіт 20 жастағы қызды алып қашқан: Бірақ оларға ауа райы кедергі жасады
  • Қазақстанда көктемде ауа райы қалай болады: Синоптиктер болжамы жарияланды

Бұл ақпарат ресми түрде расталған жоқ. "Қазгидромет" РМК Зырян метеостанциясында минус 47,3 градусты тіркеді. Бұл өткен түні Қазақстанда тіркелген ең төменгі температура.

Айта кетейік, бұған дейін Жауын-шашынның көп түсуіне байланысты еліміздің 10 өңірінде су тасу қаупі төніп тұрғаны туралы жазған едік. 


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.