Оқиғалық туримнің дамуы мен қалыптасуының теориялық аспектілері



жүктеу 88.76 Kb.
Дата05.05.2019
өлшемі88.76 Kb.

Оқиғалық туримнің дамуы мен қалыптасуының теориялық аспектілері
Торжанова Д.А.

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы

e-mail: danagul.ru@mail.ru

Ғылыми жетекші: э.ғ.д., профессор Шаекина Ж.М.

Туризм саласы экономикалық дамуды либерализациялауға бағытталған өзгерістердің маңызды құраушы бөліктерінің бірі. Туристік саланы дамыту аймақтық бюджет табыс көздерін диверсификациялауға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде басқа көздермен біріккенде жеке аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының синергетикалық әсерінің факторы болуы мүмкін. Туризм саласын ұйымдастыруда жаңа технологияларды қолдану қажеттілігін жете бағаламау аталған секторды елдің әлеуметтік және экономикалық жағдайын жоғарылату мақсатында пайдалану мүмкіндігін жоғалтуға әкеледі.

Саяхаттың мақсаттары мен уәждемелері туризмнің әрсипатты түрлерін анықтайды. Туризмнің жаңа және қарқынды дамып келе жатқан түрлерінің бірі болып оқиғалық туризм табылады. Сапардың негізгі мақсаты белгілі бір мемлекет не аймақта ұйымдастырылатын оқиға не іс-шараға бағытталған. Өзіне дәстүрлі демалыс пен әр түрлі сипаттағы оқиғалық іс-шараларға қатысуды біріктіретін ерекше турлар демалушылардың әртүрлі топтары арасында танымалдылыққа ие болуда [1].

Мәдени-танымдық туризм саласындағы алдыңғы қатарлы зерттеушілердің бірі германиялық маман, профессор Альбрехт Штайнекенің пайымдауынша туризм екі негізгі модель түрінде дами алады: «геттодағы туризм» немесе «голландық үлгідегі туризм». Бірінші жағдайда туристің барлық «курорттық өмірі» қонақ үйдің шектелген және қорғалатын аймағында өтеді. Бұның басты себебі қонақ үй кешенінен тыс аумақтағы әлеуметтік инфрақұрылым мен қызмет сапасының деңгейінің, сонымен бірге қауіпсіздік деңгейінің төмендігі. Қонақ үйлер туристердің

Оқиғалық туризм – бұл сапар мақсаты нақты бір іс-шара болып табылатын адамдардың саяхаты. Оның басты өзгешелігі – ашық түсті қайталанбас сәттердің көпшілігі. Бұл әлеуетті және динамикалық дамып жатқан туризм түрі.

Бүгінгі күнде оқиғалық туризм ерекше қызметтердің анықталған кешенін ұсынатын туризм саласы болып табылады. Одан басқа оқиғалық туризм сала ретінде индустрияның дамуының алғышарттарын болжау арқылы жалпы туристік индустрияның дамуына әсер етеді [2].

Оқиғалық туризм бүгінде туризм саласының жас және әлеуеті жоғары түрі бола, қарқынды дамып жаппайлық сипатқа ие болып отыр.

«Оқиғалық туризм» термині алғаш рет 1987 жылы Жаңа Зеландия қоғамдастық және туризм департаментімен қолданды және сонымен оқиға және туризм түсініктері арасындағы байланысты нығайтты [3].

Оқиғалық туризм түсінігі көптеген алыс және жақын шет ел, отандық авторлармен қарастырылған. Ұсынылатын дефинициялар талдауы, зерттеушілердің «оқиғалық туризмді» басым түрде келесі тұрғылардан қарастыратыны анықталды:

1) Оқиғалық туризм туристік әрекет ретінде;

2) Оқиғалық туризм жеке туризм түрі ретінде (кесте 1).
Кесте 1.


Анықтама

Авторы

Оқиғалық туризмді туристік әрекет ретінде қарастыратын тұрғы

Оқиғалық туризм – шет елдерден туристердің үлкен көлемін тартатын әр түрлі қоғамдық шаралармен, өзінің қайталанбастығымен, экзотикалығымен ерекшеленетін сирек кездесетін табиғат құбылыстарымен байланысты туристік әрекет.

