Оралда тұрғындар сусыз қалмақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Мой город сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Pixabay

"Батыс су арнасы" ЖШС-нің мәліметінше, кәріз коллекторларына түсетін судың көптігінен сорғы станцияларын су басып жатыр. Сорғы станциясының апатты тоқтауын және іргелес жатқан ғимараттар мен аумақтарды су басуының алдын алу үшін 27 наурызда сағат 11:00-ден бастап қаланың барлық аумағында суық су беру толығымен тоқтатылады.

Жағдайды ескере отырып, суық су беруді қалпына келтіру туралы шешім қабылданады. 17:00-де су қайта қосылуы мүмкін.

Еске салсақ, Оралда әкімдік ғимаратын еріген қар мен жаңбыр суы басып қалған еді. Осыдан кейін қала әкіміне қатаң сөгіс жарияланды. 


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.