Қазақстанда мемлекеттік медициналық сақтандырудың ең жоғары жарнасын бес есе арттыру қарастырылып жатыр. Бірақ ол жалақысы 850 000 теңгеден асатын қызметкерлерге ғана қатысты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

Денсаулық сақтау министрлігі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне (МӘМС) жарна мен аударымдарды есептеу үшін ең төменгі жалақыны (ЕТЖ) 10-нан 50-ге дейін ұлғайту ұсынылған заң жобасын жариялады.

Егер ол қабылданса, онда МӘМС-ке ең жоғарғы аударым жұмыс берушілер үшін 2024 жылы 25 500 теңгеден 127 500 теңгеге дейін, ал жалдамалы қызметкерлер үшін жарна 17 000 теңгеден 85 000 теңгеге дейін өседі. Сәйкесінше сома бес есе артады.

Кейбір сарапшылар жарнаның бұлай күрт өсуі қазақстандық салық төлеушілерге салмақ салуы мүмкін деп санайды. Дегенмен мемлекеттік әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры өкілдерінің (МӘМС) айтуынша, бұл ұсыныс халықаралық тәжірибені ескере отырып жасалған және азаматтардың әл-ауқатына айтарлықтай әсер етпейді.

МӘМС есептеуі бойынша мөлшерлемені көтеру барлығына әсер етпейді. Себебі азаматтардың көпшілігі (91%) ең жоғары мөлшерлемені қолданатындай үлкен жалақы алмайды. Қазіргі уақытта еліміздегі қызметкерлердің тек 9%-ы 10 ЕЖЖ немесе 850 000 теңге алады.

Қор өкілдерінің пікірінше, бұл шара медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға, оның сапасын жақсартуға ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің ортақ жауапкершілік қағидатын сақтауға мүмкіндік береді.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.