Сирченко А.А. [4]

Лакомов Е.Ф. [5]



Оқиғалық туризм – туристерді әртүрлі қалыптағы мәдени және спорттық өмірдегі қоғамдық іс-шаралармен қызықтыратын және туризм инфрақұрылымының дамуына, халықтың түрлі қабаттарының қоғамға интеграциясына, дестинацияның жағымды имиджін қалыптастыруға мүмкіндік туғызатын туристік әрекет

Алексеева О.В. [6]

Оқиғалық туризмді жеке туризм түрі ретінде қарастыратын тұрғы

Оқиғалық туризм – негізінде мәдени, саяси немесе басқа оқиға жататын туризмнің болашағы бар түрі.

Киреева Ю.А. [7]

Оқиғалық туризм – белгілі бір уақытта қоғам не қауымдастықтың өміріндегі ерекше оқиға, сирек кездесетін табиғат құбылысымен байланысты дестинацияға сапар шегуге бағытталған мәдени туризмнің маңызды бөлігі.

М.Б. Биржаков [8]

Оқиғалық туризм – сапардың мақсаты белгілі бір оқиға немесе сирек кездесетін құбылысқа бағытталған туризм жаңа түрі

Е. Пастухова [9]


Ескерту: автормен құрастырылған

Жоғарыда берілген анықтамаларды қарастыра келе, біздің ойымызша: «Оқиғалық туризм – туристер мен экскурсанттардың оқиғаны оның өтіп жатқан, тұрғылықты жерінен тыс жерде, іс-шараның өткізілу уақытына сәйкес келетін уақытта тамашалауы және қатысуымен байланысты туризм түрі». Аталған анықтамада туристермен бірге экскурсанттар да қарастырылған, және іс-шараның өткізу уақытымен байланыстылығы атап көрсетіледі.

Әлемнің әрбір мемлекетінде тарихи, мәдени, спорттық маңызы бар оқиғалар өткізіліп отырады. Егер туристік объектінің жеке тарихи оқиғасы болмаса, онда оны арнайы ойлап табуға болады. Мұндай жағдайда туристік өнімнің танымалдылығы мен мәнділігін жоғарылату үшін, қатысушылардың және бақылаушылардың үлкен көлемін тартуға бағытталған және сәйкесінше тек көрікті жерлерді аралаумен ғана шектелмейтін, іс-шараға белсене қатысуға ынталы туристерден ақша ағымының үлкен көлемін алуға бағдарланған кампанияны құру және өткізу маңызды болып табылады [7]

Оқиғалық туризм іс-шараларының үлкен экономикалық маңызы бар, өйткені оларды өткізу кезінде туристік индустрия қатысушылары белсенділік танытады. Іс-шараға дайындық кезінде жергілікті салт-дәстүрлердің жандануын, патриоттық сезімнің жоғарылуын, ұлттық өнердің дамуын байқауға болады .

Оқиғалық туризмнің басты мақсаты белгілі бір оқиға және іс-шарамен байланысты болса да, алайда ол экскурсиялар мен көрікті жерлерді аралауды білдіретін дәстүрлі демалысты жоққа шығармайды. Оқиғалық туризмнің ерекшелігі дәстүрлі туристік-экскурсиялық қызметтердің спорттық не мәдени туризм аясындағы көрсетілім объектілерімен бірігіп демалыстың дәстүрлі қалыптары мен мерекелік атмосфераны жалғайтын жаңа туристік өнімді қалыптастыруда. Мұның барлығы туристердің демалыстан алатын әсерін және туристік өнімнің тартымдылығын жоғарылатады [10].

«Оқиғалық туризмнің мақсатты аудиториясы – табысы орташадан жоғары ауқатты туристер және бірнеше жұптан тұратын адамдар тобы» [11] Бүгінгі таңда оқиғалық туризм әртүрлі бағытта және қалыпта жүзеге асатындықтан, оқиғалық туризмнің мақсатты аудиториясының кеңейгендігін және тек жоғарыда айтылған топтармен шектелмейтіндігін атап көрсеткіміз келеді. Сонымен бірге оқиғалық туризмге қызығушылық танытушылар тек шет елдіктермен ғана шектелмейтіндігін ескеру қажет. Егер іс-шара қала не елді мекен аумағында ұйымдастырылса, оған қатысушылардың белгілі бір үлесін көрші аймақ тұрғындары алады.

Оқиғалық туризмге деген қызығушылықтың артуына ХХ-ХХІ ғасырлардың шегінде бірнеше факторлар қатары әсер етті. Олардың арасында маңыздылары болып келесілер табылады:

1) әлемнің дамыған мемлекеттерінде білім деңгейінің және жалпы мәдениет деңгейінің өсуі. Университет дипломы және академиялық дәрежелері бар клиенттер үшін тек экскурсиядан тұратын турлар қызығушылығын жоғалтуда. Заманауи туристер үшін белгілі бір объект туралы білуден (ондай ақпаратқа Интернет желісінің көмегімен қол жеткізуге болады), оқиғаға қатысу, белгілі бір мәдени толғанысты тікелей бастан кешіру маңызды;

2) демалыс кезеңін бірнеше уақыт аралықтарына бөлу беталысы (жылына 3-4 ретке дейін). ХХ ғасырдың екінші жартысында демалыс алдын-ала жоспарланып, бір рет 14-21 күндік сапар ретінде жүзеге асырылды. Мұндай жағдайларда белгілі бір оқиғалық іс-шараға қатысу басым мақсат ретінде қарастырылмады. Ал ХХІ ғасырдың басында демалыс алдын-ала жоспарланбайтын қысқа мерзімді «демалыс күндеріндегі сапарлар» түрлерінде жүзеге асырыла бастады. Бұл жағдайда мүмкін болатын дестинация аумағында қызықты және жарқын оқиғаның ұйымдастырылуы маңызды факторлардың біріне айналады.

3) мемлекеттік және жергілікті басқару органдарының «аймақ маркетингіне» үлкен көңіл бөле бастауы. Заманауи қалалар мен әкімшілік бірліктерге жағымды беделін, танымалдылығын, туристер мен инвесторлар үшін тартымдылығын қалыптастыру үлкен маңыздылыққа ие. Жарқын оқиға БАҚ құралдарында оң сипат алуға және жағымды қоғамдық резонансқа ие бола алады [10].

Оқиғалық туризмнің неғұрлым маңызды ерекшеліктері болып келесілер табылады:

1. Оқиғалық туризм сапардың мақсатының нақты белгілі бір уақыт аралығында нақты белгілі бір жерде өткізілетін оқиғамен байланысымен сипатталады. Бұл ретте оқиғалық туризм үшін дәстүрлі туристік маусымдылық факторынан гөрі іс-шараның кезеңділігі мен уақыт аралығы маңыздырақ болып табылады. Мысалы, көпшілік Еуропа мемлекеттері үшін туристік кезең 4-5 айға (мамырдан қыркүйекке дейін) созылады.Осы уақыт аралығында туроператорлар туристік сұранысты реттей алады (жеңілдіктер, жарнама көмегімен), ал тұтынушылар өз таңдауын жасауға ерікті: маусымның жандандану кезінде турды сатып алу, немесе жеңілдіктер кезеңін күту. Оқиғалық туризмге қатысты өндірушілер мен тұтынушылардың мұндай тәртіп логикасы қолданылмайды.Егер 2015 жылдағы жеңіл атлетика бойынша Әлем чемпионаты Бейжің қаласында қыркүйек айында ұйымдастырылса, онда оған мамыр не маусым айларында жеңілдікпен қатысу мүмкіндігі болмайды. Басқаша айтқанда оқиғалық туризм үшін туристік кезең бірнеше күнге дейін (Формула 1 бойынша Гран-При) немесе бірнеше аптаға дейін (футбол бойынша Әлем Чемпионаты) сығылады.

2. Турдың негізі ретінде алынған оқиға өзінің талассыз ерекшілігімен және/немесе түпнұсқалығы сапасымен айқындалуы керек. Мысалы, Венеция карнавалы өзінің көпғасырлық тарихымен, ерекше дәстүрімен, талғамы жоғары мерекелігімен туристердің тұрғылықты жеріндегі ұқсас карнавалдардан артық және әсерлірек болу керек. Венеция карнавалын көшіруге не қайталауға болмайды. Тек осы жағдайда ғана турист өзінің қаржысын және уақытын қию арқылы белгілі бір уақытта қажетті жерге сапар шегуге қажетті негіздеме алады.

3. Оқиғалық туризмді ұйымдастыру тұрғылықты халықтың ізгі ниетімен, олардың талаптарымен, оқиға не іс-шараны ұйымдастырудағы қызығушылығымен және қатысушылығымен тікелей байланысты. Мысалы Сочи қаласының Халықаралық Олимпиада комитетімен 2014 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын өткізу орыны ретінде таңдауға бір жағынан қала тұрғындарының 80%-ның спорт жанкүйерлерін өз үйлеріне пәтер жалдаушылар ретінде қабылдау дайындығы әсер етті. Олимпиадаға үміткер тағы бір қала австриялық Инсбрукте бұл көрсеткіш 25% шамасында болды. Жергілікті қоғамдастықтың қысқа уақыт аралығына жеке кеңістігін тарылтуға, дайындалып жатқан оқиғаға өздері қатысуға дайындығы кез-келген іс-шараның кепілдігі. Басқа жағдайда оқиға мерекенің орнына тапсырыс берілген анимациялық бағдарламаға айналады.

4. Туристте міндетті түрде оқиғаға жеке қатысу мүмкіндігі болу керек. Бұл тікелей қатысу түрінде (венециандық карнавалдағы маска) немесе оқиғаға жанкүйер ретінде қатысу ретінде (кинофестивальдегі конкурстық көрсетілім көрермені болу) жүзеге асуы мүмкін. Туристе оқиғамен бірігу мүмкіндігі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым ол оқиғадан жағымды әсерді молырақ алады, сатып алынған туристік өнімнің сапасын жоғарырақ бағалайды.

Қорыта келгенде, оқиғалық туризмнің әлемдік туристік нарықтағы даму әлеуеті жоғарылауда. Қазіргі таңда мамандар оқиғалық туристердің әр сегментіне арнап арнайы іс-шара ұйымдастыруға дайын. Бұл өз кезегінде туристік саланың құраушы бөліктеріне әсер етіп, ұйымдастырушы аймақты қосымша жұмыс көздерімен, қаржымен қаматамасыз етеді.


Әдебиеттер

1 Вань Мяо. Основные доминанты событийного туризма. . Ученые записки Таврического национального университета им. В.И. Вернадского. Серия «Экономика и управление». -2009.- Том 22 (61).- № 2. -С. 80-86.

2 Дадаева Е.И. Событийный туризм как современное направление развития туристкого рынка.

3 Вoorstin D. The Image: A Guide to Pseudo-Events in America / D. Вoorstin // Harper, New York, 1994. – 452 p.

4 Сирченко А.А. О перспективах развития событийного туризма в Российской Федерации [Электронный ресурс]. –URL:http//lexandbusiness.ru/view-article.phd?id=1313

5 Лакомов Е. Ф. Повышение конкурентоспособности регионов России на основе развития услуг по со-ытийному туризму: автореф. дис. ... канд. экон. наук. – М., 2013. – 28 с.

6 Алексеева, О. В. Событийный туризм как фактор социально-экономического развития региона: автореф. дис. ... канд. экон. наук. – М., 2012. – 24 с.

7 Киреева Ю.А. Событийный туризм как новое направление на современном туристком рынке // Научный вестник МГИИТ. - 2010. - №6. – С.16-21.

8 Биржаков Б.М. Введение в туризм. – М.– СПб.: Издательский Дoм ГEРДА, НП «Издательствo «Невский Фонд», 2014. — 543 с.

9 Пастухова Е. Семь фактов о событийном туризме [Электронный ресурс]. – Режим доступа : http://азбука-туриста.рф/vidy-aktivnogo-turizma/7-faktov-o-sobytijnom-turizme.html



10 Донских С.В..Событийный туризм.- Мн.: РИПО. -112 с.

11 Бабкин А.В. Специальные виды туризма: учебное пособие.-Ростов-н/Д.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Беткі сулардың сапасын талдау: НҰра өзені алабының мысалында
publications -> Этносаралық Үйлесімділік жүйесіндегі саяси-мәдени механизмдердің орны әлеуметтік ғылым магистрі, аға оқытушы Сыздықова С. М
publications -> Қазақ әдебиетін дәуірлеу мәселесі Темірбай Мұқашев
publications -> Спортшылардың интеллектуалдық ой өрісі және оның спорттық Қызметтегі маңыздылығы абусейтов Бекахмет Зайнидинович
publications -> Ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа бағыттары түйін Мақалада ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа жолы «Агробизнес 2020»
publications -> Қазақстандағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік: құқықтық реттеу
publications -> 1 қаңтар 2012, 12: 09 Бұл дағдарысты әлем экономикасының уақытша тежелуі деп түсіну қажет 49
publications -> Қазақстандағы корей тілін оқытуда интерактивті құралдарды қолдану әдісі
publications -> Әож 378-1а оқУ Үрдісінде мультимедиялық ҚҰрылғыларды қолданудың Қажеттілігі
publications -> Үндістан-Бангладеш қарым-қатынастарының кейбір астарлары


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет